Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет37/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
(Қазақтың шешендік сөздері) 
?! 1-тапсырма.Тыңдаушылар мәтінді түгел жазбай, оқытушы оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөйлемдерді теріп жазады. І топ сұраулы сөйлемдерді, ІІ топ лепті сөйлемдерді, ІІІ топ хабарлы сөйлемдерді теріп жазады.
2-тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Абылай хан

Абылай 1740 жылғы 28 тамызда Әбілмәмбет ханмен бірге Ор бекінісінде келіссөзге қатысады.Осы келіссөздің барысында Абылай өзін ханнан кейінгі екінші ресми тұлға ретінде ұстап, ішкі мәдениеті бай, ой-пікірін айқын және батыл жеткізе білетін, дипломатияның қалтарыс-бұл­тарыстарын сергек танитын, әбден пісіп-жетілген мәмлегер тұлға ретін­де Ресейдің шенді әкімдерін таң қалдырған. Ресми әңгіме, пікір алысу үстінде партнердің аңысын аңдып, дер кезінде ескертпе жасап, қажет десе жауап беруден тартынбаған жас Абылайды олар келешекте бірден-бір әріптес ретінде мойындағаны сол жерде қағазға түскен Осы кездесудің қорытындысы бойынша, патша сарайына 1740 жылғы 8 қыркүйекте жазған хатында генерал Урусов қазақтардың келіссөз мәдениетінің мұнша жоғары болатынына өзінің таңданысын жасыра алмаған. Әсіресе, Абылай сұлтан көрген-білгені көп, ысылған мәмлегер ретінде танылған.


Абылай Ресей жағының адалдығына күмәнмен қарап, өз өмірі үшін сақтық жасады, дипломатиялық байланыстардың хабарласу, елшілік алмасу тәсілдеріне көшті. 1740 жылғы келіссөзден кейін, өле-өлгенше, яғни 40 жыл бойы Ресейдің бірде-бір қаласына ат ізін салған жоқ, патшалардың, биік шенді әскербасылардың шақыруына барған жоқ және өзінің осындай қызмет тәртібіне Ресейлік әріптестерін еріксіз көндірді.
(Зарқын Тайшыбай)


Қазақтарды «жуасыту» туралы құжаттар


Сiбiр әскерлерi шебiнiң бастығы генерал-майор фон Веймарн 1760 жылы Қазақ жерлерiн тiкелей шабуылдап, қару күшiмен ала алмайтынын түсініп жоспар жасаған.
Веймарнның жоспарын 1762 жылы Ресей сыртқы iстер алқасы қарап, қазақтар туралы аранайы жарлық қабылдайды.
  Ресей бұл құжатта қазақтарды отырықшылыққа бейiмдеуді, яғни «әлжуаздандыру, жуасытуды» көздеген. Құжатта жазылғанындай: «Олардың жақсы аттары мен малы қорада тұрса, шауып дайындалған пiшенмен азықтанса, әлжуазданады. Көп мiнiске төзбейдi. Ал, қораға қамайтын болған соң, малының санын азайтуға мәжбүр болады. Қазақтың күшi де, байлығы да малында. Демек, малды шектейтiн жағдайды ойластыруымыз керек». Мiне, осындай жымысқы саясат заңдастырылып, құжат түрiнде қабылданған.
Көрнектi қазақ ғалымы Телжан Шонанұлы осы құжатпен танысып, мұны былай қазақшалайды: «Қазақты жуасыту үшiн, бiлдiртпей бiрте-бiрте қазақтың күшi мен байлығының көзi малы мен жылқысын азайту, кемiту керек. Қазақтың малы кемiп, жарлы болса, бiзге қауiпсiз болады. Қазақ амалсыз тынышталады… Қазақ малы пiшенге үйренбеген. Аяғынан жайылуға дағдыланған. Пiшендi малы тамақсынбайды және барлық малына бәрiбiр қазақ пiшен жеткiзе алмайды. Пiшен жетпесе, қазақ жұтайды. Жұтаған қазақты басып алу оңай», – деп үзiндi алады да, Т.Шонанұлы өз тарапынан: «Осы ойды Сенат мақұлдап, бекiткен. Абылайға, Уәлиге, Нұралыға, Жәңгiрге үй-мешiт салып, ақша беремiн деп, үкiметтiң мейiрiмдi болатыны Сенаттың осы ойымен сабақтас болатын.
(Зарқын Тайшыбай)

Тапсырма: Тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет