Радиорелелі және спутникті байланыс жүйесіндегі КАТЖ Қазіргі РРЛ–да жиілікті модуляция (ЖМ) жиі қолданылады және арналар жиілікпен бөлінеді. Бұл жағдай, ақпарат көзі ретінде стандартты арна түзетін жиілік уақытпен бөлінген аппаратура мүмкіндігін туғызады. КАТЖ сызықтық трактісінің радиорелелік тарату жүйелері (РРТЖ), АЖБ – мен таратумен құру.
РРЛ ТЖ-дегі хабарды тарату, белгілі бір қашықтықта ретрансляция қағидасын қолдану арқылы тікелей көру шегінде іске асады. Осы қағида іске асуы үшін, сызықты трактіде аралық станциялық ретрансляторлар, (АСР), тікелей көруді табатын антенналар қолданылады.
R=3.54* * (км),
мұндағы h1, h2 – көрші станциялардың антенналарын орнату биіктігі.
Аралық радиотрансляциялық станциялар құрамында қабылдап-таратқыш аппаратуралары бар. Олар алдыңғы станциялардың модуляциялаушы асқын жоғарғы жиіліктің (АЖЖ)-ң тербелісін, түрленуін және келесі станцияға тарауын қамтамасыз етеді. Осы аралық радиотрансляциялық станциялар (АРС) қызмет көрсетілмейтін станциялар болып табылады.
- ТРС–түйіндік ретрансляциялық станция, әр бағыттағы сигналдарды поляризация жазықтығының бойымен бөледі.
- БЖС – бөлгіш жолақты сүзгі, жиілігі (fн) сигналдарының бөліп алуын және бір антеннаға жұмыс істейтін қабылдағыш пен таратқыштың әсерлесуін төмендету үшін қызмет етеді.
- ҚРС – қызмет ететін РРС (соңғы). Бір (ЖЖ) тіректе екі жақты таратуды болдыру үшін, не екі жиілікті, не төрт жиілікті бөлуді қолданады. ХЭБР-ң ұсынуы бойынша, тоналді жиіліктің арна саны 60-қа дейін РРТЖ аралық жиіліктің орташа мәні 35 МГц, арна саны 2700-ке дейін – 70 МГц және арна саны 2700-ден жоғары – 140 МГц тең.
Жиілікті модуляция сигналының ең маңызды сипаттамаларының бірі жиілік модуляциясы болып табылады, ол дегеніміз модуляцияланған көпарналы сигналдың әсерінен жиілік тербелісінің орташа жиілікке қатысты өзгеруі.
Аралық станция комплектісінде аз дегенде екі арна сәйкес келуі керек. Бірінші арна fт – f1 сигналын қабылдап, fт – f2 сигналына түрлендіреді де осы жиілікте келесі аралық радиостанциясынан (АРС) шағылысады. Екінші арна, сигналдың басқа бағыттағы сәйкес түрлендіруін қамтамасыз етеді. РРС тізбегі, тізбектің әрқайсысына бір ЖЖ комплект қойылатын қабылдаптаратушы аппаратураны тірек немесе радиотізбек деп атайды. Түйінді РРС-да, осылардын басқа, арна бөліктерін бөліп алу мүмкіндігі қарастырылған. Арналарды бөліп алу, ЖЖ-те емес аралық жиілікте іске асады. Ол үшін ДМ және М комплектілері қосылады. Олардың арасында, аралық бөлікте, арналарды бөліп алу құрылғысы қосылады. Егер жүйеде, жиіліктерді екі жиілікке бөлу болса, екі қабылдағыш бір жиілікте, ал екі таратқыш басқа жиіліке жұмыс істейді. Төртжиілікті бөлу кезінде барлық қабылдағыштар мен таратқыштар әртүрлі жиілікте жұмыс істейді. (Артықшылығы!) Екіжиілікті бөлу кезінде, өткізу жолағы аз, бірақ осы әдіс кезінде, таратқыш пен қабылдағыш антенна арасында орналасқан қандай да бір элементпен электромагниттік толқындардың шағылысу әсерінен бөгеуілдер болуы мүмкін. Осы кезде жиіліктерді төртжиілікті бөлу қолданылады. Жиіліктерді жиіліктік бөлуді таңдау әртүрлі бағыттағы таратуда өтпелі бөгеуілдерді жою мүмкіндігімен анықталады (егер жою мүмкін болса, екі жиілікті). Егер әр РРС құрылғысында аппаратуралар орнатылса, онда соңғы станция (СС) арасында көптіректі РРТЖ шындалады.
Қазіргі РРТЖ сегіз тірекке дейін біріктіре алады, ол оның тарату ақпаратының көлемін үлкейтеді. Осы кезде бір немесе екі резерв ретінде қалдырылады. Көптіректі жүйелер экономика тұрғысынан мақсатты. Бір антеннаға жұмыс істейтін қабылдағыш пен түрлендіргіштің өзара әсерін азайту үшін, бөлгіш жолақтың сүзгісін (БЖС) және кабелдердің әртүрлі поляризациясын қолданады. РРТЖ-ң сызықтық спектрдің түрленуі, бір қабылдап тарату құрылғы комплектісі орнатылған ҚРС–да іске асады. РРТЖ-нің сигнал көзі, стандартты арна түзуші арналары жиілікпен бөлінген КАТЖ аппаратурасы болып табылады. Бастапқы (арналық) сигнал АЖБ КАТЖ шығысынан, алдымен жиілік бойынша тасушы ЖЖ тербелісін модуляциялайды да, содан кейін ББЖ-ы бар АМ-ді қолдану арқылы осы ЖЖ тербелудің спектрі шағылысатын аса жоғары жиілік (АЖЖ) диапазонына беріледі.
Арнайы сигнал ретінде, қалыптасқан АС тасымалдаушымен өткізілетін аналогты көпарналы сигнал немесе дыбыстық реттеуі бар ТВ сигналы болып табылады.
45 – сурет. КАТЖ РРТЖ АБЖ –мен таратудың линиялық трактісін құру
Аралық саты модуляциясын қолдану қажеттілігі АЖЖ диапазонында іс жүзінде кең жолақты күшейтуді болдыру мүмкіндігімен түсіндіріледі. Линияның өсуімен Ршығ шығыс қуаты үлкейеді және күшейту коэффициентін едәуір үлкейту керек. РРТЖ –де активті және пассивті ретрансляторлар қолданылады. Активті ретрансляторлар, электромагниттік толқынды шағылыстыратын құрылғыларын сипаттайды. Әр аралық ретрансляциялық станцияда (АРС) және түйіндік ретрансляциялық станцияда (ТРС) жиілік ауысу болады. Ол әртүрлі жиіліктерде істейтін таратқыш пен қабылдағыш станциялар арасындағы мүмкін болатын әсерді жояды.