95
§20. ҚЫТАЙ МЕН ЖАПОНИЯ АБСОЛЮТИЗМ КЕЗЕҢІНДЕ
Бүгінгі сабағымызда Қытай мен Жапониядағы абсолюттік билік жүйесімен
танысамыз. Юнлэ мен Токугава билігінің құзыретін анықтаймыз.
Жапон аралдарын мекендеген тайпалар. Жа-
пон аралдарының ең
ежелгі тұрғындары қазіргі
айнылар болып есептеледі.
Жапон халқының қалыптасуында Индоне-
зия мен Үндіқытай түбегін мекендеген тайпалар
маңызды рөл атқарды. Жапон аралдарына жан-
жақтан қоныс
аударушылар арасында бәсеке
болып тұрды. Бара-бара олар бір-бірімен араласып кетті. Осылардың
арасында
әсіресе
Ямото тайпасы күшейіп, ІІІ ғасырдың аяғы мен ІV
ғасырдың ортасында барлық тайпаларды өздеріне бағындырды. Хон-
сю
аралының орталық аймағында
Ямото тайпалық одағын құрды.
Осы тайпалық
одақтың атымен қазіргі
«Жапония» деген атау VІ–VІІ
ғасырларда қалыптасқан.
«Нихон» немесе
«Ниппон» деген сөз
«Күн
шығатын ел» дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: