“Хикмет”
баспа үйі
ҚҰРАН
КӘРІМ
ЖӘНЕ
ҚҰРАН ІЛІМДЕРІНЕ КІРІСПЕ
Профессор‚ доктор
Суат Йылдырым
Алматы 2007
“Хикмет”
баспа үйі
БІРІНШІ БӨЛІМ
Құран Кәрімнің мазмұны
Аллаһ адамдарға үндейді ................................................... 9
Уахидің мәні .................................................................. 12
Уахидің түсуі ................................................................. 18
Уахидің жазылуы ........................................................... 27
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Құран Кәрімнің түсуі және мәтіннің жеткізілуі
Құранның мағынасы мен кейбір атаулары .......................... 31
Құранның түсу жолдары .................................................. 32
Аяттар .......................................................................... 34
Нүзул барысы ................................................................. 37
Мекки және мәдәни сүрелердің
арасындағы айырмашылықтар ......................................... 42
Сүрелер ......................................................................... 45
Уахидің сақталуы ........................................................... 49
Құранның Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұйрығымен
жазылып, жаттау арқылы белгіленіп, тіркелуі .................... 51
Құран мәтінінің мұсхаф халіне келтірілуі .......................... 54
Мұсхафтың Хазіреті Османның
халифалығы кезінде көбейтілуі ........................................ 58
Құранның «жеті әріп» болып түсуі .................................... 62
Қырағаттар .................................................................... 66
Құран мәтініне нүкте және хареке қойылуы ....................... 71
Құранның оқылуындағы тоқтайтын жерлер ....................... 74
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Құран ілімдері
Уахидің келу себебі ......................................................... 81
Аяттар арасындағы үйлесімділік ...................................... 85
Құранның бөлшек-бөлшек түсуі ........................................ 89
МАЗМҰНЫ
“Хикмет”
баспа үйі
Нәсх мәселесі ................................................................. 93
Құран қиссалары ............................................................ 96
Сүре бастарындағы жеке әріптер ......................................103
Құрандағы мүшкілдік ....................................................105
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Құран Кәрімнің әдіс-тәсілдері
Құран әдіс-тәсілдеріне кіріспе .......................................... 111
Құран тәсілінің басты ерекшеліктері ................................ 117
1) Барлық әдеби түрлерден бөлек болуы ....................................
117
2) Құранның теңдессіз үйлесімдігі
.......................................122
3) Мағына мен сөздің теңдігі
...............................................125
4) Құран Кәрімнің әдеби түрлердің барлығындағы кемелдігі
.......127
5) Бір сәтте әрқандай деңгейлерге үндеуі
................................133
6) Әдеби түрлердің араласып кетуі
....................................... 137
7) Қайталану мәселесі
....................................................... 143
8) Баян тәсілінің түрлілігі ......................................................
148
9) Ақыл мен сезімге тепе-теңдікпен үндеуі ................................
150
Құран тәсілі мен хадис тәсілін салыстыру .........................153
БЕСІНШІ БӨЛІМ
Құранның иғжазы
Құранның иғжазы .........................................................159
Иғжаз түрлері ...............................................................164
1) Шешендік пен тәсілі
......................................................165
2) Мазмұнының байлылығы (жәмийеті)
................................. 167
3) Қамтығын негіздерінің адамзатқа жеткілікті болуы
.............. 179
4) Ғайб хабарларын қамтуы
................................................185
5)
Құранның үнемі жаңа болуы
...........................................189
6) Құранның Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.)
қалауына сай келмеуі .............................................................
201
“Хикмет”
баспа үйі
“Хикмет”
баспа үйі
7
Құран Кәрімнің Мазмұны
“Хикмет”
баспа үйі
“Хикмет”
баспа үйі
АЛЛАһ АДАМДАРҒА ҮНДЕЙДІ
Әлемнің Жаратушысы, Иесі және Билеушісі сансыз туынды-
ларын іс-әрекеттерімен бірге ғайб пердесінің аржағында оларды
басқарып Өзінің бар екендігін көрсетуде. Мысалы: Бір сағат, бір
орындық, тіпті бір ине де ұстасыз‚ өздігінен қалыпқа келе ал-
майды. Сол сияқты, бұлардан мыңдаған есе жоғары‚ бір жүйеде
реттелген әрі кемелді, өлшеусіз құдіретті еңбектері арқылы жа-
салып, құралуға тиіс заттарға толы бұл әлемнің де әлбетте біз
көре алмайтын Жаратушысы бар. Бұл Жаратушы өз туынды-
ларын ерекше толық бір іліммен‚ орасан-зор құдірет-күшпен
және асқан хикметпен жасағандығы біз білетін табиғат әлемінде
көрініп тұр. Қасиетті Құран Кәрімде: “Рахманның (Аллаһтың)
жаратқандарынан қылдай да селкеу таба алмайсың. (Аспан
әлеміне) Қайта бір көз жіберші, әлдеқандай ақау көзіңе шалар ма
екен?! Сонан соң және екі рет көз жіберші (сырына жете алмай)
күдер үзе бұлдырап‚ талған көзің өзіңе қайтады”
(Мүлк, 3-4)
- дейді
Аллаһ Тағала.
Міне, тоқтамай жұмыс істейтін сағаттай жалғасатын ұлы
әлем жүйесінде орын алған сансыз туындылардың әрбірі - Құран
тілінде “кәлимәтұллаһ”
(Кәһф, 109 т.б)
‚ яғни Аллаһтың сөзі деп ата-
лады. Бұлардың әрбірі жазылған хат. Баян етілген сөз. Бір-бір кі-
тап. Біз біле бермейтін көптеген нәрселерді түсіндіреді. Иегердің
сипаттарын және мақсаттарын көрсетеді. Бұл сөздер әсте тау-
сылмайды. “Егер жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам
болса, теңіз сия болса, оған тағы жеті теңіз (сия болып) қосылса
да, Аллаһтың сөздерін (жазып) тауысуға болмайды. Аллаһ - анық
жеңімпаз, ұлы хикмет иесі”
(Лұқман, 27)
.
9
“Хикмет”
баспа үйі
Қандай да бір өнерпаздың еңбегі, мысалға сағатты
алар болсақ, ол оны жасаған ұстаның тірі, тіршілік иесі
болғандығын айқындайды. Өмірде болмаған істі ешкім істей
алмайды.
Көріп, естіген нәрселерін ғана істейді. Дәлелдейді.
Көрместен, дауыстарды естіместен ол туындыны ешкім
жарыққа шығара алмайды.
Бұл оның қалауымен болғандығын көрсетеді. Қалаған-
дығы үшін жасады. Қаламаса жасамайтын еді.
Бұл демек‚ сағат ұстаның жынысынан болмағандығын
білдіреді. Ұста бір бөлек‚ оның еңбегі бір бөлек нәрсе.
Ондай туындыларды шығарған және ондай қасиеттерге
ие болған кісінің‚ сонымен қатар оларды жасаудағы мақсаты
болуы керек. Ол мүліктің неменеге жарайтындығын, қалай
қолданылатындығын көрсететін нұсқасы болуы керек.
Міне, бұл жағдай әлгі затты жасаушының ол жайлы сөзі
де болуын керек етеді. Демек‚ бұл нәрселерді жасаған кісінің
бұларды жасаудағы мақсатының не екендігін баяндамауы не-
месе баяндай алмауы мүмкін емес деген сөз.
Дәл осы сияқты жоғарыда берілген мысалдан мыңдаған
есе артық қалыптағы әлемдегі сансыз, есептеуге келмей-
тін туындыларымен Өзін танытқан, білдірген, сүйдірген
Раббымыздың адамзат ақылы таңырқап, қайран қалатын
орасан зор жаратқан нәрселерінің де әлбетте мақсаттары бар.
Өйткені‚ Оның өз жүйесіндегі біз үшін кішкентай, маңызсыз
секілді болып көрінген нәрселердің де біз білмейтін сыры мен
мақсаттары бар. Керексіз және мақсатсыз ешнәрсе жоқ. Тіп-
ті‚ өздеріне сана беріп жаратқандары туралы айтар болсақ та‚
оның одан да маңызды көптеген мақсаттары бар екені даусыз.
10
“Хикмет”
баспа үйі
Барлық нәрселерді кемелді етіп жаратып, оларды мүлтіксіз
басқарып тұрғанда, әлемдегі басқа бүкіл мақлұқтарды басқару
билігімен, қабілетімен және мүмкіндіктерімен жабдықтаған
адам туралы Хақтың өз мақсаттарының‚ нұсқауларының бол-
мауы тым хикметсіздік, әділетсіздік болар еді.
Көрсеткеніндей болмаған да Құранда бұйырылғанындай:
“Бізді өздеріңді бекер босқа жаратты, біздің алдымызға
қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?”
(Мү’минун, 115)
неме-
се “Адам баласы өзін емін-еркін жіберілеміз деп ойлай ма?”
(Қиямет, 36)
.
Сондықтан Жаратушының мақлұқтарынан қалағандары,
оларға беретін біршама бұйрықтары болады. Іс-әрекеттерімен,
хал тілімен сөйлескені сияқты, кәләммен де (сөзбенен)
сөйлесіп, Затын танытады. Өзін, бар екендігі мен жалғыз екен-
дігін білдіруді тек қана жасаған туындыларының куәгерлігіне
тастамай, Өзі сөзбен жеткізеді.
Өзін таныту үшін, әлемді мұндай шексіз материямен
бастан-аяқ таңғажайыптарға толы қылып жаратқан және
мыңдаған тілдермен мінсіздігін сөйлеттірген Аллаһ, әлбетте
өз сөздерімен де бар екендігінен хабардар етеді.
Мақлұқаттың ең таңдаулысы және Жаратушысына ең
мұқтажы болған нағыз адамдардың шүкіршіліктеріне және
жалбарыныштарына іс-әркетімен де, сөзімен де жауап беру -
Оның Рубубийетінің (тәңірлігінің) атақ-абыройы.
Саналы және рухты мақлұқтарына (адамзаттың ілімде
мұншалықты ілгерілеуімен қатар) әлі ешкім сырын біле алмаған
баян мұғжизасын, сөйлесу қабілеті мен ерекшелік-қасиеттерін
беріп, әрі олардың не сөйлескендерін білетін Аллаһтың, әлбетте
Өзінің де ол сөздерге араласуы - Рубубийетінің қажеттілігінен.
Тіпті бізге берген бұл баян ерекшілігі - Өз затының баянын
түсінуіміз үшін берілген өлшем болуы керек.
11
“Хикмет”
баспа үйі
Өмір мен ілімнің қажетті құралы және жарық көрінісі
болған кәләм (сөйлеу) сипаты шексіз де шетсіз ілімге әрі мәңгі
өмірге ие ұлық Заттан әлбетте табылады. Кең және мәңгі бір
қалыпта табылады.
Ең сүйікті, қатты алаңдаушы, сүйеніш ететін күшке ең
мұқтаж, Иесі мен басшысын табуға қатты асыққан күйде
жаралған адамдарға, оның кедей мен әлсіз мақлұқтарына
сол әлсіздік пен ынтықтықты, кедейлік пен мұқтаждықты,
болашаққа алаңдаушылықты, сүю сезімі мен табынушылық
қалауын берген Заттың, әлбетте Өзінің бар екендігі мен сипат-
тарын, адамдарға сөзімен білдіруі Ұлуһийеттің қажеттігі еді.
УАХИДІҢ МӘНІ
Ақыл - уахидің ақылға қонымды және зәрулік екенін
қабылдағанымен, оның мәнін біле алмайды. Ақылға жасалған
нәрсе қайда, Жасаушысын түсіну қайда? Демек‚ ағаш пен
ұстасы арасындағы айырмашылық өте үлкен! Бірақ, оның бар
екендігін білгенімізбен‚ біз қабылдауға мәжбүр болған көптеген
ақиқаттардың негіздерін білмейтініміз де сөзсіз. Сөйте тұра
істері арқылы олардың (біз білмейтін ақиқаттардың) бар еке-
нін қабылдауға мәжбүрміз. Бұл шындықты ғасырымыздың
адамдары бұрынғы дәуірдегілерден де жақсы біледі. Мұндай
әртүрлі деңгей - адам ақылының шектеулі болатындығынан.
Күнделікті көріп жүрген осы дүниедегі көптеген заттарда да біз
әлі маңызын түсіне алмаған нәрселер болып тұрғанда, біз әлі
көріп-білмеген арғы дүниедегі кейбір шындықтардың мәнін
қайтіп қана түсіне алмақпыз? Айналамызда да әр сәт сайын
болып жататын қаншама құбылыстар бар? Оларды қарапайым
түрде көре алмаймыз, ести алмаймыз және тани алмаймыз.
Бірақ‚ ілімнің дамуы нәтижесінде оларды біліп, түсінуде белгі-
лі дәрежеге жетеді. Демек қазір ғарыштағы космос сәулелерін
12
“Хикмет”
баспа үйі
белгілеп алуға да және бірнеше миль қашықтықтағы ұшқан
шыбынның дауысын тура қасымыздағы секілді тыңдауға да
мүмкіндіктер бар.
1
Адамдар ести алмайтын және сезбейтін
біршама дауыстар мен иістерді кейбір жануарлардың сезе
алатындығы бар. Жануарлардың да‚ адамдардың да арасында
телепатия (көзге көрінбейтін байланыс) іске асуда.
Дәл сол секілді Аллаһ Тағаладан келген иләһи (тәңірлік)
үндеуді - адамдардың арасында тек қана Пайғамбардың
(саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естуі таңданарлық жәйт емес.
Сондықтан біз аңғарып, анық-қанығына жете алмайтын
әлемге тән иләһи сөздің мазмұнын да білуге мәжбүр де‚ мін-
детті де емеспіз.
Уахи
Аллаһ Тағала Кәләмі (сөзі) арқылы қалауын және ісін
көрсетеді. Аллаһтың қалауы мен жаратушылығының
көрсеткіші болып табылатын сөздері бітіп, таусылмайды. Әлем
жүйесі Оның тәкуини (жаратушылық) әмірлерінен құралған.
Мінеки, сол жүйені түсіну, түсіндіру және одан бірнешеуін
басқарудың билігі мен қабілетін жабдықтап, Өзіне жауапты
әрі жер-жүзіне уәкіл етіп тағайындаған адамға бұл кешенді
жүйені қалай пайдалану керектігін Кәләмімен (сөзімен) біл-
дірген.
Аллаһтың қалау сипатынан туындаған “күн” (бол) деген
әмірі – тәкуини (жарату) шариғатын ал‚ кәләм сипатынан
келген уахи болса - тәнзили (түсу) шариғатын көрсетеді. Бұл
екі шариғат бірігіп “аят” деп аталады. Өйткені, әлемдегі жүйе
һәм тәңірлік сөз Аллаһтың дәлелі (аят) болып табылады.
Уахи сөздікте - ымдау, сыбырлау, өте шапшаң ишарат ету,
жазу, басқаға бір нәрсені жеткізу, шабыт
(Нахл, 68)
және үгіттеу
13
1
Уахдиддин Хан, әл-Ислам, 161 бет.
“Хикмет”
баспа үйі
(Әнғам, 121)
қорыта айтқанда “өте шапшаң әрі жасырын түрде
білдіру” - деп аталады.
2
Дінде - Аллаһ Тағала білдіргісі келген һидаяты мен
бұйрықтарын таңдаған құлдарына, әлде адамдар арасында жа-
рия салып емес, әдеттен тыс құпия жолмен білдір еді.
Тәңірлік және ақиреттік ақиқаттарды адамдар ақылдары-
мен түсіне алмайды. Өйткені ақыл шектеулі. Сондай-ақ ақыл
адамдарды әр түрлі жолдарға сілтей алады. Ұлы шындық тура-
лы сөз айту барысында фәлсәфәшілер адамзатқа қаншалықты
түрлі, теріс жолдар көрсеткілері келгендіктері белгілі.
Аллаһ Тағала адамзатқа деген ілтипатын әр заман сайын‚
жер-жүзінің әрқилы аймақтарында иләһи тәблиғді қауымдарына
жеткізетін адамдарды таңдаған. Өйткені дүние тіршілігінің,
өмір сүру тәсілінің тәңірлік нұсқауға қарай тәртіпке келтірілуі
мақсатқа алынған.
Тәңірліктің адамдармен байланыс орнатуы туралы адам-
зат арасына тараған сенімдерімен (тәнәсүһ = generatіon, хулул
= кіру, иттихад = бірлік, пантеизм) Аллаһтан келген уахи са-
лыстырылса, ақылға ең қонымды байланыс жолының Құран
білдірген уахи жолы екені өте айқын болады. Өйткені, бұл
уахи жолы Аллаһ Тағаланың қиялдар жетпейтін ұлы , пәк си-
паттарына нұқсан келтірмейді. Алайда христиандық бойын-
ша уахи – Аллаһтың рухының тұлғалық қасиеттерін жоймау
негізінде киелі жазушылардың ішіне кіріп, оларды рухани
да‚ ғайыптық жағдайдан хабардар етуі. Негізінде олар уахиді
“Тәңір өзін ұлы Иса бейнесінде адамдар ішінде көрсеткен” деп
қабылдайды.
3
Сөйтіп, олар Аллаһтың ұлық затына баланы
қосып, ширкке ұрынады.
Адамзаттың жұлдыздары іспеттес мыңдаған пайғамбар
(алейһимус сәләм) тәңірлік уахиға сүйеніп түрлі уақыт пен
14
2
Зәрқани, Мәнәхил, 25 - бет.
3
Субхи Салих, Мабахис, 25-бет.
“Хикмет”
баспа үйі
түрлі орындарда адамдарға ақиқатты көрсеткен. Аллаһ
кітаптың (Құран) және иманның не екенін білмейтін
(Шура, 52)
,
өзіне бір кітап жіберілетіндігінен еш үміттенбейтін
(Қасас, 86)
бір құлын, яғни Хазіреті Мұхаммедті (саллаллаһу алейһи уә
сәлләм) адамзатқа ең көркем үлгі
(Ахзаб, 21)
болуы үшін уахи-
мен күшейтіп, пайғамбарлықпен міндеттеген.
Пайғамбар (с.а.у.) өзінен сыртқы күш-қуат тарапынан
таңдап алынып, өзінің ойына қарамастан елшілікке мәжбүр
қылынды. Бұл жағдай көптеген пайғамбардың өмірінде көрініс
табады. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) өзіне пайғамбарлық
міндет жүктелер кезде уахиді әкелген Жәбірейілге (а.с.): “Мен
оқуды білмеймін” деу арқылы қашқысы келгендігі сезілген-
дей болады. Бастапқыда естіген дауыстың, көрген көріністің
және келген періштенің мақсатын біліп, анық-қанығына жету
үшін жұмсаған қайраты да осыны көрсетеді. Өйткені, жын-
дармен байланыс жасайтын балгерлердің айтқандарымен
Оның (с.а.у.) жағдайының арасында (сыртқы көрініс жағынан)
ұқсастық бар еді. Ал‚ балгерлер болса, Оның (с.а.у.) ең жек
көретін адамдары еді. Бірақ уахидің Аллаһтан келгендігіне
және Оның өзін пайғамбар еткендігіне әбден сенгеннен кей-
ін немесе “Фәтратүл-уахи” деп аталатын кезеңнің үстінде
уахи тоқтап қалғанда, Ол (с.а.у.) бірнеше жыл бойы Жәбірейіл
періштенің қайтадан уахи алып келуін күткен. Бірақ‚ уахи Ол
(с.а.у.) сағынғанымен де келмеген еді. Ақыры бір күні періш-
тені көрді де ерекше қорқып кетіп, жары Хазіреті Хадишаға
келіп дегбірсіздене: “Мені бүркеші, мені бүркеші!” - деді. Со-
дан кейін “Мүддәссир” сүресі түсті:
“Ей, жамылғысына оранған (Мұхаммед)‚ тұр енді!
Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта. Кигендеріңді таза ұста.
Әр түрлі лас істерден аулақ бол!”
(Мүддәссир, 1-5)
.
Қалауына лайық келмейтін бұл көріністің өзінен,
ойынан тыс, тәуелсіз болып келген иләһи уахи екендігін
Пайғамбарымыз (с.а.у) түсінді.
15
“Хикмет”
баспа үйі
Құран Кәрімде үш жүзден артық аяттың “қул”‚ яғни “Айт”
деп басталатыны да, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өздігінен
айтпағандығын, сырттан бір күш-қуаттың оны баяндауға
мәжбүрлегендігін көрсетеді. Осылайша тыңдаушының үздік-
сіз бұл шындықты жадында ұстауы қамтамасыз етіледі.
Аллаһтың сөзі біз білетіндей сөз емес, жанға толы бір
үндеу. Екі сөздің арасындағы айырмашылық - Жаратушы
мен жаратылған арасындағы айырмашылық секілді. Барын-
ша кеңдігімен Исламият - иләһи сөздің өмірге рух беретін
қуатының әлемнің көкжиектерінде жаңғыруынан тұрады
емес пе!
Уахиді ерекшелендірген басты маңыздылық оның
шындыққа сай және қозғалыс үстіндегі ерекшелігі еді.
Пайғамбар (с.а.у.) Хақтан алған уахиімен бұрынғы өзінен
басқа бір адам халіне келеді. Уахи оған (с.а.у.) жаңа бір өмір,
жаңа бір тұлғалылық сыйлайды. Ол ең үлкен ақиқатпен
қатынас құрып, Оған сүйеніп, дүниенің ағысымен кетпей‚
қалың халықтың алдында, Аллаһтың куәгері әрі елшісі сипа-
тымен
(Бақара, 143)
шыңға көтеріледі. Жан-жағындағы діндер,
ілімдер, мемлекеттер, беделділер, туыстар, фәлсәфәшілдер,
тіпті барлық адамдар оған (с.а.у.) қарсы шықса да, өз өмірі
бойына оның (с.а.у) сеніміне ешқандай көлеңке түсіре алмай-
ды. “Бір қолыма айды, бір қолыма күнді орнатып қойсаңдар
да бас тартпаймын” дегендей нақты иман мен күшті қанағатқа
ие етілген. Уахи шабыт, сезім, көрегендік ой-сана секілді
түсініктерден мүлдем басқаша.
Шабыттан сансыз есе жоғары болған уахи көбінесе періште
арқылы жіберіледі. Ал‚ шабыттың жалпы ешқандай қатына-
сы, дәнекері жоқ. Бір өлкенің патшасы қол астындағылары-
мен қалайша екі түрлі байланыста болса, ол да сол секілді.
Біріншісі - халықтың барлығына қатысты мәселеде бүкіл
өлкенің сұлтаны сипатымен жоғарғы деңгейдегі қызметкерді
бір әкімге жібереді. Үстемдік еткен әкімшілігінің сән-салта-
16
“Хикмет”
баспа үйі
натын, әмірінің маңыздылығын көрсету және әркімге естірту
үшін, үлкен мереке ұйымдастырылып, жарлық баяндалады.
Екіншісі болса - сұлтан атағымен емес, өзіндік бір мәселесі
үшін, кіші бір қызметкерімен, кішігірім мәселені телефон-
мен сөйлескеніндей.
Сахаба Нәууас ибн Семан Расулұллаһтың (с.а.у.) былай
дегенін жеткізеді: «Аллаһ әмірін білдіргісі келгенде уахи-
мен сөйлейді. Ол сөйлегенде көктер қатты тебірене бастай-
ды. Аспан тұрғындары оны естігенде талып қалады. Сосын
сәждеге бас қояды. Басын сәждеден бірінші болып Жәбірейіл
көтереді. Сосын оған Аллаһ Тағала қалағанын уахи етеді.
Жәбірейіл ол уахиді періштелерге жеткізеді. Жәбірейіл көктің
әрбір қабатына жеткенде сол көктің періштелері: “Раббымыз
не бұйырды?” - деп сұрайды. Жәбірейіл: “Шындықты айтты.
Ол - Ұлылардың ұлысы, үлкендердің үлкені! - дейді. Осы-
лайша Жәбірейіл періште көктегі не жердегі Аллаһтың әмір
еткен жеріне Оның уахиын әкеледі”.
4
Ибн Аббас пен Катадә
есімді сахаба Сәбә сүресінің 23-ші аятын Хазіреті Исадан
кейінгі фәтрәт (екі пайғамбар арасындағы аралық) дәуірінен
кейінгі Пайғамбар болып келген Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у)
уахидің басталуы деп түсіндіреді. Ибн Кәсир (ө. 774/1372):
“Бұл аят кәримәның тәпсіріне кіруге ең лайықтысы Құран
уахиы болғандығында еш шүбә жоқ” - дейді.
Күннен пайдаланғысы келген адам, қолындағы айнасын
күнге қарсы ұстаса айнаның мөлшеріндей сәуле алады. Енді
біреуі болса, ол да сол мақсатпен үйінің түрлі жерлерінен күнге
қарай үлкен есік-терезелер ашып қояды. Біріншісінің күннен
пайдалануы айнасымен ғана шектелсе, екіншісі күннің нағыз
жарығынан үздіксіз де тікелей пайдаланады.
Демек, уахи Құран - бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһтың
бұйрығы. Ал‚ шабыт болса, меншікті және кішігірім нәрсе.
17
4
Ибн Кәсир, Тәфсир, Сәбә сүресінің 23 аяты.
“Хикмет”
баспа үйі
Уахи мен шабыт арасындағы басқа да маңызды айырма-
шылық мынада: уахи - көлеңкесіз, таза, әрі қас пенделер-
ге тән. Шабыт болса - көлеңкелі, түрлері аралас, жалпыға
тән. Періштелерге, дәрежелеріне қарай адамдарға, тіпті
хайуандарға берілген шабыттар секілді түрлі шабыттар, теңіз
тамшыларындай бітіп-таусылмайтын иләһи сөздердің ішінде
орын алады.
Кәшф
(көрегендік)
жалпылай
қарағанда
рухани
тәрбиенің, ұзақ ойлау мен мұрақабаның (пенденің ішкі
жан дүниесінде өзін-өзі бақылауы) жемісі болғандықтан, ол
адамның мүлтіксіз, толық сенімін қалыптастырмайды. Кәшф
дәрежедегі адам жеткен білімінің негізгі бұлағын білмейді‚
бірақ, жүрегінде бір нәрселерді сезінеді.
Уахидағы діни ақиқаттардың және ғайб хабарларының
алынуы, өте шапшаң сезім мен жасырын аңғарумен бей-
мәлімдік пердесін ашуға тырысқан және “санадан тыс” делі-
нетін жағдайлардың механизміне қарай іске аспайды.
5
Тіпті‚
шындықты, көбінесе тек қарапайымдандырып, бөліп түсіне
алатын ақыл мен қисынның әрең алға жылжып, жарым-жар-
тылай білуіндей де болмайды. Демек‚ уахи - сөйлеген, әмір ет-
кен, берген, иләһи Заттан (Аллаһтан) тыңдаушы, әмір алушы
және қабылдаушы адам пайғамбарға келген бұйрықтар мен
айқындаулар деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |