Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Еуразия этносаяси картасының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет43/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
Еуразия этносаяси картасының қалыптасуы. ХІІІ ғасырдағы 
монғолдардың шапқыншылығы Орталық Азия мұсылман мемлекеттерін 
қиратып, Араб халифатының құлауына әкелгенін айттық. ХІІІ ғасырдың 
70–80-жылдары монғолдар Вьетнамға, Жа-
понияға және Бирмаға жорықтар жасады. 
Алайда бұл жорық тары сәтсіз аяқталды. 
Бұл кезге қарай Монғол империясы өзгере 
бастаған еді. Алтын Орда мен Ильхандар 
мемлекеті тәуелсіз иеліктерге айналды. Кезінде ұлы хан Құбылайдан 
Иранды билеген Хулагу ильхан (елхан) деген атақ алды. Сондықтан 
Иран Ильхандар мемлекеті аталды. 1368 жылдары монғолдар Қытай, 
Корея және Ираннан қуылды.
Орталық Азияда ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында орнаған монғол 
үстемдігі, бұл өлкенің дамуын тежеді. Қалалар қиратылып, егіншілік 
құлдырады. Мәселен, Қазақстан аумағында Отырар, Сығанақ сияқты қа- 
лалар жермен-жексен етіліп, суару жүйелері талқандалды. Осылайша, 
Қазақстан аумағындағы отырықшы-қалалық мәдениетке орны толмас зия-
нын тигізді. Шаруашылықтың дамуының экономикалық негізін бұзды.
ХІІІ ғасырдың 70-жылдарынан бастап Қазақстан жері Шыңғысхан 
ұрпақтары құрған екі мемлекетінің құрамына кіреді. Соның бірі – 
Шағатай ұлысының орнында пайда болған Шағатай мемлекеті. ХІV 
ғасырдың ортасында оның орнына 
Моғолстан мемлекеті құрылды. 
Моғолстан халқының этникалық құрамы түркі тілдес: үйсін, керей, най-
ман, жалайыр т.б. тайпалардан құралды. Екіншісі – Жошының ұлысы, 
Жошының баласы Бату құрған Алтын Орда мемлекеті еді.
Алтын Орда хандары орыс жерлерін өздеріне бағындыруға тырыс- 
ты. Князьдық жарлық (грамота) алу үшін барлық князьдардың Ордаға 
келуін талап етті.
Монғолдар жаулап алған жерлеріндегі халықтарға жер салығын салды. 
Бұл өнімнің үштен бірін, ал жан басы салығы мүліктің оннан бірін құрады. 
Сонымен бірге әскери, жол, пошта және тағы басқа салықтың түрлері болды.
Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Монғол империясы мен одан 
бөлінген мемлекеттердің басқару жүйесінде хандық билік орнады. Хан-
ның жанында қызмет істейтін 
«хан кеңесі» қалыптасты. Бұл кеңестің 
құрамына хан ұрпақтары, билер, әмірлер, бектер, дінбасылар кірді. 
Құрылтай жиналысының рөлі зор еді. Билікті өз қолдарында ұстау үшін 
монғол хандары жергілікті ақсүйектерге шартты түрде жер бөліп беріп 
отырған.
Алтын Орда мемлекетінің 
Еуразияның саяси дамуына 
тигізген әсерін анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


70
XIІI ғасырдың басы – XIV ғасырдың бiрiншi жартысындағы 
Монғол империясы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


71
ХІV ғасырға қарай батыс ұлыстарда тұрып жатқан монғолдар жер-
гілікті халықпен араласып кетті. Олар өз тілдерін жоғалтып, түрік тіліне 
көшті. ХІІ–ХІV ғасырларда батыстағы ұлыстың хандары ислам дінін 
қабылдады. 1312 жылы Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік 
діні етіп жариялады.
Алтын Ордада монғолдар сан жағынан аз еді. Түркі тайпалары, 
қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар және т.б. көшпелілер Ал-
тын Орданың басым бөлігін құрады. Ал отырықшы жерлерде бұлғарлар, 
орыстар, гректер, черкестер т.б. өмір сүрді.
Еуразия аймағында қалыптасқан ортағасырлық Монғол империя- 
сы өңірдің этносаяси жағдайына үлкен әсерін тигізді. Кейіннен Орталық 
Азия мен Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттер осы империя 
құрамынан бөлініп шыққан болатын. Бұлар – Әмір Темір мемлекеті, 
Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Қазан хандығы, 
Қырым хандығы, Астрахан хандығы және Қазақ хандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет