Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Монғол мемлекетінің саяси құрылымы



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы. Монғол империясын Шың-
ғысхан ұрпақтары биледі. Хан ордасы – империя орталығы Қарақорымда 
орналасты. Ең жоғарғы әміршісі 
ұлы хан саналды. Ұлы хан мемлекет 
басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге 
құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғысхан 
ұрпақтарының жалпы империялық жиналысы – 
Құрылтай өте маңызды 
рөл атқарды. 
Монғол мемлекетiнiң саяси құрылымы
Ұлы хан
Шыңғысхан 
ұрпақтары
«Яса» («Жасақ»)
Жазбаша құ қық -
тық нормалар мен 
заң ере желерi
Ұлы хан мемлекет басшысы 
ретiнде әскери заң шығарды 
және әкiмшiлiк би лiк жүргiздi
Хан сайлады
Аймақтарды басқару үшiн – дарғы бектер,
тамғаш және басқақтар тағайындалды
Құрылтай
Iрi әскери мәселелер, iшкi сая сат, Шыңғысхан 
ұрпақтары арасында өлкелердi бөлу мәсе ле лерi 
шешiлдi
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


64
бойы басшылыққа алып отырды. «Яса» («Жасақ) Монғол мемлекетінің 
әскери-феодалдық сипатын көрсетеді. «Қаған тәңірдің өкілі, аспандағы 
Құдай, жерде қаған бір», – делінген. «Ясада» хан, қағандарды мұрагерлік 
жолмен сайлау тәртібі бекітілді.
1. «15-тен 60 жасқа дейінгі әрбір 
адам әскери борышын өтеуге мін-
детті. 2. Әрбір жауынгер ер-аза мат 
мыңдық, жүздік, ондық жа сақ тан 
басқаға ауысуға ты йым салынады. 
Бұл талапты бұзғандардың басы 
алынады. 3. Соғыс алаңын тастап кеткен, соғыс жиынына келмей қалған 
және соғыстан түскен олжаны жасырған немесе иемденіп кеткендердің 
басы алынсын» делінген.
Жаңа жерлерді бағындыру. 1229 жылы құрылтай өткізіліп, Шың-
ғысханның үшінші ұлы Үгедей ұлы хан болып сайланды.
 1236 жылдың соңында монғолдардың батысқа жорығы басталды. Ол 
жорықты Жошының баласы Бату басқарды. Бату әскерлері Еділ өзенінің 
жағасындағы Бұлғар елін жаулап алды. 
1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды 
тізе бүктіріп, 120–140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындала-
ды. Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында орыс жері бытыраңқы 
болатын. Бытыраңқы князьдықтар Бату әскерлеріне қарсы тұра алмады. 
Әскери күші жағынан да монғол-татарлар орыстарға қарағанда анағұрлым 
алға кеткен болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты 
күш еді. Бату әскерлері соғыс жүргізудің сол заманғы неше түрлі айла-
тәсілдерін меңгерді. Батудың соғыс жүргізу өнерінде бұрыннан қолданып 
келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Орыс 
қалалары ағаштан салынғандықтан бұзу қиынға түспеген еді.
1237 жылдың қысында Бату көп әскерімен Еділ өзенінен өтіп, Рязань 
қаласына келіп жетті. Рязань және Мәскеу қалаларын алды. 
1238 жылы ақпанда Бату Владимир қаласын қоршап, үш күннен 
кейін қаланы алды. Осы қарқынмен монғол-татар әскерлері орыстардың 
14 қаласын – Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь т.б. 
қалаларды бағындырып, Владимир князьдығынан Новгородқа қарай 
беттейді. Көктемнің ерте шығуы, орманды және батпақты Новгород 
жері алға қарай жүруге қиындық тудырады. Сондықтан Бату әскерін 
оңтүстікке қарай бұрады.
Бату жолында кездескен қалалар мен елді мекендерді жаулап алып, 
1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді. Монғол-татар әскері күшінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет