Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет26/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57

Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі


Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.
Ежелгі эпостағы Гүлбәршін мен Құртқа, Ақжұныс пен Назым. Шежірелі тарихтағы Домалақ-ене мен Қыз-ене, Айша-бибі мен Абақ-ана. Таңбалы тарихтағы Қасым ханның аналары Жақсы-бике, Абайдың анасы Ұлжан, арыдағы, Алаштың тұлғасы болған тағы қаншама алыпты туғызған, есімдері сақталмаған әулие аналар, берідегі ел билеген Айғаным мен қол бастаған Бопай – қазақ әйелінің асқақ әрі нақты көрінісі, сондай болдық күні кешеге дейін.
Өзім көзбен көрген қазақ әйелінің ең үздік үлгісі, ең жарқын бейнесі –Үлкен әжем еді (менде екі әже болды). Бесіктен алып қаз тұрғызды, әлпештеп өсірді, мейір-шапағатын аямады, бір маған деген ықыласы жарым дүниені жылытуға жетер еді. Шынында да, маған ғана ана емес, қаншама жетімге пана болыпты, ізгілігі алыс-жақынға бірдей аңыз екен. Менің әжем, сол кездегі басқа әжелер, басқа аналар… Әркім есіне түсірсін. Бәрі де ғажайып еді ғой. Өз әжем, өз анам болғандықтан деп ойланамыз, ақиқат шыны солай. Сіздің әжеңіз, сіздің анаңыз ең алдымен қазақ еді, қазақ әйелі бар жақсылық осы жалғыз сөздің аясына сияды.
Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел.
Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел.
Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел.
Ұлттың ұйтқысы.
Ұрпақтың анасы.
Солай болған, солай бола беруге тиіс. Болмас қисыны жоқ, неге десеңіз, бұл әйелдің бойында сиқырлы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты –сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы…
Ол рас, әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі!
(Мұхтар Мағауин)


"Атқырылған" көлі туралы аңыз


Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауы­лында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдала­на алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле», – деп пәле салады екен.
Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ау­ылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, ама­лы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осы­лай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады.
Дегенмен қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады.
Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.
(kazinform)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет