Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Монғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастар



Pdf көрінісі
бет44/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Монғол үстемдігі кезіндегі халықаралық қатынастар. Еуразиядағы 
қарым-қатынастың дамуына монғол үстемдігі ықпалын тигізді. Аз 
уақыттың ішінде монғол империясы Тынық мұхиттан Дунайға дейінгі 
аумақты алып жатты, елшілер арқылы Рим мен Монғол билеушілері 
арасында келіссөздер жүргізілді. Бату әскерінің Еуропаға жорық жа-
сау қаупі төнген кезде, Рим папасы ІV Иннокентий италияндық Плано 
Карпини бастаған елшілікті Монғол империясына жібереді. Елшілікке 
мағлұматтар жинап, христиан дініне кіруге уағыздау мақсаты 
қойылды. Елшілік мақсатын жүзеге асыра алмағанымен, жүріп өткен 
жерлері, халықтардың тарихы, тұрмыс-салты, әскери күші туралы 
маңызды мағлұматтар жинады. Плано Карпини (1246 ж.) Күйік хан-
мен кездеседі.
Француз королі ІХ Людовигтің тапсыруымен 1253–1255 жылда-
ры монғол империясына саяхатшы ретінде фламандық монах Рубрук 
жіберіледі. Ол Қарақорымдағы Ұлы хан Мөңкемен кездеседі. Еуро-
палықтардың монғол империясымен дипломатиялық одақ жасағысы 
келген мақсаты орындалмады. Еуропаға еріп барған монғол елшілері 
олардан монғол билігін сөзсіз мойындауды талап етті. 
Монғол шапқыншылығы қырып-жоюымен бірге кейбір оң үрдістерге 
де ие болды. Сауда-саттық дамыды, мәдениет, халықаралық байланыс тар 
жақсарды. Монғол империясы шетелдік саяхатшылардың Еуропаға белгі-
сіз азиялықтар жайында мәліметтер әкелуіне жағдай жасады. Монғолдар 
көшпелі тайпаларды орталықтандырылған билік арқылы біріктірді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


1. Монғолдардың ұлан-байтақ жерді жаулап алу себебі неде?
2. Монғол әскеріндегі қызмет түрін атаңдар, соғыс жүргізу әдісін баяндаңдар.
3. Монғолдар әскерінің негізгі түрі мен қаруын төмендегі кластер арқылы 
ашып көрсетіңдер.
Әскердің түрі мен 
қаруы
4. Картамен жұмыс. 
1) ХІІ ғасырдың соңында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде қандай мем-
лекеттер құрылды?
2) Монғолдар Алтын Ордада неге аз болды?
3) Монғол шапқыншылығының салдарын кестеге түсіріңдер.
Тиімді жағы
Тиімсіз жағы
5. Интернеттен Рубруктың Бату сарайында болғаны туралы жазбасын оқып, 
түсінгендеріңді айтып беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет