Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет30/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Балқаш көлі туралы аңыз

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.


Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзі де сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді.
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.


Саржан Қашқан

Саржан батыр Кенесарының жүз адамының басы болған. Кенесары қашып қырғыздың қолына түсіп, Наурызбай бастаған қазақтар қашып, оны орыстар қуып, олар осы жолдың түбіне келіп ұйықтап жатады.


Кенесарының Саржан батыры келе жатыр деп Бодық естиді. (Ол кезде Саржан алпыс жаста, кәрі деп есептеледі екен.) Ол Саржанды мен көрейін деп қасына нөкер ертіп келе жатады. Саржан нөкерлері ұйықтап жатып, ат дүбірін естіп орыстар екен деп тұра қашады. Саржан: «Тоқтаңдар!» - деп нөкерлерін тоқтатыпты. 
- Бұлар орыстар емес, қазақтар, - дейді.
- Оны қайдан білдіңіз? - дегенде, Саржан бір төбеден асқаннан кейін: 
- Мен барып біліп келейін. Олар орыстар болмаса керек еді, - деп кері қайтып бара жатса, төбенің басында таудай болып Бодық батыр тұр екен. 
- Сені батыр деп естіп сынамаққа келдім, жолымды бер, - деген екен. 
Сонда Саржан қасқайып тұра қалыпты. Бодық оның қамытын күл-парша етіп, уатып тастапты. Намыстанған Саржан жалғыз жебенің оғымен Бодықты атайын деп көздеп жатқанда, Бодық: 
- Сен мені өзіңе тигізе алмайды деп ойладың ба? Мен сені сынамаққа істедім. Өзің таудай болғанмен, ақылың жоқ екен. Батыр болсаң тұра қал, тағы бір атайын, - деген екен.
Сонда Саржан: «Менен қателік кетті» деп кешірім сұрапты. Содан осы жер «Саржан қашқан» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет