Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет62/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Негізгі ұғымдар:
Осман империясы,
санжак бейлер,
спахи, вакуф.
Ойталқы
Жапония мен Қытайдың саяси билігінде ұқсастықтар бар ма?
Бүгінгі сабағымызда Осман империясының құрылуы мен дамуы тари-
хын білеміз. Осман империясындағы шексіз биліктің ерекшеліктерін 
анықтаймыз.
ХI ғасырдың аяғына қарай Кiшi Азияда 
қуатты 
Салжұқ мемлекеті құрыла бастады. Бұл 
мемлекеттің негізін ХІ ғасырдың басында Сырда-
рия алқабынан қоныс аударған оғыз (түрікмен) 
тайпасының 
қайы руы қалады. ХІ ғасырдың 
30-жылдарында ағайынды 
Тоғрыл-бек пен Чағрыл-
бек бастаған салжұқтар Иранға қоныс аударды. 
Тоғрыл-бек (993–1063) сұлтан атанып, 1040–1050 жылдар аралы-
ғында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты 
?!
1. Жапон халқының қалай қалыптасқанын айтып, орналасуын картадан 
көрсетіңдер. 
2. Жапониядағы жер иелену мен самурай дәстүрінің ерекшеліктерін 
анықтаңдар. «Самурай» деген сөз ненi бiл дi редi? 
3. Жапонияның құрылымын кесте түрінде беріңдер.
4. Жапониядағы шаруалар көтерілісінің себептерін анықтаңдар.
5. Тарихи ұғымдар мен олардың мазмұнын сәйкестендіріңдер. 
1. Даймё
а) ірі феодалдар
2. Микадо
ә) жоғарғы билiк иесi
3. Сегун 
б) микадоның уәзірі
6. ХІV–ХVІ ғасырлардағы Қытай әулеттерінің тізімін жасаңдар.
7. Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің үстемдігіндей шексіз 
болды ма?
§21. ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


101
басып алып, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да салжұқтар 
қол астына көшті. 
Алып Арыслан (1063–1072) кезінде, 1064 жылы Ар-
менияны басып алды. 1071–1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші 
Азияны т.б. жерлерді жаулап алды. 
Монғол шапқын шы лы ғынан кейiн ыды рап кеткен Салжұқ мемле-
кетiнiң орнына, 1299 жылы Осман түрiктерiнiң мемлекетi келдi. Оның 
негiзiн 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түрiктердiң 
басшысы Ертоғрұлдың баласы Осман сұлтан (1258–1326) қалаған едi. 
ХIV ғасырдың екiншi жартысында Осман империясы көршi елдерге 
жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352–1354 жылдары түрiктер Дарда-
нелл жағалауын, Галлиполь және бiрқатар қалаларды басып алады. Бұ-
дан кейiн осман түрiктерi Балқан түбегiнде тұрып жатқан оңтүстiк сла-
вян тайпаларынан құ рыл ған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетiне 
қарсы соғыс бастайды. 
1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын 
сонда көшiредi. Андрионопольды жаулап алуы Балқан тү бегiндегi славян 
мемлекеттерiн бағындырудың негiзгi базасына айналады. Бұл кезде Балқан 
түбегiндегi Болгар және Серб феодалдық мем лекеттерi өзара қырғиқабақ 
болып, бытыраңқылықты бастан кешiрiп жатқан едi.
1389 жылы түрiктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешушi ұрыс 
15 маусымда Косово даласында болады. Серб королi Лазарь мен түрiк 
сұлтаны I Мұ радтың арасында болған шайқаста түрiк әскерлерi iрi 
жеңiске жетедi. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға 
кiрiп келiп, оның ту сыртынан қанжар салады. Соғыста Лазарь тұтқынға 
түсiп, өл тiрiледi. Бал қан түбегiн бағындыру 
I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360–
1403) кезiнде жал ғасты. Соғыс майданын-
да көрсеткен ерлiгi үшiн оған 
Иылдырым 
(Найзағай) деген ат берiлген. Түрiк әс кер лерi 
Бая зит сұлтанның басшылығымен бөлшек-
тенiп кеткен болгардың Тырнова патшалығын 
бағындырады. 1402 жылы Әмiр Темiрдiң Бая-
зит сұлтан әскерiн Анкара түбiнде талқандауы, 
түрiктердiң Балқан елдерiне одан әрi жорық 
жасауына тоқтау салды. Қайта күшейген 
түрiктер Византия мем ле кетiнiң астанасы 
Константинопольге шабуылға шығады.
1453 жылы сәуiрдiң басында 
II Мехмед 
сұлтан 200 мың түрiк әскерiмен Константино-
Осман сұлтан
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


102
Осман жауынгерлерi 
поль қаласын қоршайды. 
1453 жылы 29 мамырда түрiк әскерлерi Кон с - 
тан ти но поль қаласын жаулап алады. Византия мем лекетiнiң соңғы 
императо ры Константин ХI Палеолог (1444–1453) шайқас үстiнде қаза 
табады.
Константинопольдiң құлауы Византия им периясының өмiр сүруiн 
тоқтатты. Констан ти но поль Стамбұл (Истанбул) атымен Осман им-
периясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы бо-
лып жарияланады. Осман түрiктерi ХIV–ХVII ғасырлардың бiрiншi жар-
тысында ұлы империя құрды.
ХVІІ ғасырдың басында Түркия Иранмен соғыстарда бірнеше 
рет жеңіліске ұшырады. Иран шахы І Аббас Осман империясынан 
Әзірбайжанды, Армения мен Шығыс Грузияны, Мосул мен Бағдадпен 
бірге Месопотамияны тартып алды. ХV ғасырдың аяғы – ХVІ ғасырдың 
басында Иранда елдің саяси бірігуі жүзеге асырылды. Иранның эконо-
микасы өркендеп, І Аббас (1587–1629) билік құрған кезде мемлекеттің 
қуаттылығы артты. Сөйтіп, Иран Түркияның мықты қарсыласына ай-
налды.
Түрiктер Балқан түбегiндегi жаулап алған жер лерiн әкiм шi лiк-
басқару жағынан 
санжакқа (облыстарға) бөлдi. Санжактарды түрiк 
сұл таны тағай ын даған 
бейлер басқарды. Балқан тү бе гiн дегi жер түрiк 
сұлтанының иелiгiне көштi. Мешiт иелiгiндегi жер лер 
вакуф (вақф) деп 
аталды.
Балқан түбегiндегi халықтарға өте ауыр мемлекеттiк салықтар салын-
ды. Жер салығы 
харадж енгiзiлдi. 5–7 жастағы ер балаларды Түркияда 
тәрбиелеп, әскери 
янычар құрамдарына алып отырды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


103
Ұшыр (үшір) салығы өнiмнiң түсiмiнен алынатын салық (оннан бiрi) 
түрiне жатады. Шаруалар жергiлiктi өкi меттiң рұқсатынсыз өз үлесiн 
тас тап ешқайда кете алмады.
Дiн жағдайы өте ауыр болды. Болгар, серб же рiндегi христиан 
шiркеуiне тыйым салынды. Ислам дiнiн қабылдағандарға жеңiл дiк тер жа-
салды. Ежелгi славян тайпаларынан берi сақталып келген мәдениет орын-
дары жабылды. Балқан түбегiнде Осман импе рия сы мұсылмандандыру 
саясатын жүргiздi. Болгар, серб халықтары түрік үстемдігіне қарсы 
күреске шығып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет