4-5 сыныптар салыстыру мониторингісі
Білім сапасы
Өзімнің іс-тәжірибемді қорыта келіп,бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын
түрлерін,оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушы- лардың білімін
берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа де ген қызығушылығын
белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табы- лады.Барлық сабақтарда
ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой-өрісін дамытып, ауызша сөйлеу қабілетін
жетілдіруге,байланыстырып сөйлеу дағды- ларын қалыптастыруға, сауаттылыққа үйретуге
мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс-тәсілдерді іске асырудың ең тиімді құралы болып
табылады. Саналы да, сапалы білім арқылы әр сөзін таңдап, талғап қолдана алатын, кез
келген ортада ойын ашықта, айшықты жеткізе алатын, айналасындағы басқаларға ана тілін
ұлықтата алатын ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызды мақтан етем. Жаңаша ізде ніс, жаңаша
көзқарас жалғасын тауып,ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алуда- ғы жетістікке жету
жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.
Әдебиеттер тізімі
1. Н.Ә. Назарбаев. « Қазақстан 2030» жолдау.
2. Г.Б.Уразаева. «Білім берудегі жаңа педагагикалық технологияны тиімді
пайдалану»
3. Бастауыш мектеп журналы. №5 -2011
4. Керімбаева. Р. Дидактикалық ойындар.
5. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі журналдары. №1 -2014,№1 -2015
«ҚЫЗЫҚТЫ ГРАММАТИКА»
(бастауыш сыныптың дарынды оқушыларын дайындауға
арналған электронды оқулық)
Мықтыбекова З. Қ.,
«Өмірлік» ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Жарқайың ауданы, Ақмола облысы
“Бұлақ көрсен көзін аш” деген ұлағатты сөзге сүйеніп, жас жеткіншектің бойындағы табиғат
берген ерекше қабілетті, дарындылықты танып, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере
білу әр ұстаздың парызы.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-
тәсілдерге сүйеніп, жақсы дайындықтағы, жоғары ізденістегі сабақ жүргізсе өскелең жастың
өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алары сөзсіз. Дәстүрден тыс сабақтарды
оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады. Егер
мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп
отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектіліп қана қоймай,
өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, сыни көзқараспен ойланып, ізденіп жауап
береді «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп
болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін ұстаз, теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін
112
жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім–тәрбие ісінде
жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, жаңа форматтағы ұстаз. Әр ұстаз алдында отырған
шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны әрі дамытуға күш жұмсауы керек.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби
біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы
жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының
болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге
байланысты.
Қазіргі таңда өз бетімен ізденіп, қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдай
білетін,өзіндік көзқарасын дәлелдеп,өмірде алған білімін қолдана білетін жеке тұлға
тәрбиелеу маңызды мәселе екені айқын. Сол себептен де оқыту мазмұнына жаңаша көзбен
қарап талдау жасап отыруға тырысамын. Енді сол ойымды ортаға салсам: менің құрастырып
шығарған электронды оқулығым орта мектептің бастауыш сынып ұстаздарына арналады.
Бұл әдістемелік құрал қазақ тіліне бейім, тілді терең меңгергісі келетін дарынды оқушылар
үшін жасалған. Бұл электронды оқулықты құрастырудағы себебім: жалпы оқушының
грамматикалық талдау дағдысын дамыту, сауатты, әрі көркем жазуға баулу. Сонымен қатар
оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған
білімдерін пысықтап, таза жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше талдауға үйрету.
Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу және оны дамыту. Ал
«Қызықты грамматика» электронды оқулығының өзектілігі: қазіргі таңда елімізді білім
саласы арқылы әлемге танымал ету болашақ жастар ,қазіргі алдымызда отырған білімді ,
саналы дарынды ұрпақтың қолында. Сол себепті мектептерде дарынды оқушыларымыздың
өз ана тілдері қазақ тілін жетік , әрі терең меңгеруі өзекті мәселе.
Сонымен оқыту мазмұнын қайта құру нақты мақсаттан яғни сөйлесуде тілдің әр
бірлігінің қызмет мүмкіндігін ашу арқылы бағдарламаның тілдік аспектісін күшейтуді қажет
ететін бастауыш сынып оқушысының тілдік тұлғасын тәрбиелеуден бастау керек. Сондықтан
да бастауыш сыныптың дарынды оқушысына арналған электронды оқулықта
шығармашылық тапсырмалардың түрлерін ұсынуды мақсат еттім.
Электронды орқулықтың теория бөлімі жеті тараудан тұрады. Тараулар қазақ тілі
оқулығындағы тараулармен сәйкестендіріліп құрастырылған. Олар: «Дыбыс пен әріп» ,
«Мәтін», «Сөз тіркесі» , «Сөйлем және сөйлем мүшесі», «Сөз мағынасы» «Сөз табы» және
«Сөз құрамы». Бірінші «Дыбыс және әріп» тарауын 3 сағатқа ,ал «Мәтін» тарауын 3 сағатқа,
«Сөз тіркесі» тарауын 2 сағатқа, «Сөйлем және сөйлем мүшесі» тарауын 4 сағатқа, «Сөз
мағынасы» тарауын 6 сағатқа, «Сөз табы» тарауын 12 сағатқа, «Сөз құрамы» тарауын 4
сағатқа бөліп қарастырдым. Тақырыптарды орналастыру арнайы бағдарлама арқылы
күнтізбелік жоспарға да бағындырылды. Әр тақырып толығымен ашылып, ережелері
мысалмен келтіріліп жазылған. Әр тарау баланың қызығушылығын арттыратын электронды
тест жұмысымен қорытындыланып отырады. Ол тестті оқушы белгілей отырып, өз
жауаптарының бірден дұрыс немесе қате екендігіне көз жеткізеді.
Ал практика бөлімінде әр тараудың тақырыптарына арналып шығармашылық
тапсырмалар мен қазақ тіліне қажетті оқушыға көмек ретінде кестелер ұсынылады.
Алғашқы «Дыбыс пен әріп» тарауында оқушының сауаттылық , дыбыстарды ажырату, есту
қабілетін дамыту ,сөздік қорын байыту мақсатында тапсырмалар берілсе, «Мәтін»
тарауындағы тапсырмалар оқушының жүйелі сөйлеп, мәтін түрлерін ажырата
білуге,жазбаша тілін дамытуға берілген. Ал «Сөз тіркесі» тарауындағы тапсырмалар қазіргі
кезде өзекті мәселеге айналып отырған балалардың әдеби тілде сөйлеуін дамыту мақсатында
берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын аша білуге үйретеді. «Сөйлем және сөйлем
мүшесі»тарауында оқушылардың сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлем мүшелерін айыра
113
білуге жаттықтыратын тапсырмалар жинақталған. «Сөз мағынасы» сөздің лексикалық
мағынасын ашуға үйретсе, «Сөз табы» тарауында қазақ тіліндегі сөз таптарына арналған
тапсырмалар беріледі, «Сөз құрамы»тарауларында сөздің жасалу жолдарына байланысты
шығармашылық тапсырмалар берілген. Мұндағы тапсырмалар кіріктіріле отырып
құрылып,оқушының жас ерекшеліктеріне қарай дамыту,қоғам талабына сай тәрбие беруге
негізделген.Сонымен қатар осы практика бөлімінде электронды тест, сәйкестендіру тесті,
ашық және жабық тест, кестелер және бейнесабақтар ұсынылған.Дарынды оқушы бұл
тапсырмалардың барлығын өз бетімен іздене отырып, сыни көзқараспен талдай отырып
орындайды.
Электронды оқулықтың практика бөлімінде сюжетті суреттерді
қатыстырған тапсырмалар өте көп берілген. Мұндағы мақсат: дарынды талантты оқушының
сөздік қорларын байыту, еркін сөйлеуге үйрету.Түрлі-түсті
сызбалар немесе қызықты суреттер арқылы берілген тапсырмалар оқушыны
ынталандырмай қоймайтыны анық. Сонымен қатар жан-жануарлардың, құстардың, ертегі
кейіпкелерінің суреттері арқылы берілген ребустардың оқушы білімін арттыруға көмегі
орасан зор деуге болады. Электронды оқулықтың практика бөлімінде берілген
тапсырмалардың өзі оқушыны білім еліне қызықтыра шақырып тұрғандай.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ: ТАЛАП ЖӘНЕ НӘТИЖЕ
Балташева С.А.,
Исмаилов Е., атындағы Мәдениет ОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай ауданы, Ақмола облысы
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, жаңа стратегиялық бағыт-бағдарлар, қоғамның
ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы –осы ның бәрі білім беруге
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды қайта жаңғыртуға қосар үлесін
арттыруда.Білім беруді жаңарту мұғалімдердің өзекті мәселелерді шешуге қосқан үлесіне
байланысты.
Сонымен бірге бұл үрдіс оқушылардың білімін ғана емес ,оны өмірде қолдану
дағдыларын,атап айтқанда,функционалдық сауаттылығын дамытады.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз адамдардаң әлеуметтік, мәдени, саяси жіне
экономикалық қызметтерге белсене араласуы яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман
ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы , адамның үнемі білімін жетілдіріп отыруы.Ондағы
басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,дене
жіне рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыруы,оның әлемде әлеумет- тік
бейімделуі болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасады.Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 ж. 27-қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік -
эканомикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында көтерілген
болатын. Онда осы мәселе бойынша бесжылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау
туралы нақты тапсырма берілі .Жолдауға байланысты ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25
маусымындағы қаулысымен« Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 -2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Қазіргі
кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен
іскерліктің болуын, олардың шығармашыл болуын талап етеді. Білім негізгі бастауышта
қаланатын болғандықтан оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту,оның шығармашылық
мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың
ынтасын оятып олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақ тан
114
бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін,ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке
ұқыптылығын ескере отырып,оқу үрдісін жүргізу керек.
Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптан бастау алады. Бастауышта оқып –жазу,есеп –
қисап біліктіліктері материалдарын да игере алмайды. Ал баста уыш сыныпта осы
біліктіліктер жүйелі қалыптасқан оқушы кез келген пәнді емін –еркін игеріп кете
береді.Сондықтан да бастауыш мектеп оқушыларына арналған пәндер мен олардың
мазмұнын таңдауда өте бір ықтияттылық қажет.Жалпы бастауыш білім оқуды ,жазуды
,санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктіліктерімен дағдыларын, теориялық ойлаудың
элементттерін, оқу, әре кеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын өзін-өзі ұстау
және сөйлеу мәдениетін жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін
игертуді қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы
оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын
қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Функционалдық сауаттылық түрлеріне
-
жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық,
-
математикалық сауаттылық
-
оқу,жазу сауаттылық
-
құқықтық сауаттылығынан
-
компьютерлік сауаттылықтан
-
денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқу мен жазудағы және математикалық
сауаттылықты дамытудағы талаптар мен қазіргі кездегі нәтижеге тоқталуды жөн көрдім.
Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты: оқушыларды оқуға,сауатты жазу ға үйрету негізгі
тілдік ұғымдармен таныстыру,өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға
тәрбиелеу.Бастауыш сыныпта оқытуда оқушы үшін тіл қарым-қатынас құралы
емес,қоршаған ортаны тануға адамның тілі мен ақыл-ойын дамытуға мүмкіндік ретінде
қарастырылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту ,тіл дамыту әдістемелік негіздеуде
өзіндік үлесі бар әдіскер-ғалым М Жұмабаев «Баланың не нәрсемен айналысса да ісіне
ынталы болуын,мұғалімнің барлық білімін ана тіліне негіз қыла білгенін , болмаса тілі
түзелмеген ,ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып ,жарыққа шыққан ойды ұға білмейтін
балаға ешбір білім беру мүмкін еместігін» дәл аңғарған. Орыстың ұлы педагогы К.Д
Ушинский «Өзінің ана тілінің мазмұнын , мағынасын жете түсінбеген ,оны ауызша және
жазбаша сөйлеу дағдысына дұрыс қолдана алмаған бала басқа пәндерді дұрыс түсінуіне
қабілетті де болмайды,ол баланың бүкіл өміріне зиян келтіреді» -деген.Сондықтан да қазақ
тілін оқытуда ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту,тілдік
құбыластарды
талдау,орфографиялық
дағдылар
қалыптастыру,пунктуациялық
ережелерде.практикалық тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру,яғни сауатты
оқу және жазу ,сөйлеу мәдениетін дамыту міндеттері қойылады. Бала сауатты жазу үшін
қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп , күнделікті өмірде қолдана алатын
дәрежеге жету тиіс. Сауатты жазуға үйрету оқумен қатар жүргізіледі.,яғни әдебиеттік оқу
пәнімен тікелей байланыста болады.
Оқуға –жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінен бастап балаларды түсініп оқуға үйрету
керек.Түсініп оқу кезінде баланың оқыған әрбір сөзді нақты затпен байланыстыра
алуы,оқығанына мән бере беруі ,оқыған сөздерінің бір-бірімен байланысын ,түсіне білуін
ескеруіміз қажет.Оқушыларды сауатты оқу-жазуға үйретуде сөздік жжұмысын жүргізудің
маңызы зор. Түсініксіз жаңа сөздерді ,жаңа ұғымдарды түсіндірумен қатар жаздырып отыру
керек. Бірінші сыныптан бастап әріптерді меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға
,әріп пен дыбысты айырып,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге сонымен бірге
тақтаға жазылған әрбір әріп,әрбір сөз, сөйлемді дауыстап оқытып,оны іштей қайталатып,
естеріне сақтап жазуға үйрету керек. Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің
бірі- ойын элемент -терін пайдалану,мысалы «Есіме жаттап сақта йын!», «Кім көп сөз тауып
жаза ды? », « Суретті грамматика», «Ұйқасын тап.» сияқты ойындар оқушыларды
115
жылдамдыққа, сауаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ жатқа жазу,эссе жазу , сюжетті
суреттер бойынша мәтін құрап ,жазу дидактикалық материалдармен жұмыс, жазылуы қиын
сөздер жазылған таблицаларды қолдану оқушының дұрыс жазып үйренуіне әрі ойының
дамуына ықпал етеді. Жазба жұмыстар ды күнделікті тексеріп,қате жіберген сөзді көркем
жазу минутында жазды рып отырса,іс нәтижелі болатыны өз тәжрибемнен белгілі.Тақтаға
,дәптерге көбірек жазғызу пайдалы. Қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға да
көңіл бөлу керек. Сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар
,мазмұндама ,шығарма, диктанттарадың пайдасы мол.
Қорыта айтқанда қатесіз жазуға ,мәнерлеп әрі түсініп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыруға –
сауаттылыққа үйрету. ( «Суретті грамматика» қосымша №1 көрсетілген.) Ал
математикалық сауаттылық дегеніміз математиканы оқытуда жинақтал ған білімді ,біліктерді
, қабілеттерді өзгертілмеген жағдайда қолдана алу. Ол үшін тапсырмаларын жүйесін
оқушылар оларды алдымен жеңілдеулерін , одан кейін біртіндеп күрделілерін орындауға
сәйкес, білім мен біліктілерді меңгертетіндей, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін жаттықтыра
тындай етіп құ рылуы қажет. Сонымен оқушылардың өз ұсыныстарын негізделуіне,өз ой -
ларын дәл түсінікті және тиянақты етіп жеткізе алуына үлкен мән беру керек. Бастауыш
сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V, X, M, L,
C тәріздес Рим цифрларын білумен шектеле міз. Ал енді алгебрада латын,грек әріптерін
үйренуге тура келеді.
Міне,осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді.
Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады,кейін жаңа жазулар мен
сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылық тар сақтау қажет.Мұғалім
оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты
сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.Сонда
оқушы матема тикалық өрнектерді оқуда,жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық
көрсетіп,тәртіпке бейімделеді де,есептерді де алгаритм немесе логика бойынша тез,әрі
сауатты шеше алады,сабаққа да ынтасы арта түседі. Сауаттылық қызметі – алған
білім,білік,дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың танымдық
әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден эвристикалық типтегі
есептерге көшу кезінде оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді.
Математикалық
сауаттылықтың
дамуы
оқушының
жалпы
сөйлеу
мәдениетін
дамытып,қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады.
Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін
сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен
ізденетін,өздігінен
шешім
қабылдайтын,нарық
заманында
өмір
сүріп,адал
еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптасты руға септігін тигізеді.
Мәтінді есептерді шығаруда белгілер мен белгісіздерді салыстыра отырып ,оқушылар
олардың арасындағы негізгі байланысты түсіндірулері және оны математикалық қатынастар
тіліне ауыстара алулары ,есептердің шығарылуын математика тілінде рәсімдей алулары
қажет .Математикалық тілді терминдерді және символдарды игерудің есебінен балалардың
сөздік қорын молайтуға , талдау, бастысын бөліп көрсету,салыстыру ,болжап
ұсыну,жалпылау және жүйелеу ,дәлелдеу, ұғымды анықтау және оның мән-мағынасын
түсіндіру,мақсат қою және оны шешу сияқты біліктіліктерді қалыптастыруға ,логикалық
ойлауды дамытуға ықпал ету бастауыш сынып мұғалімнің басты міндеті. Теориялық білім
деңгейімен бірге практикалық білік пен дағдылардың игерілуі оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттырары сөзсіз. Математикалық сауаттылықты дамытуға қолданатын
сөзжұмбақтың бірнеше түрлерінде ұсынбақпын. (Қосымша №2.) Жаратылыстанулық
бiлiм, білік, дағды қалыптастыру бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы жүзеге
асырылады. «Дүниетану» пәнінде кiрiктiру ұстанымы «адам – табиғат – қоғам» ретiнде ғана
емес, «адам – заттар», «адам – қоғам», «адам – табиғат әлемі», «адам – адамдар», «адам –
отбасы», «адам – оның шығармашылық әрекеттерi», «адам – туған елінің тарихы», т. б.
116
арқылы да жүзеге асады. «Дүниетану» пәнін оқыту үдерісі кiрiктiру ұстанымына негізделсе,
бастауыш сынып оқушысы «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі өзара байланысты ұғынады,
экологиялық мәдениеттің қарапайым білік, дағдыларын игереді, өзінің табиғаттағы
әлеуметтік өмірдегі, қоғамдық ортадағы орнын түсініп, жеке тұлға ретінде өзін-өзі, өзінің
мүмкіндіктері мен қабілеттерін сезінетін болады.«Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан бастап
ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы қажет. Ендеше,
дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі шарттарын
анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау,
тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады. Егер осы шарттар бастауыш
сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің
дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-
жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – білім беру
мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.
Қорытындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптасыру - біртұтас
әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол дегеніміз – білім берудің мақсатынан бастап
оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігімен жүзеге асады.
Сондықтан мақсатқа жетудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушылардың
функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделеніп отыру керек.
Көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз- шәкіртіне
талмайтын талап сыйлайды» деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, тұлға қоғамды
соншалықты дәрежеде дамытады.
Тұлғаны қалыптастыруда Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын
басты ұранымыздай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың
функционалды сауатты болуын біз назарда ұстануымыз керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған
ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832
Қаулысы).
2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,
2010.
3.http://www.edu.gov.kz/ru/zakonodatelstvo/gosudarstvennaja_programma_razvitija_obrazovanija/gosudarst
vennaja_programma_razvitija_obrazovanija_respubliki_kazakhstan_na_2011_2020_gody/
4. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.
5. Б.Баймұханов, З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы
дербестігін арттыру» Алматы, 2006 ж.
117
Достарыңызбен бөлісу: |