7
«Қаһарлы сот кiтабы»
1. «Орта ғасырлар» термині қашан пайда болды?
2. Тарихтың орта ғасырлар кезеңінде адамзат дамуының қандай сатысына
тоқталамыз?
3. Орта ғасырлар деректерінің ежелгі антикалық
деректерден ерекшелігі
неде болды? Салыстырып көрсетіңдер.
4. Орта ғасырлар тарихы кезеңдерінің деректері қандай құжаттардан
құралды?
Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін кестеге түсіріңдер.
Ерте
орта ғасырлар
Дамыған орта ғасырлар
Кейінгі орта ғасырлар
*
?!
Ойталқы
Тарихи деректерсіз өткен кезең туралы толық мәлiметтер алу мүмкін бе?
Шаруашылық саласына байланысты деректерге
жер тізімі мен
кадас тры (халық санағы мен салық төлемдері) жа тады.
Бұл топтағы
аса маңызды дерек – ағылшын корольдігіндегі халық санағына арналған
«Қаһарлы сот кітабы».
Қоғамдық-саяси жазбалар (
хартиялар)
да маңызды дереккөз саналады. Мәселен,
Франция королі VІ Людовигтің Лорис қа-
ласына берген хартиясы, византиялық
«Эпарх кітабы» мен ХІІІ ғасырдағы
«Париж
қаласының қолөнер кітабы». Монархиялық
биліктің қалыптасу
кезеңінде деректердің
жаңа түрі парламенттік хаттамалар мен
статуттар (ережелер) қалыптасты. Бұлардың қатарына Франция Бас
штаттарының
хаттамалары, Кастилия т.б. кортестерінің шешімдері
кіреді.
Шығыс елдерінің деректеріне: ерте орта ғасырлардағы Қытай жыл-
намалары, араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері, жер бөлу
жөніндегі құжаттар, құқықтық заңдар, «Монғолдардың құпия шежіресі»,
«Яса» («Жасақ») т.б. кіреді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217