68
Империя аумағында
пошта бекет-
тері ұйымдастырылды. Ханның бұй-
рықтарын
атшабарлар елдің түкпір-
түкпіріне тез жеткізіп отырды.
Шыңғысхан қалыптастырған темірдей тәртіп
монғол әскерін жеңіске
жеткізді. Егер ұрыс даласынан жауынгер қашса, ол кірген ондық түгел өлім
жазасына кесілді. Ал ондықтың жауынгерлері қорқақтық көрсетсе, бүкіл
жүздік түгел жазаланды.
Монғолдар қарсыласын жеңу үшін оның күшін бытыратып, жеке-
жеке жою әдісін ұтымды қолданды.
Тосқауыл, кенеттен шабуыл жасау,
әдейі шегіну арқылы жауды соңына ертіп қайта шабуылға шығу әдісін
жиі пайдаланды. Ұрыс даласында монғолдар жауды тұс-тұстан қоршап,
садақ оғын жаудырды. Толық жеңіске жету үшін соңынан қуып барып,
жойып отырды.
Монғолдар сол замандағы ең озық құрылғыларды қолданды. Мә-
селен, Батудың әскерінде үлкен тастарды
алысқа лақтыратын құрал
болған. Ағаш қабырғаларды мұнай қосылған қоспа арқылы өртеген. Ал
тас қабырғаларды қытайлықтардан алған оқ-дәрімен жарған. Монғолдар
қала ларды аларда қолдан су тасқынын жасаған немесе өзендердің ар-
насын қаладан бұрып әкеткен. Монғол
әскерінің құрамына жау-
лап алынған елдерден қолөнершілер мен қамал бұзу ісінің мамандары
алынды.
Монғол
жауынгерлері
шайқаста
67–68-беттердегі суреттерге қарап,
монғол жауынгерлерінің ұрыс
тәсілі мен қару-жарағына сипатта-
ма беріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217