Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет9/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
(Мырзатай Жолдасбеков)
3. Кемеңгер сөзіне мәндес сөзді көрсетіңіз.
А) кемел
В) кәміл
С) данышпан
D) ер азамат
Е) қаһарман


4. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) суреттеу
В) сипаттау
С) хабарлама
D) ақпараттық
Е) дерекнама


5. Кейінді ықпалды табыңыз.
А) тұяғы
В) даласы
С) ұлан-ғайыр
D) аңқылдаған
Е) мақтанышы


6. Мәтіннің мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді белгілеңіз.
А) Отаның үшін отқа түссең – күймейсің
В) Ер елі үшін туады
С) Туған жердей жер болмас
D) Болатын бала он бесінде баспын дер
Е) Хан – халқының ұлы, би – әділдік құлы
Ерейментау


Ереймен таулары ту сыртында есіліп аққан Есіл мен Нұра, батысында – Көкше, оңтүстігінде Аюлы-Нияздың сілемдерімен жалғасып, шығысындағы Ақкөл, Жайылма аумағына қарай созыла түсіп, адырлы далаға айналады. Төсінен топыр да өткен, топан да өткен осы шежірелі өңір кезінде кімдерге қоныс болмады десеңізші!
Арғы замандарда желмаясын желдіртіп, жер шолып жүрген Асан Қайғы бабамыз Ерейменнің тауларын көріп: «Шіркіннің ерейіп-ерейіп бітісін-ай!» – деген екен. Содан кейін бұл таулар Ерейген тау атанып, кейін патшалық Ресейге қараған уақытта санақ алушылар «ерейгенді» «ереймен» деп қате жазып, осыдан кейін Ереймен аталып кетіпті-міс. Шындық па, аңыз ба, ол жағы бір Тәңірге аян. Бірақ ел ішінде ертеден бар әңгіме.
Ерейментау атауы туралы екінші бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішіне қашып, оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен, ерімен жүр екен», – деп хабарлап, бұл таулар осыдан соң Ерімен, Ереймен атаныпты-мыс.
1969 жылы Ерейментау жеріне шығармашылық сапармен жазушы Сәбит Мұқанов келіпті. Тау-тасты аралап, табиғатымен танысқан жазушы: «Сендер жер­леріңнің атын Ереймен деп қателесіп айтып жүрсіңдер, дұрысында Ерментау болуы керек. Тау баурайында ермен деген шөп өседі, яғни ерменді тау деген ұғымды береді», – депті.
Ерейментаудың табиғаты да ерекше, жазы аптапты кел­се, қысы алай-түлей боранды келеді. Асан Қайғы ба­­бамыз: «Жел соғатын жеті есігі бар екен», – деп тегін айт­паса керек. Ерейментаудың жай күнінен желді күні көп.
Табиғатының ерекшелігі сол: Ерейменнің терістігіндегі Күншалған өңірінде ат құлағы көрінбейтін боран соғып тұрғанда, шығыс бетіндегі, Өлеңті бойындағы Бозтал мен Ажыда «үп» еткен жел білінбейтін кез жиі болады. Күншалғанда тізеден қар жатқанда, Өлеңті бойында қасық қар қалмай, төрт түлік мал біткен далада жайылымда жүреді. Жалпы, үлкендер Өлеңті бойының қысы сыртқы бетке қарағанда бір ай кеш түсіп, бір ай ерте кетеді деп отырады. Ерейментаудың терістік беткейінде жаздың шыжыған шілдесінің өзінде түнге қарай ауа салқындап, кәдімгідей бойыңды мұздатады.
Ерейменнің шығыс бетінде Үштаған, Көбей, Жамантұз деп аталатын үш тұзды көл бар. Көбей мен Жамантұздың тұзды батпағын халық ерте заманнан-ақ ем үшін қолданатын көрінеді. Яғни жаз айында барып «тұзға түседі». Бұл – буын аурулары үшін таптырмай­тын ем. Ал Үштағанның тұзын ана бір жылдары, заман қияндаған тұста ел өңдеп, асқа да қолданған. Жал­пы, Үштағанның тұзы ерте заман­­дарда да асқа пайдаланыл­ғаны туралы деректер бар.
«Бүркіт ұстап басына шығар едім,
Көзіме бір көрінші, Ерейментау!» – деп даланың серісі Иманжүсіп жырлаған Ерей­мен өңірінде сонау замандардан-ақ аңшы­лық, саятшылық, құсбегілік қатты дамы­ған.
«Көзіме бір көрінші, Ерейментау!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет