Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет34/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Таңбалы тас

Қазақ хандығының құрылуы оңай болмағаны тарихи деректерден белгілі. Әбілқайырдан бөлініп шыққан қазақ рулары ең алдымен Бетпақдалаға қарай жылжып, сонда Таңбалы Нұра деген жерде бас қосады. Сондай-ақ, Бетпақ далада орналасқан, қазақтың мемлекет, ел болу тарихына алтын әріппен жазылған, ертеде ел басшылары мен көсемдері келіп тәу ететін Таңбалы тасқа назар аударуымыз қажет. Оның бетінде қазақ руларының таңбалары, қазаққа дейін Орталық Азияны мекен еткен көне түркі тайпаларыны ізі, жазулары сайрап жатыр. Бетпақ даладағы Таңбалы тастың қадыры Сарыарқадағы – Ұлытау, Жетісудағы – Қозыбасы-Шу, Атыраудағы Сарайшық сияқты қасиетті мекендерден бір де кем емес.


Таңбалы тас ескерткішінің көне заман мұрағаты екені айрықша сезілетін аңыз М.Көпейұлы шежіресінде бар: «Бетпақдалада «Таңбалы шұбар» деген жер бар. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Қазақтың таңбалары талас болса, сол тастан барып қарасады. Алаша ханның тұсында басылған таңба деседі». Ә.Марғұлан жазуына қарағанда, Таңбалы таста «Қазақтардың қария сөздері бойынша ислам дәуірі басталатын кезде көп тайпалар осы арада бас қосып, ұлы мереке жасаған. Барлық тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, атақты билері, асқан ерлері жиналып, кеңес құрып, қай тайпа қай жерді қоныс ету мәселесін шешкен. Әрбір тайпаның өзіне арнап таңба беріп, ол таңбаның суретін осы тасқа жазып түсірген. Таңбалы тастың ұлы атаққа ие болуының себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған екен».
http://etjendi.egemen.kz

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Тырнақшаның, қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер
Ер Жәнібек

Бір жорықта тұтқиылдан қалмақтардың қалың қолына жолыққан қазақ жасағы қатты сасып, шеті сөгіліп қаша бастайды. Мұны көрген Абылай бастаған қазақ батырлары тұс-тұстан қолдың алдына шығып тоқтатуға тырысады. Алайда, астарындағы болдырған аттар қашқан қолға жете алмайды. Артынан жау басыпкеле жатады. Сондай қысылтаяң кезде, аты болдырып келе жатқан Абылайды Жәнібек көріп қалады да, астындағы атын ханға көлденең тартады. Жігіттің дөненіне мінуге Абылай арланып: 


– Батырым, мынау кісі сыйласатын кез емес, сені жауға тастап, атыңды міне қашқаным жөн болмас, одан да тезірек барып қолдың алдын тоқтат! – деген екен. Сонда Жәнібек: 
– Тақсыр, мен қолдың алдына барғаныммен, маған ешкім тоқтамас, ал Сіз барсаңыз, жігіттер намысы оянып, қайта қайратына мінер. Қазақта батыр көп, хан Абылай біреу-ақ. Оның үстіне арттан жау қапта пкеле жатқанда, Сізді тірідей жауға тастап кете алмаймын. Егер мына атқа мініп, қашып құтылмайтын болсаңыз, ханның басын қалмаққа қалдырып, қорлатқанша өзім алып кетемін! – деп қылышын суырған екен. Сонда Абылай хан Жәнібектің көкдөненіне қарғып мініп, қашқан қолдың алдын қуып жетіп, тоқтатып, өкшелеп келе жатқан жауға қарсы шайқасқа қайта кірген екен.
(Сейітжанов З.)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Тырнақшаның, қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет