Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет59/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы. ХI–ХIII ғасырлар 
аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. 
Бұл кезеңде Жа по ния да мұрагерлiк жер иелiгi қалыптасты. Жер ие лiк-
те рi
сёэн деп аталды. Мұрагерлiк жер иелiктерi са лық тан босатылды. 
Мұнда шаруа лардың екi түрi жұ мыс iстедi. Бiрiншiсi – бас бостандығы 
жоқ, тәуелдi шаруа болды, екiншiсi – мемлекеттiк шаруа деп аталды.
Тә у ел дi шаруалар феодалдар же рiн де қызмет атқарды. Жер иеле рiне 
толық бағынышты болды. Мемлекеттiк шаруа лар император сарайына ти-
iс тi жерде жұ мыс iстедi. Қыз мет жа саумен қа тар, император қазынасына 
салық та төлеп отырды.
Жапон қоғамында феодалдардың да бiрнеше әлеу меттiк то бы қалыптасты. 
Ең iрi феодалды 
даймё деп атады. Даймё қарауында кiшiгiрiм жер иеленушiлер 
болды. Iрi және орташа феодалдардың жер ие лiк те рiнде оларға бағынышты 
әскери адамдар – 
самурайлар қыз мет ат қарды. Самурай жапон феодалдық 
қоғамын да ғы негiзгi кәсiби, әскери топ болды. Самурайлар да кейiн нен ұсақ 
жер иелерiне айналды. Олар жердi өз де рiнiң бастықтарынан сыйлыққа алу 
негiзiнде ие лен дi.
Саяси құрылысы. Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық импе-
раторлық өкiмет билiгi орнады. Ең жоғарғы билiк және барлық жер 
Негізгі ұғымдар:
Күн шығатын ел, 
феодалдық қоғам,
микадо, даймё, сегун,
Мин әулетi.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


96
иелiгi 
микадо (император) қолында болды. ХI–ХIII ғасырлар аралығында 
Жапонияда императорлық билiк бiртiндеп әлсiреп, жаңа әлеуметтiк топ – 
сегундар билiгi күшейдi.
Сегун микадоның бiрiншi ми нистрi немесе оның уәзiрi қызметiн 
атқарды. 1192 жылдан бастап сегундардың саяси билiгi күшейiп, им-
ператор елдегi дiни басшы ретiнде ғана сақталып қалды. Солтүстiк 
Жапон феодалы Минамото самурайлардың күшiмен император әскерiн 
ХI–ХIII ғасырлар дағы Жапония
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


97
жеңiп шығады. Ел астанасы Киото қаласын 
басып алып, сегундардың үстемдiгiн орната-
ды. Жапонияда көп уақытқа дейiн Минамото 
әулетiнен шыққан сегундар билiк құрды. Мина-
мото жасақшылары қарсыластардан тартып алған 
жерлердi өзара бөлiске салып, кейiн олардың 
көбi iрi феодалдар 
даймёлар ға айналды. Yстемдiк 
етушi 
феодалдар 
«әскери-по мес тье лiк» 
жер 
иелерi 
(буси, самурай) елдiң негiзгi жер бөлiгiн 
қолында ұстап, өздерiнiң мемлекеттiк басқару 
әкiмшiлiгiн құрды. Сөйтiп, ХI–ХIII ғасырлар 
аралығында Жапонияда мұрагерлiк билiктiң екi 
түрi болды. Бiрi – 
императорлық, екiншiсi – 
сегундық. Мем ле кет тiң басында сегун тұрды. 
Ол әскери өкiмет басшысы әрi самурайлардың 
қолбасшысы болды. 1199 жылы Ми на мото өлген соң, үкiмет билiгiн
Ходзе Токимаса ие лен дi. Жапония да әскери-феодалдық мемлекет 
құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет