Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы


-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Атамекен, туған жер сөздеріне анықтама беріңіз. Атамекен. Туған жер



бет4/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Атамекен, туған жер сөздеріне анықтама беріңіз.


Атамекен. Туған жер



Жеті жасқа толғанымда, әкем мені ауылдың төменгі жағындағы ескі үйдің жұртына апарды, жерге аунатты.


– Кіндік қаның тамған жер осы ара. Ұмытпа!- деді әкем
– Атамекен бе? – деп сұрадым.
Әкем басын шайқады.

– Атамекен деп, ата-бабасының ежелгі қонысын айтады. Ол алыста.
- Сонда қалай, атамекен мен туған жер – екі бөлек нәрсе ме?

  • Әрине. Сен осы ауылда дүниеге келдің. Демек, бұл - туған жерің. Ал атамекенің – сонау Көкшалғынның бойы. Өйткені, туған-туыстарың сол жақта тұрады.

Мен сенер-сенбесімді білмей аңырып қалдым.

  • Балам-ау, оның түсінбейтін несі бар? – деді әкем. – Мысалы, Болат інің Башқұртстанда туған жоқ па? Егер одан біреу атамекенің қай жерде деп сұраса, Қазақстанды айта ма, әлде Башқұртстанды айта ма?

Ойлануға тура келді.





...Атақты батыр Хангелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда, “Сәлем беріп, батасын алып қайт”,- деп, Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем-сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте дана қартқа мынандай сауалдар қойыпты:



  • Жер дегенім немене?

  • Ел дегенім немене?

  • Жер сәні деген немене?

  • Ел сәні деген немене?

  • Жерді не көтереді?

  • Елді кім көтереді?

Наурыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер”.



  1. Райымбек батырдың сұрақтарына сіз қалай жауап берер едіңіз?

  2. Берген жауабыңызды кітапқа карап, бидің жауабым ен салыстырыңыз.

  3. Кейіпкерге әкесінің сұрағына жауап беруіне көмектесіңіз.

  4. Отан, атамекен, туған жер сөздеріне анықтама беріңіз.

  5. Менің туған жерім” тақырыбына шығарма жазыңыз.

  6. Кеңістік пен мекен ұғымына қатысты атауларды жазыңыз.

  7. Нақыл сөздерді жаттап алыңыз.

  8. Мына аталы сөздердің мағынасына көңіл аударыңыз, беретін мәніне талдау жасаңыз.

  9. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет