Радиотехника, электроника және телекоммуникация



бет11/27
Дата20.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#141878
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
копарналекция

Екі жақты арна жұмысы
Екі пункт арасында байланыс ұйымдастыру кезінде сигналды екі жақты жіберу керек болады. Байланыс жолында өшулік болмау үшін күшейткішті қосады. Күшейткіш сигналды тек бір жақты күшейтетіндіктен, арнаны екіге бөлуге тура келеді:
- тарату арнасы;
- қабылдау арнасы.
Бұл канал бір жақты болады. Ал екі абонент бір-бірімен үзіліссіз сөйлесу үшін арна екі жақты болуы шарт. Сондықтан, мұндай арна бір-біріне қарама-қарсы орналасуы керек.

9 – сурет. Екі жақты арнаның сұлбасы


Pкір, Ршығ – арнаның кірісі мен шығысындағы қуат деңгейі;
БҚ – бөлгіш құрылғы;
БЖҚА – біржақты қолданылатын арна.
Егер біз екі сым арқылы жергілікті байланыс орнатсақ, онда бөлгіш құрылғыны (БҚ) қолдануымыз керек. Мұндай кездегі байланыс екі сымды деп аталады. Екі жақты байланыс орнату кезінде, екі жаққа берілетін хабар бір-бірінен тәуелсіз болуы үшін, ондағы бөлгіш құрылғыдағы 3-4 (4`-3`) нүктелеріндегі бағыт  болуы керек (Сурет-9). Тоналді жиілікті арнаның бір қалыпты жұмыс жасауы үшін арнаның кірісіндегі нүктелерде қуаттың, кернеудің шамасын нормалау қажет болады. Барлық нормаланған шаманы белгілі бір дәрежеде – нөлдік шартты түрде өлшенеді. Мұндай нүктені, әдетте, екі сымдық кірісті алады. Барлық деңгейлер белгілі бір жиілікте өлшенеді, ол жиілік – 800 Гц. Сонда екі сымды кірістегі қуат Ркір = -13 дБм тең, ал шығысындағы қуат Ршығ = 4 дБм.
Екі сымды каналдағы өшулік төмендегі формуламен анықталады
ақал =  Qі -  Sі ,
мұндағы, Qі – тракті бойымен берілетін өшуліктер қосындысы;
Sі – тракті бойымен берілетін күшейткіштер қосындысы.
Келістірілген жүктеме кезінде ақал = Ркір  - Ршығ ;
Ркір = 0 дБм , онда ақал = - Ршығ = +7 дБ.
Мұндай өшулікті қамтамасыз ету үшін сызба нұсқаға ұзартқыш қосылады.
Аұзарт = ақал/2 = 3,5 дБ.
Төрт сымды байланыс орнатуда бұл қалдықты өшулік
ақал = -Ркір – Ршығ = -13 дБ –4 дБ = -17 дБ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет