Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Киев Русінің христиан дінін қабылдауы



Pdf көрінісі
бет14/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Киев Русінің христиан дінін қабылдауы. 
Владимир (978–1015) 
кезінде Киев Русі күшейді. Киев Русі мен Византия арасындағы 
экономикалық және мәдени байланыс дамыды. Шығыс славяндар пұтқа 
табынған. Киев Русі 988 жылы князь Владимирдің тұсында христиан 
дінін қабылдады.
Христиан діні үстемдікке ие болғаннан кейін шіркеу князьдардан ірі 
жерлерді сыйлыққа алды және мем лекеттік табыстардан ондық салық 
алып отырды. Киев Русінде Киев митрополитына (шіркеу басшысы) 
бағынатын епископтар (дінбасылары) басқаратын епархиялар (шіркеулік-
әкімшілік) пайда болды. Христиан дінін қабылдағаннан кейін Киев 
Русінің халықаралық беделі өсе түсті. 
Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019– 
1054). Ұлы князь Ярослав Мудрый Орыс мем-
лекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалады. Еділ 
бойына Ярославль қаласын салдырды. Мем лекет 
жері кеңейді. ХІ ғасырда ол сол түстік-батыста Ла-
дога және Онега көл дерінен оңтүстікте Қара теңіз 
жағалауына дейін, Дунай сағасына, Карпат бойынан 
Дон өзені нің бас жағына, Еділ өзеніне дейінгі кең-
байтақ жерді алып жатты.
Ярослав Мудрый орыс мәдениетінің дамуына жағдай 
жасады. Монастырьлар жанынан мектептер ашылды. 
Ярослав Мудрый
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


22
Сәулет өнері дамыды. Киев қаласында алтын қақпалы София соборы салын-
ды. Бұл собор Киев қаласында күні бүгінге дейін тұр. 
Ярослав Мудрый кезінде орыс саудагерлері Еуропа, Шығыс елдерімен 
сауда қатынастарын жасап отырды. Киев қаласы сауда орталығына ай-
налды. Оның тауарлары Бағдат, Александрия, Хорезм қалаларында са-
тыла бастады. Балқан түбегіндегі Сербия және Болгария, Чехия мен Сло-
вакия, Польша мемлекеттерімен мәдени және сауда қатынасы жасалды.
Киев Русі князь Владимир Мономахтың тұсында күшейе түсті. Вла-
димир Всеволодович Мономах (1053–1125) Киевте 1113–1125 жылдары 
билік етті. Князь Мономахтың тұсында Русьтің саяси және экономика-
лық жағдайы нығайды. Ол ежелгі орыс мемлекеті жерінің аумағын 
ұлғайтып, князьдардың өзара қырқысын тоқтатты. Киевтің ұлы князы 
Владимир Мономах 1113 жылы қала мен деревнядағы әлеуметтік шие-
ліністі әлсірету мақсатында Устав қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет