Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет10/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Византия мен славяндар. V ғасырдың аяғынан бастап Византияға 
сол түстіктен славян тайпалары үлкен қауіп төндірді. Олар Дунай-
дан өтіп, тіпті Константинопольге дейін жорықтар жасап отырды. VІ 
ғасырдың аяғына қарай славян тайпалары Византия жеріне басып 
кіріп, Фракия да, Македонияда орнығып алды. 681 жылы Византияның 
солтүстік-шығысында алғашқы славян мемлекеті – Болгария патшалығы 
құрылды. 
VІІІ ғасырдың аяғында Византияға тағы да бір славян тайпасы – 
орыстардың шапқыншылығы басталды. Олар Қара теңіздің оңтүстік 
жағалауындағы Византия иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. 860 жылы 
орыстар Константинополь қаласына дейін келіп, Византиямен келісім 
жасасып, кері қайтты. 907 жылы орыстар тағы да қала маңындағы 
елді мекендерді тонап кетті. Константинополь түбінде орыстар «грек 
отының» көмегімен талқандалды. 988 жылы Киев Русі Византиядан 
хрис тиан дінін қабылдады. Тек осы кезден кейін ғана екі елдің арасында 
достық қатынастар басталды.
Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қаты-
насы. Византия Түрік қағанатымен қарым-қатынас жасаған. Импера-
тор ІІ Юстин кезінде Византия мен Түрік қағанатының арасында сәтті 
Хрестоматияның 13–14-бет терін-
дегі Юстинианның кодексінен 
үзінді оқыңдар.
Хрестоматияның 11-бетіндегі Ника 
көтерілісі туралы деректі оқыңдар. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


17
келіссөздер жүргізілді. Түрік қағаны Иштеми Константинополь ге көпес 
Маниах басқарған елшілік жіберді. Византия императоры бұл елшілікті 
құрметпен қарсы алып, қайтарында Византия елшісі Земархты қосып, 
Түрік қағанатына аттандырды. Земарх елшілігі Каспий теңізін жағалап, 
Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Түрік қағаны Иштеми Византия 
елшілігін құрметпен қарсы алды. Екі ел арасындағы келіссөздерде сау-
да және сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдау туралы сөз болды. 
Қаған сарайы Византияға қолдау көрсететіндігін білдіргенімен, Иран 
мен Византия арасындағы қатынасқа араласпады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет