Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет6/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Елена Федорова, Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. “Егемен Қазақстан”, 2006.



  1. Елена алғаш рет мектепке қай жылы барды?

А) 1992
В) 1991
С) 1990
Д) 2001
Е) 2000

2. Дұрыс жауапты таңдаңыз.


Оның әке-шешесі атамекеніне не үшін кеткісі келді? Басты себеп:
А) ауылдарда ауыз су тапшы болатын
В) электр қуаты берілмей қалатын
С) сусыз, жарықсыз қалғандықтан
Д) Ресей тарихи отаны болғандықтан
Е) жұмыссыз қалғандықтан

3. Сөйлемді толықтырыңыз.


Еленаның мақсаты ........
А) жергілікті халықпен достасу
В) ауылдастарына орыс тілін үйрету
С) қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беру
Д) орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болу
Е) мемлекеттік тілді жетік меңгеру

4. Мәтіннің мазмұны мен мәніне сай тақырып таңдаңыз.


А) Ана тілің – арың бұл
В) Мемлекеттік тіл – менің тірегім
С) Қазақ тілі мемлекеттік тіл
Д) Қазақстан – менің отаным
Е) Қазақ тілі – ана тілім

5. Дұрыс жауапты белгілеңіз.


Елена Елбасының алдында салтанатты жиында ... сөз сөйледі
А) ана тілінде
В) орыс тілінде
С) ресми тілде
Д) мемлекеттік тілде
Е) халықаралық тілде

6. Сөйлемді аяқтаңыз.


Елена жарқын болашағына жол ашар басты себеп –
А) халықтар достығы
В) ана тіліне деген сүйіспеншілік
С) мемлекеттік тілге деген құрмет
Д) халықтың құрметіне бөленуі
Е) мемлекеттік тілді жетік білмеуі

* * * * *


Рухани мұраларымыздың маңызды түрлерінің бірі – әшекей бұйымдар. Сол әшекей бұйымдардың беттеріндегі өнегелік жазбалар мен өрнектері тәлімдік түйіндер назардан тыс қалып келеді.
Ж етісу жерінен табылған, қазір Британ мұражайында сақтаулы қалайыдан жасалған айна жиегіндегі жазулар (ХІІ-ХХІІ ғ.) өзіндік тәлімдік түйіндерімен құнды. Бұл айнада
«Айнадай әсем бол» деген нақыл сөздер бар. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына табылған тас мөрде өрнектеліп жазылған «Таңда да, уан!» деген сөздің ертедегі руникалық әріппенен жазылғандығы белгілі. Демек, өмірден әр нәрсені таңда, содан мейірім тап деген сөз бұл. Павлодар қаласындағы өлкетану мұражайында сақтаулы күміс білезіктегі түркі жазуы қазақша былай оқылады: «Шашылған асыл қазына күлмен тең».
Алтынмен апталған, күміспен күптелген, көмкерілген небір
белбеулерде әртүрлі жазулар сақталған. Сондай бір белбеуде «Беліңді бекем бу келген жауға» деген өсиет сөз жазылған. Ал қыз балаға, келіншектерге арналған белдіктерде «бір Алла жарылқаушы», «Бойыңды тік ұста» деген өрнекті жазулар бар.
Ерте кездерде (Х-ХІҮ ғ.) адамдардың белдіктеріне қарап, олардың қандай тектен шыққанын және әскери шендерін білген. Егер алтынмен не күміспен қапталған белдік бай адамдікі екендігін аңғарсақ, ал теріден жасалған белдіктің жауынгерге арналғанын аңғарамыз. Екінші бір белдіктің шетінде қалтасы бар, олар саудагерлер мен көпестерге арналып жасалған. Орыстың белгілі ғалымы В.Радловтың сөздігінде: «Қалталы әшекей белдіктерде құранның сүрелері сақталынады» делінген.
Әртүрлі пәле-жаладан сақтау үшін зергерлер мен кестешілер әдемі өрнектермен нақышталған үшбұрышты және түтікше бойтұмарларды жасап, ішіне қуыс қалдырып, оған дұғалар мен құран сүрелерін сақтаған. Осындай тұмарлар адам бойына қуат беріп, көңіліне сенім тудырған. Ол бойтұмарлар көбіне түсті металдардан, маталардан немесе терілерден жасалған. Тұмар рөлін атқарған, көркем жасалған қоңыраулы алқалар да болған. Осындай бір алтын алқаның жиегінде «Тікенек көзден, шайпау сөзден сақта» деген сөз жазылған.
Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен ондағы жазулардың тәлімдік рөлі арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы ретінде қолданылған.
Қазақтың арулары мен ерлеріне ортақ болған әсемдік дүниелердің бірі - ер-тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрмандары көркем болған. Кейбір қадірлі батыр, биге арналған ер-тұрмандардың алдыңғы жағындағы беттерінде күміспен өрнектелген жазулар болған. Ол жазуларда «Сапарың оң болсын», «Алла сақтасын», «Алла күш-қуат берсін» деген сөздер бар.
Қазақ жасаған зергерлік бұйымдары біздің бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, жаны сұлу адамдар екенін дәлелдейді. Шеберлер жазған тәлімдік сөздер адам бойы мен ойының таза болуын және ұлтымыздың салт-дәстүрін сыйлауға үйретеді.
Тұрсын Әлсатов. «Парасат» журналынан.



  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Жетісу өңірінен табылған жәдігер ... сақтаулы тұр.
А) мұражайда
В) өлкетану мұражайында
С) Британ мұрағатында
Д) Британия мұражайында
Е) Павлодар мұражайында

2. Сөйлемді аяқтаңыз.


Руникалық жазуы бар тас мөр ....
А) Семей облысынан табылды
В) Өскемен облысында табылды
С) Күршім өлкесінен табылған
Д) Шығыс Қазақстаннан табылған
Е) Павлодар облысынан тапқан

3. Мәтін қандай мәнерде жазылған?


А) ғылыми стильде
В) ауызекі сөйлеу тілінде
С) сипатттау мәнерінде
Д) баяндау мәнерінде
Е) суреттеу мәнерінде

4. Қалталы белдіктер ... арналған.


А) жауынгерге
В) әскери шенділерге
С) саудагерлерге
Д) бай-сұлтандарға
Е) лауазымды кісілерге

5. Әшекей бұйым жасайтын адамдар ... дейміз.


А) шебер
В) ісмер
С) зергер
Д) ұста
Е) кәсіпкер

6. Сөйлемді толықтырыңыз.


Тәлімдік сөздері бар ер-тұрман ... арналған.
А) лауазымын білуге
В) қыз-келіншектерге
С) жас балаларға
Д) би-болыстарға
Е) құрметті ер кісілерге

7. Дұрыс жауапты белгілеңіз.


Әшекей бұйымдарға зергерлердің дұғаларды жазу себебі ....
А) тәрбиелік мәні жоғары
В) қасиетті құран сөзі болғандықтан
С) жамандықтан сақтайды деген сеніммен
Д) адамға күш-қуат береді деп сенгендіктен
Е) жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс

8. Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.


А) әшекейлердің әсемдік қасиетін көрсету
В) зергерлік бұйымдарды қолдануға шақыру
С) ата-бабамыздың рухани байлығын көрсету
Д) зергерлердің ұсталық өнерін насихаттау

Е ) әшекейлерді бойтұмар ретінде тұтынуға баулу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет