75
Король ІІ Ричард көтерілісшілерімен кездесуге мәжбүр болды.
Көтерілісшілер
корольден басыбайлылықты жойып, саудаға еркіндік
беруді талап етті. Король шаруалармен
келіссөз жасап жатқанда,
Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король уәде
беріп, шаруаларды үйлеріне қайтуға көндіреді.
Көсемінен айырылған
көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда
король соттары жұмыс істеп, қатысқандарды қатаң жазалайды.
Ойталқы
Көтерілісшілердің жеңілуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
1. «Қара індеттің» негізгі себебі неде еді?
2. Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісінің
ерекшелігі мен
ұқсастықтарын айқындаңдар.
Жакерия көтерілісі
Ұқсастық
Уот
Тайлер көтерілісі
Интернетті пайдаланып, «қара індет» туралы қысқаша баяндама жасаңдар.
«XIV ғасырдағы қара індет» («Эпидемия чумы ХІV века») фильмін көріп,
алған әсерлеріңді бөлісіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: