ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор


3) Үшінші ендірілуі уахи әмині (аманатшысы) Жәбірейіл  арқылы Пайғамбарға (с.а.у) әкелінуімен дүниені жарқырата  бастаған. АЯТТАР



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3
3) Үшінші ендірілуі уахи әмині (аманатшысы) Жәбірейіл 
арқылы Пайғамбарға (с.а.у) әкелінуімен дүниені жарқырата 
бастаған.
АЯТТАР
Аят сөзі сөздікте әр түрлі мағыналарды білдіреді:
а) Мұғжиза: «(Ей, Мұхаммед!) Исрайл ұрпақтарынан оларға 
қаншалық айқын дәлелдер жібергенімізді сұра»
 (Бақара, 211)
.
ә) Белгі: «Оның  патшалығының ғаламаты болып, сендер-
ге бір сандық келеді (…)» 
(Бақара, 248)
.
б) Ғибрат: «Расында мұнда ғибрат бар еді. Сонда да олар-
дың көбі иман келтірмеді» 
(Шұғара, 158)
.
в)  Қайран  қалдыратын
‚  ешкім  көрмеген  іс:  «Біз 
Мәриям-ның  ұлын  (Исаны)  және  оның  шешесін  (Мәриямды) 
(құдіретімізге) бір дәлел қылдық» 
(Мүминун, 50)
.
г)  Дәлел:  «Көктер  мен  жерді  жаратуы,  тілдерің  мен  
өңдеріңнің  алуан  түрлі  болуы  да  –  оның  белгілері  (Оның  
барлығының дәлелі)» 
(Рум, 22)
.
Бұл  мағыналардан  басқа  діни  терминде  «Құранның  кез-
келген бір сүресіндегі басы және соңы болған, бір немесе одан 
көп  сөйлемнен  құралған  сөз»  екендігі  айтылған.  Сондықтан 
Құран аят кәримәлары әрі мұғжиза, әрі Пайғамбарымыздың 
34
3 
Зәрқәши, Бурһан, I, 228-230 бет; Әділ Камал, «Улумул-Құран», 12-13 бет.

“Хикмет”
баспа үйі
(с.а.у.) пайғамбарлығына дәлел, оны ойланғандар үшін ғибрат 
әрі таңғаларлық‚ әрі қайрандық туғызатын сирек нәрсе неме-
се һидаят дәлелдері.
Аяттың көпше түрі - ааят немесе ай. Аяттың соңғы сөзі - 
екі аятты бір-бірлерінен айырғандығы үшін фасыла (айырған) 
делінеді. Бұл фасыла сөзінің соңғы әрпі - харфул-фасыла де-
лінеді. Фасыланың көпше түрі - фәуасил. Құран сүрелерінде  
шектеулі  түрде фасылалар бар. Мысалы: Йәсин сүресінің фа-
сыла әріптері нун мен мимнен ғана тұрады.
Құранның кейде бір аят кәримәдан аз немесе одан да көп  
бөлігі - тәжәууз (кеңшілдік, астарлы сөз) бейнесімен аят деп 
аталатыны  да  бар.  Ең  ұзын  аят  көбінесе  мұсхафтарда  толық 
бір парақ қамтыған мұдайәнә аяты 
(Бақара, 282)
. Ең қысқа аят 
� َ� ���ا َو
 
(Дұха, 1)
 сөзі болып табылады. Ал, әріптен болса, бір 
аят саналған Йәсин болып табылады
 (Йәсин, 1)
. Құранда 77 934 
сөз бар.
Құранның  аяттарға  бөлінуі  ижтиһадпен  немесе  қияспен 
жасалмай, Шариғ (Аллаһ шариғатты белгілеп‚ бекіткен) тара-
пынан тәуқифи түрде білдірілген. Яғни, қазіргі қолымыздағы 
қасиетті мұсхафтардағы сүрелердің аяттары, әріп-әрпімен Ха-
зіреті  Пайғамбарға  (с.а.у.)  Жәбірейілдің  білдіргені  бойынша 
орын  алған  және  орындары  өзгертілмейді.  Сондай-ақ  түскен 
әр  аяттың  қай  сүренің  қандай  бөлігіне  қойылатындығын 
тек  Аллаһ  өзі  білдірген.  Хазіреті  Пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
Құранның әр сүресін намаздарда, уағыз және жол көрсеткенде, 
үкім берген жағдайларда қаншама рет оқыған және әр жылы 
Рамазанда  Жәбірейілге  оқып  отырған.  Бұлардың  барлығы 
Құрандағы  қазіргідей  рет-қатарымен  болған.  Сол  себептен 
де, мысалға Йәсин бір аят кәримә болып есептелсе, оған ұқсас 
Тасин аят деп саналмаған. Мысалға Рахман сүресінде “әр-Рах-
ман”  немесе  “Мүдһәммәтан”  секілді  бір  сөзден  тұратын  аят 
кәримәлардың болғаны ол туралы пайғамбарға жеткенімен біз 
35

“Хикмет”
баспа үйі
оған  шектелеміз.  Аяттарға  бөлінудің  себептерін  дәлелдейтін 
көптеген деректер бар. Кейбір ғалымдар сәмаи және тәуқифи 
болған  тәсілмен  бірге  қияси  болғандарының  да  бар  екенін 
қабылдайды. Бірақ, нәтижесі жағынан Құран мәтінінде кем-
дікке  және  артықшылыққа  жол  бермегендіктен  бұл  соңғы 
көзқарасты қолдауда тұрған ешбір қолайсыздық жоқ.
Кейбір  аят  кәримәлардың  басталып  бітетін  жерле-
рінде  келіспеушіліктің  шығуы,  мәселенің  ижтиһади 
болғандығынан  емес,  қырағат  ғалымдарына  жеткен  риуа-
яттардың  түрлілігінен  болған  еді.  Түрлі  риуаяттарда 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  әр  түрлі  уақытта  оқығандағы 
тоқтайтын жерлерінің себебінен (уакыф және ибтида) пайда 
болған.  Ол  алғаш  оқығанында,  аяттың  басын  білдіру  үшін 
әр аяттың соңында тоқтайтын‚ тұратын. Бұған үйренушілер 
қанық  болғанда,  мағыналық  байланысын  жалғастыру  үшін 
кейде  артынан  келген  аятқа  өтіп  кететін.  Сондықтан  алғаш 
естіген адам бүкіл аятты бір аят екен деп ойлап қалатын.
4
Құран  аяттарының  барлығының  6200-дей  болғандығына 
бір ауыздан келісім болғанымен, 6200-дің үстіне қабылдана-
тын  аят  сандарына  қырағат  мектептерінің  арасында  тартыс 
бар.  Куфи  қырағатына  қарағанда  бұл  бөлшек  36,  Меккеге 
қарағанда  20,  Шамға  қарағанда  16,  Мәдинаға  қарағанда  17 
(немесе 14‚ немесе 10)
, Басраға қарағанда 4
 (немесе 5‚ немесе 19)
.
Аяттардың  реттелуі
Аяттардың  ретінің  Мұсхаф  шәрифтегі  ретімен  болған 
мәселесінде  үммет  бірауызда  келіскен.  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  өмірінде  болсын,  одан  кейін  болсын,  мұсхафтардың 
барлығында  бірдей  жағдай  көрініп,  бұған  қайшы  ешбір 
мәселе  жалғанбаған.  Сондай-ақ  Жәбірейіл  (алейһиссәләм) 
36
4 
Зәрқани, «Мәнәхил», I, 344-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
уахи әкелгенінде, әкелген аят бөлімі қай сүренің қай жеріне 
тән екендігін де Пайғамбарымызға (с.а.у.) білдірген. Хазіреті 
Пайғамбар  (с.а.у.)  содан  кейін  асхабына  оқып,  сүресін  және 
орнын айтып, уахи жазушыларына жаздыратын. Намазында, 
уағыздарында  және  де  көп  жағдайда  оларға  Құран  оқығаны 
секілді,  Жәбірейілмен  де  жылына  бір  мәрте  салыстырып 
тексеріп  тұратын.  Қайтыс  болар  жылында  бұл  қайталау  екі 
мәрте  болған.  Бұны  әл-ардатул-ахира  деп  атаған.  Бүкіл  бұл 
оқылулар мұсхафтарымыздағы тәртіппен болатын.
Демек, аяттардың тәртібі тәуқифи деп аталады. Тура Хазі-
реті Пайғамбар (с.а.у) арқылы Аллаһ Тағаладан келген. Мұны 
дәлелдейтін  көптеген  хадис  бар.  Мысалы:  Бұхарида  Хазіре-
ті  Пайғамбардың  (с.а.у.)  таң  намазында  Бақара,  Әли  Имран, 
Ниса сүрелерін; ақшам намазында Ағраф сүресін оқығандығы 
риуаят етіледі.
НҮЗУЛ   БАРЫСЫ
Заманның  өлшемін  негізге  алған  реттеуге  байланысты 
һижрәттан  бұрын  түскен  сүре  мен  аяттарды  меккелік,  кей-
інгі аяттарды мәдиналық деп атаған. Мекенді назарға алған 
реттеу бойынша һижрәттан кейін болса да Меккеде түскенді 
меккелік,  Мәдинада  түскенді  мәдиналық  дейді.  Басқа  жол-
мен жасалған реттеулер болса да, ең негізгісі - біріншісі.
Сүрелердің  басым  көпшілігінде  әрі  меккелік,  әрі 
мәдиналық аяттар бар. Аяттарының көптігі жағынан, мекке-
лік делінген сүрелерде мәдиналық аяттар, кейде мәдиналық 
сүрелерде  меккелік  аяттар  орын  алған.  Мысалы:  Нахл  41‚ 
Қасас 52 аяттары, меккелік сүрелердегі мәдиналық аяттарға‚ 
ал  Әнфал  33‚  Хаж  52-55‚  Мағұн  4-7  аяттары  мәдиналық 
сүрелердегі меккеліктерге мысал бола алады. Екінші түрдің 
мысалы аз болса, бірінші түрдегілердікі көп. Бұл - аяттардың 
cүренің  кез  келген  жеріне  кіргендігін  ескерсек,  бұларды 
37

“Хикмет”
баспа үйі
айыруға  қандай  дәрежеде  күш  керектігі  түсінікті.  Міне, 
бұл  қиындық  бір  жағынан  уахидың  енуіне  куәгер  болған 
сахабаның  қадағалауы,  екінші  жағынан  әр  нәсілдегі  ислам 
ғалымдарының  мұқияттылығымен  шешіліп,  бұл  мәселе 
Құранның  меккелік  және  мәдиналық  бөлімдерін  үмметтер-
дің анық білуіне мүмкіндік берген. Мөлшермен‚ есеппен са-
лыстыру  керек  болса‚  Құранның  65-70%  меккелік,  30-35% 
мәдиналық болғандығын айта аламыз.
Құран  аяттарының  түсу  барысына  қатысты  Пай-
ғамбарымыздан  (с.а.у.)  қалған  мәлімет  жоқ.  Тіпті‚  бұл 
тұрғыда  Оған  әмір  берілмеген  және  мұны  білу  -  үмметке  де 
парыз етілмеген.
5
 Онсыз да оның заманындағы мұсылмандар 
уахидың түсуін, мекенін, уақыты мен түсу себептерін білген-
діктен оны білуге мұқтаждықтары да жоқ еді.
Бірақ Құран аяттарының түсу барысын білу нәтижесінде  
мына пайдалар қамтамасыз етілді:
а) Ислам құрылысының негізі саналатын алғашқы жама-
ғаттың  жетілуі  мақсатымен,  иләһи  хикметтің  адамдарды 
қалай біртіндеп, дәреже-дәреже жұмсақтық және нәзіктікпен  
тәрбиелегендігін;
ә) Исламның заң шығару тарихын;
б) Мұсылмандардың Құранға байланысты тақырыптарға 
қаншалықты дәрежеде абайлап қарағандығын;
в)  Мүминдерге,  мүшріктерге  және  Әһли  кітапқа  жасал-
ған  үндеулерде  тыңдаушылар  мен  аймақты  назарға  алып, 
әртүрлі әдістер қолданғандығын жақсы түсіне аламыз.
Осылайша  Құран  мәтінінің  ең  кіші  өзгеріске  де 
ұшырамастан‚  мәңгілік  сақталатын  түрде,  адамдарға 
Аллаһтың дәлелі ретінде кейінгі нәсілдерге өту механизмінің 
38
5 
Суюти, Итқан, I, 9-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
қалай істегендігі көрсетілген болады. Алғашқы мұсылмандар 
аспанды  дауысқа  құлақ  салуда  сондай  бір  зейін  көрсеткен, 
яғни  жиырма  үш  жылдық  ұзақ  дәуірлер  бойында  келген 
уахилардың көбісін уақытқа, мекенге және адамдарға байла-
ныстарын белгілеп‚ жазып қойған. Кейде тақырыбын да көзде 
ұстап,  бағалаған.  Келген  уахидың  һижрәттан  бұрын  немесе 
кейін,  үйде  немесе  сапарда,  күндіз  немесе  түнде,  қыста  не-
месе жазда түскендігін де үнемі анықтап отырған. Осылайша 
уахидың кезеңдерін білу, Құранның тәфсирін де жеңілдетеді. 
Тіпті‚ Мұхаммед ибн Хабиб ән-Нисабури (ө. 406-1015) былай де-
ген: «Құран ілімдерінің ең ерекше бөлігінің бірі - аяттарының 
түсуін және бағыттарын, сондай-ақ‚ Мекке дәуірінің басында, 
ортасында және соңында түскендерін, Мәдина дәуірінде де дәл 
сол түрде білу, Меккеде түскенімен үкім жағынан мәдиналық, 
ал,  Мәдинада  түскенімен  үкім  жағынан  меккелік  болғанын 
білу». Бірақ‚ бұл кісінің мына айтқанын да асырып айтқан деп 
қабылдай аламыз: «Нағыз тәпсірші - Мәдина тұрғындары ту-
ралы Меккеде түскенді, Мекке тұрғындары туралы Мәдинада 
түскенді,  Мәдинада  түсіп,  меккелікке,  сондай-ақ  Мекке-
де  түсіп,  мәдиналыққа  ұқсағанды,  (…)  күндіз  немесе  түнде 
түскенді,  басқа  періштелердің  бірге  болуымен  немесе  жеке 
Жәбірейіл арқылы түскенді, сондай-ақ‚ меккелік сүрелердегі 
мәдиналық  аяттарды,  мәдиналық  сүрелердегі  меккелік  аят-
тарды, Меккеден Мәдинаға апарылғанды, Мәдинадан Мекке-
ге  апарылғанды,  Мәдинадан  Хабашстанға  апарылғанды  (…) 
білуі  керек.  Міне,  осындай  жиырма  бес  шартты  білмегеннің 
және  араларындағы  айырмашылықты  ажырата  алмағанның 
Аллаһтың кітабы туралы сөз айтуы халал болмайды»
.
6
Мысалы, әл-Мүмтахина сүресіне түскен мекені жағынан 
қарайтын болсақ, ол - басынан соңына шейін Мәдинада түскен. 
Яғни,  уақыт  жағынан  һижрәттан  кейін.  Тыңдаушылары 
39
6 
Зәрқәши, Бурһан, I, 92-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
жағынан Мекке тұрғындарына үнделген. Тақырып жағынан 
болса,  мүминдердің  жүректерін  тазалауға  бағытталған 
қоғамдық  тақырып  бар.  Міне,  сондықтан  да  ғалымдар  бұл 
сүрені  «Мәдинада  түссе  де  үкім  жағынан  мекки»  тобына 
орналастырған.
7
Басқа бір аят кәримәны оқып көрейік: «Ей, адамдар! Сен-
дерді бір еркек, бір ұрғашыдан (Адам мен Хауадан) жараттық. 
Біріңді  бірің  танып  алуларың  үшін,  сендерді  ұлттарға 
және  руларға  жіктедік.  Аллаһтың  алдында  ең  ардақты 
болғандарыңыз  -  (бұл  жалғанда)  тақуа  болғандарыңыз» 
(Хұжурат,  13)
  -  деген  аят  кәримәсы,  мекен  жағынан  Меккеде 
түскен. Уақыт жағынан, һижрәттан кейін‚ Фатх күні түскен. 
Тақырып жағынан, адамзаттың жаратылысындағы  бірлікті 
еске түсіреді. Адамдар жағынан болса, әрі Мекке әрі Мәдина 
тұрғындарына  үнделуде.  Сондықтан  ғалымдарымыз  бұл 
аятты  не  нақтылай  түрде  мекки,  не  де  нақты  түрде  мәдәни 
санамай  «Меккеде  түскен  болса  да,  үкім  жағынан  мәдәни 
болғандар» тобына жатқызған.
8
Ғалымдарымыз Ислам дағуатының (егжей-тегжейіне дей-
ін)  жайылу  барысына  қарай  риуаяттарды  зерттеп,  тіркегені-
мен,  шығыстанушылардың  (миссионер)  қарсы  пайдаланып* 
рауиларға және риуаяттарға шабуыл жасап, теріске шығаруға 
тырысқандарына таңданбау және үрейленбеу мүмкін емес.
40

Зәрқәши, «Бурһан», I, 195-бет

Субхи Салих, «Мабахис», 168-бет
* •  Орианталисттер  XIX  ғасырдың  ортасынан  бері  Құранның  бөлімдерін 
хронологиялық  тізбекке  қоюға  тырысып  келді.  Себебі  олар  Ислам 
жайындағы  ең  басты  үкімдерін  осы  тізбекке  байланыстырғылары  ке-
леді.  Өткен  ғасырда  Г.  Уэйл,  Уильям  Муир,  З.  Нөлдеке,  А.  Радуэл,  осы 
ғасырда Р. Бэл, Р. Блачер осы тақырыппен көп айналысқан кісілер. Бұлар 
көбіне  Ислами  риуаяттарды  я  біле  тұра  алмаған,  яки  риуаяттарды  тал-
дау  қабілеттері  болмағандықтан  аттап  өтіп  кеткен.    Уэйл  бұл  істі  1844  те 

“Хикмет”
баспа үйі
Тақырыптың басында айтып өткеніміздей, Құран уахиі-
нің  тарихи  реттеуі  басынан  бері  ислами  міндет  саналмаған.  
Бақиллани  (ө.  403/1012)  секілді  бір  беделді  былай  деген: 
«Бұл  іс  -  сахабаның  және  олардан  кейінгі  табиғунның  жа-
дына  қатысты.  Нүзул  барысын  білу  -  шынайы  қызығарлық 
тақырып.  Бірақ,  Расулұллаһтан  (с.а.у.)  бұл  мәселе  жайлы 
ешқандай  анықтама  болмаған.  Оның:  «Біліңдер!  Мекке-
де  түскені  мұншама,  Мәдинада  түскені  мұншама»  -  деп,  әрі 
оны  асхабына  егжей-тегжейлі  білдірген  ешқандай  жағдай 
дерек жоқ. Егер ондай жағдай болғанда жұртқа жайылатын 
еді.  Олай  істемеуі  мұны  істеуге  бұйырылмағандықтан  және 
оларды  білуді  Аллаһтың  үмметке  діни  міндет  қылмауынан 
туындаған.  Әйтсе  де,  ілім  иелерінің  -қамтылған  үкімдерді 
шығару үшін- насих пен мәнсухтың тарихын білулері керек. 
Бірақ, бұл Расулұллаһтың (с.а.у): «Бұл бірінші мекки, келесі-
сі кейіннен келген, мәдәниң деп, айтқан сөзі болмаса да біліне 
береді.  Сахаба  мен  табиғун  да  білу  керек  болғандардан  тыс, 
қалған  аяттардың  мекки  не,  әлде  мәдәни  болғандығын  ег-
жей-тегжейлі білінуін діннің міндеті санамағандықтарынан, 
бұларды  түсіндіру  үшін  жеткілікті  себеп  табылмаған. 
Жағдай осылай болғанда, Құранның бір бөлігінің мекки не‚ 
мәдәни болғандығы мәселесінде келіспеушілік болды да осы 
тақырыпта ой және ижтиһадпен амал етуге рұқсат етілгендей 
болды».
9
41
бастап,  1872  де  аяқтаған.  Меккелік  дәуірді  үш  кезең,  мәдиналық  дәуірді 
бір  кезең  деп  ала  отырып,  аяттардың  түсу  кезеңін  төртке  бөлген.  Жалпы 
бұл тақырыпта батыста ең атақты шығарма Geschichtedes Qorans (1860 ж. 
бірінші, 1910 ж. екінші баслымы шыққан), авторы З. Нөлдеке және оның 
шәкірті Швалли. Бұл кітапта Уэйлдің пікірлері мен әдісі аз ғана өзгертулер 
мен  қосымшалармен  қабыл  көрген.  Р.  Блачер  болса  түсу  тәртібіне  қарай 
құрастыруға  тырыса  отырып  Құранның  француз  тіліндегі  аудармасын 
жазған  (Le  Coran,  Traduction  selon  un  essai  de  reclassements  des  sourates, 
Paris,  1949-1951).  Бұл  аудармада  ол,  барлық  орианталисттердің  бұрынғы 
шығармаларына сүйенуімен қатар, З. Нөлдекенің әдісін негіз етіп алған.
9
 Зәрқәши, «Бурһан», I

“Хикмет”
баспа үйі
Бірақ,  сахабалар  дәуірінен  бері  Құранға  деген  мұқи-
яттылық  себебімен  бұл  іспен  айналысқан,  жаттап  жеткіз-
ген адамдар болып тұрған. Бұл жайлы тек мынаны айту ке-
рек,  бұл  тақырыптағы  көптеген  риуаяттар,  хадис  ілімінің 
өлшемдеріне  қарағанда  интикадқа  (талқыға)  салуы  керек 
және салынған да. Негізінде кезеңдерінің ең сенімді жолы ри-
уаят болса да, риуаяттарды бағалау қажеттігі қабілеттілікті 
керек еткен. Осыдан барып көптеген тәпсірші және ғалымдар 
әр  уақыт  риуаятқа  көп  көңіл  бөлмей,  ауық-ауық  осы 
тақырыпта  ижтиһадқа  мойын  бұрған.  Шынында  мекки  мен 
мәдәни аяттардың ұсақ-түйек мәселелерінің едәуір бір бөлігі 
ижтиһад  арқылы  бізге  жеткен.
10
  Жабери  (ө.  732/1332)  бы-
лай  деген:  «Мекки  мен  мәдәниді  білудің  екі  жолы  бар:  бірі 
сәма’и (жеткізу), екіншісі қияси (ижтиһад) жолы».
11
 Алдын-
да көрсеткеніміздей Бақиллани да осыны нұсқаған.
МЕККИ  ЖӘНЕ  МӘДӘНИ  СҮРЕЛЕРДІҢ  АРАСЫНДАҒЫ  
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
Құран сүрелерін атақты түрімен мекки және мәдәни деп 
реттеуде  қиындық  тумайды.  Хадисшілердің  интикад  (хадис 
ілімінің  әдіс-тәсілдерін  айқындау)  тәсілдерін  қолдану  арқы-
лы,  риуаяттардың  сахихтары  алынып,  мәселе  анықталады. 
Мәдинада  түскен  сүрелердің  реттелуінде  әбігерлік  көп  бол-
мауы  мүмкін.  Өйткені‚  ол  уақытта  Ислам  жайылған,  Құран 
нұсқалары  көбейтілген.  Бірақ‚  мекки  бөлімде  әбігерліктер 
болды.  Өйткені‚  ол  кезде  мұсылмандардың  саны  аз  еді; 
оқиғалар  Мәдинадағыдай  ашық  емес  еді.  Соған  қарамастан, 
ол  турасында  құбылулар  көп  болмайтындай  түрде,  тек  үш 
мекки, үш мәдәни дәуірге жата алатын сүрелер бар. Сұбхи Са-
лих “Мәбахисінің” 185-233 беттерінің арасында елу парақтық 
кең орында әсіресе мекки дәуірдің сүрелерін, тақырып және 
42
10 
С. Салих, Мәбахис, 181-бет.
11 
Зәрқәши, Бурһан, I, 189-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
әдістеме  жағынан  әдемілеп  талдау  жасаған.  Өте  нақтылығы 
айтылмаса да, реттелуде атақты ислами риуаяттың барынша 
сенімді екенін айта аламыз. 
Абдұллаһ ибн Мәсғуд, Алқамә (ө. 62/681) секілді алғашқы 
тәпсіршілерден және де кейіннен шыққан кейбір ғалымдардан    
жасалған риуаяттарды бағалайтын болсақ, мекки мен мәдәни 
сүре және аяттарды ажырату мәселесінде мына өлшемдердің 
негізге  алынғанын  көреміз.  Бұлардың  бөліп  көрсетілген  бір-
екеуінен басқасы нақты.
Мына ерекшеліктерге ие болған сүрелер мекки:
1) Сәжде аятын қамтыған барлық сүрелер.
2) Кәлла сөзін қамтыған сүрелер.
3) 
ُس����ا �َ���َأ �َ�
 (Ей, адамзат!) қамтып, ішінде 
َ��ِ���ا �َ���َأ �َ� 
ا�ُ�َ�أ
 (Ей, мүминдер!) болмаған бүкіл сүрелер 
(Хаж, 77 тыс)
.
4)  (Бақара  сүресінен  тыс)  пайғамбарлардың  және  өткен  
үмбеттердің қиссаларын қамтыған сүрелер.
5)  Адам  мен  Ібіліс  қиссасын  қамтыған  сүрелер  (Бақара 
сүресінен тыс).
6)  Хұруф-и  мұқатта’амен  басталған  (Бақара  мен  Әли 
Имран сүрелерінен басқа) жиырма жеті сүре.
Нақты  болған  бұл  ерекшеліктерден  басқа,  мекки 
сүрелердің едәуір бөлігі мына сипаттарды да қамтиды:
1)  Аят  пен  сүрелер  қысқа,  баяны  жинақы,  сөйлемдер  
қызулы  және  екпінді.
2)  Аллаһқа  және  ақиретке  иманға  (сенуге)  шақырады. 
Жәннат пен  жәһәннам бейнелері көптеу.
3) Жақсы мінез-құлыққа және тура жолға үндейді.
4) Мүшриктермен шайқасады және шіркті шірітеді.
5) Арабшадағы тәсілді бақылап, анттарға көп орын береді.
43

“Хикмет”
баспа үйі
Мына ерекшеліктері бар сүрелер болса, мәдәни:
1)  Жиһадқа  рұқсат  берген  немесе  жиһадты‚  не‚  жиһад 
үкімдерін ашық баяндаған сүрелер.
2)  Шариғаттық  хад  пен  жазаларды,  мирас  үлестерін, 
қоғамдық  және  мәдени  заңдарды,  мемлекеттер  мен 
халықаралық  құқыққа  тән  кейбір  үкімдерді  қамтыған 
сүрелер.
3)  Мүнәфықтар  туралы  баяндаған  барлық  бөлімдер 
(Анкәбут сүресі мекки болса да, бас жағындағы мүнәфықтар-
ды бейнелеген 11 аят мәдәни).
4)  Әһли  кітаппен  талас-тартыс  және  оларды  жолдан 
шығуларынан  қайтуға  шақырған  сүрелер 
(Бақара,  Әли  Имран, 
Ниса, Мәйдә, Тәубе, Бәйинә)
.
Мәдәни сүрелердің әр уақыт емес, бірақ көбіне ие болған 
сипаттары мыналар:
1)  Сүре  мен  аяттар  заң  шығару  бұйрықтарын  ұйғарған, 
тыныш және рахат тәсілге ие. Сондықтан аяттар мен сүрелер 
мүлдем  ұзын.  Профессор  Мәһди  Базерган  «Сейри  Тахаввул-и 
Құр’ан»  деп  аталатын  қазіргі  математикалық  және  статис-
тикалық тәсілдерді қамтыған шығармасында орташа есеппен 
аят  ұзындығын  үздіксіз  қысқасынан  ұзынына  қарай  биікте-
летін бір ирек сызғандығын дәлелдеген.
2)  Діни  ақиқаттарға  тиісті  егжей-тегжейлі  дәлелдерді   
қамтиды.
Меккеде  Исламға  шақыру  ісі  күшті  қарсылыққа  және 
азапқа  душар  болғандықтан,  мүшриктерді  батылдықпен 
қабылдамау,  мүминдерді  болса  жұбататын  аяттардың  жібе-
рілуі түсінікті жәйт. Мәдинада адамдардың үш тобы бар еді: 
Мүминдер,  мүнәфықтар  және  яһудилер.  Құран  Әһли  Кітап-
ты  ортақ  сөзге  яғни  тәухидқа 
(Әли-Имран,  64)
,  Тәурат  секілді 
Құранды  да  қабылдауға  шақырды.  Мүнәфықтардың  ішкі  
44

“Хикмет”
баспа үйі
дүниелерін  көрсетті. Мүминдерді болса «сырат-ы мустақимде» 
жүруге  ынталандырып,  өмірдің  әртүрлі  көріністерінде  ке-
рек  болатын  ережелерді  оларға  үйретті.  Уақты  келместен 
мәселеге қатысты үкімдер жіберілмеді.
СҮРЕЛЕР
Сүре  сөздікте  -  биік  орын,  мәртебе,  әдемі  және  биік 
құрылыс, қамал мағыналарына келеді. Діни терминде, “аят-
тардан тұратын, басы мен ақыры бар, өз алдына бөлек Құран 
бөлігі”  делінеді.  Өйткені,  Құран  бөліктері  орын-орнында 
сөздерден  құралған  және  иықтан-иыққа  беріліп,  бір-біріне 
сүйеу  болған  аяттардан  өрілген  мықты  және  биік  бір  қала 
қамалы тәріздес. Басқаларынан лезде айрықша көрінетін биік 
және берік ғимарат күйіндегі ақиқаттардың бір қорғаны.
Құранда  114  сүре  бар.  Ең  қысқасы  -  үш  аятты  Кәусар 
сүресі.  Ең  ұзыны  болса,  286  аяттан  тұратын  Бақара  сүресі. 
Сүрелердің бөлінуі – тәуқифи. Құранның сүрелерге бөлінуінде 
түрлі пайда және хикметтер бар. Олардың кейбіреулері мы-
налар:
Оқуды  және  жаттауды  қолдап,  жеңілдетеді.  Бөлімдерге 
бөлінбесе,  бұл  жағдай  нәтижесіз  болатын  еді.  Өйткені,  бір 
кітапты  қолына  алған  оқушының,    бөлімдерге  бөлінген  кі-
тапты өте үлкен әуестікпен оқитынын біз жақсы білеміз. Бі-
рінен соң бірін оқып, бөлім бойынша жылжып отырады. Бір 
сүрені жаттаған және оқыған адам да, Аллаһтың  кітабынан 
бір бөлімді жаттап немесе оқығандығын ойлап, бұдан үлкен 
бір  бақыттылық  сезінеді.  Бұлардың  санын  көбейтейін  деп, 
ісіне әуестік туады. Сүрелер түрінде болмаса, көз алдымызда 
үлкен  көрініп,  жаттауға,  бәлки  оңайлықпен  оқуға  да  ынта-
мыз болмас еді.
45

“Хикмет”
баспа үйі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет