Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


Абылай туралы орыс генералдарының жазбасынан



бет35/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Абылай туралы орыс генералдарының жазбасынан

«Орта жүзді түгел қозғап, қарауындағыларды Абылайға қарсы қою керек. Елінде және өз аулында көптеген орыс адамдарын тұтқынға ұстап отыр, оларды қайтару туралы біздің талабымызды орындаған жоқ... орыстарға неше түрлі жамандық жасаудан тайынбайды. Орта жүз ішінде Абылайдың беделін түсіретіндей іс ойластырып, оған «бақталас» болатын мансапқор біреуді іздеп тауып, ондай адамды үкімет тарапынан қолпаштап отырған жөн.


...Әзірше, Орта жүзде жағдай осындай болып тұрған кезде, бұл жаққа орыстардың қатынауына тыйым салу қажет. Өйткені, бұл «жыртқыштан» қауіп күшті. Сондай-ақ, бүкіл шекара бойында қазақтардың шапқынынан сақтанып отыру қажет, ондай жағдай бола қалса, мейлінше бетін қайтарып, қуып, барымталап жіберу керек.
Осынау бұзық ниетті Абылайға бәсекелес, одан қысым көріп наразы болып жүргендердің арасынан: Ресейге адал қызмет ететін Әбілпейіз сұлтан, ағайынды Бекболат пен Кенжебай сияқтыларды Абылайға қарсы қою керек. Мұнымыздың орайы келсе, Абылайға қарсы шығушыларды патша ағзам тарапынан қолпаштап, шенін өсіреміз деп дәмелендірген жөн болар еді. Бұл ойымыз сәтімен жүзеге асуы үшін ондай адамдарға пара беріп, аузын алу керек. Генерал-майор Огарев өз тарапынан ханға біз ойлағандай әлуетті бәсекелес таба алар ма екен, ол жөнінде мен біліп отыруым керек қой. Осы жұмыс бойынша оған өз қасымдағы тілмаш Бекчуринді жіберіп алғанмын» деген орыс генералдарының жазбалары архивтерде сақталған.
(Зарқын Тайшыбай)
Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер
Баталы ер арымас

Ұлы жүздің арасында Қайдар деген жігітті ел билемекке белгілейді. Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты:


- Сен Арғын Алшағыр биден бата ал, «Баталы ер арымас» деген. Онсыз билікке айтқан сөзіңде пәтуа болмайды, - дейді. Содан кейін Қайдар Алшағырға келіп сәлемдеседі. Алшағыр: «Шырағым жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?» - депті. Қайдар: «Бір-екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді»,- дейді.
- Бірінші - тумай жатып әкем өлді, туған соң үш айдан соң шешем өлді. Ер жетіп мал таптым, тапқаным құралмайды, ұраға жығылады, ұры алады, өле береді. Жасымда жетім қылып зарлатты, өскен соң кедей қылып қақсатты. Мен құдайдың несін алдым? Осыған айтар ақылыңыз бар ма? - депті.
Алшағыр айтыпты:
- Балам, сен жетім емессің ғой, дүниеде үш жетім бар. Басшысы келіспесе ел жетім, ұқпасқа айтқан сөз жетім, жаңбырсыз жер жетім. Ол жетімдіктерге сен жатпайсың.
Кедейлікке қарсы тұр,
Келетұғын көрінбей.
Бір мінсе иығыңнан түспейді,
Қайнатқан қара желімдей.
Қарау болма ашық бол
Сараңдыққа берілмей.
Мал тап, алысқа кет,
Жалқаулыққа жеңілмей.
Мал арыстанның аузында,
Түрікменнің төрінде,
Табарсың оны қайраттансаң ерінбей.
Бақ-дәулет келуіне мен кепіл,
Ар-ұятыңды төкпей жүрсең, елірмей.
Атың Қайдар екен, айдарсың,
Топтап малды байларсың.
Тасымай жүр, тасыған төгілер. —
Ақылмен жүрсең, рулы елді жайларсың,—
деп ақылын айтып, батасын беріпті.
(Қазақтың шешендік сөздері)

Тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


Тапсырма: Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет