70
XIІI ғасырдың басы – XIV ғасырдың
бiрiншi жартысындағы
Монғол империясы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
71
ХІV ғасырға қарай батыс ұлыстарда тұрып жатқан монғолдар жер-
гілікті халықпен араласып кетті. Олар өз тілдерін жоғалтып, түрік тіліне
көшті. ХІІ–ХІV ғасырларда батыстағы
ұлыстың хандары ислам дінін
қабылдады. 1312 жылы Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік
діні етіп жариялады.
Алтын Ордада монғолдар сан жағынан аз еді. Түркі тайпалары,
қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар және т.б. көшпелілер Ал-
тын Орданың басым бөлігін құрады. Ал отырықшы жерлерде бұлғарлар,
орыстар, гректер, черкестер т.б. өмір сүрді.
Еуразия аймағында қалыптасқан ортағасырлық Монғол империя-
сы өңірдің этносаяси жағдайына үлкен әсерін тигізді. Кейіннен Орталық
Азия мен Қазақстан аумағында құрылған
мемлекеттер осы империя
құрамынан бөлініп шыққан болатын. Бұлар – Әмір Темір мемлекеті,
Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы,
Сібір хандығы, Қазан хандығы,
Қырым хандығы, Астрахан хандығы және Қазақ хандығы.
Достарыңызбен бөлісу: