Р. Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А. О. Ешмұқамбетов



Pdf көрінісі
бет4/105
Дата10.11.2022
өлшемі4,4 Mb.
#49244
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ДЖ тарих 6 сынып Бакина

Негізгі ұғымдар:
Батыс Рим империясы,
ғұндар, Халықтардың 
ұлы қоныс аудару дәуірі,
Аттила.
Батыс Рим империясындағы дағдарыс
ІV ғасырдың аяғында Батыс Рим им пе рия-
сының аумағы ұлан-ғайыр еді. Оның құра-
мына Еуропаның батыс бөлігі, Дунайдың 
оңтүстік жағалауындағы жерлер, Балқан 
түбегі, Жерорта теңізіндегі аралдар, Солтүстік 
Африка және Мысыр, Қара теңіздің шығыс 
жағалаулары, Кіші Азия, Сирия, Палестина
Месопотамияның бір бөлігі кірді. ІІІ ғасырдың аяғынан бастап, Батыс Рим 
империясы дағдарысқа ұшырай бастады. IV ғасырда Батыс Рим империя-
сы әлсіреді. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себебі – құлдар 
еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. 
Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр 
болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, 
жұмыстан жиі бас тартты.
Император Диоклетиан (284–305) кезінде Батыс Рим империясы-
ның мемлекеттік құрылысы өзгеріске ұшырады. Сенат іс жүзінде маңы-
зынан айырылып, өз орнын императорлық кеңеске берді.
Салық заттай және ақшалай төленетін. Заттай алынатын салыққа: 
нан, ет, тұз, шарап, зәйтүн майы, сірке суы жатқызылды. Бүкіл империя-
да халық санағы жүргізілді. Империядағы жердің көлемі есепке алы-
нып, 5 жылда бір тексеріліп тұратын болды. Жұмыс күштеріне қарай 
салық салынды. Қолөнершілер мен саудагерлер ақшалай салық төледі. 
Империя тұрғындары мемлекеттің пайдасы үшін әртүрлі жұмыстар 
атқарып отырды. Мәселен, көпір, жол, сарайлар т.б. салды.
Император Константин империя аумағында христиан дінін уа-
ғыздауға еркіндік берді. Балалар, естеріңе түсіріңдер, бұрын христиан 
дінін ұстанғандар қудаланатын еді. Себебі Рим империясында ресми 
дін пұтқа табыну болатын. Константиннің анасы христиандыққа бүй- 
регі бұрғандықтан, ол да христиан дініне өтеді. Константин хрис- 
тиан ілімі империя тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді деп сенді. 
Алайда христиан діні мемлекеттік дін болып тек 381 жылы император 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет