Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Қытайдың ХVІ және ХVІІ ғасырлардағы экономикалық саяси да-



Pdf көрінісі
бет61/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
Қытайдың ХVІ және ХVІІ ғасырлардағы экономикалық саяси да-
муы. Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық 
қатынас дами бастады. 581 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет 
құрылды. Қытайды 581–616 жылдары 
Суй, 618–907 жылдары Таң, 960–
1279 жылдары 
Сұң әулеттері басқарды. ХІІІ ғасырдың екінші жартысын-
Мин әулетi
кезiндегi фарфор
Қытай император-
ларының сарайы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


99
да монғол феодалдары Қытайды толықтай басып 
алды. Монғол басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық 
көтеріліс басшыларының бірі Чжу Юань Чжан 1368 
жылы қытай халқын монғол басқыншылығынан 
толық азат етiп, Қытайдың император тағына ие 
болды. Ол құрған әулет 
Мин әулеті деп аталды. 
Бұл әулет Қытайда 
1368 жылдан 1644 жылға дейін 
билік жүргізді. Ескі дәстүр бойынша императорды 
«көктің баласы», Құдайдың жердегі әміршісі деп 
түсінген. Қытай жері әкімшілік жағынан аймаққа, 
әрбір аймақ округке, әр округ уезге бөлінді.
Император Юнлэнің 1403 жылдан бастап 22 жыл 
билік еткен тұсында Мин әулетінің күш-қуаты артты. Елде императордың 
шексіз билігі орнады. Император елдің экономикасын көтеру үшін әскерге 
ауылшаруашылығымен айналысып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз 
етуге рұқсат берді. Юнлэ Ұлы Қытай каналын қайта салғызды. Оның 
кезінде елде конфуцийлік ілім кең таралып, ғылым мен өнер гүлденді. Ол 
тарихтағы ең үлкен «Юнлэ энциклопедиясын» жаздырды. 
Император Юнлэ елдің аумағын 
ұлғайтып, Оңтүстік-Шығыс Азия мен 
Шы ғыс Африкаға 6 рет теңіз экс-
педициясын жіберді. Оның кезінде Қы-
тай Азия және Африка елдерімен эко-
номикалық-мәдени байланыстар орнатты.
ХVІ ғасырда Қытайдың қалалары мен аудан, аймақтары белгілі 
бір тауарды ғана өндіретін маманданған өлкелерге айналды. Мәселен, 
Гуан дун провинциясы темір өндірді. Цзянси фарфор мен керамикадан 
жасалған ыдыстар шығарды. Шанхай мен Сунцян аудандары мақта-мата 
бұйымдарын, Уху қаласы бояулар, Тайвань аралы қант шығарумен ай-
налысты.
ХVІ–ХVІІ ғасырларда Қытайда қағаз, әйнек, фарфор, лак, металл 
өңдеу; алтын, күміс, мыс, темір, тұз өндірістері дамыды. Қазба байлық 
өндіру Қытайда мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынды.
Құрылыс өндірісі де жедел қарқынмен дамыды. Пекин, Нанкин 
және т.б. қалаларда көптеген сарайлар мен храмдар, көпір, арықтар, ірі 
қамалдар салынды. Қытай кеме жасаумен дүниежүзіне белгілі болды.
Мин әулеті тұсында өнеркәсіптер цехтық қолөнер түрінде дамы-
ды. Кейбір өнеркәсіп салаларында әсіресе қайта өңдеу өнеркәсіптерінде 
орталықтандырылған мануфактуралар пайда бола бастады. Мата тоқу 
Құмыра
Мин әулеті кезіндегі Қытайдың 
дамуындағы жеткен жетістіктерін 
анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


100
өндірісі кең етек алды. Фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фар-
форы күні бүгінге дейін дүниежүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу 
ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынды. Кітапты 
көптеп шығару қолға алынды. Ішкі және сыртқы сауда жедел дамыды. 
Теңіз арқылы үнді, парсы, араб т.б. елдермен сауда жасасты. Сауда кеме 
өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600–700 адамға дейін алып 
жүре алатын дәрежеге жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет