Жиілік түрлендіргіштің баланстық сұлбасы АЖБ тарату жүйелерінде қазіргі кезде пассивті ЖТ-тер қолданылады. Бұл түрлендіргіштер қарапайым, жұмыста сенімді және электрқоректендіру көзін қажет етпейді.
Кемшіліктері: салыстырмалы үлкен жұмыстық өшу болады, жұмыс барысында кіріс кедергісінің өзгеруі және оның жүктеме кедергісіне тәуелділігі, тасушы жиілік сигналы көзінің қуаты шамасы мәнді болуы керек. Пассивті ЖТ-тердің сызықты емес элементтері ретінде көбінесе германды және кремнийлі диодтар қолданылады. ЖТ балансты сұлбасы 12-суретте көрсетілген.
Егер бекіту кедергісі Д1 және Д2 диодтары үшін , ал деп алсақ, баланстық түрлендіргіш сұлбасын келесідей эквивалентті сұлбаға ауыстыруымызға болады (12- сурет).
12 – суреттегі сұлбада түрленетін сигналдың ЭҚК-і болып табылады, ол кірістік трансформатордың екіншілік орамасына есептелген түрлендіргіш кірісіне беріледі
.
13 – сурет. Жиілік түрлендіргіштің эквивалентті сұлбасы – түрленетін сигнал көзінің кедергісі;
– шығыстық трансформатордың біріншілік орамасына есептелген жүктеме кедергісі.
Жұмыс істеу қағидасы 12-суреттен көріп тұрғанымыз, тасымалдаушы жиілік оң жарты периодта болғанда диодтар өткізу тәртібінде болады және тізбек тұйықталады ( ), түрленетін жиілік тогы жүктеме кедергісінен өтеді; тасымалдаушы жиілік кернеу теріс жарты периодта болғанда диодтар бекіту тәртібіне өтеді, сәйкесінше тізбек ашылады ( ) және түрленетін жиілік тогы жүктеме кедергісінен өтпейді.
Балансты түрлендіргіш шығысында жиілікті бастапқы модульдеуші сигнал болады, негізгі бүйірлі жолақтар (( ) және( ) жиілікті) және тасымалдаушы токтың тақ құраушылар (гармоникалар) бүйірлі жолақтары және т.б. болады.
Осыған байланысты түрлендіргіштің баланстық сұлбасы шығысында тек q коэффициентінің тақ мәндерінің құраушысы болады, сәйкесінше шығысында тасымалдаушы жиілік тербелістері мен олардың құраушылары болмайды.
а) е - тасымалдаушы тербеліс ЭҚК-і;
б) жиілігі -тогы жүктемеде тұйық қосқыш қосылу кезінде;
в) ажыратқыштың жұмыс кезіндегі тасушы тер-беліс әсерінен болатын жүктемедегі ток ағыны;