ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

УАХИДІҢ  ТҮСУІ
Құран бізге уахидің үш түрлі болатындығын мына аятта 
білдіреді: “Аллаһ әрқандай адаммен тек уахи (көкейіне салу) 
арқылы немесе перде артынан, яки бір пайғамбар жіберіп өз 
әмірімен соған қалағанын уахи ету арқылы сөйлеседі. Аллаһ 
расында аса үстем, хикмет иесі”
 (Шура, 51)
.
18

Субхи Салих, Мабахис, 27-бет

“Хикмет”
баспа үйі
Демек, уахи мына үш түрдің біреуімен болады:
а) Аллаһ мағынаны нәбидің жүрегіне салады.
ә)  Бір  перде  артынан  нәбиге  үндейді.  Хазіреті  Мұсаға 
ағаштан үндегені секілді.
б)  Уахи  әкелуге  міндеттелген  бір  періштені  елші  ретінде 
жібереді. Уахи сөзінен бірінші ретте түсіндірілетін мағына да 
осы.  Құран  Кәрім  басқаша  емес,  әрдайым  осы  жолмен,  яғни 
Жәбірейіл (а.с.) арқылы түскен. Тәклим (еш дәнекерсіз сөйлеу), 
шабыт беру немесе ұйқыда ешқандай уахи келмеген.
6
Уахидің  келу  түрін  Расулдан  (с.а.у.)  басқа  ешбір  адам 
түсіне алмайтындықтан, мұны ақылмен тергемей, тек Оның 
білдіргенімен  үйрене  аламыз.  Ол  да  бұл  туралы  хадисінде: 
“Періште, кейде маған шыңғырған дауысқа ұқсас бір түрде ке-
леді. Маған ең ауыр болатыны осы түрі.* Оның айтқандарын 
жадымда  сақтағаннан  кейін,  ол  менен  кетеді.
7
  Кейде  періш-
те  маған  адам  кейпінде  көрінеді.  Маған  айтады.  Мен  оның 
айтқандарын сақтаймын” - дейді.
Міне‚  осы  екінші  түрі  -  уахидің  ең  оңай  жолмен  келген 
түрі. Уахидің бұл түрі көбінесе сахабадан Дихйә есімді кісінің 
кейпінде, кейде белгісіз бір бәдәуидің пошымында келеді. Кей-
бір ғалымдардың айтуынша, Құранның уахиы көбінесе бірін-
ші  түрде,  яғни  Жәбірейіл  періштенің  негізгі  өз  жаратылған 
кейпінде  келуі  арқылы  әрі  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.) 
адамдық  қасиеттен  періштелік  қасиетке  көтерілуі  арқылы 
қабылданған. Жәбірейілдің адам бейнесінде келуі сүннет ре-
тінде қалыптасқан уахиді әкелген жағдайдағысы еді.
8
19

М. Мұхаммед Әбу Шуһбә, әл-Мадхәл, 61-63 бет.
*  Бұған  қоса  бұл  хадисті  риуаят  еткен  Хз.  Айша  күннің  суық  болғанына 
қарамастан  Хз.  Пайғамбардың  уахи  толығымен  түсіп  біткенге  дейін 
шылқылдаған тер ішінде болғандығын жеткізген.
7
 Бұхари, Сахих, Бәдул-Уахи, 1.

М. Мұхаммед Әбу Шуһбә, әл-Мадхәл, 63-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
Пайғамбардың  (с.а.у.)  бұл  сөзіндегі  ерекше  назар 
аударарлық  бір  мәселе  мынау:  Оған  уахи  өте  қиын  келсе  де, 
оңай  келсе  де  уахидан  бұрын  да,  уахи  үстінде  де,  уахидан 
кейін  де  санасы  толық  өз  орнында  болатындығы.  Өз  есінен 
танған халде емес, қайта ақылының ерекше шоғырлануымен 
әрбір  уахиды  зер  сала  тыңдағаны  таң  қаларлық  жағдай 
еді.  “Саған  Жәбірейіл  арқылы  уахи  түскен  кезде,  оны  есте 
тұту  үшін  асығыс  қайталап,  тіліңді  әрекеттендірме.  Оны 
құрастыру,*  оқып  ұқтыру  шын  мәнінде  біздің  міндетіміз. 
Біз  оны  (Жәбірейіл  арқылы)  оқып  берген  кезде,  сен  оның 
оқығанына  ілесіп  отыр  (құлақ  түр)” 
(Қиямет  16-18) 
деген
 
аят 
кәримәсы  да  осы  шындықты  дәлелдейді.  Өйткені  бұл  уахи 
кезінде Пайғамбардың (с.а.у.) барлық зейінін сақтағандығын 
көрсетеді. Мәселен‚ бұл жағдай Таһа сүресінің 114-ші аятын-
да  да:  “(Ей,  Мұхаммед!)  Саған  Құранның  уахи  етілуі  толық 
аяқталмай тұрып, ұмытып қалмайын деп, оны оқуға асықпа” 
- деп білдіріледі. Ибн Аббас бұл аят кәримәның түсуіне байла-
нысты былай деген: “Расулұллаһ (с.а.у.) түскен аяттарды жат-
тау үшін‚ жадында сақтау үшін қиналып‚ көп мәрте еріндерін 
жыбырлатып‚ іштей күбірлейтін. Ол Жәбірейіл келісімен оны 
тыңдап,  ол  кетер-кетпестен  келген  уахиды  Жәбірейілдің  өзі 
секілді оқи бастайтын”.
9
Осылайша Құран түсуінің бүкіл кезеңдерінде осындай 
толық  санасы  мен  зейіні  арқасында  Хазіреті  Пайғамбар 
өзінің  алушы,  жауапты  және  адамдық  тұлғасымен 
уахидың ұлы әмір етуші тұлғасын тіптен араластырмаған.
Жәбірейіл (а.с.) Құран уахиын сүннет ретіндегі уахидан 
бөлек  түрде  әкелетін.  Құранды  бейне  бір  жарлық  түрінде 
алып  оқиды,  сүннет  уахиын  болса,  бірнеше  практикалық 
нұсқаулар  тәсілінде  білдіретін.  Құран  уахиы  келгенде 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  дереу  жазушыларын  шақыртып, 
20

Сенің ойыңда жинау немесе кітап етіп жинау.

Бухари, Сахих, Бәдул-Уахи, 1.

“Хикмет”
баспа үйі
жаздыратын.  Басқа  сөздерін,  яғни  құдси  хадистерді  жаз-
дырмайтын.  Тіпті,  Ол  (с.а.у.)  пайғамбарлықтың  алғашқы 
кезеңінде  сахабалары  мұқияттылық  тәртібіне  үйренгенше 
Құраннан  басқа  сөйлеген  өз  сөздерінің  жазылуына  тиым  
салған.
Демек, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
а) Құран уахиін
ә) Сүннет уахиін
б) Өзіне тән ойды
в)  Пәтуа  мен  хадистерді  өте  жақсы  ажырата  білетін. 
“Расулұллаһты  Аллаһтың  алдында,  Одан  жәрдем,  һидаят 
және  кешірім  тілеген,  әмірін  бұлжытпай  орындаған,  тіпті 
кейде қатаң ескертуге тап болған әлсіз адам ретінде суретте-
ген Құран аят кәримәларын оқыған кісі ұжданының тереңді-
гінде Жаратушының сипаты мен жаратқанының (с.а.у.) сипа-
тын, Жаратушының өз заты мен мақлұқтың затын және ұлы 
Рабтың әдісі мен құлдың әдісі арасындағы шексіз айырмашы-
лықты түсінеді”.
10
 Жоғарыда айтқанымыздай Расулұллаһтың 
(с.а.у.) бұл күйлерін өзгеше әсер етуші әдістермен түсіндірген 
көптеген аят кәримәлар бар. Солардың бірі Абәсә сүресі. Бұған 
мәселен  мына  екі  аят  кәримәны  оқып  көрелік.  Аллаһ  Тағала 
Расулына былай дейді: “(Ей, Мұхаммед!) Олар сені саған уахи 
еткенімізге қиғаштық істетіп, Құраннан басқаны жасатып, біз-
ге жала жаптыра жаздады. (Солай істеген болсаң) олар сені дос 
тұтар еді. Біз сені мызғымас етіп, бекемдемеген болсақ, расында 
оларға біраз бейімделіп, кете жаздаған едің. Егер солай болған 
болса,  саған  әлбетте  тіршілікте  де,  өлгеннен  кейін  де,  еселеп 
азап  тарттырар  едік,  одан  соң  бізге  қарсы  өзіңе  медеткер  таба 
алмас едің” 
(Исра, 73-75)
.
Әсіресе:  “Егер  Ол  (елшіміз)  біздің  атымыздан  өтірікті 
соқтыртқан  болса,  Оны  әрине  құдырет  күшімізбен  қолға 
21
10 
Субхи Салих, Мабахис, 29-бет

“Хикмет”
баспа үйі
алар  едік  те,  күре  тамырын  қияр  едік.  Сендердің  ешқай-
сың  оны  қорғай  алмайтын  едіңдер”
  (Хаққа,  44-47)
.  Міне  бұл 
аят  кәримәдағы  көктің  күркіндей  пәрменді  әмірлер  ескерту 
арқылы  сондай  бір  биікке  ұласады.  Мұның  жанында  басқа 
әрбір қорқыту мәнсіз.
Хазіреті  Айшаның  душар  болған  ифк  (өсек-аяң) 
оқиғасында уахи толық бір ай кешіккен еді. Сол бір ай Оған 
жылдардан  да  ауыр  болған  және  сонша  мұқтаж  болса  да, 
аспан  үнсіз  қалған-ды.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  Қағбаның 
қыбла болуын ынтасымен қалағанда, он жеті айдай ұзақ бір 
мезет жауапсыз қалған еді. Егер Расулдың (с.а.у.) өз қолында 
болғанда,  мұндай  жағдайларда  осыншалықты  күтуі  мүмкін 
емес  еді.  Бірақ  Құран  -  Хазіреті  Мұхаммедтің  Раббысының 
сөзі. Ол өзі қаласа жібереді. Қаламаса байланысты үзеді. Ха-
зіреті Мұхаммедтің қалауы - көктің әмірін жеделдете де, ке-
шіктіре де алмайды.
Бір  топ  бұрынғы  және  қазіргі  кәпірлер  Хазіреті 
Пайғамбарға (с.а.у.) келген уахи жағдайына психологиялық 
түсініктеме беру мақсатымен: “Онда - бірі саналы, енді бірі 
-  саналылығын  жоғалтатын  екі  тұлғалық  мінез  бар”  -  дей-
ді. Бұл идея ешқандай да жаңадан айтылған нәрсе емес. “Бұл 
(Мұхаммедтің) шым-шытырық түстері, не өзі ойдан шығарып 
алғандары  шығар.  Әлде  ол  ақын  шығар…”  - 
(Әнбия,  5)
  деген 
мүшриктер де сол жоғары идеяны  алға қоятын.
Бірақ  жоғарыда  айтқанымыздай  Расулұллаһқа  (с.а.у.) 
уахидің Хира тауында “иқра” (оқы) сөзімен басталып‚ оның 23 
жылдық елшілік дәуірі бойында түскен. Демек демалыс осы 
мезгілдің уахи түскен әр сәтінде ол (с.а.у.) өзінің ояу да сергек 
халін әрдайым сақтайтын. Уахидің алғашқы басталуындағы 
бұндай саналы сезімталдықты, Хазіреті Айша анамыз:
“Расулұллаһқа (с.а.у) уахи алғашқыда ұйқысында көрген 
шын  түстерімен  іске  асқан.  Сондағы  көрген  әр  түсі  таң 
шапағындай айқын әрі айнымай келетін. Кейіннен Ол (с.а.у.) 
22

“Хикмет”
баспа үйі
оңаша  қалу  мен  жалғыздықты  жақсы  көретін  болды.  Содан 
Хирада  оңаша  қалып,  бірнеше  түн  бойы  құлшылық  жасап, 
содан үйге келіп, бірнеше күндік азығын алып‚ қайтадан ке-
тетін. Осылайша бұл ісін қайталап тұратын. Ақыры Хақ Оған 
күтпеген  сәтте  келді.  Хира  үңгірінде  Жәбірейіл  періште 
Оған кенеттен келіп: “Оқы!” деді. Ол оған: “Оқуды білмеймін” 
деп жауап берді. Расулұллаһтың өз сөзімен айтқанда: “ Ол мені 
ұстап  алып,  жанымды  ауыртатындай    дәрежеде  қысты.  Со-
дан босатып: “Оқы!” деді. Мен: “Оқуды білмеймін” - дедім. Ол 
мені тағы ұстап, қатты қысты да сосын қайта босатып: “Оқы!” 
- деді. Мен тағы да: “Оқуды білмеймін” - деп жауап бердім. Со-
сын қайтадан ұстап алып, үшінші рет тағы қысты. Сөйтті де  
қайта босатып:
“Жаратқан Раббыңның атымен оқы!
Ол адамды қан түйірінен жаратты.
Оқы! Раббың аса ардақты.
Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті.
Адамға білмеген нәрселерін білгізді” 
(Алақ, 1-5)
 -деді”.
Расулұллаһ (с.а.у.) үйіне жүрегі дірілдеген күйде оралды. 
Хуайлидтің қызы Хадишаның қасына келіп: “Мені бүркеші, 
мені бүркеші” - деді. Бүркеді. Оның қорыққаны басылды. Со-
сын Хадишаға: “Өзіме алаңдап отырмын” дегенінде, ол: “Жо-
жоқ.  Алаңдама!  Уаллаһи,  Аллаһ  сені  ұятқа  қалдырмайды. 
Өйткені‚  Сен  туыстарыңа  қарайсың.  Тарыққандарға 
жәрдемдесесің.  Мұқтаждарды  киіндіресің.  Қонақты  жақсы 
көріп,  күтесің  және  қиын  күні  досы  болып,  қиыншылықта 
болғандар  мен  жағдайы  төмендерге  жәрдемдесесің”  -  деп 
жұбатып жатты.
11
Міне‚ осылайша уахи Расулұллаһқа ойда жоқта болмаған 
сәтте  келген.  Қорыққан  кезде  сол  сезіммен  пайда  бола-
тын  дененің  сууы‚  бет-жүздің  өзгеруі,  тістердің  сатырлауы 
23
11
 Бұхари, Сахих, Бәдул-Уахи, 7.

“Хикмет”
баспа үйі
сияқты  жағдайлар  Онда  байқалмаған.  Керісінше,  уахидан 
кейін денесінің ыстығы көтеріліп, өңі қызарып, денесі ауыр-
лап, қара терге түсетін. Жамылғы сұрауы тоңғанынан емес, 
көрген ғажайып көріністен үрейленгеннен еді. Расулұллаһтың 
(с.а.у.)  елшілігінің  басынан  аяғына  дейінгі  барлық  дерек-
тер  -  уахи  келердің  алдындағы  және  кейінгі  Расулұллаһтың 
өте  тың,  сана-сезімінің  толықтығы,  мінезінің  де  әдеттегідей 
қарапайым  күйде  болғандығы,  қандай  да  бір  жүйкенің 
бұзылуының  немесе  аурудың  белгісі  байқалмағандығын 
айқындайды.
Хазіреті  Пайғамбарға  уахи  белгілі  уақыттарда  емес,  әр 
түрлі жағдайда келе беретін. Тәбук соғысына қатыспаған үш 
кісіге қатысты үкімді білдірткен аят кәримә 
(Тәубе, 118)
 сәресіде 
үйінде келген. Кәусәр сүресі күндіз‚ мешітте‚ асхабтарының 
арасында отырғанда түскен. Сол сияқты түрлі аяттар ыстықта 
да‚  салқында  да,  түнде  де  күндіз  де‚  кез-келген  уақытта, 
соғыстың қызған сәтінде де‚ тыныштықта да, тіпті миғражда 
да келіп отырған.
Уахидің  сыртқы  көріністері,  яғни  уахиді  қабылдаушы 
Нәбиде  болған  жағдайлар  болса,  ол  да  ақылмен  емес,  сол 
сәтте қасында болған куәгерлердің өз көздерімен көргендерін 
көрмегендерге  жеткізулері  арқылы  білінеді.  Хазіреті 
Пайғамбарға  (с.а.у.)  уахи  періштесі  көрінгенде  Ол  (с.а.у.) 
кәдімгі  адамдық  табиғатынан  шығып,  періштелердің 
табиғатына  көтерілгенде  өз  өмір  салтында  болмаған  күйде 
болатын.  Нәууастан  (р.а.)  риуаят  етілген  хадисте  көктерді 
қоршаған  періштелердің  өзі  естігенде  зорға  көтере  алатын 
иләһи  кәләм  -  «үлкен  әрі  ауыр  сөз» 
(Мүзәммил,  5)
  көкейіне 
салынғанда  қасиетті  денесі,  мысалы  түйенің  үстінде  болса, 
түйесі  шөгуге  мәжбүр  болатындай  ауырлайтын  еді.  Тұрса 
сирақтары иіліп, сынады деп, қобалжытатын.
12
24
12 
М. Хамидуллаһ, «Құран Кәрім тарихы», 11-бет, Ибн Саадтан.

“Хикмет”
баспа үйі
Зәйд ибн Сәбит: “Бір күні мен Оның (с.а.у.) қасында едім. 
Жұрттың көптігінен (тіземізді бүгіп отырғанымыздан) Оның 
(с.а.у.)  тізесі  менің  тіземнің  үстінде  еді.  Оны  бірден  уахи 
халі  тұтты.  Содан  балтырымның  сүйегін  сындыратындай  
ауырлық  сезіндім.  Уаллаһи,  қасымдағы  Расулұллаһ  (с.а.у) 
болмағанда,  қиналғанымнан  шыңғырып,  аяғымды  тартып 
алар едім” - деген.
13
Кейде  Расулұллаһ  (с.а.у.)  уахи  кезінде  есінен  танбай, 
нұрға  қарық  (рухани  мастық)  болатын.  Кейде  Оның  (с.а.у.) 
көкірегінен қорылдаған дыбыс шығатын. Суық күннің өзінде 
қара терге түсетін. Кейде Одан (с.а.у.) айналасындағылар ара 
ызыңына  ұқсас  ызылдаған    дыбыстарды  еститін.  Бірақ‚  не 
айтылғанын түсіне алмайтын. Жалпы отырып қалатын. Ор-
нынан қимылдамайтын. Кейде уахи кезінде үстіне жамылғы 
жамылатын.*
Содан ол уахидың халі өзінен кетер-кетпестен‚ әлгі алған 
уахиды толық сақтап алған күйі өзінің қалыпты жағдайына 
қайта  оралатын.  Еш  әбігер  болмастан  көкейіне  салынған 
кәләмның  Аллаһтан  екендігін  анық  біліп,  барлығын  бейне 
бір жүрегіне нақышталғандай табатын.
Мұсылман  еместер  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  уахи  ке-
зіндегі  терлеуін,  қорыл  шығаруын  және  ауырлау  жағдайын 
ұстама  ауруымен  байланыстырып‚  дәлелдемек  болған.  Бұл 
пікірдің негізсіздігі мына төмендегі мыналардан түсінікті бо-
лады.
а)  Қояншық  болған  адам  ұстамадан  кейін  бүкіл 
мүшелерінде соншалықты бір ауырлық пен әлсіздікті сезіне-
ді. Ол халіне іштей қайғырады. Тіпті‚ ұстамасы ұстаған кез-
де тап болған жағдайларының себебінен кейбіреулері өзін-өзі 
өлтіруді  де  ойлауы  мүмкін.  Ал‚  Пайғамбарымызға  (с.а.у.) 
25
13
 М. Хамидуллаһ, Құран Кәрім тарихы, 12-бет, Бұхари мен Тирмизиден.
* Исрайл ұрпақтарына келген пайғамбарлар да уахи алған кезде жамыла-
тын еді

“Хикмет”
баспа үйі
уахи  келген  кезіндегі  тап  болған  жағдай  егер  қояншық  ау-
руы  болса,  ол  оған  ренжіп‚  ауыруы  басылып  кеткенде  оған 
қуанар еді. Бірақ, нақтылы жағдай оның керісінше. Өйткені, 
Ол  (с.а.у.)  уахи  үзілген  фәтрәт  кезінде  уахи  періштесін 
сағынышпен күтетін.
ә) Уахи - Оның бойынан рухани мастық пен қорылдау бел-
гілерін әрдайым көрсете бермейтін. Кейде періште адам бей-
несінде  келетін.  Расулұллаһ  (с.а.у.)  оның  Жәбірейіл  екенін 
білсе де, өзінің әдеттегі күйін айнытпайтын.
б)  Медицинадан  анықталғандай  қояншық  ауыруы 
ұстаған  кезде  адамның  түсіну  мен  ойлау  қабілеті  түгелімен 
дерлік  жоғалып,  айналасында  болып  жатқан  істердің 
парқына бара алмайды. Өзінде не болып жатқанын білмейді. 
Санасы  өшік  тұрады…  Алайда,  Хазіреті  Пайғамбар  уахидің 
соңынан қасындағы адамдарға құқықтың, мінез-құлықтың, 
құлшылықтың,  әдебтіліктің,  қиссалардың  ең  көркем  мы-
салдарын  қамтыған  Құран  аяттарын  баяндайтын.  Оның  бір 
ұқсасын  жарыққа  шығаруға  барлық  адамзаттың  шамасы 
келмеген сөз бір қояншықтың аузынан қалай пайда болмақ?
в) Қояншық болған адам қатты дірілдейді. Ал‚ бірақ уа-
хи  келгенде  Пайғамбарда  ондай  дірілдеу  күйі  болғаны  ай-
тылмайды.
г)  Қояншық  ұстағанда  адам  сандырақтайды.  Хазіреті 
Пайғамбарда  (с.а.у)  ондай  жағдай  мүлдем  болмаған.  Оның 
уахи  алғаннан  кейін  баяндаған  Құраны  қолымызда.  Дос  та‚ 
дұшпан  да  мойындаған  Құранның  баянындағы  кемелдіктің  
негізі.
ғ)  Жүз  мыңдаған  қояншығы  бар  адамдар  келіп,  кетті. 
Бірақ,  бұлардың  ішінде  мұндай  ұлы  дін  қалыптастырып, 
ақылға  қонымды  негіздер  мен  сөздерді  ортаға  салып,  тепе-
теңдік үлгісін ұсынған бірде-бір адам жоқ.
14
14 
М. Хамидуллаһ, Құран Кәрім тарихы, 12-бет.
26

“Хикмет”
баспа үйі
УАХИДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
Аллаһ  Тағала  аят  кәримәда  “Расында  Құранды  біз 
түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз” - деп

(Хи-
жыр, 9)
 
күші жойылмай мәңгі жалғасатын соңғы бұйрығының 
сақталып,  қорғалуын  өз  мойнына  алғандығын  білдірген. 
Бірақ,  Расулұллаһ  (с.а.у.)  Құранды  бүкіл  адамдарға  жет-
кізуге  міндеттелгендігінен  және  осы  себептер  әлемінде 
Аллаһтың тәртібінің қалай орындалатынын өте жақсы біл-
гендігінен,  дәнекерлікке  кірісіп,  уахиді  сақтауға  қайрат 
танытқан. Нағыз қорғаушы Аллаһ Тағаланың құралы болу-
ды қалаған.
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  және  уахидің  алғашқы 
тыңдаушылары әрі жауаптылары көпшіліктің басым сипаты 
- үммилік (сауатсыз) болғандықтан және жазу құралдары көп 
болмағандықтан  Құран  көбінде  жадыларға  (еске  сақтауға) 
аманат  етілгеніменен,  жазу  ісіне  де  өте  мұқияттылықпен 
қараған. Аллаһ Тағала оған Кітап атын беруімен бірге жасы-
рын түрде жазылуын да әмір еткен болатын. Өйткені, кітап 
- “жазылған нәрсе”.
Сондықтан  Хазіреті  Пайғамбар  уахи  жазушыларын  
атап  қойған  болатын.  Уахи  келген  сайын  олардың  біреу-
ін  шақыртып,  Жәбірейілдің  нұсқауымен,  түскен  бөліктің 
қандай  сүренің,  қай  жеріне  қойылатындығын,  айтып  жаз-
дыратын.  Ол  ресми  тізімнен  басқа  сахабалар  да  мүмкіндік  
тапқандарында  өздері  үшін  жазатын.  Хазіреті  Әли,  Ибн 
Мәсуд,  Убәй  ибн  Кағб  секілді  сахабаларға  тиесілі  Құран 
нұсқалары  осы  түрдегі  меншікті  көшірмелермен  ортаға 
шыққан.  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  келген  уахиді  ай-
тып,  жаздырғаны  туралы  риуаяттар  хадис  кітаптарының 
көптеген  жерлерінде бар.
Уахи  жазушыларының  саны  қырыққа  жуық.  Іштерінде 
төрт  рашид  (адал)  Халифа  және  Убәй  ибн  Кағб,  Халид  ибн 
27

“Хикмет”
баспа үйі
Уәлид, Зәйд ибн Сәбит, Мұаз ибн Жәбәл секілді кісілер бар. 
Төрт халифаның соңғылары һижрәттан кейін  қосылған.
Хазіреті  Пайғамбардың  дәуірінде  жазушылар  Құранды  
құрма ағаштарына, жұқа ақ тастарға, қой мен түйенің жауы-
рындарына  қабырғаларына, иленген терілерге, тақта сияқты 
табылған заттардың бетіне жазатын.

“Хикмет”
баспа үйі
29

“Хикмет”
баспа үйі

“Хикмет”
баспа үйі
ҚҰРАННЫҢ  МАҒЫНАСЫ  МЕН  КЕЙБІР  АТАУЛАРЫ
Аллаһ  Тағала  адамзатқа  жіберген  соңғы  Кітабын,  түрлі 
атаулармен атаған. Бұлардың ең атақтылары әл-Құран және 
әл-Китап сөздері. Әл-Фурқан (бүкпесіз шындықты айырған), 
әт-Тәнзил  (бөлім-бөлім  түсірілген  уахи),  әз-Зикр  (мерей),  ән-
Нур,  әр-Рух,  әш-Шифа  сияқты  атаулар  Құраннан  алынған 
және сандары кейбір ғалымдардың  анықтауынша 55-ке, тіп-
ті 90-ға жететін атаулары бар. Бірақ бұлардың көпшілігі есім 
емес, негізінде оның ерекшеліктерін білдіретін сипаттар.
Құран сөзі - араб тілінде, қара’ә етіс-тігінде фуғлан форму-
ласында түбір сөз ретінде “тилауәт ету, оқу” деген ұғымды біл-
діреді. Мысалы: Қиямет сүресінің 17-18 аят кәримәларында 
осы мағына бар. Әрине, мұнда айтылғаны жатқа оқу.  Құран 
Исм  мәфғул  мағынасында,  яғни  “оқылған,  тилауәт  етілген” 
деген ырықсыз етіс формуласында тұр. Исламның шығуымен 
Құран - Аллаһтың кітабының өзгеше атына ие болып,  Құранда 
да көбінесе осы мағынада қолданылған.
Әл-Китаб болса “жазу немесе жазылған нәрсе” деген сөз. 
Құранның  ең  атақты  осы  екі  есімінің  бірі  -  әл-Құран  тілде 
оқылуы  мен  жүректерде  жатталуына,  ал,  әл-Китаб  болса, 
оның  жазылып,  кітапта  жиналуын  көрсетеді  әрі  оған  ынта-
ландыруды қамтиды. Қырағат пен тилауәт - сөздерді бірінің 
артынан  бірін  реттеуді,  китабәт  болса  -  жазғанда  сөздердің 
пішінін  қосып  жазуды  білдіреді.  Негізгі  мағыналарымен 
КТБ  және  ҚРӘ  сөз  түбірі  “сөзсіз,  жинап,  бір  араға  келген” 
мағынасына  келеді.  Масдар  (түбір)  -  әрі  исм  файл,  әрі  исм 
мәфғул  мағынасын  білдіргендіктен  Құран  және  Кітапты 
“жинаған” немесе “жиналған нәрсе” десек болады. Ол - жүрек 
31

“Хикмет”
баспа үйі
қабаттарында  жиналған  иләһи  үкімдер  немесе  қағаз  бен 
маңдайшаларда  топталған  әріп  пішіндері,  яки  тілдерде  тәр-
тил  етілген  (оқылған)  дауыстар  жиынтығы.  Осылайша  бұл 
Кәлам  -  әр  түрлі  ақиқаттарды  қамтып,  «ілімдерді  жинаған 
сөз» немесе «кітапта жиналған ілімдер» мағынасына келеді.
1
 
Шынында Аллаһ Құранның “барлық нәрсені түсіндіретінін” 
(Нахыл, 89)
 білдірген. Пайғамбарымыз да ол туралы: «Онда сіз-
дерден бұрынғылардың жағдайлары, сіздерден кейінгілердің 
хабарлары  мен  араларыңыздағы  мәселелердің  үкімдері 
бар»
2
 
дей  отырып,  Құранның  жәмийетіне  (мазмұнының 
байлығына) нұсқаған.
Діни  терминдегі  Құранның  анықтамасы  мынадай: 
«Хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.у.)  уахи  жолымен  түсірілген, 
мұсхафтарда жазылған, тәуәтүрмен жеткізілген, тиләуәтімен  
құлшылық етілген ғажайып иләһи сөз».
Құран милади 610-632 жылдары арасындағы 23 жылдық 
елшілік  дәуірінде  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  Аллаһ  тарапы-
нан әр түрлі оқиғалар арқылы жіберілген мәтлу уахилардың  
жиынтығы.
ҚҰРАННЫҢ ТҮСУ ЖОЛДАРЫ
Құранды  жіберген  Заттың  ұлылығын  білдіру  үшін  не 
бұл  нұсқаулардың  уахи  түрімен  келгендігін  көрсету  үшін 
Құран  аят  кәримәларының  келуі  -  нүзул  (түсу)  немесе  сол 
түбірден  инзал  (түсіру),  тәнзил  (көптеп  және  бөлек-бөлек 
түсіру) түсініктерімен баяндалған. Бұл жердегі түсіру сөзінің 
мақсаты білдіру дегенді білдіреді.
Аллаһ Тағала Құранды мына үш түрде түсірген. Олардың 
әрбірі тәнәззүл (көпше түрі: тәнәззүлат) делінеді.
32
1
 М. А. Дераз, «ән-Нәбәул-Азим», 7-8 бет.
2
 Ахмед б. Ханбәл, «Мүснәд», I, 91; Дарими, «Фәзәйлул-Құран», 1.

“Хикмет”
баспа үйі
1)  Құранды  Ләухул-Махфузға  түсірген.  «Әрине  ол,  ұлы 
бір  Құран  Лаухы  Махфузда  сақтаулы» 
(Бүруж,  21-22)
  деген  аят  
кәримә сөзімізді дәлелдейді.
2)  Дүние  аспанындағы  (яғни  жерге  ең  жақын  көктегі) 
«Бәйтул-иззәға немесе әл-Бәйтул-Ма’мурға» түсірілуі.
«Негізінен  Құранды  қадыр  түнінде  түсірдік» 
(Қадір,  1)

«Шын  мәнінде  оны  құтты  бір  кеште  түсірдік» 
(Дұхан,  3)
  және  
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда (…)»
 
(Бақара, 185)
 деген аят   
кәримәлары,  Құранның  Рамазан  айының  түндерінің  бірінде  
түскендігін  көрсетеді.  Бұл  түн  «Қадір  түні»  немесе  «Қасиетті 
түн»  ретінде  анықталған.  Жоғарыда  айтылғандай,  Хазіре-
ті  Пайғамбарға  (с.а.у.)  Құранның  барлығы  бір  түнде  толық 
емес,  жиырма үш жыл бойы түрлі себептердің арқасында жі-
берілген.    Олай  болса,  жоғарыда  айтылған  үш  аят  кәримәмен 
нұсқалғаны,  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  түсіріле  бастағанынан 
басқа да түсу жолы болуы керек. Дүние аспанындағы Бәйтул-
иззәға  түсуін  түсіндірмек  болған  Ибн  Аббаста  мәукуф  сахих 
хадистер  бар.  Бірақ,  осы  жайлы  сөйлеген  сахабаның  сөздері 
– Пайғамбардан (с.а.у.) мәрфуғ түрінде жеткізілген. Өйткені, 
бұлардың  ижтиһадпен  білінетін  мәселе  еместігі  анық. 
Сондықтан олардың бұл мәліметтерді Хазіреті Пайғамбардан 
(с.а.у) үйренгендері түсінікті жағдай.
Әл-Хаким Ибн Аббастан былай риуаят етеді:
«Құран  Зікірден  бөлініп  Бәйтул-иззәға  түсірілді.  Арты-
нан Жәбірейіл оны Хазіреті Пайғамбарға түсіре бастады».
Бұл  тақырыпта  дәлелдеуге  қиындық  туғызған  бірнеше 
көзқарастар  бар.  Бұлардың  біріне  сүйенсек  Құран  дүниенің 
аспанына  жиырма  үш  қадыр  түнінде  түскен.  Әрбір  қадыр 
түнінде  Пайғамбарымызға  бір  жылда  бөлініп-бөлініп,  ене-
тін  уахилар  бір  мәртеде  түскен.  Ал  енді  мына  көзқарас  бо-
йынша,  Құран  қадыр    түнінде  Хазіреті  Пайғамбарға  (с.а.у.) 
33

“Хикмет”
баспа үйі
түсіріле бастаған, кейіннен уақыт өткен сайын уахи жалғаса 
берген.  Бұл  көзқарас  Бәйтул-иззатқа  тобымен  ендірілген-
дігіне  қарсылық  пікір  оятады.  Тағы  да  бұл  көзқарастардың 
бірінде Ләухул-махфуздан бірден енген, Хафаза періштелері 
20 түнде Жәбірейілге бөліп-бөліп ендірген. Жәбірейіл де жи-
ырма жыл бойы белгілі уақыт сайын бөліп-бөліп әкелген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет