Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет8/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Негізгі ұғымдар:
Византия империясы
василевс, патриарх, 
«Азаматтық құқықтар 
жинағы».
2. Б.з-дың І ғасырының соңына қарай герман тайпалары 
а) өзара жаулаушылық соғыстар жүргізді
ә) жер өңдеу әдістерін жақсартты
б) Кіші Азия түбегіне басып кірді
в) Батыс Рим империясына тәуелді болды
г) ірі қара мал өсірді
ғ) римдік саудагерлермен қарым-қатынас жасады
3. 410 жылы Римді басып алды 
а) Агамемнон бастаған гректер
ә) Аларих бастаған вестготтар
б) Аттила бастаған ғұндар
в) Гейзерих бастаған вандалдар
г) Эрманарих бастаған остготтар
ғ) Теодорит бастаған вестготтар
Ғұндарға қатысты мына кестені (инсерт) толтырыңдар.
Ғұндар туралы 
бұрынғы білетін-
деріңді жазыңдар.
Қандай қызықты 
жаңа мәліметтер 
білдіңдер?
Ол деректер сендерді 
қызықтырды ма?
Тағы не 
білгілерің 
келеді?
§3. ВИЗАНТИЯ – РИМНІҢ МҰРАГЕРІ
*
Бүгінгі сабағымызда Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ 
өмір сүруінің себептерін анықтаймыз. Көрші елдермен қарым-қатынасын 
қарастырамыз.
Рим империясының екіге бөлінуі. Рим 
империясының шығыс аймақтары экономи-
касының даму деңгейі жағынан батыс аймақ-
тардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті им-
ператор 
Константин 324 жылы астананы Рим 
қаласынан Босфор бұғазындағы 
Византий деген 
шағын қалаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты 
Константинополь деп өзгертілді. Константинопольдің астанаға айналуы 
оның географиялық орнына байланысты еді. Ол Еуропадан Азияға, Қара 
теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдарында жатты. 
395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып 
екіге бөлініп кетті. Константинополь 
Шығыс Рим империясының астана-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


14
сы болып қалды. Бұл қала бұрын Византий деп аталғандықтан, Шығыс 
Рим империясы тарихта 
Византия империясы деп аталды.
Византияның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палес-
тина, Мысыр, Месопотамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта 
теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырым, Кавказдағы иеліктер кірді. 
Халықтың құрамы ала-құла болды: гректер, еврейлер, арабтар, илли-
рийліктер, дактар, армяндар, грузиндер т.б. VII ғасырға дейін латын тілі 
мемлекеттік тіл болғанымен, көпшілік грек тілінде сөйледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет