Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов


§2. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ДӘУІРІ ЖӘНЕ БАТЫС РИМ



Pdf көрінісі
бет5/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
§2. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ДӘУІРІ ЖӘНЕ БАТЫС РИМ 
ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Батыс Рим империясының ыдырау себептерін 
анықтау және жіктеу. Сабақ барысында Батыс Рим империясының құлауына 
герман және ғұн тайпаларының тигізген әсерін білетін боламыз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


9
Константин қайтыс болғаннан кейін ғана жарияланды. Бұл оқиғаның 
Рим тарихында зор маңызы бар еді. 
Империяның құрамында жаңа қуатты қоғамдық ұйым қалыптас-
ты. Бұл ұйымның басқару жүйесі сатылы түрде құрылып, иеліктерінде 
көп жерлері болды. Христиан шіркеуінің басшысын 
«папа» деп ата-
ды. Шіркеу мемлекеттік діни ұйым ретінде бүкіл империя аумағында 
үстемдік етті. Оған бағынбаған әртүрлі топтар 
күпірлер (еретиктер) ата-
лып, шіркеу тарапынан қудалауға түсті.
Сөйтіп, құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-
сияпат, алым-салық төлеп тұрды. Дінбасыларға деген наразылық қалың 
бұқара арасында 
күпірлер қозғалысын туғызды. 
Ұлы қоныс аудару дәуіріне дейінгі варварлардың қоғамдық құрылы-
сы мен шаруашылығы. Рим империясының солтүстік көршілері
 (грек-
тер
мен римдіктер оларды «варварлар» деп атаған) германдықтар,
кельттер, славяндар еді.
Варвар деген гректің 
«жатжерлік адам» деген сөзінен шыққан. Бұл 
тайпалардың даму деңгейі әртүрлі еді. Империяға ену қарсаңында көпшілігі 
мемлекет құру алдындағы сатыда тұрады.
Кельттер б.з.б. VІ–ІІІ ғасырларда қазіргі Германия мен Франция, Ис-
пания, Ирландия, Англия, Швейцария және Солтүстік Италия аумағын 
мекендеді. Олардың қоғамдық құрылысының ертеден келе жатқан түрі 
рулық қауым еді. Ру көсемдері төңірегіне тұрақты жасақ жинады. 
Кельт қоғамының бай топтары билікті 
друидтер деп аталған абыздармен 
V ғасырдағы 
Герман деревнясы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


10
бөліскен. Абыздар сот қызметін де атқарып, тайпалар арасындағы даулы 
мәселелерді шешіп отырған. Кельттер ортағасырлық Еуропаның әсіресе 
француздар мен ағылшындар, ирландықтар және испандықтардың 
этникалық қалыптасуына өз үлесін қосты. 
Ежелде герман тайпалары Рейн, Висла, Дунай өзендерінің, Солтүстік 
және Балтық теңіздерінің жағалауын, Скандинавия түбегінің оңтүстік 
бөлігін мекендеген.
Б.з.-дың І ғасырының соңына қарай герман тайпалары өздерінің 
өндіргіш күштерін айтарлықтай дамытты. Олар жер өңдеу әдістерін 
жақсартып, ірі қара мал өсірді. Қолөнер жақсы жетістіктерге жетті. 
Темір рудасын өндіру саласы дамыды. Рим империясымен шега-
ралас аудан дарда римдік саудагерлермен қарым-қатынас орнады. 
Германдықтар тұрмысының жақсаруы олардың санын көбейтті. Енді жер 
тапшылығы байқалды. Жер өзекті мәселеге айналды. Олар империяның 
өңделген, құнарлы жерлерін басып 
алуға ұмтылды. Осы мақсатпен қатты 
күйзеліске ұшыраған Батыс империяға 
герман тайпалары – 
вандалдар (батыс 
готтар), 
остготтар (шығыс готтар), 
ағылшын-сакстер, франктер және 
тағы басқалар шабуылдарын күшейтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет