Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Қазақтар бай болатын. Төрт түлігі де сай болатын



бет28/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Қазақтар бай болатын. Төрт түлігі де сай болатын. Бес қаруы қанжығасында жүретін – «еркін адамдар» деген атқа ие болатын. Сақарадай пейілі кең жомарттар қайда?! Қазақ қазаққа жау емес еді. Дініміз қазіргіден тәуір еді. Атаны ата, ананы ана, қарындасты қарлығаш, ініні інім, баламды ізім деп қадірін арттыратын заман қайда?! Жан-жақтан жауымызға іргемізді ашып бердік. Ашып бергеніміз сол – төрт құбыласын тең етіп тайраңдатып қойдық. Еркін жүру естен кетті. Жарықта жүріп адасып, бұғаусыз бұғауланып, қайғысыз қамалып торыққаннан өз-өзімізді өлтіріп жатырмыз.
Асылып жатыр. Өнегесіз қария, балықсыз дария көбейді. Әйел билік айтатын болды. Балаң басыңа шықты. Қазақ деген бес әріптің бір қарібінің кейбіріміздің бойымызда иісі де қалмады. Тарихтың жасап кеткен алып кемесін суға батырып, қолдан жасалған қайығымыз қалтырауық болып қалды емес пе?!
(Салтанат Минайхан) 

Ұшардың ұлуы

(әңгіме)


...Жан-тәнімді ақтарып, өткенімді қопарып тастаған бірақ нәрсе. Күй. Яғни, Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы». Бала кездегі Қара Шалдың «Ұшар» атты итін жоқтап, тау басында оқшырайып тұратын эпизодына сәйкес келіп, өткеннің кілтіне айналуы. Күйдің шығу төркініне ұқсауы.
«Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болса керек. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт тосын ажалдан қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрпы, салт-санасы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге қоныс тепкен.
Жаңа жұртқа көшіп келген кемпір өзі болмаса да баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. «Көшкен жұртта қалған болар!» – деп, ана бұрынғы қоныстарына іздеп келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отырса керек. Мұны көрген ана:
- Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрылдым,
Ұшар, Ұшар, кә, кә... - деп, ана дауысы иттің зарынан асып аңырайды. Иен жұртта жалғызының артында қалған ана мен иесінен айрылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты шығарған күйі «Ұшардың ұлуы» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет