Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


ҚАЗЫБЕКТІҢ ҚАЛМАҚ ХАНЫНА ҮШ РЕТ ЕЛШІ БОЛЫП БАРУЫ



бет57/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
ҚАЗЫБЕКТІҢ ҚАЛМАҚ ХАНЫНА ҮШ РЕТ ЕЛШІ БОЛЫП БАРУЫ
Қазыбек аты әйгілі боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып — Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Бірақ ер балалардың ішінен өзіне керегін алып қалу мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. «Тірі емес» деп балаға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
— Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр. Төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап ала- мын дегенде, Қоңтажы:
— Қазыбек би, ерің үшін құн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозыңның төлеуін екі есе қып аламынн дегеніңе жол болсын! — депті. Сонда Қазыбек:
— Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарық еткен айбыны Қоңтажыдай жанды да сескендіреді. Төлеуі толық болса — ендігары есте жүреді,— дейді.

(Шешендік сөздер)

Бауыржан Момышұлы

(169 сөз)


Белгілі актриса Ғайниқамал Баубекова Бауыржан Момышұлыға 1961 жылы тұрмысқа шыққан. Бірақ олардың махаббат тарихы осыған дейін көп уақыт бұрын бастау алған болатын.
- Ата мен менің анам, - деп әңгімелейді Шапиға Мусина, - анам 17-те болғанда Алматыда танысқан болатын. Бұл әлі соғысқа дейінгі кез еді, Бауыржан сол кездің өзінде-ақ офицер болатын – ұзын бойлы, тұла бойы жинақы, көзінде от жалындаған, әскери киімде, сәйкесінше қыздар арасында сұранысқа ие болған. Анам актриса мансабын жаңа бастап жатқан еді, ал Бауыржанды Қиыр Шығысқа жібергенде онымен бірге бара алмады: үйінде жұмысы, мансабы, асырауындағы анасы мен ағасы бар еді. Алайда, олардың бір-бірін сүйгендері соншалық, тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде де кездесуге тырысты. ҰОС кейін Бауыржан Момышұлы бірнеше рет үйленген-ді, оның алғашқы шынайы махаббаты болып менің анам қала берді. Соғыстан кейін менің анамды Семей театрына жұмысқа жолдаған еді, сол жерде ол жас ақындар, актерлер мен жазушылардың ортасына түсті, арасында әкем Шахан Мусин де бар еді. Ұзақ жылдар өтсе де, анам Бауыржан Момышұлына қайтып келді. Атам мен анам 12 жыл бойы, шешемнің қайтыс болғанына дейін бірге өмір сүрген.
(Вера Ляховская)

Мазмұны



Алғысөз .................................................................... .3
Мәтін. Мәтін дегеніміз не?.......................................4
Мәтінмен жұмыс........................................................5
Атамекен. Туған жер...............................................6
Тест тапсырмалары....................................................7
Бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары....27
Тілдік бағдар.............................................................37
Жағдаяттық мәтіндер жинағы.................................44
Пайдаланған әдебиеттер..........................................94
Мазмұны..................................................................100

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет