Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет18/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Феодалдық қырқысулар. Бытыраңқылық кезінде феодалдар үнемі 
өзара қырқысу соғыстарын жүргізіп отырды. Олардың мақсаты – бай 
көршісін тұтқындап, құн талап ету, тонаушылықпен олжа табу бол-
ды. Феодалдар соғыс кезінде қорғану үшін мықты қамалдар (замоктар) 
тұрғызып, сонда тұрған. Қамалдар алғашқыда ағаштан, кейін тастан са-
лынды. Мықты етіп салынған қабырғаларына бірнеше жерден мұнаралар 
орнатылып, қамалдың айналасынан су толтырылған орлар қазылды. 
Ордың үстіндегі жиналмалы көпір түнде және жау шапқанда көтеріліп 
қойылды. Жаудың қамалға кіруі үшін мықты темірмен қапталған 
қақпаны бұзуларына тура келді. Бүкіл қамал құрылысының ең биігі бас 
мұнара еді. Мұнараның іші бірнеше бөлмелерден тұрған. Онда феодал өз 
отбасымен өмір сүрген. Қамалдың астында суы бар құдық, азық-түлік 
қорларын сақтайтын қамба орналасты. Сонымен қатар қолға түскен 
тұтқындарды ұстайтын зындан да бар еді.
Өзара қырқысулардан әсіресе қорғанатын қамалы жоқ шаруалар 
зардап шекті. Қырқысу соғыстары феодалдық шаруашылыққа зиянын 
тигізді. Егістіктер тапталып, елді мекендер өртелді. Бұл қырқысуды 
тоқтатуға шіркеу барынша күш жұмсады. Ол Христостың туған күні, пас-
ха мейрамы кезінде соғысты күнә деп жариялады. Өзара қырқысуларды 
тоқтатуға корольдер де мүдделі болды. 
Ойталқы
Натуралды шаруашылықтың феодалдық бытыраңқылыққа ықпал етке нін 
дәлелдеңдер.
?!
1. Феодалдық құрылыстың құлиеленушілік құрылыстан ерекшелігін көр-
сетіңдер. Феодалдық құрылыс оған дейінгі құрылыстарға қарағанда озық 
болғандығын қалай анықтаймыз?
2. Орта ғасырлардағы «қожайынсыз жер болмайды» деген мәтелді қалай 
түсінеміз?
3. Феодалдық қырқысулардың зардаптарын анықтаңдар.
4. Феодалдардың өзара қырқысуларын тоқтатуға корольдер неге мүдделі 
болды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


28
1. Мына терминдердің бір-бірінен айырмашылығын жазыңдар.
Феод
Феодал
Феодализм
2. Еуропадағы феодалдық бытыраңқылықтың белгілерін төменде берілген 
кластер арқылы ашып көрсетіңдер (жұмыс дәптерінде орындаңдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет