ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

3
  Құран  жекпе-же-
гімен оларды есеңгіретіп, ең сезімтал жақтарына ауыртпалық 
тигізді. Тіпті барлығынан бас тартып, өтірікке толы болса да, 
он сүренің ұқсасын келтіруін талап етті. Соның өзінде олардың 
бұған күштері жетпеді.
ҚҰРАН  ТӘСІЛІНІҢ  БАСТЫ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1) БАРЛЫҚ ӘДЕБИ ТҮРЛЕРДЕН БӨЛЕК БОЛУЫ
Арабтар  білетін  әдеби  түрлер  -  өлең  мен  қара  сөз  еді. 
Ақынның белгілі қалыптағы және ұйқастырылған өлеңі бо-
луы шарт еді. Қара сөз болса ұйқастырылған шығарма немесе 
сілтеу пішінде болатын еді. Құран бұлардан ешбіріне жатпай-
ды.  Мұнымен  бірге  Құраннан  қысқа  бір  бөлім  оқыған  адам, 
аяттардың кезек-кезек келуі арқылы сәйкестіктің әсері өзін 
баурап алғандығын сезінеді.
Бұл шындық Құранның тұтасын осылай. Әрбір мұсылман 
бірден  жаттап  алатын  Фатиха  сүресін,  Йәсин,  Рахман, 
Таһә  сүрелерінің  бас  жақтарын  осыған  мысал  ретінде  еске 
түсірейік.
«Құранда  көп  мөлшерде  ұйқас  бар,  ұйқасып  келудің  өзі 
араб  әдеби  қара  сөз  түрлерінің  бірі  емес  пе?»  -  деген  сұрақ 
қойылуы  мүмкін.  Жауабы  мынау:  Ұйқастық  -  сөйлемді  не-
месе абзацты бір ұйқас және өлшеммен бітіру емес, осы істің 
маманының айтқанындай сөздің дәл сол өлшеммен жалғасуы. 
3 
Сол туынды, 192-бет.
117

“Хикмет”
баспа үйі
Егер  мысалы,  кейбір  өлең  жолдары  екі,  кейбірі  төрт  сөзден 
туындап, өлшемдері мен тәсілдері өзгерсе үйлесімсіз сөз сана-
лады.
4
 Алайда Құран мұндайдан аулақ. Бір неше аяттардың 
өлшемде және әріпте сәйкесуімен ұйқастық іске аспайды.
Қазіргі  араб  әдебиетінің  ең  атақтылары

  Құранның 
әсерлілігі  негізінен  оның  әрі  өлең,  әрі  қара  сөздің  жақсы 
қасиеттерін  бір  араға  жинағандығы  деп  бекітеді.  Таһә 
Хусейннің: «Құран - өлең емес, қара сөз де емес; ол - Құран» 
сөзін  нақыл  етіп,  «Біздің  мұндай  түрдегі  сөз  ойындарына 
мұқтаждығымыз  жоқ.  Құран  -  қара  сөз.  Бірақ  өзіне  тән  ке-
ремет қара сөз өнерін қамтыған таңдаулы бір түр»

 - деген. 
Осылайша  ол  да  нәтижеде  Құранның  алғаш  қарағанда-ақ 
ажыратылған «таңдаулы бір түр» екендігін айтады.
«Құран Кәрім қара сөз бен өлеңнің ерекшеліктерін бір жер-
ге  жинақтаған.  Мағынаны  жалғыз  ұйқастық  тіркеулерінен 
және толық өлеңдегідей біркелкі үйлесімдерден азат етіп бүкіл 
жалпылық  мақсаттарын  бейнелеуде  толық  бір  бостандықта 
жеткен. Сонымен қатар өлеңнің ерекшеліктеріндегі ішкі әуенді 
өлеңдегі  біркелкі  үйлесімдерге  қажет  қалдырмаған  өлшемде 
бір-біріне  жақын  бөлімдерді  және  ұйқастардан  тыс  қылған 
такфиейі  (бірінен  соң  бірін  келтіру)  алған  және  бұларды  біз 
баян  еткен  басқа  ерекшеліктерге  қосқан.  Осылайша  қара  сөз 
және өлең ерекшеліктері бір араға келген».
6
Адам  қай  уақытта  Құран  оқыса,  ішкі  әуеннің  әсерін  се-
зінеді. Қысқа сүрелерде жылдам аралықтарда жалпылай су-
реттеу және білдіру жерлерінде бұл әуен ашық түрде көрінеді. 
Ұзын сүрелерде азды-көпті жасырылса да Құранның әр тара-
пында бұл әуен ашық немесе жасырын болса да бар. Мысалы: 
Нәжм сүресінің бас жағын оқиық:
4 
С. Рамазан, Рауайул-Құран, 111-бет.
 
Сыхахул-Жауһари алғысөзі.
 
С. Кутуб, Құрандағы әдеби жанр, 155-156 беттер. 
6
 Сол туынды, 155-бет.
118

“Хикмет”
баспа үйі
ِ�َ� ُ� ِ�ْ�َ� �َ�َو .ىَ�َ� �َ� َو ْ�ُ�ُ� ِ�� َ� �� َ� �� .ىَ�َ� اذِإ ُ� ْ����ا َو
ٍة��ِ� وُذ .ىَ�ُ�ْ�ا ُ��ِ� َ� ُ�َ���َ� .� َ��ُ� ٌ� ْ�َو ��ِإ َ�ُ� ْنِإ .ىَ�َ�ْ�ا
ْوَأ ِ�ْ� َ�ْ�َ� َب�َ� َن��َ� .���َ�َ�َ� ��َد ��� .�َ� ْ� ْ�ا ِ�ُ�ُ ْ��ِ� َ�ُ� َو .ىَ�َ� ْ��َ�
ُ�َ�وُر�َ�ُ�َ�َأ .ىَأَر�� ُداَ�ُ�  َبَ�َ� �� .� َ�ْوأ �� ِهِ�ْ�َ� ��إ � َ�ْوَ�َ� .�َ�ْدَأ
ُ��� َ� �َ�َ�ْ�ِ� .�َ�َ�ْ�ُ� ٍةَرْ� ِ� َ�ْ�ِ� .ىَ� ْ�ُأ ً�َ�ْ�َ� هَأَر ْ�َ�َ�َو .ىَ�َ� �� ���
ْ��َ� .�َ� َ� �� َو ُ� َ�َ�ْ�ا َغاَز �َ� .� َ�ْ�َ� �َ� َةَرْ� ِّ��ا � َ�ْ�َ� ْذِإ ىَوْ�َ��ا
َ�َ�َ�����ا َة�َ�َ� َو .ى��ُ�ْ�ا َو َت ���ا ُ�ُ�ْ�َأَ�َ�َأ .ىَ�ْ�ُ�ْ�ا ِ�ِّ�َر ِت�َ�َأ ْ�ِ� ىَأَر
.ىَ�� ِ� ٌ�َ� ْ�ِ� اَذِإ َ�ْ�ِ� .�َ�ْ�ُ�ا ُ�َ� َو ُ�َ����ا ْ�ُ�َ�َأ .ىَ� ْ�ُ ْ�ا
Бұл  жерде  фасылалар  (бөлімдер)  өлшемде  жуық  шама-
мен тең. Бірақ бұл өлшем араб өлеңінің жүйесіне ұқсамайды. 
Такфие әрпі әрдайым біреу; әр фасыланың өзіне тән бір әуені 
бар.  Бірақ  бұл  әуен,  өлшем  және  ұйқастағы  секілді  ашық 
емес. Өйткені бұл әуен сөздердегі әріптердің бір-бірімен бай-
ланысуынан  және  сөйлемдердегі  сөздердің  сәйкестігінен  ту-
ады.  Аяттардың  сөз  қатарлары  әуендік  тәсілмен  толық  бір-
лік құрайды. Фасыла әріптері сөздің ауанына сай. Қиссаның 
тәсіліндегідей  тартымдылық  бар.  Бұл  айтылғандар  кейбір 
фасылаларда тым ашық түрде көрінеді:
ىَ� ْ�ُ ْ�ا َ�َ�َ�����ا َة�َ�َ� َو .ى��ُ�ْ�ا َو َت ���ا ُ�ُ�ْ�َأَ�َ�َأ
 секілді. Егер
 
َ�َ�َ�����ا َة�َ�َ� َو .ى��ُ�ْ�ا َو َت ���ا ُ�ُ�ْ�َأَ�َ�َأ
 делінгенде фасыла лайық 
келмейді де сәйкестік зиян көреді. Егер,
ىَ� ْ�ُ ْ�ا َ�َ�َ�����ا َة�َ�َ� َو .ى��ُ�ْ�ا َو َت ���ا ُ�ُ�ْ�َأَ�َ�َأ
 делінгенде өлшемі 
бұзылатын еді. 
ىَ�� ِ� ٌ�َ� ْ�ِ� اَذِإ  َ�ْ�ِ� .�َ�ْ�ُ�ا ُ�َ� َو ُ�َ����ا ْ�ُ�َ�َأ
 
сөзінде де 
ىَ�� ِ� ٌ�َ� ْ�ِ� اَذِإ  َ�ْ�ِ� .�َ�ْ�ُ�ا ُ�َ� َو ُ�َ����ا ْ�ُ�َ�َأ
 делін-
генде  де 
نذِإ
  сөзімен  нәтижеленген  өлшем  бұзылатын  еді. 
119

“Хикмет”
баспа үйі
(
ىَ� ْ�ُ ْ�ا
)  немесе 
َ�َ�َ�����ا
  немесе  (
نذِإ
)  сөздерінің  тек  ұйқастық 
немесе өлшем үшін жалғанғандығын айтып отырған емеспіз.
Бұлар  мағынадағы  арнайы  жұқалықтардың  себебінен 
әуелгі сөздің келесі сөзге байланысуына қажет. Өлең тәсілі се-
бебінен  бұл  ерекшеліктің  болмауы  және  өзге  ерекшеліктерді 
бұзбау шартымен, мағына немесе сәйкестік жағынан функци-
ясы бар бір сөздің қолданылуы да бөлек бір әдеби ерекшелік.
Бұл  сәйкестік  жаңа  ғана  айтылған  тәсілде  немесе  оған 
жақын  бейнеде  бірден  барлық  аят  фасылаларында  көрінеді. 
Қызыл тілділігіне зиян келтірмей Құранда кейбір сөздердің 
қағидадан тыс ерекше бір тәрізде қолданылуы, мұның дәлелі 
болып табылады. Құран жолдарында ең кішкене бір өзгерістің 
болуы яғни, бір сөзді алдыға не артына қою дереу сәйкестікті 
бұзады.
7
Қорыта  айтқанда  Құрандағы  әсер  мынадай:  Оның 
бөлімдері  өлеңнің  ұйқасында  болғаны  сияқты  біркел-
кі  үйлесімдермен  және  өлшемдермен,  харекелермен  және 
сүкундармен өлшенбейді. Оның өлеңі хашв және қайталаумен 
немесе  хазф  және  нұқсандықпен  түзетілмейді.  Керісінше, 
оның бөлімдері - барлық бұл шектеулерден, өлеңі - жасанды 
өнерлерден, сөздері тағкидтен* аулақ болу арқылы мақсатын 
кемшіліксіз түсіндірген қажет болған жерде тыныш тағы да 
қажет болған жерінде айбынды бір тәсіл болып табылады.
8
Құранның  нәзік  жерлерін  үлкен  бір  біліммен  түсініп, 
түсіндірген заманымыздағы ғалымдарымыздан Бадиүззаман 
Сайд Нұрси бұл тақырыпта былай дейді: «Құран Муғжизул-
баяндағы  кемелді  түсінік  жүйесі  әлемдік  кітаптағы  өнер 
тәртібін  ретті  тәсілдерімен  тәпсір  еткенінде,  ұйқасты 
7 
С. Кутуб, «Құранда әдеби жанр», 156-158 беттер.
* Мұндағы: хашв - мәнсіз қоспа, хазф -алып тастау, тағкид - түсініксіз және 
жөн-жосықсыз дегенді білдіреді.
8 
С. Салих, «Мәбәхис», 340 - бет.
120

“Хикмет”
баспа үйі
болмауының  бір  себебі  де  мынау:  Баяны  тұтастай  мұғжиза 
болған  Құранның  баяндау  тәртібі  әлем  кітабындағы  кере-
мет  өнер  тәртібін  даусыз  кемелді  тәсілімен  ашықтағанына 
қарағанда  Оның  ұйқасты  болмауының  бір  себебі  мынау: 
Құдайдың хикметі Құран аяттарының әрбір нәжмі өлшем және 
қалыппен шектелмесін‚ көптеген аяттарға бейне бір орталық 
болсын  әрі  олардың  (аяттардың)  бауыры  іспеттес  болсын 
(…). Сырттай тәуелсіз көрінген әрбір аяттың, бейне бір басқа 
көптеген аятқа қараған бірнеше көзі, оған қарап тұрған жүзі 
бар, онымен арасында бір байланыс бар. Сағаттың секундын, 
минут және сағаттарды санаған халықтардың әрекеттері бір-
бірін толықтыратын, бір-бірін еске түсіретін, бірі екіншісіне 
қарағаны және одан бөлек пікірде бола алмағандығы сияқты, 
Құран  сөйлемдеріндегі  сөздердің  өлеңінде  (қатарласуында) 
және  сөйлемдердің  орналастырылуында  да  осындай  бір 
тұрақтылық бар.
Мысалы: Ықылас сүресіндегі алты сөйлемнің үші мүсбет 
(болымды) саналады: «Былай де: Ол – Аллаһ. Ол – жалғыз. Ол 
–  Самәд».  Келесі  үшеуі  болса  мәнфи  (болымсыз):  «Тумаған, 
тумаған  және  Оған  тең  келер  ешкім  жоқ».  Бұл  сөйлемдер 
тәухидтің  алты  мәртебесін  дәлелдейді.  Ал‚  шірктің  алты 
түрін  де  қайтарады.  Әрбір  сөйлем  басқаларға  әрі  дәлел,  әрі 
нәтиже  күйінде.  Былайша:  «Былай  де:  шын  иләһ  болған 
(Аллаһ)  –  Ол.  Өйткені,  Ол  -  жалғыз.  Өйткені,  Ол  –  Самәд.* 
Өйткені тумаған». Соңынан бастасақ: «Оған тең келер ешкім 
жоқ. Өйткені, Ол - тумаған. Өйткені, Ол - туылмаған. Өйткені 
самәд.  Өйткені  жалғыз.  Өйткені,  Ол  –  шын  иләһ  (Аллаһ)». 
Басқа бір жүйеде мынадай болады: «Ол – шын иләһ (Аллаһ). 
Олай  болса  жалғыз.  Олай  болса  самәд.  Олай  болса  тумаған. 
Олай  болса  туылмаған».  Осылайша  Ықлас  сүресінде  бейне 
бір  30  ықылас  сүресі  бар.  Аяттар  мен  сөйлемдер  арасында 
көптеген байланыстары бар.
* Самәд – махлуқаттың, мұқтаждықтарын сұрайтын қамқоршысы дегенді 
білдіреді.
121

“Хикмет”
баспа үйі
Аспанға  қарағанда  жұлдыздардың  тізілуі  ретсіз  секілді 
көрінгенімен  де,  шындығында  нақ  бір  жүйе  ішінде.  Құран 
аспанының әр аяты да нәжм-и сакыб секілді һидайәт нұрын 
басып, күпірдің қараңғылығын таратып кетіреді.
9
 Жаңа ғана 
мысалдарда көрсетілгендей, оның ешбір сөйлемі немесе сөзі 
орнынан  қозғалтылмайды.  Қалайша  көктегі  жұлдыздарға 
қол жетпесе сол сияқты…
2) ҚҰРАННЫҢ ТЕҢДЕССІЗ ҮЙЛЕСІМДІГІ
Құранның  баянында  баурап  әкететін  бір  үйлесімділік 
бар. Бұл үйлесімділік:
а) Дауыс үйлесімділігінен.
ә) Лексикалық әдеміліктерден пайда болады.
а)  Дауыс  үйлесімділігі:  Құранда  сөздердің,  әріптердің, 
сүкун немесе харекелердің мәд және қасырлардың (ұзын және 
қысқа буындардың) жүйесінде көрінген, құлаққа немесе рухқа 
ұнаған бір ырғағы бар. Арабша білмейтін біреудің өзі Құранның 
оқылуынан  біраз  алыс  жерде  (әріптерге  және  сөздерге  зей-
ін  қоймай)  тек  оқылудағы  сәйкестікке  құлақ  түрсе,  білінетін 
музыка  мен  өлеңнің  әуендерінен  басқа,  әсерлі  әрі  өзгеше  бір 
үйлесімділікті сезеді. Өйткені, музыканың әуендері бір-біріне 
ұқсайтындықтан, көп өтпестен тыңдаушы жалығады. 
Өлеңде де 
дәл сондай өлшем және ұйқастық жалғасып тұратындықтан 
бұл  да  тыңдаушыны  бір  мезеттен  кейін  жалықтырады.* 
9 
Б.
 
Сайд Нурси, Сөздер, 144 бет және 388 бет.
*  «Құран  неге  кәдімгі  өлең  тәртібі  мен  ұйқастығын  алмай,  өзгеше  бір 
қалып тәртібін таңдады, кәдімгі өлең тәртібі жағымдырақ емес пе?», - деп 
сұрайтын боларсыз. Біз бұған былай жауап берер едік:
Жәй  өлең  ұйқастығының  жағымдылығы  әр  ұлттың  ой-санасы  мен 
қалауының  әр-түрлілігіне  қарай  ауысып  отырады.  Бәрінің  көңілінен 
шығу  қиын  нәрсе.  Сонымен  қатар  жәй  ғана  өлең  жолдары  ретінде  түссе, 
кәпірлер  пайғамбарды  жәй  бір  мықты  ақын  деп  ойлап  қалар  еді  де  иман-
нан нәсіптерін ала алмай қалар еді!» - дейді Шах Уәлиуллаһ Дыхлеуи (Әл-
Фәузуль Кәбир, 95-105 б.б.) Біз оған қосыла отырып, кем кеткен жерін де 
айтып өтуге мәжбүрміз. Оның кем кеткен жері Құранның өзінше ұйқастығы 
мен жағымдылығы бар екендігі жайында бір ауыз сөз айтпаған.
122

“Хикмет”
баспа үйі
Алайда Құранның сәйкестігі бір қалыпты емес, көбінесе бір 
дауыстан тағы бір дауысқа өте отырып, бұл сәйкестік жүректі 
толқытады.
Құран  түсе  бастағанда  арабтардың  құлақтары  бұл 
сәйкестікті  өздерінің  зауқы  болып  және  өздері  білетін 
ұйқастырылған  әдеби  түрлерге  ұқсата  алмағандықтарынан, 
әсерлі  сәйкестігі  себебінен,  бұдан  да  басқа  бір  орынға  қоя 
алмағандықтарынан  өлеңге  ұқсатқан,  бірақ  бұған  өздері  де 
толық сенбеген еді.
ә) Лексикалық әдемілік: Бұнда біз әріптердің орналасуы 
мен  сөздердің  реттелуіндегі  керемет  күйді  айтып  отырмыз. 
Адам әріптердің табиғи махраждарын шығару арқылы Құран 
оқыған бір кісіні тыңдағанында, аяттардағы сөздердің және 
әріптердің  бір-біріне  жалғануындағы  фонетикалық  ерекше-
ліктен үздіксіз түрде жаңаланып тұрған бір ләззат алады. Бірі 
жуан дауысты, бірі ысқырық дауысты, кейбірі жасырын, кей-
бірі анық, бірі мәһмусе, бірі мәжһуре түрдегі тәжуид ілімінде 
топтарға бөлінген әріп түрлері қатарласып келеді.
10
 Осылай-
ша Құран лин мен қуатты, қаттылық пен ұяңдық берік және 
нақ  түрде  сәйкестіреді.  Әріптері  және  әріп  сипаттарының 
әрбірін бейне бір өлшеммен соншалықты нақ орнына қояды. 
Сонда  жинағынан  таңқалдыратын  бір  дауыс  гормония-
сы  пайда  болады.  Осы  сөз  жүйесінде  бәдәуиліктің  қатігез 
болмаған  салмақтылығы  мен  мәдениеттілігін,  босаңдыққа 
бармайтын жұмсақтығын келістіреді. Бұл дауыс шығармасы 
соншалықты  биік  дәрежеге  жеткен.  Егер  оған  адам  сөзі 
кірген  болса  әрі  оқығанның  аузындағы  әрі  тыңдаушының 
құлағындағы сәйкестік дереу жоғалатын еді.
Фонетикалық мәселе көбінесе мағынаға да лайықтылық 
көрсетеді. Мысалы: Өлімнен кейін тірілуді қабылдамағандарға 
қарсы күрес пен қорқыту мәселесі көп айтылған Қаф сүресінде 
10
 Зәрқани, Мәнәхил, ІІ, 312.
123

“Хикмет”
баспа үйі
қаф,  ба,  дәл,  жим  секілді  қалқалә  әріптері  басқа  жерлерде-
гіден  де  көп  мөлшерде  кездеседі.  Мұсхаф  парақтарымен  екі 
парақтай азғана жерде артығымен табылған (қаф: 64, ба: 74; 
дәль: 53, джим: 22 мәрте) бұл сатұр-сұтыр сөздер мағыналары 
сияқты дыбыстарымен де қабыл етпеушілердің аузын жаба-
ды.
Иман  ету  арқылы  өзін  тастап  кеткен  сиқыршыларына 
Перғауынның қорқытуларын бейнелейтін және қафайнты
кәфжимхысад секілді шиддәт және исти’ла әріптерімен, 
сондай-ақ басқа да күштеп қаттауға толы мына сөздері оның 
от бүркіген қорқыту айқайларын Құран өзіне тән дауысымен 
бейнелеуде:
عِوُ� ُ� �� ْ�ُ���َ�َ� ِّ�ُ َ� َو ٍفِ َ� ِ� ْ�ِ� ْ�ُ�َ� ُ�ْرَأ َو ْ�ُ�َ�ِ�ْ�َأ ��َ�ِّ�َ�ُ َ�َ� 
�َ�ْ�َأ َو ً��َ�َ� ُ� ��أ ����َأ ��ُ�َ�ْ�َ�َ� َو ِ� ْ����ا
«(…)  Онда  сөзсіз  сендердің  қол-аяқтарыңды  шадыр-
лап  кесемін  де,  өздеріңді  құрма  ағашына  керіп  тастаймын. 
Сонда  қайсымыздың  тартқызар  азабымыздың  қатты  және 
ұзақ  екенін  білесіңдер» 
(Таһа,  71)
.  Жәннаттықтардың  рахат 
пен  шаттықтарын  суреттеген  мына  аяттар  болса,  Кәусәр 
бұлағының  тәтті  ағысы  мен  Сәлсәбил  суының  жұтымындай 
хош дауысты емес пе?
���ِ� ُ�َ� ْ�َ� َ� .ٍ�َ�ِ��َ� ٍ��� َ� �� ٌ�َ� ِ�اَر �َ�َ�ْ� َ�ِ� ٌ�َ�ِ��َ� ٍ�ِ�َ�ْ�َ� ٌه� ُ�ُو
.ٌ�َ�� ُ�ْ�َ� ٌباَ�ْ�َأ َو .ٌ�َ��ُ�ْ�َ� ٌرُ� ُ� �َ��ِ� .ٌ�َ�ِر� َ� ٌ�ْْ�َ� �َ��ِ� .ً�َ�ِ� َ�
ٌ�َ��ُ�ْ�َ�  ��ِ�اَرَز َو .ٌ�َ��ُ� ْ�َ� ُقِر�َ�َ�َو
«Ол  күні  талай  шырайда  бақыт  шаттығы  еседі.  (Олар) 
еңбектеріне  разы.  Олар  жоғарғы  жәннаттарда  болады.  Еш 
уақытта  қаңқу  сөз  естімейді.  Онда  ағып  жатқан  (мөлдір) 
бұлақтар бар. Ішінде көтеріңкі тақтар, тізулі кеселер, қатар 
қойылған жастықтар, салулы төсектер бар»
 (Ғашия, 8-16)
.
124

“Хикмет”
баспа үйі
Құран  қиямет  күні  туралы  (
ُ� ��� ���َأ
)  (әс-Саххатү)  және 
ُ�������أ
 (әт-таммәтү) сипаттарын қолданады. Әс-Саххатү сөзі, 
сондай бір сөз, ауырлығынан және дыбысының қаттылығынан 
бейне бір құлақтың жарғағы жарылады. Құлақтың жарғағын 
жарып,  сол  қатты  айқайды  (әс-Саххату)  жаңғыртады.  Ал‚ 
Әт-Таммәтү  сөзі  болса,  гуілдеген,  шуылдаған  бір  сөз.  Шу-
ылдап,  жойып  жатқан  сияқты  ойлап  қаласың.  Әр  нәрсені 
жойған  топан  су  сияқты.  Ал  енді  бұл  сөздерді  Тәкуир  18 
َ���َ�َ� اذإ �ْ� ���اَو
 аят кәримәсіндегі (
ْ���َ�َ�
) (тәнәффәсә) деген 
тәтті әрі әдемі сөзінің қасына қойшы! Сонда ол сөздердің ор-
нында  таңдалдырған  иғжазды  және  осы  сөздерді  қолданған 
тақырыптардың суреттерін бейнелеудегі мұғжизаны көресің. 
Сөздердің  әуенімен  бейнеленген  сәйкестіктің  басқа  бір  түрі 
Нас сүресінде:
ِ�َ�ِإ . ِس����ا ِ�ِ�َ� . ِس����ا ِّبَ�ِ� ُذ�ُ�َأ ْ�ُ� .ِ�� ِ����ا ِ������ا ِ�ا ِ� ْ�ِ�
ِروُ� ُ� �� ُسِ� ْ�َ�ُ� يِ���َا . ِس��َ� ْ��ا ِساَ� ْ�َ�ْ�ا ِّ� َ� ْ�ِ� . ِس����ا
ِس����ا َو ِ��� ِْ��ا َ�ِ� . ِس����ا
Ал  неді  бұларды  бірінің  артынан  бірін  қатарымен  жыл-
дам оқышы! Демек‚ дыбыстың сүренің ауанына үйлесіп, нақ 
бір «уәсуәсә: сыбырдың естіріліп жатқанын көресі».
11
3) МАҒЫНА МЕН СӨЗДІҢ ТЕҢДІГІ
Құранның сөздері артық та емес, кем де емес, мағынаны 
толықтай іске асыратын бейнеде. Басты немесе толықтырушы 
элементтің кем болмағанындай, артықтық та жоқ. Бұл іс оңай 
көрінсе де Құраннан басқаларында мұндай нәрсе кездеспей-
ді. Өте шебер жазушы да «жеткілікті мағына» үшін «жеткі-
лікті сөз» мақсаттарының арасында «екі әйелдің арасындағы 
ер  сияқты».  Біреуіне  сүйенген  сайын  екіншісін  ашулан-
дырады.  Қысқа  және  нақты  айту  -  мағынаға  қайшы  келіп 
11
 С. Кутуб, Құранда әдеби жанр, 139-141 беттер.
125

“Хикмет”
баспа үйі
қалып,  сөзді  жұмбақ  күйге  ұшыратады.  Мағынаны  кеңірек 
түсіндіргісі  келгенде  сөздің  ұзап  кеткендігі  көрінеді.  Бұнда 
сөздің  құндылығын  салыстыру  арқылы  жоғалтып  алғанда, 
тыңдаушы  негізгі  мағына  мен  қосымша  мағыналарды  айы-
ра  алмайтын  күйге  түседі.  Жазушылар  кейде  тепе-теңдікті 
құрастыра алса да көбінесе оны келтіре алмай қалады.
Қаласаңыз Мұсхаф Шәрифті ашыңыз. Құраннан кез-кел-
ген бір сөйлемді алып сөздерін санаңыз. Кейін сол мөлшердегі 
басқа  бір  сөзді  алып,  мағына  жағынан  осы  сөздерді  мағына 
және  сөз  өлшемдерімен  теңестіріңіз.  Нәтижеде  мынаны 
көресіз:  Құран  сөзінде  алынып  тасталатын  ешқандай  сөз 
табылмайды.  Ал,  басқа  сөзде  шығарылған  немесе  өзгерген 
жағдайда  сол  сөзге  нұқсан  келтірмейтін  сөздерді  табасыз.
12
 
Мысалы, 
(Бақара,  3)
  сөйлемін  алайық.  Бұл  сөйлемнің  меалы 
мынадай:
Өздерін ‘4’ ризықтандырғанымыз ‘3’ нәрселер ‘2’ ден ‘1’ 
пайдаландырады ‘5’.* ( Бұл жерде мыналарды анықтаймыз:
1) 
���
  дағы  ба’зийет  бейнелеген  (
ْ�ِ�
)  (негізінде  (
�� ْ�ِ�

болып  идғам  пайда  болған)  мал-мүліктің  барлығын  емес, 
бір  бөлігінің  берілетіндігі,  садақаға  мұқтаж  болатын  халге 
түспейтін дейінінің ғана берілуін білдіреді.
2)  (
ْ�ُ��َ�ْ�َزَر
)  «өздерінң  бөлімі,  басқасыныкінен  емес,  өз 
малынан берілуі керектігін білдіреді.
3) Мал-мүлікті Аллаһтың мүлкі деп біліп, бергеніне мін-
детсімеуі керек. Бұл жерде «ризықтандырғанымыз» сөзі бер-
ген - Аллаһ, ал құл болса, дәнекер екендігін көрсетеді.
ْ� ُ�
        
4
�َ�ْ�َزَر
        
3
� ���
        
2
َو
        
1
12
 Зәрқани, Мәнәхил, ІІ, 324.
*  Бұл  жерде  аят  мәтініндегі  сөздердің  тәртібіне  қарай  зерттеу  жасалады. 
Аяттың аудармадағы баламасына негізгі мәтіндегі мағыналас сөздің саны 
беріледі.
126

“Хикмет”
баспа үйі
4) Жәрдемнің қабыл болуы үшін, мұқтаждық болған жер-
ге берілуі керек. Инфақ (
َن�ُ�ِ�ْ�ُ�
), “қажеттен шығу үшін беру” 
мағынасына  келеді.  Шынымен  “зәрулік  мұқтаждық”  делін-
ген нәпақа осы етістіктің атауы.
5) Инфақ тек малмен болмайды, ілім және пікірмен, дене 
арқылы жәрдемдесумен де болады. Бұған да (
��
) «нәрселер» 
дегі жалпылық дәлел болады.
13
Көріп  отырғанымыздай  артық  ешбір  әріп  жоқ.  Алы-
нып  тасталатын  немесе  өзгертілетін  ешбір  әріп  те  жоқ. 
Бұл  қысқа  сөйлем  грамматикалық  ережелер  бойынша 
жәрдемнің  қабылдану  шарттарының  барлығын  қамтиды. 
Сондай мақсатты жеткізу үшін бір адамның қолдана алатын 
арабшадағы  жүздеген  жорамалдан  қайсысы  мұның  орнын 
баса алмақ?
Ибн  Атийе  (ө.  542/1148)  секілді  үлкен  бір  тәпсірші 
мамандығының беделімен мына нәтижеге жеткен: “Құраннан 
бір  сөз  алынатын  болса,  барлық  араб  тілінің  астан-кестеңі 
шығарылса да, оның орнын баса алатын бір сөз табылмайды”.
Құранның  аса  көркем,  нәзік,  ерекше  баяндау  тәсілін 
аңғара  алмағанда  терең,  жан-жақты  ойламағандықтарынан 
не  болмаса,  асығыстық  себебімен  «зайдә»,  «мұкхамә», 
«тә’кид»  деп  атаған  кей  сөздердің  саланың  жетік  маманда-
рынша берілген мағыналары бар.
14
4) ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ӘДЕБИ ТҮРЛЕРДІҢ 
БАРЛЫҒЫНДАҒЫ КЕМЕЛДІЛІГІ
Заң  шығару,  қисса,  дау  және  тартыс,  насихат,  тарих, 
ақирет  жағдайлары  сияқты  бір-бірінен  айрықша  әдеби 
13
 Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 387-388; Ишарат, 37-38.
14
 М. А. Дераз, Небе, 125 б; Зәрқани, Мәнәхил ІІ, 326.
127

“Хикмет”
баспа үйі
түрлердің бәрінде де сөз қозғалғанымен Құран сөзі өлеңінің 
тұрақтылығында,  әдемілігінде,  шешендігінде  әрдайым  бір-
дей  биіктікті  көрсетеді.  Бұл  да  адамзаттың  мүмкіндігінен 
жоғары.  Өйткені  түсіндірілетін  мағына  жан-жақты,  мы-
салдары  мен  қасиет-ерекшеліктері  көп  болған  жағдайда 
оны  жеткізу  рахат  болады.  Бұған  қарама-қарсы  мағына 
шектеулі,  білінген  тараптары  және  мысалдары  аз  болған 
жағдайда түсіндіру қиын, сөз табылмайды. Осы себептерден 
араб  әдебиетшілерінің  ең  көп  сөз  айтқан  алаңы  фахр,  хама-
се,  мәв’иза,  мәдх  және  һижа*  болған;  философия,  заң  және 
түрлі ілімдердің алаңдарына болса олар аз кірген. Бұл басқа 
халықтар үшін де солай болған.
Түсіндірілуі  қаншалықты  әдемі  болса  да,  қайсы  бір 
шешеннің  түрлі  әдеби  жанрлардың  барлығында  бірдей 
жоғарғы баян әдісіне ие болуы мүмкін емес. Алайда, Аллаһтың 
Кітабында бұл жағдай мүлдем көрінбейді. Қарасаңыз, Құран 
бір бөлімінде суреттеу тәрізіндегі бір мәнде табылса‚ одан кей-
ін бір қиссаларға өтеді. Артынан үкім шығаратын құқықтық 
бөлім  келеді.  Барлық  бұл  бөлек  алаңдарда  Құран  тәсілінің 
бірдей  биік  және  құнды  мағынаны  жалғастырғандығын 
көресіз.  Құранның  барлығы  мұның  үлгісі.  Мысалы‚  Бақара 
сүресінің  164-186  -  бөлімдерін  алсақ.  Бұл  бөлімдерде  қатар-
қатарымен суреттеу, үгіт,  заң (үкім  беру), зүһд және  ахлақ, 
ғибадат түрлерінен тұратын бір түсіндіру тәрізінің түрлілігін 
көреміз.  Осы  өзгеше  түрлердің  бірінен  екіншісіне  өтуі  ерек-
ше шеберлікпен іске асқанындай, әрбір түрде де кемелді баян 
өзін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет