Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі. Ғұндар мен герман тайпала-
ры. ІV–VІІ ғасырлар Еуразия мен Еуропа тарихына «
Халықтардың ұлы
қоныс аудару» дәуірі ретінде кірді. Бұл антикалық дәуірдің құлдырауы мен
жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңі еді. Ұлы қоныс аудару
Ертедегi герман
қауы мы шағын
ауылдарда тұрды.
Ауылдар бау-бақша-
лары бар бiр неше
ауладан құралды.
Әрбiр қауым мү ше сi
егiс тiктiң өзi иемден-
ген бөлiгiн өңдедi
Хрестоматияның 5–6-беттеріндегі
«Тацит германдықтардың тегі мен
мекенжайлары туралы» атты құжат-
ты оқыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
11
Ойталқы
Ғұн тайпаларының жорығы Батыс Рим империясының құлауына ықпал етті
деген тұжырыммен келісесіңдер ме?
дәуірін ІV ғасырдың ортасында Орталық
Азиядан шыққан ғұн тайпалары баста-
ды.
(Қазақстан тарихынан ғұндар ту-
ралы білгендеріңді еске түсіріңдер).
ІV ғасырда ғұндар рулық-тайпалық
қатынаста өмір сүрген. 374 жылы ғұндар
көптеген тайпаларды бағындырып, Ба-
тыс Рим империясына орналасып алған герман тайпаларын ығыстыра
бастады. 375 жылы остготтарды бағындырған ғұндар вестготтарға ша-
буыл жасайды. Ғұндардан қашқан вестготтар 376 жылы Рим императо-
рымен келіс сөз жүргізіп, империя жеріне қоныстануға рұқсат сұрайды.
Бірақ олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды,
оның үстіне империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан
жоқ еді. Сол себепті вестготтар Оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы
Оңтүстік-батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.
«Вестгот королі Аларих 410 жы-
лы Римді жаулап алды. (Хрес-
томатияның 7–8-беттеріндегі «...гот-
тардың 410 жылы Римді алуы тура-
лы» деген құжатты қараңдар.)
429 жылы вандалдар ғұндармен бірге келген аландармен қоса Сол-
түстік Африкаға өтті. Вандалдарды король
Гейзерих басқарды. Ол Сол-
түстік Африканың едәуір бөлігін басып алып, 429 жылы Вандал ко-
рольдігін құрды.
Еуропа жеріне келген ғұндар Ат-
тила (Еділ) тұсында күшейді. V ға-
сырдың ортасында Тиса жағалауында
ғұн мемлекеті өмір сүрді. Аттила
Еуропадағы сол кездегі қуатты билеу-
шіге айналды. Паннониядан ғұндар
Балқан мен Кіші Азияға жорықтар жасап тұрған.
Аттила Еуропадағы үстемдік үшін күресе отырып, Галлиядағы Вест-
гот, Бургунд және Франк корольдіктерінің бай жерлеріне ие болуға
ұмтылды. Ғұндармен бірге жорыққа одақтас герман тайпалары,
остгот-
тар, аландар және т.б. аттанды.
451 жылы Галлия қалалары: Мец, Шпейер, Реймс өртке оранды.
Ғұндар Парижге жетпеді. Сол жақтан олар Орлеанға шабуыл жасады.
Орлеан мықты бекініс және биік қамал мұнараларымен қоршалған бола-
тын. Аттилаға Орлеанды алу қиынға соқты. Сондықтан ол қаланы алу
әрекетін тоқтатады.
455 жылы вандалдар Римді жау-
лап алып, тонады (хрестоматияның
9-бетіндегі ... вандалдардың Римді
тонағаны туралы деректі оқыңдар).
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|