Работников по акмолинской области сборник материалов


МОТИВАЦИЯЛЫҚ -БАҒДАРЛАУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата06.03.2017
өлшемі4,68 Mb.
#7901
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

МОТИВАЦИЯЛЫҚ -БАҒДАРЛАУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ  
ОЯТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
                                   
Жаркынбекова Ж.О., 
Көркем негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Егіндікөл ауданы, Ақмола облысы  
  
    Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті  талап етеді.Әрбір 
мұғалімнің  міндеті-оқушыларға  терең  де  тиянақты  білім  беру.Бүгінгі  таңда  оқу-тәрбие 
үрдісін  ұйымдастырудың  сан  түрлі  әдіс-тәсілдерін  іздестіріп  жаңа  технологияларды  тиімді 
пайдаланудың маңызы ерекше. Жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту 
үрдісін жетілдіру,оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні  оқытушылардың жаңа 
бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. 

95 
 
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім»(Strong 2011) 
Ұстаздар  алдына  қойылған  ең  негізгі  міндет:оқыту  әдістерін  саралап,  оқушыларды 
болашақта  жан-жақты  дамыған,рухани  жетілген  тұлға  ретінде    тәрбиелеу  және  іс-әрекетін, 
кәсіби шеберлігін жаңаша түрде қалыптастыру. 
Білімді  жеке  тұлғаға  бағыттау,  оқушының  өзін-өзі  тануы,  өзін-өзі  тәрбиелеуі,  ақыл-ойын 
дамытуы,  яғни    жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  тәрбиелеу  мұғалімдер  алдына  тың 
міндеттерді  жүктеп,  жаңашыл  іс-әрекетке  жетелейді.  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  Заңында  да  білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  –  баланың  даралығын  дамыту, 
тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту,бала тұлғасының 
рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді.  
Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабіллетті 
болудың қайнар көзі.     
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті  оқушы  дайындау мұғалімнің басты міндеті деп білемін.    
Оқушының  оқу-танымдық  әрекетінің    психологиялық  құрылымын  ерекшеліктеріне 
байланысты  сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады. 
1.
 
Мотивациялық-бағдарлау кезең / мотивациялық-даярлық әдістері қолданылады/ 
2.
 
Операционалдық-орындаушылық 
кезең/оқу-танымдық,ізденім,ішінара 
зерттеу,проблемалық әдістері қолданылады./ 
3.
 
Рефлексиялық-бағалау кезеңі /өзіндік бақылау–өзін-өзі  бағалау әдістері/ 
Мотивациялық-бағдарлау кезеңінде. 
                Мақсаты 
     
Орындалатын жұмыстар 
Оқу  міндеттері  қойылып,  айқындалады. 
Оқушылардың  сабаққа  қызығушылығын  
оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері 
ұйымдастырылады. 
Соның 
ішінде 
оқушылардың  жаңа  тақырыпқа  бет  бұруына 
жағдай жасайды,жаңа тақырыпты танып білу 
мотивациясын 
қалайды. 
Оқушылардың 
осыған  дейінгі  алған  білімдері  негізінде 
жаңа  тақырыпты  меңгерту  дайындығын 
бақылау , жаңа тақырыпты меңгертудің алғы 
шарттарын 
қалыптастыру 
жұмыстары 
жүргізіледі. 
Үйге  берілген  тапсырманы 
жаңа 
тақырыппен 
байланыстыру 
 
Өткен  мен  өтілетін  тапсырмаларды 
шебер байланыстыру 
 
Проблемалық 
сұрақтар 
қою,жағдай 
жасау,ойланту,стандартты 
емес тапсырма беру 
 
Берілген 
тапсырманы 
жұпта,топта 
талқылап, 
аз 
уақыттың  ішінде  көп  мәлімет 
жинау. 
  
 
Бұл  кезеңді,сондай-ақ  уәждендіру-оқушыларды  қалай  қызықтыру  керек  деген  сұраққа 
жауап деп қарауға да болады. 
Оқушының  бұрынғы  тәжірибесімен  байланыс  орнату    және  жаңа  идеяны  түсінуге 
қадам жасау.  
-
 
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру; 
-
 
 Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік белгілер  туралы ойларын жинақтау; 
-
 
Өткен мен әлі өтілмеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы 
проблемалық жағдаят тудыру; 
-
 
Жаңа  тақырыпты  меңгертуге  тірек  болатын  проблемалық  сұрақтар  қою,  жағдай  жасау, 
ойланту; 
-
 
Стандартты емес тапсырма беру. 

96 
 
Беймәлім  танылмаған  білім  нысаны  туралы  ақпаратты  проблемалы      түрде  беру,яғни 
оқушыға білім неғұрлым беймәлім, жұмбақ көрінсе соғұрлым оны білсем деген ынтасы арта 
түсетіндігін  ескерту  қажет.  Осы  әрекеттерді  ұйымдастыру  арқылы  мұғалім  жаңа  сабақтың 
қызықты  өтуін    қамтамасыз  етеді.  Бұл  оқушының  өтілейін  деп  отырған  тақырыптың 
қаншалықты  қызықты да проблемалы екенін түйсініп, оны тануға деген ынтасын арттырары 
сөзсіз.  Қойылған  мәселер  оқушылар  үшін  мәнді  болу  керек  ,  ол  оқушылар 
қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін  (Дж.Дьюи 2000) Сабақтың алғашқы кезеңі 
оқушының  осындай  өз  бетімен  ізденетін  әрекеттерге  итермелеуі  мүмкін.  Білгенін  еске 
түсіреді  ,мазмұнын  түсінуге  талаптанады,  белсенділігі  артады  және  ми  қыртысы  іске 
қосылады. Бұл кезеңде оқушылармен өте көптеген тапсырма түрлері орындалады. Мәселені 
дұрыс  қою  арқылы,мақсатына  жету  жұмыстарының  формасын  дұрыс  таңдау 
арқылы,мәтіннің  көлемділігіне  қарамастан,сабақ  жеңіл  өтуіне  ықпалын  тигізеді.  Сабақта 
оқушы өзі жұмыс жасайды. Барлық тапсырмалар мен мәселелерді өзі шеше алады. Бастауыш 
сыныптарға сабақ берген  уақыттарымның барлығында мен өз тәжірибемнен осы негіздерге 
толық  көз  жеткіздім.   мотивациялық  –  бағдарлау  кезеңінде  оқушыларға  сөзжұмбақ  шешуді 
ұсыну,ертегіден  үзінді  ұсыну  ,  «Лездеме  сұрақтар»  беру,  шешендік  сөздер    кітабынан  
тапсырмалар  беру,сыбырлап  айту  ойынын  ойнату  арқылы  балалар  ертегілер  мен  осы 
ойынның арасында қандай ұқсастық барын түсінеді,тақтаға «Нысана дөңгелегін» ілу арқылы  
да  жұмыс  жүргізіп,  мәтін  бойынша  бірнеше  сұрақ  қойылады.Мәтін  кейіпкері  сен  болған 
жағдайда  не  істер  едің?  Оқушылардың  алдарында  үнемі  плакат  пен  маркер  болғаны  жөн. 
Бұдан шығатын нәтиже: 
 
Балалар шешімі 
Мәтіндегі шешімі 
 
 
  -Балалар ,сендерді үлкендер қандай қасиеттерге тәрбиелейді? 
Сыйластыққа,мәдениеттілік, қамқорлыққа,адамгершілікке 
 Кесте толтыру 
Біз білеміз 
 Қазіргі  жаңа заман баласы 
  Бұрынғы заман баласы 
Кестеге  оқушылар  өз  түсінігін    бойынша  қазіргі  замандағы  бала  бейнесінің  ерекшеліктерін  
жазады. 
  Өткізілген сабақтардан  үзінділер  
1.Сабақтың тақырыбы:Өрмекші ,құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар. 
Мақсаты:  Оқушылардың  жіңішке  дауысты  дыбыстар  жайлы  білімдерін  кеңейту.  Олардың 
таным аясын кеңейеді, оқу дағдылары жетіледі. 
Көрнекілігі: 
Бағдарлау-мотивациялық кезең 
Оқушылар жұмбақ шешіп,берілген тапсырманы орындаса,бүгінгі өтетін мәтіннің тақырыбын 
да өздері хабарлайтынын ескертем. 
1.Торын құрып қояды, 
Шыбындарды жояды. 
                ( өрмекші) 
1.Құйқылжытып дала күйін, 
Үй ішіне салады үйін 
                  (қарлығаш 
   2.Сабақтың  тақырыбы: Әдепті қыз. Әліпби 
Мақсаты:  Оқушылар  әліпбидегі  әріптердің  ретін  меңгереді.  Мәтінді          түсініп,мәнерлеп 
оқуға төселеді. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамиды. 
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, әліпби кестесі, 
Сабақтың барысы: 
Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушылардың қызығушылығын ояту) 

97 
 
 «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп,оқушылар Қожаның мұғалімнің сөмкесіне 
бақа  салып    жіберген  іс-әрекетіне  баға  береді.  Сөйтіп  әдепті,әдепсіз  мінез-құлықтар 
талданады. 
3.Сабақтың тақырыбы: Нұртай ата .Мәтін. 
Мақсаты:Оқушылардың  мәтін  жайлы  білімдері  тереңдейді,оқу-жазу  дағдылары  жетіледі. 
Логикалық  ойлауы  мен  сөйлеу  мәнері  артады.  Оқушылар  қайырымдылыққа,  ізеттілікке 
үйренеді. 
Көрнекілігі: 
Сабақтың барысы: 
1.Бағдарлау-мотивациялық кезеңі 
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында ребус шешу 
Ребусты шешкенде мейірім деген сөз шығады. 
Мейірімділік сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? Бағыт бойынша жазыңдар т.с.с көптеген  
қызығушылықты оятатын тапсырмалар қатары бар. 
Мотивациялық-бағдарлау  кезеңінде  (қызығушылықты  ояту)  ой  қозғау,ой  шақыру 
жұмыстарын да жүргізген де тиімді Бұндағы жұмыс түрі: 
  1.Жеке ойлану. 
  2. Көршіңе айту. 
  3. Көршіңнің ойын топқа айту. 
Интербелсенді  тақтадан  фильмдер  көрсету,Үнтаспадан  әндер  тыңдату.  Алдын-ала  тақтада 
бірнеше  тірек  сөздер  жазып,3-4  минуттың  ішінде  қысқаша  мәтін  құрастыртуға  болады.  Ол 
тек жай ғана алына салған мәтін болмауы керек ол жаңа тақырыпқа жол бастайтын тақырып 
болуы тиіс.Қызығушылықты ояту арқылы түрліше тәсілдермен топқа бөлуге болады. Оқыту 
үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын 
оқушының болуы. 
Қызығу-әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым,адамның белгілі           бір обьектіні 
ұнатып,білуге  ұмтылған  іс-әрекетіне  қуаттандыратын  психикалық  ерекшелік»  деген  пікір 
айтады  ғалымдар  М.Беляев,Н.  Морозова,С  Рубенштейн.  Қызығу  адамды  жаңаны  білуге  , 
әрекеттің  жаңа  әдістерін  іздестіруге  ұмтылдырады.    Мәселен  сіз  бүгінгі  сабақта  «Сөйлеу» 
әлеміне  саяхатқа  шығатыныңызды  хабарлайсыз.Сөйлеу  әлеміне  жету  үшін  оқушылар 
берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді. Берілген тапсырмаңыз жаңа сабаққа жол 
ашатындай  болса,тіпті  де  тиімді.Мұғалім  сөйлеу  туралы  оқушылардың  ойын 
жинақтап,ізденуге  әрекет  жасатады,білгендерін  сызбаға  түсіреді.  Қорыта  келгенде 
оқушыларға  берілген  тапсырмалар  арқылы  сіз    «Сөйлеу»  әлеміне  жеттіңіз.  Келесі  сабақты 
басқаша  түрлендіріп  қазір  біз  «Отан,туған  жер»  туралы  мәтіндер  оқимыз  алдымен  өз 
білетіндеріңіз  жайлы  ойланыңыздар  (  3  минут)  Ойыңызды  талқылау  үшін  өзіңізге  жұп 
таңдаңыз.  Содан  соң    2-3  минут  ішінде  жұбыңызбен  талқыға  түсіңіз.      Не  білетініңіз  бен 
білгеніңіз жайлы  парақ бетіне түсіріңіз. Барлық оқушылар жұп болып  жұмыс атқарғаннан 
соң оны топқа келіп талқылаңыз, топта талқылау кезінде оқушы өз парақшасында жазылған 
тізімді толықтырады және басқа оқушының білгім келеді тізбегін толықтырады. 
Білемін 
 
Білгім келеді 
Үйрендім 
 
 
 
 
   
Сөйтіп  мотивациялық-бағдарлау  кезеңі  операционалдық-орындаушылық  кезеңімен 
тығыз  байланысқа  түседі.Бағдарлау  –мотивациялық  кезеңінде  оқушылар  қандай  оң 
нәтижеге қол жеткізеді.  
 
 Мен 
неге 
 
қол 
жеткіздім? 
Еркін сөйлеуге 
Проблемалық сұрақтарға жауап беруге 
Еркін жаза білуге 
Терең ойлануға 

98 
 
Жаңа сабақты терең түсінуге 
Өз ойын жете айтуға 
Өз бетімен ізденуге,оқуға 
Жұпта ,топта ашық сөйлеуге 
 
 
       
Шығыс даналығында  «Маған айтсаң ұмыт қаламын,көрсетсең есімде қалар,ал істеуін 
көрсетіп 
берсең,үйреніп 
аламын», 
яғни 
бұл 
баланың 
қызығушылығын  
арттырып,ынтасын  жетелеу  арқылы  оқыту,  өздігінен  ізденуге  жол  ашу.Кез  келген 
сабақтың  «Қызығушылықты  ояту»  кезеңі  мұғалім  үшін  ең  басты  мәселе  болуы  
керек.Сондықтан  оқушы  барлық  жұмыстарды  өзінің  шығармашылық  қайнауынан 
өткізу арқылы ғана сабақты бағалап,мәселені шешуге ұмтылары сөзсіз.Ол сол арқылы 
ешкімге  ұқсамайтын  жол  іздейді,өзінше  болжайды  және  бастауыш  сынып    оқушысы 
үшін мұғалімнің оны мән беріп тыңдауы сонша маңызды екенін ұмытпаған жөн. 
 
     Әдебиеттер тізімі 
    1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 
    2. Әдебиеттік оқу   Әдістемелік құрал 
    3. « Қазақстан мектебі» журналы 2013ж 
     4.Оқушылардың  сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. 
 
 
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН САҚТАУҒА 
АРНАЛҒАН  ТАПСЫРМАЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНА БІЛУ 
 
Сауытбаева А.Б., 
 Шортанды №3 ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі. 
Шортанды ауданы, Ақмола облысы 
 
Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  алдағы  ең  негізгі  мақсат-
міндеттеріміздің бірі – білікті саяси басқарушылар класын дайындау», дей келіп, Үкімет пен 
Президент  Әкімшілігіне  2015  жылдың  бірінші  жарты  жылдығына  дейін  президенттік 
кадрлық корпусқа ұсыныс жасауға тапсырма берді. Біз бүгін тәрбие беріп отырған жастар – 
ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, мемлекет ісіне араласатын тұлғалар. Ұрпақ бойына қаншалықты 
ардақты  да  асыл  қасиеттерімізді  сіңіре  алсақ,  араға  жылдар  салып,  соның  жемісін  көреміз. 
Ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі жауапкершіліктің күрделілігі де, қасиеттілігі де осында. 
Ұлтжандылық,  елжандылық,  отансүйгіштік  қасиеттер  адам  бойына  ұлттық 
рухымыздан  нәр  алып,  дарып,  ұрпақтан  ұрпаққа  сіңеді.  Ол  –  ұлттық  тарих  пен  әдебиет, 
мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрып.  
Жолдауда оқыту үдерісін тәрбиемен ұштастыру арқылы білім беруді жоғары деңгейге 
көтеру жұмыстарын қолға алу, әсіресе, патриоттық, рухани, адамгершілік тәрбиеге баса мән 
берумен  қатар,  ұлтаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  қажеттігі  айрықша  атап  өтілді.  Бұл 
0
1
2
3
4
5
6
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Ряд 1
Ряд 2
Ряд 3

99 
 
тәуелсіздік  алғаннан  бері  Елбасымыздың  жүргізіп  келе  жатқан  салиқалы  саясатының 
ажырамас бөлігі екені баршамызға белгілі[1]. 
         Бастауыш  сыныптың  оқу  тәрбие  үрдісінде  халықтық  педагогика  негізінде  тәрбиелеуді 
қалыптастыру – кезек күттірмейтін өзекті мәселе. 
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды 
жаңа 
заман 
талаптарына 
сай 
әрі 
озық ұлттық дәстүр 
рухында тәрбиелеп, 
өмірге әзірлеу секілді 
жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл 
міндеттерді 
абыроймен  орындау  үшін, 
ұстаздар  қауымы 
оқу-тәрбие  жұмысына 
шығар
машылықпен 
қарап,  күні 
бүгінге 
дейін 
іске 
қосылмай 
келе 
жатқан 
тәрбие  құралдарын  пайдаланып 
оқытудың  жаңа 
әдіс-тәсілдерін 
қолдануы 
керек 
екендігі  маңызды  және  көкейкесті 
мәселелердің бірі болып табылады. 
Сондай 
оқу-тәрбие негіздерінің 
бірі — ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық 
педагогикасының 
бір 
саласы  болып  табылады.  Ол  —  сандаған 
ұрпақтың  керегіне 
жарап, 
оларды 
өмірге 
әзірлеу  қажетін 
өтеген,  сыннан 
өткен 
сенімді 
тәрбие  құралы.  Бұл  туралы 
көрнекті 
педагог  В.А.Сухомлинский, 
ойын 
баланың 
алдынан  өмір  есігін  ашып,  оның 
шығармашылық  қабілетін  оятады  дей 
келіп, 
былай  деп  жазды:  «
Ойынсыз  ақыл-ойдың 
қалыпты 
дамуы жоқ және 
олай 
болуы мүмкін де 
емес. Ойын 
дүниеге ашылған үлкен жарық 
терезе  іспеттес,  ол 
арқылы  баланың  рухани  байлығы 
жасампаз 
өмірмен  ұштасып, 
айналасындағы дүние туралы 
түсінік алады. 
Ойын дегеніміз 
— 
ұшқын, 
білуге құмарлық пен 
еліктеудің 
маздап жанар 
оты»[3]. 
Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  көрнекті  жазушы  М.Әуезов:  «Біздің 
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын 
деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып көңілін шаттандыру ғана емес, 
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек [4] 
Зерттеу жобасында оқушының қызығушылығын сақтауға арналған  тапсырмалар құру. 
Қазақтың балалар ойындары. 
Ат мінгізіп, шапан жабу.Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге 
еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу 
қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата 
салты,  яғни  бұл  «батыр»,  «ақын»,  «палуан»  деген  құрметті 
атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ 
белгісінің  айғағы,  ең  жоғары  құрметі  ретінде  беріледі.  Ат  мінгізу, 
шапан  жабу  салты  салты  қазіргі  күнде  де  жарасымды  жалғасын 
тауып келеді.
 
Ханалшы  
Ойынға  5-10  балаға  дейін  қатыса  береді.  Асық  көп 
болу  керек.  Көп  асықтың  ішінен  үлкенірек  біреуін 
қызыл  түске  бояңдар.  Осы  асық  «Хан»  болады. 
Алдымен  санамақ  арқылы  ойын  бастаушыны 
тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына 
жиып  алып,  отырған  балалардың  алдына  шашып 
жібереді. 
Сендер 
«ханның»  қалай  түскенін  байқап  отырыңдар.  Егер 
«хан»  бүк,  шік,  тәйкі  түссе,  ойын  бастаушы  бала 
«ханның»  түсуіне  қарай  жақын  асықтарды  бас 
бармақтардың  көмегі  арқылы  сұқ  саусағымен  итере-
ыршытып  біріне–  бірін  дәлдей  отырып  тигізеді. 
Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» 
тек  ең  соңғы  өзі  сияқты  жатқан  асықпен  атып  алуға 
болатынын  ұмытпағандарың  жөн.  Ойын  бастаушы 
басқа  асықтарға  қолымен  не  асықпен  тиіп  кетсе, 
ойынды  келесі  бала  жүргізеді.  Ал,  егер  «хан»  алшысынан  тұрса,  «ханды»  әрқайсысың  өз 

100 
 
қолдарыңа  түсіруге  әрекеттеніңдер.  «Хан»  кімнің  қолына  түссе,  сол  бала  жеңіске  жетеді. 
Ойынды да сол жеңген бала бастайды.
 
Омпы  
Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды 
«Омпы»  дейді.  Омпы  ойынына  2-10  балаға  дейін  қатыса  берулеріңе  болады.  Ара 
қашықтығы  10-20  адым  (қалауларың  бойынша)  жерге  екі  көмбе  сызыңдар.  Әр  қайсысың 
көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіңдер. Ортасына 
бір  асықты  омпысынан  тұрғызыңдар.  Көмбедегі  сызық  бойына  кезекке  тұрып, 
қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тігілген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған 
асықтарың  өздеріңе  қалады.  Егер  омпыға  тигізсеңдер,  көндегі  барлық  асықтарды 
аласыңдар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіңдер. 
 
Ұлттық  дәстүрлі  халық  ойындарының  ел  арасындағы  беделі,  тарихи  қоғамдағы 
алатын  орны  және  болашақ  ұрпақты  өсірудегі  қажеттілігі,  оның  шығу  тарихы  туралы 
ғылыми  тұрғыдан  бізге  дейінгі  ғалымдар  да  көп  ізденді.  Осы  мәселеге  байланысты 
зертелеген  ғылыми  еңбектерді  біз  хронологиялық  шектігіне  қарай  бірнеше  топқа  бөліп 
қарастырамыз. 
  Кесте 1 –Қазақтың ұлттық ойындар әрекетінің түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
«Ойын»  ұғымына  түсініктеме  берсек  –  бұл  адамның  мінез  –  құлқын  өзі  басқарумен 
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің 
бір түрі. 
 
Бұл  жерде  біз  халық  ойындарын  тек  1-4  сыныптардың  оқу-тәрбие  жұмысында 
пайдалану 
жолдарын 
ғана  сөз 
етіп 
отырмыз

Бірақ 
бұдан 
ұлттық  ойындарды  жоғары 
сыныптарда қолдануға болмайды деген ұғым тумайды. 
Кесте-2- Ұлттық ойындар түрлерін топтастыру. Ұлттық ойын түрлері 
 
№ 
Түрлері 
Атауы 
I. 
Аңға байланысты 
Ойындар 

 
Ақсерек-көксерек 

 
Аңшылар 

 
Аңшылар мен қояндар 

 
Кірпіше қарғу 

 
Қасқұлақ 

 
Ордағы қасқыр 
II. 
Малға байланысты ойындар 
1.
 
Аларман (қойға қасқыр шапты) 
2.
 
Асау көк 
3.
 
Бура-қотан 
4.
 
Көксиыр 
5.
 
Соқыртеке 
6.
 
Түйе мен бота 
III. 
Түрлі  заттармен  ойналатын 
ойындар 
1.
 
Ағаш аяқ                  23. Қыз қуу 
2.
 
Аққала                      24. Мондалақ 
3.
 
Ақпа                          25. Қимақ 
4.
 
Ақсүйек                    26. Тобық 
5.
 
Ақшамшық               27. Шалма 
6.
 
Алакүшік                  28. Шертпек 
7.
 
Алтыбақан                29. Тұтқын алу 
 
Ойын әрекеті 
 
Оқу әрекеті 
 
Еңбек
 
әрекеті 
Іс әрекет түрлері
 

101 
 
8.
 
Арқан аттау              30. Шілдік 
9.
 
Арқан тартпақ          31. Хан қалай? 
10.
 
Арқан тартыс             32.Күзетшілер 
11.
 
Арынды арқан          33. Тепе-теңдік 
12.
 
Асау мәстек              34. Таяқ жүгірту 
13.
 
Асық                          35.Жемекіл 
14.
 
Аттамақ                     36.Сиқырлы таяқ 
15.
 
Ауыртаяқ                   37.Тұтқын алу 
16.
 
Әйкел                         38.Лек (шөлдік) 
17.
 
Әуе таяқ                     39.Күзетшілер 
18.
 
Белбеу соқ                 40.Қамалды қорғау 
19.
 
Жаяу көкпар              41. Қарагие 
20.
 
Жігіт ойыны 
21.
 
Қимақ оамал тастау 
22.
 
Күміс ілу 
IV. 
Зеректі, 
ептілікті 
және 
икемділікті 
қажет 
ететін 
ойындар 
1.
 
Айгөлек                   18. Күрес 
2.
 
Айдапсал                 19. Қарамырза                     
3.
 
Атқума                     20. Қындық-сандық 
4.
 
Аударыспақ             21. Орын тап 
5.
 
Бағана өрмелеу        22. Отырмақ 
6.
 
Балтам шап              23. Санамақ 
7.
 
Бөріктастамақ          24. Сұрақ-жауап 
8.
 
Бұғнай                      25. Тасымық 
9.
 
Бұғыбай                   26. Тасымалдау 
10.
 
 Бұқатартыс             27. Тең көтеру 
11.
 
 Бұрыш                     28. Тымпи-тымпи 
12.
 
 Біз де                       29. Ұшты-ұшты 
13.
 
 Егер...                      30.Үй түстіндегі кім? 
14.
 
 Жасырынбақ           31. Шымбике 
15.
 
 Жаяу жарыс 
16.
 
 Көкпар 
17.
 
 Көрші 
V. 
Соңғы 
кезде 
қалыптасқан 
ойындар 
1.
 
Әріп таңдау 
2.
 
Бригада 
3.
 
Мейрамхана 
4.
 
Нөмір 
5.
 
Пароль 
6.
 
Пошта 
7.
 
Сымсыз телефон 
8.
 
Сыңарын табу
 
 
Ең бірінші қоғамда саналы, ұлт жанды, білімді, мәдениетті, ақылды ата-аналар қажет.  
Бала  дүниеге  келісімен,  отбасы  ұжымының  мүшесі  болып  есептелінеді.  Сондықтан 
осы  ұжымнан  алған  жағымды-жағымсыз  әсерлердің  барлығы  да  оның  бүкіл  өміріне  үлгі 
өнеге болып қалады.  
Осыған  орай  ата-аналармен  сауалнамалар  жүргізу  тиімді  болады.  Мысал  ретінде  бір 
сауалнаманы көрсетуге болады. 
№ 1 
1.
 
Асықпен ойнайтын ойын түрлерін ата. 
2.
 
1980 жылы олимпиадаға қатысқан былғары қолғап шебері.  
3.
 
Жарыстың басталатын жері. 
4.
 
Қазақша күресетін екі балуанның қатар жығылуы.  
5.
 
Әлемге әйгілі қазақ балуаны.  
6.
 
Ат үстіндегі тартыс.  
7.
 
Көкпар түрлерін ата.  

102 
 
8.
 
Қыз бен жігіт жарысы.  
Ата-аналармен «Әкем, шешем және мен» сайысын өткіздім.  
Сайыстың  мақсаты:Ұлттық  өнерді,  ұлттық  ойындарымызды  оқушылардың  санасына 
сіңіру,  ата-ана,  оқушылар,  ұстаздар  мен  жұртшылық  өкілдерін  ынтымақтастыру.  Ептілікке, 
шыдамдылыққа,  шапшаңдылыққа  тәрбиелеу.  Ұлттық  ойын  түрлерін  пайдалана  отырып, 
қызығушылығын, белсенділігін арттыру.  
I бөлім. Сайысқа қатысушылар шеруі және таныстыру рәсімі.  

 
Қатысушылардың спорт киім киюі. 

 
Спорттық бейімділіктерін балаларына үйрету. 

 
Ұлттық ойындарды жақсы білуі. 
IIбөлім. «Жарқырасын жұлдызың» бөлімі бойынша жарыс.  

 
Әкелер «Тоғызқұмалақ». 

 
Шешелер «Бес тас». 

 
Балалар «Хан талапай». 

 
Ептілер ойыны «Арқан тарту». 
IIIбөлім. «Мигимнастикасы». Сауалнамалықсұрақтарғажауапберу.  

 
Ұшу спорты. 

 
Қазақстаннан шыққан желаяқ спортшы кім? (Әмин Тұяқов) 

 
Шаңғыдан әлем және Еуропа чемпионы, бес рет олимпиада чемпионы (Смирнов, 
Саханов). 

 
Жарыстың басталатын жері (Мәре). 

 
Қазақстаннан алғаш шыққан былғары, доп шебері (Қ.Ордабаев). 
6.   Ежелгі былғары қолғап шебері, математик (Пифагор). 
IV бөлім. «Буынсыз дене майысар».  
Әр отбасы би түрлерін көрсетеді, музыкалық сәлем жолдайды.  
Осы  тәрбие  шарасы  арқылы  оқушыларда,  ата-аналарда  ұлттық  ойындарға  деген 
көзқарастары өзгеріп, қызығушылықтары артады.  
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні  байланыстыратын 
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің күнделікті тұрмысқа 
пайдаланудың  пайдасы  орасан  зор.  Өйткені  ұлттық  ойындарымыз  жас  өспірім  ұрпақты  ел 
қорғауға, бауырмалдыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып саналады. 
Адамды  моральдық  жақтан  тәрбиелеу,  моральдық  мінез  қалыптастыру-тәлім-
тәрбиенің  мәңгілік  міндеті.  Ал  тәрбие-  іркіліксіз,  әрі  кешенді  түрде  жүргізілетін  іс. 
Сондықтан баланы қазіргі әлемдік мәдениеттің рухымен қоректендіре отырып, ана тілі мен 
дінін, дәстүрлі мәдениетін қастерлей білетін жарқын тұлға ретінде қалыптастыру аса қажет. 
Бала  өмірі  ойынмен  байланыста,  себебі  бала  ойынсыз  өсе  алмайтыны  –  өмір 
заңдылығы.  Ойын  –  адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.  Сондықтан  ойын  арқылы 
балалар  өмірден  көптеген  мәліметтер  алып,  білімін  жетілдіреді.  Ойын  –  бір  қарағанда 
қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті.  
«Е 
т 
і 
с т і к» тақырыбын өткенде, «Жануарлар қалай үндейді?»  атты халық ойынын 
қолдану  пайдалы.  Ойын  екі  баланың  сөйлесуі  арқылы  жүргізіледі.  Тақырыпты 
бастаған 
кезден-ақ  балаларға  жануарлардың  қандай 
үн 
шығаратындығын  білуді,  оны  естеріне 
сақтауды  тапсырған  жөн.  Ойын  тақырыпты  қорытындылау  кезінде  жүргізіледі.  Мұның  өзі 
етістікті  саналы  түсінуге  пайдасын  тигізетідігін  біз  тәжірибеде  байқаймыз.  «Жануарлар 
қалай  үндейді?»  деген  халық  ойынын  мектеп  мұғалімдері  өз  сабақтарында  өте  орынды 
пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, сапалы білім беруге жетіп жүр. 
Алдымен  мұғалім  оқушылардың  жылқы  малының  қандай  дыбыс  шығаратынын 
сұрайды. Балалар қолдарын көтереді. Солардың ішінен бірі жауап береді. Жылқы - кісінейді, 
шұрқырайды,  оқыранады.  Ендігі  жерде  мұғалім  сол  жауап 
берген 
оқушының  жауабын 
қолдап, оған басқа оқушыларға сұрақ қойғызады.  

103 
 
 Мұндай  тапсырманы  оқушылар  орындауға  өте  ынталы  кіріседі

Сабақ 
бір 
қарағанда 
қарапайым  көрінгенімен,  шын  мәнінде,  тақырыпты  меңгеруге  келгенде  өте  пайдалы 
екендігіне көз жеткізеді.  
Халық  ойындарын  математикалық  қарапайым  түсініктерді  меңгертуде  пайдалану 
баланың  алған  білімін  күнделікті  өмірмен  берік  ұштастыра  түсуге  қолайлы  мүмкіндік 
жасайды. Өйткені халқымыздың ойындары күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ . 
Ұлттық  ойындар-халықтық  мол  қазына.  Сондықтан  мұғалімнің  міндеті  балаларды 
ойынға  өз  қызығушылығымен,  ынтасымен  қамтамасыз  ету  керек.  Сонда  ғана  ойын 
мақсатына  жетіп,  тәрбиелік  мәні  арта  түседі.  Баланың  әдепті,  көргенді,  қарапайым, 
қайырымды  болып  өсуі  қоршаған  ортасына,  сонымен  бірге  сабақта,  сабақтан  тыс  уақытта 
ойнаған  ойынның  тәрбиелік  мәніне  де  байланысты  болады.  Ойын  барысында  баланың 
бойына  қарапайымдылық  қасиетті  сіңіре  білуіміз  керек.  Ол  үшін  баланың  айналасына 
қолайлы жағдайлар жасауымыз керек : 
а) бала ұстаған заттың өз орнында және гигеналық талапқа сай болуы тиіс; 
ә) баланың талабының қанағаттануы қажет; 
б)мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі 
т .6 . қасиеттері бала үшін аса маңызды; 
в) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы; 
Оқушылардың  ойыннан  алатыны  көп.  Халқымыздың  еңбектегі  ерлік  істерімен 
танысып  қоймай,  әдет-ғұрыптары  туралы  толық  танысады.Ойынға  еліктейді,  өздігімен 
жұмыс істеуге талпынады, ізденеді, білуге құмарлықтары артады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет