ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

15
Айналасы  дұшпандармен,  ұйымдасқан  қастандықтарға 
толы, бейне бір үнемі соғыста болған (және Хазіреті Әлидің ай-
тумен) шайқастың қызған кездерінде мұсылманды паналаған 
Расулұллаһ (с.а.у.) «Аллаһ сені адамдардың қастандығынан 
сақтайды» 
(Мәйдә, 67)
 - деген кепілдігімен сүйіншіленген. Бұл 
хабарды және бұл кепілдікті Аллаһтан басқа кім бере алады?
15
 Зәрқани, Мәнәхил, ІІ, 369 - бет.
187

“Хикмет”
баспа үйі
Құран,  мәтінінің  кемшіліксіз  сақталатындығынан 
және ұласатындығынан хабар берген 
(Хижр, 10)
. Сауатсыз бір 
қауымдағы 600 парақтық осы ұзақ мәтін 1400 жыл бұрын бір 
сөйлемі  де  кемсітілместен  және  бір  сөйлем  де  қосылмастан 
халық ішінде Хақтың дәлелі ретінде қалған. Алайда‚ бұл үш 
жүз  жыл  бұрынғы  мәтіндердің  өзіне  қаншама  күмәндар  ай-
тылуда.
Исламның жеңісті болатындығын 
(Нұр, 55) 
білдірген. Бұл 
кезде  Мәдина  қаласында  бүкіл  дүниенің  дұшпандығын  тар-
татын  және  материалдық  жағынан  олардың  алдында  еш 
нәрсеге тұрмайтындай бір топ мұсылман отыз жыл өтпестен 
Исламның  туын  бір  жағынан  Испанияға‚  екінші  жағынан 
Үндістанға тіккен.
Мекки  болған  (яғни‚  пайғамбарымызға  (с.а.у.)  Мек-
ке  дәуірінде  түскен)  Қамар  сүресінде,  әлі  үш-бес  мұсылман 
бар  кезде  және  олардың  соңы  не  болары  белгісіз  кезде, 
алдағы  уақытта  мүшриктермен  соғыс  болатындығы  -  демек 
мұсылмандардың  санының  артатындығы  -  сонымен  бірге 
ширк  ордасының  ойсырай  жеңілетіндігінен
  (Қамар,  45) 
хабар 
берген және бұл, алғаш Бәдірде жүзеге асқан.
Исламның  жеңіспен  Меккені  алатындығын  және  тағы 
басқа ғайб хабарларды Фәтх сүресі өз ішіне алған
 (Фәтх, 27 және 
16)
.
Мұсылмандардың 
арасында 
тартыс 
пен 
соғыс 
болатындығын  білдірген
  (Әнғам,  65) 
және  бұл  сахабалар 
кезеңінің өзінде-ақ іске асқан.
Хазіреті  Мұсаны  (а.с.)  қуып  жүріп  тұншыққан 
Перғауынның денесінің сақталатындығын білдірген 
(Юнус, 92)

Тәуратта  жоқ,  Құранға  бар  бұл  хабар  Құранның  түскенінен 
он төрт ғасыр кейін ашылған.
16
16
 Маурицио Букаилле, Қасиетті кітап, Құран және білім, 350 - бет. 
188

“Хикмет”
баспа үйі
5) ҚҰРАННЫҢ ҮНЕМІ ЖАҢА БОЛУЫ
Құран  барлық  ғасырлардағы‚  әр  деңгейдегі  адамдарға 
бағытталған  мәңгілік  үндеу  болғандықтан  да‚  әр  ғасырда 
жаңадан  түскендей‚  әрдайым  жаңа  болуы  керек  еді. 
Сондықтан да ол адамдардың еңбектері мен заңдары секілді 
ескірмейді. Құранның үкімдері сондай тұрақты әрі тамырлы 
болғаны соншалық‚ ғасырлар өткен сайын ол тамырын одан 
ары тереңге жайып‚ қуаттана түсуде.
Өзіне тым сенген және Құранға қарсы істерден құлағын 
басқан осы ғасырдың әһли кітап пен зиялылары! Құранның 
«Ия  әһләл-Китаб»‚  «Ей‚  Әһли-Китаб!»  деген  тәрбиелік  мәні 
тым  үстем  болған  үндеуіне  сондай  мұқтаж  болғаны  сонша‚ 
әһли Кітаппен бірге әһли мектепті‚ яғни‚ оқымыстыларды да 
қамтиды. «Ей, кітап иелері! Не үшін ақ пен қараны шатасты-
рып, біле тұра ақиқатты (Мұхаммедтің Таураттағы сипатта-
рын) жасырасыңдар?»
 (Әли Имран, 71) 
немесе «“Ей, кітап иелері 
(яһудилер мен насаралар)! Сендер және біздер болып мынадай 
ортақ бір ауыздылыққа келейік: Бір Аллаһқа ғана құлшылық 
етейік, оған ешқандай ортақ қоспайық‚ Аллаһтан тыс бір-бі-
рімізді тәңір тұтпалық” деп айт» 
(Әли Имран, 64)
 - деген секілді 
үндеу-шақырулар яһуди және христиан болған әһли кітаппен 
бірге әһли мектепке, яғни‚ ілімдердің дамуымен шындықты 
аңғару мүмкіншіліктері артқан зиялыларға ескерту еді.
Адамдар  мен  қауымдар  қарсы  шыға  алмаған  Құранға 
қарсы  бүкіл адамзаттың білімінің, бәлкім жын-шайтандардың 
пікірлерінің нәтижесіне сүйенген қазіргі батыс мәдениеті ере-
гесу жағдайын ұстанған. Бірақ Құранның «(Ей, Мұхаммед!) 
“Егер‚ адамдар! жындар осы Құранға ұқсас Құран жаратпақ 
болып жиналса, тіпті‚ біріне бірі көмектессе де, оны жарыққа 
шығара  алмайды» 
(Исра,  88) 
деген  жекпе-жекке  шақыруына 
қарсы  шыға  алмай  жеңіліп,  адамзатқа  не  тұлғалық‚  не 
қоғамдық арнада бақыт сыйлай алмаған.
189

“Хикмет”
баспа үйі
Тек материалдықты ғана көрген‚ бір көзді Дәжжал секіл-
ді рухани көзі көр болып, дүниенің үлкен бір бөлігінде үкім 
жүргізген  осы  заманғы  Батыс  мәдениетінің  шындық  пен 
адамгершілік  жағынан  Құранға  қарсы  шыға  алмағандығы, 
оның  (батыс)  негізгі  принциптері  мен  Құранның  ережелері 
арасындағы мына салыстырулар мен айғақталады:
Батыс  мәдениеті  қоғамдық  өмірде  тірек‚  тиянақ  ретінде 
қуатты қабыл етеді. Нысанасын “пайда” деп біледі. Өмірлік 
көзқарас ретінде күресті таниды. Қауымдардың байланыста-
рын ұлтшылдық (фашисттік) тұрғыдан қолға алады. Мақсаты 
-  нәпсінің  құштарлықтарын  тойдыру  және  адамзаттың 
қажеттіліктерін  арттыру  үшін  кейбір  ойын-сауық  іспетті 
мәні жоқ нәрселерді өндіру.
Алайда  қуаттың  жасайтын  ісі  өзгенің  ақысын  таптау‚  
шапқыншылық. Мүдденің ауқымы әркімнің қалауына жет-
кілікті  болмағандықтан  ол  үшін  жұлқыласуға  жол  ашу. 
Күрестің  апаратыны  шайқасу.  Фашисттік  ұлтшылдықтың 
апаратыны  болса  басқаны  кемсітіп‚  сәтін  тапқанда  оны 
жұтып  қоректену,  қанау  болғандықтан  шапқыншылық 
болып  табылады.  Мінеки  осы  негізгі  принциптерінен  Ба-
тыс  мәдениеті  мөлшер  және  ұсақ-түйектегі  көптеген 
әдеміліктеріне қарамастан адамзаттың тек жүзден жиырма-
сына бір түрлі бұлынғыр‚ өкінішті бақыт беріп‚ жүзден сексе-
нін қиыншылық пен жоқшылыққа тастаған.
Ал‚  Құранның  өзгешелігі  болса‚  ол  сүйенетін  тіре-
гі  ретінде  күш-қуатты  емес  хақты  қабылдайды.  Мақсаты 
-  пайданың  орнына  абзалдық  пен  Аллаһ  ризалығын  негізге 
алады. Өмірде шайқастың орнына жәрдемдесу қағидасын не-
гізге  алады.  Ұлттардың  байланыстарында  туысқандық  пен 
ұлтшылдықтың орнына дін, кәсіп және отан сүйу байланыста-
рын қабылдайды. Мақсаты – нәпсінің заңды емес күрестеріне‚ 
шапқыншылығына  кедергі  болып,  рухтың  ұлы  сезімдерін 
қанағаттандыру және адамзатты кемелділікке жетелеу.
190

“Хикмет”
баспа үйі
Хақтың ауқымы, апаратын жері бірлестік. Абзалдықтың 
нәтижесі  -  ынтымақтастық.  Жәрдемдесудің  нәтижесі  - 
бір  біріне  дер  кезінде  қол  ұшын  созу‚  медет  болу.  Діннің 
нәтижесі - бауырмалдық. Нәпсі әммарәнің басқаруына ерік 
бермей, рухты кәмілдікке апарудың нәтижесі - екі дүниенің 
бақыты.*
Міне‚  осылайша  Батыс  мәдениетінің  философиясы, 
бұрынғы  аспанды  діндерден  және  Құранның  тура  жолды 
көрсеткен негіздерінен алған жақсы жақтарына қарамастан, 
ақиқат  тұрғысында  Құран  алдында  жеңіліп  қалған.  Адам-
зат  тарихындағы  барлық  жабайылық  пен  зұлымдыққа 
тең  келетін  жабайылылығы  мен  зұлымдығын  бірінші 
және  екінші  дүние  соғыстарында  іске  асырып,  адамзат  на-
зарында  күйрегендігін  білдіргеннен  кейін  «хақ,  құқық, 
бостандық, артықшылық, жәрдемдесу» секілді принциптер-
ді тергей бастағандығы көрінсе де нәтиженің өзгермегендігі 
барлығымыз көріп тұрған аянышты шындық.
17
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ХАБАР БЕРУІ
Құран  түскеннен  кейінгі  ғылыми  жұмыстардың‚ 
техникалық табыстардың Құран нұсқаған кейбір мәселерді 
ортаға шығаруы оның ғайбты білдіруінен еді. Бұл тақырыпта 
көптеген  аяттар  бар.  Тек  бұл  аят  кәримәларға  мысалдар 
келтірмес  бұрын  Құранның  пән  білімдерімен  байланысы 
тақырыбында жалпы түсініктеме бере кетелік.
* 
«Нағыз  шындық,  дұшпан  да  мойындаған  шындық».  Мыңдаған  Ис-
лам  дұшпандарының  ішінен  Исламның  ең  қатал  дұшпаны  Е.  Ренанның 
(  ө.1892  ж.)  бір  сөйлемін  айтып  кетейік:  «Әр  мәдениеттің  құны  оның 
жаратушылығында, ғылым мен өнерге қосқан үлесінде, қоғамға әкелген бей-
бітшілігі пен әділеттілігінде  дейтін болсақ, Ислам алғашқы бес ғасырында 
және әлсін-әлсін 18 ғасырға дейін әлем тарихының алтын парақтары болды 
деуге мәжбүрміз» (Ренанның Ислам және Білім конференциясынан алын-
ды, 180-206 б.б.)
17
 Б. Сайд Нұрси, Сөздер, 428, 756-757 беттер.
191

“Хикмет”
баспа үйі
Құранның пән білімдерінің мәселелерін қолға алып‚ сіл-
теме жасауында бес негізгі ерекшелік бары. Оларды сауатсыз 
бір қоғамның өзі емес‚ оның үмми бір мүшесінің де талқылауы 
мүмкін емес.
1)  Құран  пән  ілімдердің  мәселелерін  негізгі  тақырыбы 
қылмаған. Болмысқа өздері үшін емес мужидтері‚ яғни‚ олар-
ды бар еткен Аллаһ үшін, Оны таныту үшін қараған. Бұл ту-
ралы адамның мағлұматтары һәм уақыт өткен сайын өзгеруде 
һәм  көріністердің  әсерінде  қалған  көпшіліктің  түсінігіне 
салмақ салуда.
Сондықтан  Құранның  «адамзатқа  жол  көрсету»  ба-
сты  мақсатының  қасында  адамдардың  тәжірибе  және 
еңбектерімен  иелене  алатын  осы  мағлұматтарды  беруі,  өте 
маңызды  емес  тақырыпқа  айналуда.  Басты  мақсаты  болса 
– тәухид. Әлемдегі жүйе де тәухидтің дәлелі. Құран осы жүйе 
пікірін  және  әлемдегі  болмыстардың  Жаратушыларының 
басқаруында  болған  пікірін  ақылдарға  қондыру  үшін‚ 
адамдардың  оларды  не  үшін  ойлаулары  керектігін,  қалай 
ойлайтындықтарын,  қандай  мәселерде  ойлану  керектігін 
түсіндіруде дұрыс ойлану жолдарын көрсетуді қалаған.
2)  Көкте  және  жер  жүзіндегі  болмыстар  туралы  түрлі 
аңыздарға  тіреліп  қалған  адамдарды  ескертіп,  назар  аудар-
тып, тырысу арқылы олардың шын мәндерін үйренуге ынта-
ландырады.
3) Құран Жаратушы Аллаһтың құдіретіне және хикметі-
не дәлел ретінде табиғаттағы бір мәселені тілге тиек еткенде, 
ілімімен және құдіретімен бүкіл әлемді қамтыған Заттың жер 
жүзі, көк, тау, теңіз, бұлт, су, өсімдік, хайуан, адам, жансыз 
заттар туралы баяндау түрінде Оған лайықты дәрежеде айта-
ды.
4)  Құран  бұл  тақырыптарда  сондай  бір  тәсіл  мен  баян-
дау  әдісін  қолданады.  Ол  да  Құранның  Жаратушыға  дәлел 
192

“Хикмет”
баспа үйі
және  адамды  һидайәтқа  түсіру  жөніндегі  негізгі  мақсаты 
ашық  болса  да‚  ол  нәрсені  шын  мәні  жағынан  жабық  және 
мүтәшабиһ болып қалдыруда, шын мәнін білдірту ұсақ-түйек 
нәрсе  саналғандықтан‚  адамдардың  өздерінің  деңгейлеріне 
қарай түсінулеріне мүмкіндік берілуде.
Мысалы‚ күнді, жерді,  көкті және құдірет, ілім, хикмет 
әрі ерікті көрсететін әлемдегі бұл жүйенің ұлы Жаратушыға 
дәлел  екендігін  жиі-жиі  алдымызға  жаяды.  Мақсат  осы 
болғанда әлемнің ар жағында бұл жүйе көрінеді. Алға қойған 
мақсат  нәтижесіне  жетеді.  Болмыстың  пайда  болуы  және 
шын мәнісі не болса болсын‚ алға қойылған талаппен тікелей 
байланысы жоқ.
18
Мінеки мына ақиқаттардың жарығында:
а) Құранды пән білімдерінің басқарушылығына қалдырмау.
ә) Нақтыланбаған теориялар бойынша оны тәпсір етіп айны-
малы күйге түспеу.
б)  Мұсылмандарды  Құранның  өзгермейтін  шындықтарды 
қамтыған сенімінде күмәнға түсірмеу.
в) Лексикалық көрсетулердің шегінде қалып‚ ауыр міндет-
темелерге жорып‚ қинауға бармау шарттарымен‚ пән ілімдерінің 
ашылуларына Құранның нұсқауын түсіндіре аламыз.
Бұл туралы өлкемізде 1981 жылы жарық көрген «Құран 
Кәрім  және  Жаңа  ғасырдың  ғылымдары»  атты  ғылыми 
жұмыс  дайындаған  құрметті  Жәләл  Кыржа  былай  дей-
ді:  «Жаңа  ғасырдағы  ғылымдардың  дамуымен  күшейген 
ілім,  көптеген  Құрани  ақиқаттардың  есігін  бізге  ашып  бе-
руде.  Бұрын  түсініксіз  болып  келген  көптеген  сырлы  аят 
кәримә, бұл күні бізге сырлы емес. Осымен бірге көптеген аят 
кәримәлар одан сайын сырын ашуда. Иманға және үкімдерге 
тиісті  аят  кәримәлардан  тыс  жаратылыс  аяттарының 
18
 Б. Сайд Нұрси, Ишарат, 103-104 беттер.
193

“Хикмет”
баспа үйі
Құранның рухына‚ Исламның мәніне қайшы болмау шарты-
мен тәжірибелік тұрғыда ілімдермен жорамалдануы‚ әрі сол 
арқылы  мағыналарының  ашығырақ  болуы  үшін  жасалған 
тәпсірлер мен жорамалдауларды қабылдап, заңды санауға ти-
іспіз. Мұндағы керегі тәпсірлерді шектен шықпай тәпсірлеп‚ 
мақұлданған өлшемдер аясында ой жүгірту.
19
ҚҰРАНДА ХАБАРЫ БЕРІЛГЕН ЖАҢА ҒАСЫРДА 
АШЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА МЫСАЛ
Астрономиялық:
Әлемнің  алғашқы  затының  қалай  пайда  болғандығы 
қазіргі таңда нақты түрде белгілі болуда. Бұл, бәлкім үнемі 
осылай жалғасатын шығар. Бірақ‚ “дұрыс” деген ықтималды 
көп  сүйеніш  ететін  кейбір  дәлелдері  бар  бірнеше  көзқарас 
ұсынылған. Құран Кәрімнің осы тақырыпқа байланысты ба-
яндары мына теориялармен жақсырақ анықталуда.
«Көк  пен  жер  тұтасқан  біреу  еді,  екеуін  бөліп  қойдық. 
Күллі жандыны судан жараттық, кәпірлер мұны көрмей ме? 
Сондай-ақ (Аллаһтың құдіретіне) сенбей ме?»
 (Әнбия, 30)
.
«Онан соң аспанды жаратуға кірісті, ол бір тұман әлетінде 
(халінде) еді»
 (Фұссиләт, 11)
.
Демек‚  қазіргі  кездергі  астрофизиктердің  айтқандары 
осы аят кәримәлардың шеңберін айналсоқтауда.
20
Дүниенің  шар  тәрізді  екендігін  нұсқаған  көптеген  аят 
кәримәлар бар:
«Ол түнді күндізге кіріктірді, күндізді түнге кіріктіреді» 
(Зүмәр, 5)
 - деген аят кәримәсында өткен тәкуир (юкәввирү), бас 
19
 Ж. Кыржа, «Құран Кәрім және қазіргі ғылымдар», 125 - бет.
20
 Кең мәлімет үшін сол туынды, 130-133 беттер.
194

“Хикмет”
баспа үйі
секілді сфералық дененің айналасында бір нәрсені‚ мысалға, 
шөлмекті айналдырған орам, нақ қазақша сөйлеммен “орау” 
делінеді.
21
  Ғылыми  көзқарастарға  қарағанда  Құранды 
тәпсірлеуден  тартынған  Сәйид  Кұтұбтың  өзі  бұл  аят 
кәримәның тәпсірінде былай дейді:
Бұл тәкуир сөзі жер жүзінде көрінген нақты бір ақиқатты 
суреттеуде.  Жер  шары  өз  білігінде  күнге  қарсы  айналуда. 
Жердің домалақ болған бетінен күнге қараған бөлігін жарық 
қармтиды‚  әрі  күндіз  болады.  Бірақ‚  бұл  жарық  жалғаса 
бермейді.  Өйткені‚  жер  айналуда.  Жер  жүзі  әрекет  еткен 
сайын  түн  басталады  және  үстінде  күндіз  болмаған  бөлігі 
қараңғылықпен бүркенеді. Жердің беті домалақ болғандығы 
үшін  үстіндегі  күндіздер  де  айналады.  Әрине  оны  қуалап 
отырған түн де айналады. Бір мезеттен кейін басқа жағынан 
күндіз  басталады  және  түннің  үстіне  оранады.  Бұл  әрекет 
осылайша жалғасады: «Түнді күндізге, күндізді де түнге ора-
ды».  Қолданылған  сөз  бейнені  сызып,  жағдайды  білдіртіп, 
жердің мәнін және қозғалысын ашықтауда. Жердің шар се-
кілді болуы және айналуы осы сөзді (тәкуир сөзін) өте айқын 
түрде тәпсір етуде».
22
Махмуд  әс-Саууафқа  қарағанда,  дүниенің  айналғанды-
ғына немесе айналмағандығына қатысты Кітапта да‚ Сүннетте 
де  нақты  дәлелдер  жоқ.  Тек  қана‚  дүниенің  айналғандығын 
көрсеткен  аят  кәримәлар  бар.  Ол:  «Тауларға  қарап  олар-
ды мызғымай тұр деп ойлайсың, бірақ‚ олар бұлт тақылетті 
көшіп жүреді»
 (Нәміл, 88)
 - деген аят кәримәсын көптеген аят 
кәримә  арасынан  дүниенің  айналатындығын  нұсқаған  аят 
кәримә деп есептейді.
23
21
 Сол туынды, 138 - бет; Тәфсирул-Мәнар, І, 211 бет.
22
  С.  Кутуб,  «Фи  Зилалил-Құран»,  Зүмар  сүресінің  5-ші  аятының 
тәфсирінде. 
23
 Ж. Кыржа, 141-142 беттер, н. 42.
195

“Хикмет”
баспа үйі
Физика:
Көкке көтерілген сайын ауадағы оттегінің мөлшері азай-
ып,  ауаның  қысымы  әр  100  метрде  1  дәреже  түскендігінен 
тыныс  тарлады.  Сөйлеу  мен  көру  қуаты  қиындайды.  Талу 
жағдайлары  пайда  болады.  20  000  метрден  өткенде  арнайы 
аспап  болмаса  тыныс  алынбай‚  өлу  халі  туады.  Сондықтан‚ 
биікте  ұшқан  кездерде  тыныс  алу  аспаптары  қолданылады. 
Бұл  шындықты  Құран  мына  аят  кәримәсында:  «Аллаһ  кім-
ді  дұрыс  жолға  салғысы  келсе,  оның  көкірегін  Ислам  үшін 
кеңітеді. Аллаһ кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін ол 
бара жатқандай аспанға шығып тарылтып қояды» 
(Әнғам, 125).
Геология:
Геология таулардың жер үстіндегі бөлігіндей мөлшерінің 
жер астында да іргесінің болғандығын байқаған. Бұл жайлы 
Құран:  «Жерді  бесік,  тауларды  қазық  етпедік  пе?» 
(Нәбә,  6-7) 
- деген. Өйткені‚ шатыр қазығының жартысына жуық бөлігі 
жерге  қадалаған.  Тағы  бір  аят  кәримада:  «Оған  тауларды 
мызғымас қылып орнатты»
 (Назиғат, 32)
 дейді.
Атмосфера  теңізінде  жүзген  жер  шарының  теңдігін 
таулардың  ұстайтындығы  да  мына  аят  кәримәда:  «(…)  Сен-
дерді  (сілкініп)  теңселтпесін  деп  жер  жүзіне  тауларды  ор-
натты» 
(Лұқман,  10)
  -  деп  көрсетілген.  Геологияда  таулардың 
іsostasy деп аталатын, жердің тепе-теңдігі заңының маңызды 
бір  элементі  болғандығы  бертін  кездерде  анықталған.
24
  Ге-
офизикада  “ыстық  нүктелер”  (hot  spots)  деп  аталатын  және 
дүниеде 110 жуық деп белгіленген үлкен тау массалары бар. 
Бұлар  жер  қабатының  әрекетіне  кедергі  болып,  жердің  өте 
тереңдіктерінен (мантодан) көтеріліп, жер қабатын тескеннен 
кейін үстінде қатаю арқылы дерлік бір шеге түрінде қабатты 
24
 Уахидуддин Хан, 218 - бет, т.б.; М. Х. Языр, VІІ, 5532; С. Кутуб, «Фи Зи-
лалил-Құран», Нәбә сүресінің 7-ші аятының тәфсирінде.
196

“Хикмет”
баспа үйі
анықтаған  (базалт  қабаттағы)  үлкен  магма  массалары.  Аят 
кәримәлардың  білдіруімен  жаратылыстағы  жағдайды  жо-
рамалдайтын  ғылымның  қазіргі  нәтижелері  арасындағы 
сәйкестік күн сияқты ашық көрінеді.
Ботаника:
Ағаштарды  ұлау  (ұрықтандыру)  бұрыннан  бері  бел-
гілі  жағдай  болса  да,  жақын  араға  дейін  желдердің 
ұрықтандырумен  қайсы  бір  байланысы  бары  білінбеген  еді, 
«(…) жемістердің әр түрін аталық-аналық етіп екі жұптан жа-
ратты» 
(Рағыд, 3)
 - деген аят кәримәсы білдірген ақиқат ашылып, 
бүкіл өсімдіктердің гүлдерінде еркек және ұрғашы жұбының 
болатындығы‚  әрі  еркектің  ұрғашыны  ұрықтандыруымен 
жемістердің  шығатындығы  белгілі  болған.  Демек‚  бұл 
ұрықтану желдер арқылы болғандығы анықталған.
25
Генетика:
«Раббыларың  адам  балаларының  белінен  олардың 
нәсілдерін шығарды және оларды өздеріне куә қылып: “Мен 
сендердің  Раббыларың  емеспін  бе?  дегенде,  олар:  Әрине, 
жаратушымызсың,  біз  куәміз”  деді.  (Оларды  мойындатуы-
мыз)  қиямет  күні:  “Біз  мұны  ұқпаппыз”  деп  айтпауларың 
үшін» 
(Ағраф, 172)
.
Сәйид  Кутуб  бұл  аят  кәримәны  ашықтағанда  мына 
анықтамаға  да  орын  бөледі:  «Шынымен  Құран  Кәрім 
болмыстың  ең  терең  нүктелерінен  адам  жаратылысының 
тереңдіктерінде  жасырынған  бұл  өте  тұңғиық  ақиқатты 
осыншалық  дәрежеде  жарқын,  теңдессіз  және  қайран 
қалдыратын    сахнада  көрсетеді.  Әрі  мұны,  ішінде  өмір 
сүрген  уақытымыздан  он  төрт  ғасыр  бұрын    адамдардың 
тегі  және  табиғаттарының  шын  мәнісі  туралы  жорамалдар-
25
 «Тәфсирул-Мәнар», І, 210 - бет; М. Х. Языр, ІV, 3053; М. Букаилле, 280-
281 беттер; Ж. Кыржа, 166 - бет. 
197

“Хикмет”
баспа үйі
дан  басқа  еш  нәрсе  білінбеген  бір  ортада  білдіреді.  Сонша-
ма  ғасырлар  өткеннен  кейін  адамзат  бұл  шындықтармен 
қатар‚  адам  табиғаты  туралы  біршама  нәрселерді  үйрену 
мүмкіншілігін  тауып  отыр.  Мысалы:  Ғылым  Гендердің 
(адамның бүкіл өмірін ішіне алған бір кесте күйіндегі тұқым 
қуалаушылықты  бейнелеген  жасушалардың)  бір  анкета  (ті-
зім) дәптері екендігін және адамдар әлі тұқымдарда жасуша-
лар күйінде тұрғанда олардың барлық ерекшеліктерінің сол 
гендерде  жасырын  болатындығын  үйретеді.  Үш  миллиард 
адамның тізімін сақтаған‚ әрі олардың барлық ерекшелікте-
рін  қамтыған  гендердің  көлем  жағынан  1см
3
  (бір  сантиметр 
кубтан)  аспайтындығын,  яғни‚  бір  тігіс  оймағы  сияқты  бір 
жерге  сыйятындығын  білдіреді.  Бұл  –  бұрынғы  дәуірлерде 
мұны  айтқан  адамды  бірден  жынды  дейтіндей  пікір  еді. 
«Құранның мүлде ақиқат екендігі айқындалғанша біз оларға 
атыраптағы  және  өз  бастарындағы  белгілерімізді  көрсете 
береміз.  Раббыңның  барлық  нәрсеге  куә  екендігі  (сенің 
растығыңның дәлелі болуға) жетерлік емес пе?» 
(Фұссиләт, 53)
 
деп, бұйырған Ұлы Аллаһ әлбетте дұрыс айтады».
26
Дактилоскопия:
Бұл  ілім  бұтағы  саусақ  іздерін  зерттейді.  Саусақ  іздері 
өмір бойы сол қалпында қалады. Еш өзгермейді. Адамдардың 
басқа  мүшелерінде  ұқсастық  болса  да‚  саусақ  ұштарындағы 
іздерде  екі  адамның  ұқсас  болуы  мүлдем  мүмкін  емес.  Осы 
арқылы  жеке  тұлғаларды  ең  сенімді  түрде  анықтауда‚  оған 
қол  қойдыру  әдісін  қауіпсіздік  және  құқықтық  мекемелер 
жанды пайдаланып‚ табысқа жетуде. Бұл әдіс алғаш рет XІX 
ғасырдың  соңғы  ширегінде  Англияда  қолданыла  бастаған‚ 
сонан соң шартарапқа жайылған.
Құран өлгеннен кейін адамның бүкіл клеткаларымен ті-
26
  С.  Кутуб,  «Фи  Зилалил-Құран»,  Ағраф  сүресінің  172-ші  аятының 
тәфсирінде.
198

“Хикмет”
баспа үйі
рілетіндігін білдірерде адамның мына өте жұқа ерекшелігін 
былайша көрсетеді: «Адамзат бізді өздерінің сүйектерін жи-
най алмайды деп ойлай ма? Олай емес, Біз олардың (ең нәзік) 
саусақ  сүйектерінің  өзін  орны-орнына  келтіріп‚  құрауға 
әрине күшіміз жетеді» 
(Қиямет, 3-4)
.
Биология:
Адамның  көбею  мәселесінде  Құранның  көптеген  аят 
кәримәларынан‚  әсіресе‚  Хаж  сүресінің  5  және  Мүминун 
сүресінің  11-13  аят  кәримәларын  қолға  ала  отырып‚  қазіргі 
биологияның осы тақырыптағы анықтамаларымен салысты-
рып,  екеуінің  арасында  толығымен  сәйкестік  бар  екендігін 
тапқан  медецина  профессоры,  Құранда  білдірілгендердің 
XІX  ғасырға  дейін  жер  жүзінің  ешбір  жерінде  адамзатқа 
мүлде  белгісіз  екенін  айтып,  сөздерін  былай  аяқтайды: 
«Құран - сырын ашу үшін адамдардың жүздеген жылдарын 
сарып қылатын көбею тақырыбындағы негізгі шындықтарды 
қарапайым түсінікпен ашқан»
27
Гигиена
Құран 
Кәрім 
әр 
салада 
бекіткен 
үкімдерімен 
адам  ұрпағының,  дене  және  рух  саулығын  қорғауын 
қамсыздандырғаны  секілді,  түсуінен  көп  уақыттан  соң 
түсдіріліп нақтылыққа ие болған кемелді гигиена заңдарын 
да білдірген еді.
«Құран Кәрімде, гигиена тұрғысынан да маңызды болған 
киіну  (киіммен),  оның  тазалығы,  жеткілікті  дәрежеде  дем 
алу, жақсы тамақтану, жаман және бұзылған нәрселерді же-
меу туралы айтып‚ ол жайлы адам баласының назарын ауда-
руда».
27
 М. Букаилле, 293-306 беттер.
199

“Хикмет”
баспа үйі
Тағы  Құран  Кәрімде  жемістер  өсімдіктер  мен  олардың 
пайдалары  туралы  ерекше  айтылған  және  жақсы‚  жаман 
ішімдіктер туралы мағлұматтар берілген. Онда олардан сөзсіз 
зиян беретіндіктерінен ішімдік ішуге нақты тиым салынған. 
Тамақтану  мен  емделу  және  жалпы  денсаулық  әсерінен 
өлгендерді көму (жерлену) де Құран баяндаған істер.
28
Шамадан тыс ішіп-жеу не мүлдем аз ішіп-жеуден аулақ 
болуды  және  ұстамдылықты  әмір  еткен  Құран  Алмалылы 
М.  Х.  Язырдың  сөзімен  айтқанда‚  «ол  бір  аят  кәримәда-ақ 
(Ағраф,  31)
  медицинаның  жартысын  қамтыған  (түйіндеген).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет