Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


Ойталқы Француз абсолютизмі елдің қуаттылығын арттыруға ықпал еткенін дәлел- деңдер. ?!



Pdf көрінісі
бет55/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Ойталқы
Француз абсолютизмі елдің қуаттылығын арттыруға ықпал еткенін дәлел-
деңдер.
?!
1. Картамен жұмыс. Францияның провинцияларын картадан көрсетіңдер.
2. Француз абсолютизмінің ерекшелігі неде болды?
3. Француз билеушілерінің саясатындағы ерекшеліктерді салыстырыңдар.
І Франциск
ІІІ Генрих 
Кардинал Ришелье 
4. Абсолюттік монархияның негізгі белгілерін анықтаңдар: 
– қазынаны министр биледі; 
– соттарды халық сайлады; 
– корольдің сөзі бүкіл ел үшін заң болды;
– салық мөлшерін халық белгіледі;
– әскерді қолбасшылар басқарды; 
– шіркеуді король өзіне бағындырды. 
5. Корольдердің билік құрған мерзімін сәйкестендіріңдер: 
І. VІІІ Карл
а) 1483–1498 ж. 
ІІ. ХІІ Людовик
ә) 1498–1515 ж. 
ІІІ. І Франциск
б) 1515–1547 ж.
§19. АНГЛИЯ МЕН РЕСЕЙДЕГІ АБСОЛЮТИЗМ
Бүгінгі сабағымызда Англия мен Ресейде орталықтанған мемлекеттік 
құрылымның, абсолюттік биліктің қалай қалыптасқанын, өзіндік ерекшеліктерін 
білетін боламыз. «Парламент», «Боярлар Думасы» ұғымдарымен танысамыз. 
Англиядағы абсолюттік биліктің Еуропаның басқа елдерінен өзіндік ерекшелігін 
ажыратамыз. 
Негізгі ұғымдар:
Парламент, Тюдор-
лар әулетi, Мәскеу 
князьдығы, опричнина.
Англияда абсолютизмнің қалыптасуы. Ан-
глияда 1343 жылдан бастап Парламент екі па-
латадан тұратын болды. Жоғарғы палата 
лорд-
тар палатасы деп аталып, архиепископтардан, 
епископтардан, ірі барондардан құрылды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


90
Төменгі палата – 
қауымдар палата-
сы аталды. Оған рыцарьлар мен қала 
өкілдері қатысты. Кейiн ХIV ғасырда 
Парламент заңдар шығарып отыру 
құқына да ие болды. Ол орталықтанған 
мемлекеттiң жетiстiгiн бейнелейтiн 
басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттiң одан әрi 
нығая түсуiне жағдай жасады.
Кейiнгi орта ғасырларда Англияда ка пи талдың алғашқы қорлануы 
қызу қарқынмен жүрдi. Оның негiзi қауымдық жерлердi қоршап алу 
арқылы қаланды. Ол жерлер жекеменшiк қой жайылымдарына айнал-
дырылды. Бұрын сыртқа қойдың жүнi шығарылса, ХVI ғасырға қарай 
шетелдерге шұға шығарылды.
Шұға тоқу iсiнiң өркендеуi мануфактураның дамуымен байланыс ты бол-
ды. Ол мата, жiбек, тау-кен өндiрiсiнде, металл өңдеу де кеңінен қолданылды. 
Қоғамдық еңбек бөлiнiсi дамып, ұлттық нарық қалыптасты.
Капиталистiк қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуi, 
отар басып алу арқылы да үлес қосылды. Теңiз саудасында үстемдiкке 
жету үшiн флот ұлғайды, Испаниямен соғыс жүргізілді. 1588 жылы Ан-
глия флоты Испанияның «Жеңiлмейтiн армадасын» талқандады.
1485 жылдан 1603 жылға дей iн Англияны Тюдорлар әуле тiнен шық-
қан корольдер биледi. Олардың ке зiнде король билiгi кү шейiп, те жеусiз 
сипатқа ие болды. 
VIII Генрих 1534 жы лы Ан глияның шiркеуiн Рим- 
ге бағынудан азат еттi. Шiр кеудiң басшысы король деп жарияланды.
VIII Генрих алым-салық жинайтын арнау лы палата құрды.
1553–1558 жылдары VIII Генрихтiң қызы 
Ма рия Тюдор билiк құрды. 
Реформация қай раткерiн қуғынға сал ғаны үшiн оған жұрт «Қа нiшер» де-
ген жанама ат бердi. Мариядан кейiн таққа VIII Генрихтiң екiн шi қызы 
I Ели завета (1558–1603) отырды. Оның тұ сында ағыл шын абсолютизмi 
ерекше нығайды. Шiр кеу ұлттық деп танылып, абсолю тизм нiң бас ты тi-
ре гiне айналды. 1607 жылы Ан г лияның мем лекеттiк гимні қабылданып, 
алғаш рет орын далды.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі жергілікті билік орында-
рында ұсақ дворяндар мен қала буржуазиясы өкілдерінің қызмет етуі 
еді. Олар қоғамды реформалауға мүдделі болды. Мемлекет аралда ор-
наласқандықтан король парламентпен бірлесе отырып, күшті теңіз фло-
тын құрды. Бұл ағылшын абсолютизмінің өзіндік белгісі саналды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкiл ел дi өзiнiң қол асты на бiрiк тiрдi. 
Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық басқыншылығы кү-
Ағылшындар Испанияның қуатты, 
«Жеңілмейтін армадасын» қалай 
талқандады? Бұл жеңістің себебіне 
өз ойларыңды білдіріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


91
I Елизавета
Ма рия Тюдор
шейдi. 1607 жылы Виргинияда (Солтүстiк Америка) ағылшын отары-
ның негiзi қаланды.
Тюдорлар әулетiнiң табысты жүр гiзген iшкi және сыртқы сая саттары 
ХVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еу-
ропада ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз еттi.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейiн таққа Стюарт-
тар әулетi отыр ды. I Яков пен I Карл билiк құр ған тұс та абсолютизм 
дағдарысқа ұшырады. І Карл билік еткен жылдары салықтардың 
көлемін ұлғайтып, парламент жетекшілерін қуғындады. Парламентті 
екі рет таратып, 11 жыл елді жеке басқарды. Парламенттің келісімінсіз 
шамадан тыс салықтар жинап, айыппұлдарды көбейтті. Шотланд 
феодалдарының жер иеліктеріне қысым жасады. Оның шексіз билігі 
елдің наразылығын туғызып, ағылшын буржуазиялық революциясына 
жеткізді. Фео далдық қатынас ыдырап, елде iрi кәсiпорындар пайда бола 
бас тады. Кедейленген шаруалар бiрте-бiрте жалдамалы жұмысшыларға 
айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және 
идеологиялық алғышарттары қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет