Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет7/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

?
?!
Осы жылы Каталаун даласында римдіктер мен ғұндар арасында үлкен 
шайқас болды. Шайқас нәтижесінде екі жағы да әлсіреді. 453 жылы Ат-
тила қайтыс болған соң, құдіретті Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Батыс Рим империясының күйреуі. 476 жылы Батыс Рим импе-
риясының тағына 16 жасар Ромул Август отырғызылады. Халық 
оны менсінбей 
Августул деп атады. Римдік қолбасшылардың бірі
Одоакр (Әдекер) герман тайпаларынан құрылған әскерлерінің қоныс- 
тануы үшін Италияның үштен бірін беруді талап етті. Император бұл та-
лабын орындамаған соң 
Одоакр әскерімен көтеріліске шықты. 476 жылы 
императорды тақтан құлатып, жер аударды. Одоакр өз жауынгерлеріне 
және көмекке келген құлдарға байлардан тартып алынған жерлерді бөліп 
берді. Осы жыл тарихта 
құлиеленушілік құрылыстың жойылған және 
Батыс Рим империясының құлаған жылы деп саналады. V ғасырдың 
аяғына қарай ғұндардың ығыстырумен Рим империясының жеріне ба-
сып кірген франктер Галлияда, остготтар Италияда, ағылшын-сакстер 
Британия аралдарында өз мемлекеттерін құрды.
Ойталқы
Герман тайпалары шабуыл жасамағанда Батыс Рим империясы құлар ма 
еді? 
1. Батыс Рим империясы қашан құлады?
2. Батыс Рим империясының әлсіреуіне себеп болған жағдайларды 
анықтаңдар.
3. Хрестоматиядағы Тациттің еңбегіне сүйеніп, ежелгі германдықтардың 
шаруашылығы мен тұрмысы жайлы кесте жасаңдар.
4. Кельттер мен германдықтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын 
салыстырып, сипаттама беріңдер.
1. ІV ғасырдың аяғында Батыс Рим империясының құрамына кірген жерлер 
(тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауабы болуы мүмкін)
а) Солтүстік Африка
г) Кушан
ә) Мидия 
ғ) Парфия
б) Бактрия 
д) Сирия
в) Кіші Азия
е) Урарту 
Әсіресе Хлодвиг басқарған Франк корольдігі ерте ортағасырлық 
мемлекеттер арасында өте қуатты еді (франктер туралы 
хрестоматияның 25–28-беттеріндегі деректерді оқыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет