Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет2/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
ӘОЖ
КБЖ
ISBN © Құраст: Наралиева Р.Т.,
Тойғанбекова М.Ш., Сұлтанова Б.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2018
Алғы сөз

Тіл – адамның қоғамдық қатынас құралы, ол үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып, шығармашылық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді. 


Бұл мәтіндер жинағы туған жер, хандар, батырлар, ақын, жазушылар тақырыбын қамтыған аса қызықты мәтіндер жинағынан тұрады. Диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, алынған материалдардың танымдық сипатыны терең. Бұл негізінен мәтіндерді іріктеуге қатысты айтылып отыр. Ұсынылып отырған еңбектің мақсаты – стилистика және тіл мәдениеті, тіл мәдениеті және пунктуация мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, және бағдарламалық материалды саналы меңгертуге байланысты мәтіндер берілген. Бұл жинақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сүйеніп жасалды. Бұл құрал оқыту қазақ тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Отандық жоғары орта оқу орындарына түсуді мақсат еткен талапкерлер мен дайындық курсының тыңдаушыларына арналған мәтіндер жинағы ретінде құрастырылған. Оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер тыңдаушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Білім алушылардың дүние танымын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздің орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасы, сөзден сөйлем құралу жолы сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Жинақ мазмұнында осы талаптарды жүзеге асыру үшін қазақ тілі сабақтарында бақылау жұмыстарының орны ерекше екендігіне көңіл бөлінген.
Ұсынылған оқу құралы Қазақстан Республикасында білім беру дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, 2013 жылғы білім беру және оқу бағдарламаларына сай құрастырылған.
Құрастырылып отырған оқу құралы тыңдаушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру мен тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды мақсат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет