Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Византия империясының экономикалық жағдайы



Pdf көрінісі
бет9/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Византия империясының экономикалық жағдайы. Шығыс Рим им-
периясы ерте орта ғасырда Батысқа қарағанда әлдеқайда бай еді. Импе-
рияны Мысыр пен Фракия астықпен қамтамасыз етіп отырды. Қалалары 
қаңырап бос тұрған Батыс Еуропаға қарағанда Византияда тіршілігі 
қайнап, қолөнері дамыған сауда орталығына айналған Александрия, 
Иерусалим, Константинополь сияқты қалалар көп болды. Константино-
поль Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» атанды. Бұл қаладан 
әлемнің түкпір-түкпірінен – Қытайдан, Түрік қағанатынан, Иран-
нан, Үндістаннан, Батыс Еуропадан, Африкадан келген саудагерлерді 
кездестіруге болатын. Византияның алтын ақшасы 
номисма барлық ел-
дерде ең сенімді ақша саналды.
Византия империясының жері құнарлы, ауа райы егіске қолайлы
еді. Сол себепті империя аймақтарында жылына 2–3 рет өнім жинала- 
тын. Егіншілікпен қатар, Византияда бау-бақша өсіру кең өріс алды. 
Суармалы жерлерде жүзім, зәйтүн, құрма, көгөністер өсірілді. Мал-
шаруашылығы да жақсы дамыды. Византияның ауылшаруашылығында 
құл еңбегінен гөрі ерікті жер иеленушілер мен шаруалар еңбегі басым бол-
ды. Сондықтан да Византиядағы ауылшаруашылығы Батысқа қарағанда 
едәуір жоғары деңгейде дамыды.
Ауылшаруа-
шылығы жоғары 
қарқында 
дамыды
Византия империясының күшеюi
 Себептерi
Варварлардың 
жойқын шапқын-
шылықтарына
ұшырамады
Құнарлы жерi 
мен қолайлы 
табиғи жағдайы
Ерікті жер иелену- 
шілер мен шаруа- 
лар қауымы басым 
болды
I Юстиниан тұсындағы Византия. Византия империясы 
I Юстиниан 
(527–565) билік құрған кезінде күшейді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
Мемлекеттік құрылымы жағынан Византия империясы бір адамның 
шексіз билігіне бағындырылған монархия болды. Барлық өкімет билігі 
василевстің (византиялық император атағы) қолына шоғырланды. Жұрт 
Құдайдан кейін императорға табынатын. Ол Шығысқа тән сән-салтанат 
құшағында өмір сүрді. Император билігін мұрагерлікпен иелену заң 
жүзінде бекітілмеді. Сондықтан шамасы келген бүлікші жеңіске жетіп, 
тақты басып алса, заңды мемлекет басшысы болып шыға келетін.
I Юстиниан
Василевс
(монарх)
Сот міндетін 
атқарды
Заңдар шығарды
Әскерді 
басқарды
Византия қоғамында «
димдер» деп аталған саяси 
партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде әсіресе 
венеттер (көгілдір) мен прасиндер (жасылдар) партияла-
ры ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың 
басшылығымен болған 
Ника (жеңу) көтерілісі әрең де-
генде басылды. 
I Юстиниан билік құрған кезде христиан діні 
үстем жағдайға ие болып қана қойған жоқ, ол бірден-
бір мемлекеттік дін деп жария ланды. Христиан 
шіркеуі императорлардың одақтасы на, мемлекеттің 
тірегіне айналды. Империя ын тымағын нығайтқан 
саяси билiк пен дін бірлігінің нышаны ре тінде І Юс-
ти ниан 532–537 жылдары Кон стантинопольде Әулие 
София соборын салғызды. 
Константинополь дегi 
Әулие София соборы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


16
VІ ғасырдың аяғынан бастап Визан-
тия шіркеуінің ең жоғарғы басшысы 
Константинополь 
патриархы болды. 
Императорлар шіркеулерге жер бөліп 
беріп отырды, оларды салықтан босатты. 
Шығыс Рим империясының Батыстан бір ерекшелігі – Византия 
халықтарының бәріне бірдей ортақ әрі міндетті заңдар мен құқықтар 
негізінде өмір сүруі болды. І Юстиниан билігі кезінде жазылған 
«Азамат-
тық құқықтар жинағы» византиялық заң шығарушылық ой-пікірдің 
жетістігі. Ол заңдар императордың шексіз билігін, құлиелену шілік 
құрылысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеді.
Сондай-ақ жекеменшікті қорғау, 
мұрагерлікті реттеу, отбасы құқын 
сақ тау, сауда-саттықты дамыту жол-
дары тұжырымдалды. І Юстиниан 
заңдары император билігін, империя-
ны басқаруды нығайтты, экономиканың дамуына үлес қосты.
І Юстиниан 534 жылы Солтүстік Африкадағы вандалдар корольдігін 
талқандады. 535–555 жылдары Италияны остготтардан тазартты, Испа-
ния үшін вестготтармен шайқасты. 540–562 жылдар аралығында Иран-
мен соғысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет