Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет11/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Араб шапқыншылығы. VІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Визан-
тияға арабтар қауіп төндірді. Арабтар Византиядан оның ең бай жерле- 
рін – Сирия, Палестина, Жоғарғы Ме- 
сопотамия, Мысырды тартып алды. 
Араб әскері Константинопольді бір -
неше рет қоршап, шабуылда ға ны -
мен, оны басып ала алмады. Араб-
тардың Византия жерін оңай басып 
алуына халыққа салынатын салық мөлшерінің шектен тыс өсуі се-
беп болды. Олар арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде қарсы алып 
отырды.
VІІ ғасырдың аяғында арабтар Византияның Солтүстік Африкадағы 
жерлерін де тартып алды. Сыртқы шапқыншылық салдарынан импе-
рия аумағы үш есе кеміді. Тек VІІІ ғасырдың ортасында ғана Византия 
арабтарға қарсы күресте біраз жеңістерге жетіп, Сирияға басып кірді.
«Грек отын» қолдану (
ХIII ғ. миниатюрасы). Жау кемесiн жоятын жанғыш 
қосынды арнаулы түтiктермен шашылды
Суретке қарап және қосымша ин-
тернет деректерін пайдаланып
грек отын қалай қолданғаны туралы 
айтыңдар.
2–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


18
Ойталқы
Византияның күшеюіне император I Юстинианның саясаты ықпал етті де-
ген тұжырыммен келісесіңдер ме? 
?!
1. Византия империясының халықаралық жағдайы мен шаруашылығының 
дамуына қандай қолайлы жағдайлар мүмкiндiк бердi? 
2. Византияның сыртқы саясатының қандай ұтымды және ұтымсыз жақтары 
болды?
1. VІІ ғасырдың 30-жылдарынан Византия империясына қауіп төндірді 
(тесттер жауабында бір немесе бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін).
а) дактар 
в) арабтар
ә) еврейлер 
г) орыстар
б) болгарлар
ғ) түріктер
2. Арабтардың Византия империясынан тартып алған жерлері
а) Сирия 
в) Жоғарғы Месопотамия
ә) Парфия 
г) Мысыр
б) Македония
ғ) Палестина
1. Параграфтағы мәтінді пайдаланып, «Византия империясының көрші ел-
дермен қарым-қатынасы» атты кестені толтырыңдар.
Славяндармен
Түрік қағанатымен
Арабтармен
2. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен уақыт мерзімін қойып 
толтырыңдар. 
?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


19
1) Рим империясының ... аймақтары экономикасының даму деңгейі 
жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен ... аймақтардан 
әлдеқайда алда тұрды. 
2) ... жылы Рим империясы ресми түрде ... және ... болып екіге бөлініп 
кетті. ... Шығыс Рим империясының астанасы болып қалды. 
3) Византияда тіршілігі қайнап, қолөнері дамыған, сауда орталығына 
айналған Александрия, ..., ... сияқты қалалар көп болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет