ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

19
*  Қазақ  тілінде  бұлардың  мағынасы  мынадай  болуы  мүмкін:  Олай  болса, 
осылайша, демек, шынында және т.б.
19 
Зәрқани, Мәнәхил, ІІ, 317-318 беттер
142

“Хикмет”
баспа үйі
7) ҚАЙТАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ
Құран  кейбір  тақырыптарды  қайталайды.  Қайталау 
–  жәһилиет  дәуіріндегі  араб  әдебиетінде  де  кездесумен  бір-
ге  Құранның  қайталаудағы  мақсаты  жәһилие  арабтарынан 
бөлек болған. Өйткені, олар қайталауды тек тәһуил, тәкид, 
тахуиф  және  тәфәжжу*  секілді  маңызды  жағдайларда 
қолданады.
Құран Кәримде кездескен қайталанулар кейбір сөз неме-
се сөйлемдердің не кейбір мағыналардың қайталануларымен 
екі топқа бөлінеді.
Бірінші  түрдегі  қайталау  –  күшейту  мақсатымен  бірге 
қорқынышты  көрсету,  сақтандыру,  жандандыру  және  су-
реттеу секілді шешендік тәсілдерінің біреуін қамтамасыз ету 
үшін  де  болуы  мүмкін.  Бірақ  кез  келген  қайталаудың  бұл 
мақсатқа  қол  жеткізгені,  шеберлікпен  қайталаудың  сондай 
оңай  іс  екендігімен  түсіндірілмеуі  керек.  Қайталау  мен  ше-
шендік  нүктелер  арасындағы  байланысты  көрсетуде  мына 
аяттарды мысал келтіре аламыз:
«Үрейлі уақиға (қиямет) 
ُ�َ�ِر���ا
Үрейлі уақиға деген не? 
ُ�َ�ِر���ا ��
Үрейлі уақиғаның не екенін қайдан білесің?»
 
ُ�َ�ِر�َ�ْ�ا �َ� َكاَرْدأ �� َو
 
(Қариға,  1-3)
.  Бұл  жердегі  қайталау 
– дәріптеу және қорқынышты көрсету мақсатымен жасалған. 
Яғни, қияметтің қорқыныштылығын әрі сипатын суреттеме-
стен тыңдаушыға сезіндіруде.
«Расында ол (Құран туралы) ойланды (не айтатындығын) 
жоспарлады.
* 
Мұндағы: Тәхуил - әңгіменің дәмін келтіру, Тәъкид - маңыздылығын арт-
тыру, Тахуиф - қорқыту, Тәфәжжу - қайғылылық тудыру.
143

“Хикмет”
баспа үйі
ََر��َ� َو َ� ��َ� ُ���إ
Ол құрып қалғыр қалай жоспарлады?
ر��َ� َ�ْ�َ� َ�ِ�ُ�َ�
Тағы сол құрып қалғыр, жоспарын қалай құрды?»
 
ر��َ�  َ�ْ�َ�  َ�ِ�ُ� ��ُ�
(Мүдәссир,  18-20)
.  Бұл  жерде  таңдану  нүктесі  бар;  талқыға 
салынған  кәпірдің  мәселені  мөлшерлеп,  жоспарлануына 
және мақсатына жетуіне қарау арқылы тыңдаушысын қайран 
қалдыруда.
«Ондай емес (олар ойлағандай емес)    
َن�ُ�َ�ْ�َ� َ� ��َ�
Олар әлі-ақ білетін болады   
َن�ُ�َ�ْ�َ� َ� ��َ� ��
Әсте ондай емес. Олар әлі-ақ білетін болады»  (
Нәбә, 4-5)
.
Ахіретте  кездесетін  жағдайлар  қорқыту  мақсатыменен 
осылайша екпіндетіліп айтылуда.
“Әне солар – Раббыларына қарсы болғандар
ْ�ِ�ِّ�َ�ِ�اوُ�َ�َ� َ��ِ���ا َ�ِ��ُأ 
Әне солардың мойнына ажырғы салынады.
ْ�ِ�ِ��َ� ْ�َأ �� ُل َ� ْ�َ ْ�ا َ�ِ��ُأ و
Әне солар тозақтық болып, онда мәңгі қалатындар”
ر����ا ُب� َ� ْ�َأ �ِ��ُأ و
(Рағыд,  5)
.  Бұл  қайталанулардағы  әдемілікті  және  бейне-
леу ерекшелігін азғана әдеби зауқы барлардың әрқайсысы-ақ 
түсінеді.
144

“Хикмет”
баспа үйі
Бірдей  сөйлемдердің  қайталануына  келсек,  бұл  кейде 
мүтааллақтың  яғни  байланысты  болған  жердің  көптігінен 
туындауы  мүмкін.  Шынында  Рахман  сүресінде  отыз  бір 
мәрте қайталанған әр 
ِن�َ�ِّ�َ�ُ� �َ�ُ���َر ِ�َأ ي�ِ�َ�
 “Раббыларыңның 
жақсылықтарынан  қайсы  бірін  жоққа  шығара  аласыңдар” 
сөйлемі  өзінен  бұрын  айтылған  мәселеге  байланысуда. 
Аллаһ  Тағала  адамдарға  және  жындарға  үндеуімен  олар 
үшін  жаратқан  нығметтерін  атап  шығуда  және  әр  нығметті 
баяндағаннан  кейін  олардың  бұл  нығметтерді  мойындаула-
рын қалап, шүкіршілік міндеттерін еске түсіруде.
Мүрсәлат сүресінде он рет қайталанғандардың
 
َ��ِ�ِّ� َ�ُ�ْ�ِ� ٍ�ِ�َ�ْ�َ� ٌ�ْ�َو
  әрқайсысы  бір  қиссаның  артынан  ке-
ліп «(…) жоққа шығарушыларға ол күні өкінішті-ақ» деуде. 
Бұл қиссаның басқа қиссалардан өзгеше екендігі белгілі. Сол 
үшін  тәпсіршілер  бұл  сөйлемнің  әр  жерінде  мазмұнындағы 
ұғымды  айғақтап  «Есеп  күнін»‚  «Аллаһтың  аяттарын», 
«Құдіретімізді», «Бұл нығметтерді», «Жәһәннамды» немесе 
«Жәннатты  жоққа  шығарушыларға  нендей  өкініш»  секілді 
мағыналармен түсіндіруде.
Осылайша соңғы екі мысалдағы аят кәримәлардың негі-
зі  -  «Аллаһты  бір  деп  танып  шүкіршілік  ету  және  ахіретте-
гі  есепті  ойлаудан»  тұратын  екі  басты  мақсат  еді.
20
  Әлемнің 
Жаратылу  мақсаттарын  бұзған,  иләһи  басқарушылықты 
қабылдамай  кемсіткен  кәпірлердің  күпірлік,  опасыздық 
пен  зұлымдықтарын  көктер  мен  жерге  естірткен  бұл  аят 
кәримәлар  жүздеген  ақиқатпен  байланысып,  әлбетте  келесі 
сөйлемдерде қайталанулары лазым.
Мағыналардың  қайталануы  көбінесе  кей  қиссаларда  бо-
лады. Мұның көптеген мақсаттары бар болса да ең айқындары 
мыналар:  Біріншісі,  діннің  мақсаттарын  рухтарға,  адамдар 
20 
 Б. Сайд Нұрси, «Сөздер», 250-251 және 475-479 беттер.
145

“Хикмет”
баспа үйі
үйреншікті  болған  бір  тәсілмен  орналастыру.  Адам,  бірсы-
пыра  мәселелердің  әр  түрлі  пішіндерде  және  өзгеше  тәсіл 
мен мазмұндармен қайталануымен оларды өзіне телиді. Осы 
хикметке нұсқап, Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Олар на-
сихат  алар  немесе  тақуалардан  болар  деп,  Құранды  осылай-
ша  арабша  түсірдік.  Онда  түрлі  ескертулерді    тасфир  еттік 
(баяндадық)» 
(Таһа, 113)
. Зәрқаши (ө. 794/1391) тасрифті (баян-
дау): «Уақыттың өтуімен, біріншісінің ұмытылу қамыменен 
мағынаны ақылдарға жақсылап орналастыру үшін, ол сөзді 
немесе ұқсастарын (синонимдерін) қайталау» деп ашықтаған. 
Осылайша қайталау - Құранның тәлім тәрбиелік тәсілдерінің 
бірі болуда.
Екінші  мақсат  болса,  сол  мағынаны  өзгеше  баяндау 
қалыптарымен  не  түрлі  тәсілдермен  ортаға  салу.
21
  Осылай-
ша  Құранды  Аллаһтың  түсіргендігі  және  адамдардың  оның 
ұқсасын  жасай  алмайтындықтары  осы  жолдарменен  де 
дәлелденген болады. Мынандай: Бір қисса қорыта немесе ег-
жей-тегжейлі  түрде  (ижмал  немесе  тафсилмен)  өзгеше  бей-
нелерде әр түрлі жерлерде өтуде. Бір ғана жерде көрінгенде 
тәһадди  (Құранның  ұқсасын  жасау  үшін  жекпе-жекке 
шақыруы)  дерлік  орнына  келтірілген  болып  саналмайтын 
еді. Өйткені‚ кез келген бір араб бір сөз айтып немесе бір қисса 
түсіндіріп,  «айта  алсаңдар  сіздер  де  ұқсасын  айтыңыздар» 
дей  алатын  еді.  Бір  сөздің  толығымен  ұқсасын  айту  мүмкін 
еместігінен  бұл  пікір  Құран  туралы  да  ұсынылуы  мүмкін. 
Алайда‚  Құранның  жекпе-жегі  -  сондай  сөздермен,  сон-
дай  тәсілмен  қаланған  сөз  үшін  емес,  түрлі  тәсілдерге  сон-
дай-ақ  қысқаша  мазмұндамаға  және  толық  егжей-тегжейлі 
түсіндіруге  мүмкіндік  беретін  ұқсасын  келтіру  тұрғысында 
еді. Құранның түрлі тәсілдермен жасаған қайталауларының 
әр бірінде қол жетпейтін тіл байлық бар. Алайда адамдар әр 
түрлісінің  ұқсасын  жасауда  әлсіздік  танытумен  тәһаддидің 
жауапсыз қалғандығы белгілі болуда. 
21 
Зәрқәши, Бурһан, III, 26.
146

“Хикмет”
баспа үйі
Құранда  бірдей  тәсілмен  және  бірдей  баяндау  райымен 
қайталанған жерді көрсету мүмкін емес. Қайталанған болып 
келген  жерлерде  тәсіл  өзгеруде  және  мәселенің  белгілі  бір 
жағына назар аударуда.
Мысалы,  Хазіреті  Нухтың  қиссасын  Һуд  сүресінен  (25-
49)  оқиық.  Кейін  сол  қиссаны  Қамәр  сүресінен  қарайық  (9-
15).  Сонан  соң  әр  екі  мәтіндегі  ұсыну  мен  суреттеу  тәсілін, 
мазмұндардың  ауырлығын  құраған  мағына  жағын  тағы  
салыстырайық.  Сонда  екіншісінде  қиссаны  жаңадан  естіп 
жатқандай  болатындығымызды  көреміз.  Өйткені,  Құран 
ақылы  мен  білімі  түрлі  деңгейдегілерге  үндеуде.  Кейбір 
адамдарға қорыта айту жетіп жатса, кейбіреулері егжей-тег-
жейлісінен ғана түсінеді. Бұл да тақырыптың өзгеше баянда-
улармен түсіндірілуін қажет етеді.
Құран  –  ақиқатқа  шақыру  кітабы.  Шақыру  мен  тәблиғ 
аясында  бүкіл  адамзат  және  олардың  ішінде  де  түрлі-түрлі 
жаратылыстағылар болғандықтан, түрлі тәсілдермен баяндау 
керек болғаны соншама‚ мәселе жан жақты түсіндіріледі.
Сонымен бірге Құран дұға және зікір кітабы. Дұға мен зі-
кір болса қайталаудың арқасында ғана әсерін тигізіп‚ нұрға 
бөлейді.
Әрі  әркім  Құранның  барлығын  (не  ғапылдықтан  неме-
се  мүмкіндік  таба  алмағандықтан)  оқи  алмайды.  Бірақ  бір 
сүрені көбінесе оқи алады. Сол үшін Құранның ең маңызды 
мақсаттары  -  қысқа  сүрелерге  орналастыру  арқылы  әр  бір 
сүре кішкентай бір Құран іспеттес болып, сырттай қарағанда 
қайталау мұның бір нәтижесі болған. Қайталанған мәселе әр 
сүреде  лайықты  түрде  мазмұнына  енгізілген.  Бір  қисса  бір 
сүреде қайталанбайды.
Әрі  Құран  негіздеуші.  Қасарысу  мен  күпірліктің 
қараңғылығындағы  адамзаттың  әлем,  өмір  және  адам  тура-
147

“Хикмет”
баспа үйі
лы түсініктерін өзгертіп, түзетіп ең үлкен төңкерісті жасау-
да. Негіздеуші (құрушы) ең маңызды нүктелерді ақыл-естер-
ге  орналастыру  үшін  әрине  кейбір  тақырыптарды  қайталау 
керек.
Құрандағы қайталаулардың әлбетте басқа да хикметтері 
бар. Бірақ‚ осы жаздырғандарымыздың Құранның кемшілігі 
емес керісінше, и’жаз (алдындағысын әлсірету) бен хикметтің 
нақ  өзі  екендігін  көрсетуге  жеткілікті  болғандығын  ойлап‚ 
тақырыпты осыменен доғарамыз.
8) БАЯН ТӘСІЛІНІҢ ТҮРЛІЛІГІ
Құран  Кәрімнің  баян  тәсілінің  түрлілігі  жөнінен  ешбір 
шешенде кезікпейтін байлық пен үстемдікке ие. Мұны мына 
үш мысалмен түсіндірейік:
Жасалуын қалаған істі баян ету тәсілдеріндегі байлығы:
а)  Ашық  әмір  сөзімен:  “Аллаһ  сендерге  аманатты  иесіне 
қайтаруларыңды,  адамдар  арасында  билік  айтар  болсаңдар, 
билікте әділ болуларыңды әмір етеді 
ْ�ُ�ُ�ُ�ْ�َ�
” 
(Ниса, 58)
.
ә)  Бұйрық  раймен  қалау:  “Аллаһтан  қорқыңдар,  шын-
шылдармен  бірге  болыңдар” 
(Тәубе,  119)
.  “Өз  үстілеріне  алған 
міндеттерін өтесін”
 (Хаж, 29)
.
б)  Іс-әрекеттің  жауапты  адамдарға  жазылғанын  әмір 
еткендігін білдірумен: “Сендерге де сақтануларың үшін ораза 
парыз етілді (жазылды)” 
(Бақара, 183)
.
в) Адамдарға жүктелгендігін білдірумен: “Шамасы жет-
кен адамдардың Аллаһтың разылығы үшін Қағбаны хаж етуі 
парыз (мойнына жүктелген)” 
(Әли Имран, 97)
.
г)  Мүкәлләфтің  ол  іс-әрекетті  жасағандығын  білдіру-
мен: “Талақ етілген әйелдер үш әдет (етеккір) өткенше күтеді 
(
َ� ْ���َ�َ�َ�
)” 
(Бақара, 228)
. Бұл күтсін дегеннен гөрі шешендік түрі. 
148

“Хикмет”
баспа үйі
Өйткені‚  берілген  әмірдің  атқару  сатысында  болғандығын 
білдіруде.
д) Жағдайын білдірумен: “Кім Қағбаға кірсе қауіпсіз бо-
лады” 
(Әли Имран, 97)
. Яғни‚  “Ей, адамдар! Оның қауіпсіздігін 
қамсыздандыруға міндеттісіңдер” деген сөз.
е)  Іс-әрекеттің  абзалы  болғандығын  білдірумен:  “Олар 
сенен  жетімдер  туралы  сұрайды.  Оларды  (тәрбиелеп,  мал-
мүлкін қорғап) түзеткен жақсы” 
(Бақара, 220)
.
ж)  Ол  істің  парыз  екендігін  білдірумен:  “Аллаһ 
пайғамбарға бұйырған істе оған бір қиындық болмайды” 
(Ах-
заб, 38)
.
з)  Аталған  іс  атқарылғанда  сыйлық  уәде  ету  арқылы
“Кімде-кім  Аллаһ  жақсылықпен  борыш  берсе,  Аллаһ  оған 
еселеп қайтарады”
 (Хадид, 11)
.
и)  Іс-әрекетті  одан  алдыңғы  бір  шартқа  байлаумен
“Хажды  және  ұмраны  Аллаһ  үшін  толық  орындаңдар.  Егер 
жолда тосылып қалсаңдар, қолға оңай түскенін құрбандыққа 
шалыңдар” 
(Бақара, 196)
.
к) Болымсыз сұрақ түрімен: “(Күллі ғаламды) жаратушы 
мен  (ешнәрсе)  жарата  алмайтын  (пұттар)  бірдей  ме?  Осыны 
да түсінбейсіңдер ме?
” (Нахыл, 17)
. Бұл “ғибрат алыңыз” деудің 
басқа бір түрі.
л) Аллаһ өз ісін өтініш білдіретін бір сөзден кейін келті-
румен: “Шүкір қылуларың үшін, Аллаһ өз аяттарын сендерге 
осылай  баяндайды” 
(Мәйдә,  89)
.  Яғни,  “Аллаһ  сендерге  аятта-
рын баяндайды. Олай болса шүкір етіңіздер”.
м)  Іс-әрекеттің  орындалуын  қаламағанын  соны  жаман 
суретеумен:  «Кімдер  Аллаһтың  аяттары  бойынша  үкім  ет-
песе,  олардың  кәпір  болғаны»
  (Мәйдә,  44)
.  Яғни‚  «Аллаһтың 
түсіргендерімен үкім ет».
149

“Хикмет”
баспа үйі
Бір нәрсенің харам екендігі‚ мұбах екендігі тұрғысында, 
бұдан басқа қызықтыру немесе сақтандыру мәселелерінде де 
бұған ұқсас баяндау байлығының көптеген мысалдары бар.
22
9) АҚЫЛ МЕН СЕЗІМГЕ ТЕПЕ-ТЕҢДЕҢДІКПЕН ҮНДЕУІ
Құран тәсілі әрі ақылға, әрі сезімге бір сәтте үндейді және 
екеуін  де  қанағаттандырады.  Мысалы:  Нәбә  сүресінде,  Қаф 
сүресіндегі қайта тірілу мен махшар күні; Қасас 68-75 немесе 
Рум,  20-30  бөлімдерінде  Аллаһтың  барлығын  және  бірлігін 
Құранның  қалай  дәлелдегендігін  сансыз  мысалдар  арқылы 
оқи аласыздар. Бұл жерде тек хашр (қайта тірілу күні) күніне 
қатысты  Нәбә  сүресі  мен  Рум  сүресінің  кейбір  бөлімінің  ау-
дармасын береміз.
Рахман және Рахим болған Аллаһтың атымен:
1. Олар (мүшриктер) нені сұрасады? 2-3. Олар өздері да-
уласып  жүрген  ұлғаусар  хабарды  (қияметті)  сұрасады.  4. 
Ондай  емес  (олар  ойлағандай  емес).  Олар  әлі-ақ    білетін  бо-
лады.  5.  Әсте  ондай  емес.  Олар  әлі-ақ  білетін  болады.  6-7. 
Жерді  бесік,  тауларды  қазық  етпедік  пе?  8.  Сендерді  (ер-
әйел)  жұп  қылып  жараттық.  9.  Ұйқыларыңды  демалыс 
еттік.  10.  Түнді  жамылғы  еттік.  11.  Күндізді  тіршілікке 
арнадық.  12.  Үстілеріңе  жеті  қат  мықты  аспанды  жасадық. 
13. Жап-жарық бір шырақты (күнді) жараттық. 14-16. Дәнді 
дақылды  өсімдіктерді,  орманы  ну  бақшаларды  өсіру  үшін 
қою бұлттардан нөсер жаудырдық. 17. (Ақ пен қара айыры-
латын)  үкім  күні  расында  қарарлы  мезгіл.  18.  Ол  күні  сүр 
үрленеді. Сендер топ-топ болып келесіңдер. 19. Аспан сетінеп, 
көп  есіктер  ашылады.  20.  Таулар  ығыстырылып,  сағымға 
айналады.  21.  Тозақ  күтіп  тұрады.  22.  (Ол)  Азғындардың 
барар  тұрағы.  23.  Олар  онда  сансыз  ғасырлар  бойы  тұрады. 
24.  Олардың  онда  не  бір  салқындыққа,  не  бір  сусындыққа 
22 
Зәрқани, Мәнәхил, II, 319-322 беттер.
150

“Хикмет”
баспа үйі
қолдары  жетпейді.  25.  Қайнап  тұрған  су  мен  ірің  ғана  іше-
ді.  26.  Бұл  оларға  өте  лайық  жаза.  27.  Өйткені‚  олар  есеп 
алынатындығын  да  назарына  алмаған-ды.  28.  Олар  біздің 
аяттарымызды  мойындамаған  еді.  29.  Біз  барлық  нәрсені 
хаттап жазып қоямыз. 30. (Оларға соны айтамыз:) “Енді та-
тып  көріңдер.  Сендердің  тартатын  азаптарыңды  арттыра 
береміз.”  31.  Тақуалар  үшін  қол  жеткізерлік  табыс  бар.  32. 
Бау-бақшалар,  жүзімдер,  33.  Бүлдіршіндей  біркелкі  құрдас 
қыздар, 34. Сусын толы кеселер бар. 35. Олар онда мәнсіз бос 
сөз және өтірік сөз естімейді. 36. Міне олар – Раббыңның бер-
ген силығы, молынан арнағандары (…). 39. Сол күннің бола-
тыны  хақ.  Кім  қаласа,  сол  Раббына  тура  барар  жол  тұтсын. 
40. Біз сендерді таяп тұрған азаптан абайландырдық. Ол күні 
әр адам өзінің бұрынғы істеген істерін ғана көреді. Кәпірлер: 
«Әттең, бүйткенше топырақ болып-ақ қалсақшы! (дейді)»
Рум  сүресінің  төмендегі  бөлімі  де  тәухидті  дәлелдеуге 
қатысты:
20.  Сендерді  топырақтан  жаратқандығы,  одан  кей-
ін  адам  болып  (жер-жүзіне)  таралуларыңның  өзі  де  оның 
(құдыретінің) белгілерінің бірі. 21. Бой ұрып тұрақтауларың 
үшін  өз  жыныстарыңнан  жұбайлар  жаратып,  араларыңа 
сүйіспеншілік,  мейірім  орнатқандығы  да  оның  белгілерінің 
бірі. Ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда көптеген ғибрат бар 
екені шүбәсіз. 22. Көк пен жердің жаратылуы, тілдерің мен 
өңдеріңнің  алуан  түрлі  болуы  да  –  оның  белгілері.  Осының 
өзінде  де  білімділер  үшін  көп  ғибрат  бар  екені  даусыз.  23. 
Түнде және күндіз ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың рахы-
метінен (несібелеріңді) іздеулеріңнің өзі де оның белгілерінің 
бірі.  Құлақ  асатын  қауым  үшін  мұнда  көп  ғибрат  бар  екені 
шүбәсіз. 24. Сендерге нажағайды әрі үміт, әрі қорқынышты 
етіп  көрсетуі,  көктен  өлген  жерді  жандандыратын  жаңбыр 
жаудыруы да оның (кәміл құдірет) белгілерінің бірі. Түсіне бі-
летін жұрт үшін мұнда расында талай ғибрат бар. 25. Көк пен 
151

“Хикмет”
баспа үйі
жерді өз әмірімен тұрғызуы да оның (күштілік) белгілерінің 
бірі.  Мұнан  соң  сендерді  жер  астынан  шақырған  сәтте-ақ 
барлығың дереу (көрден) шығасыңдар. 26. Көк пен жердегінің 
күллісі Аллаһтікі, бәрі түгелдей оған бойсұнушылар. 27. Жа-
ратылысты  жоқтан  бар  еткен  де,  оны  (өлтіріп)  қайта  тіріл-
тетін де Аллаһ. Бұл оған оңай. Көк пен жердегі сипаттың ең 
асқағы Аллаһқа тән. Ол – жеңімпаз, хикмет иесі. 28. Аллаһ 
сендердің  өз  бастарыңнан  мысал  келтіреді.  Қолдарыңдағы 
құлдарыңның  сендерге  біз  берген  несібе-ризықтарыңа 
теңдей  ортақ  болуына,  олардан  өздерінен  (азат  адамдардан) 
қорқатындай қорқуларыңа разымысыңдар? Түсінетін қауым 
үшін аяттарымызды осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз. 
29. Керісінше залымдар білімсіздік істеп, нәпсінің тұлқыны 
болды. Аллаһ адастырған адамды кім оңғара алсын? Оларға 
ешбір  медеткер  табылмайды.  30.  (Ей,  Мұхаммед!)  Бетіңді 
ауытқымай хақ дінге бұр! Аллаһ адам баласын сол дін үстіне 
жаратқан. Аллаһтың жаратқанында өзгеріс болмайды. Бұл - 
тура дін. Бірақ, адамдардың бірсыпырасы мұны білмейді.
Адамзат  сөзі,  ақыл  мен  сезім  арасындағы  тепе-теңдікті 
құруы  мүмкін  емес.  Өйткені‚  адамдардағы  түсінетін  күш 
пен сезетін күш нақ тепе-теңдік халінде болмайды. Болса да 
бір  сәтте  теңдікте  болмайды  кей  уақыттарда  болуы  мүмкін. 
Бірақ, әр сөйлемде бұл теңдіктің болуы кездеспеген жағдай. 
Құранда болса‚ бұл теңдік бар. Өйткені‚ Құран – бір ісі басқа 
істеріне  кедергі  болмаған  және  рух  пен  денені  бірлестіріп 
жаратқан Заттың Кәламы.
152

“Хикмет”
баспа үйі
ҚҰРАН ТӘСІЛІ МЕН ХАДИС ТӘСІЛІН САЛЫСТЫРУ
Құран  тәсілі  мен  хадис  тәсілі  арасында  салыстыру 
жасаудың  да  пайдасы  жоқ  емес.  Мыңдаған  хадисті  оқыған 
және арабша баяндау тәсілдерін меңгерген кісі, аят кәримәлар 
мен хадистер арасында анық бір айырмашылық бар екендігін 
және Құран баяндарының  одан жоғары және ұлы екендігін 
дереу түсінеді. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі секілді ең 
жоғарғы  адамға  жарасқан  және  Құран  аят  кәримәларының 
баяндаушысы болған кісінің сөзінің өзі Құранның баянынан 
соншама артта қалса, басқаларының не күйде болатындығы 
түсінікті.
Бұл  пікірімізді  мысалмен  айқындайық.  Сахабадан 
Ұбай  ибн  Кағбтың  жеке  мұсхафында  орын  алған  екі  құнут 
дұғасының* кейбіреулердің екі сүре деп ойлауына қарсы Нол-
деке есімді шығыстанушының дағы тәсілді салыстыруы және 
талдау жасауы арқылы қандай жауап бергендігіне қарайық. 
Ол ойын қорыта былай дейді:
Бұл мәтіннің мазмұны және бітімі Құранды емес, дұғаны 
еске түсіреді. Басында (
��
) (былай де) дегені жоқ. Негізінде 
(
��
) болмаған жеке дара бір себеп саналмайды. Өйткені Фа-
тиханың басында да жоқ. Құранда дағдыланбаған сөйлемдер 
құнуд дұғаларында бар. Грамматика жағынан да ұсақ-түйек 
айырмашылық табылады. Мақтау (әсна) етістігі Құранда еш 
өтпеген.  Бұл  мағынада  басқа  сөздер  қолданылады  (хамидә, 
сәббәха, кәббәрә секілді). Сә’а (
�َ� ْ�َ�
) етістігі Құранда Аллаһқа 
жету  жолында  талпыну  мағынасында  қолданылмайды. 
Фәжара  (яфжурук)  (
َكُ� ُ�ْ�َ�
)  Құранда  мәфул  (толықтауыш) 
алмаса  да  осы  дұғада  акузатив  жүктелген  адам  есімдігімен 
* 
Күнде  намазда  оқылуы  жағынан  маңызды  дұғалар  болғандығынан  Убәй 
(радиаллаһу анһу) Құраннан санап, осыларды жеке мусхафына жазған бо-
луы мүмкін.
153

“Хикмет”
баспа үйі
алдымызға  шығады.  Хала’а  (
ُ�َ� ْ�َ�
)  етістігі  болса,  Құранда 
бір мәрте ол да тек аяқ киімді шешу туралы 
(Таһа, 12)
 кездеседі. 
Алайда бұл жерде өте басқаша мағынада яғни Аллаһ жолын-
да болмағандардан аулақ (жүру) мағынасында қолданылған. 
Сондай-ақ кәфәрә (
َكُ�ُ� ْ�َ� َ� َو
) кәпір болу мағынасына келген-
де Құранда ба (бе) харф жәрмен сабақты етістік болады; тек 
күфран (жақсылықты білмеу) мағынасына келгенде бұл жер-
де  болғаны  секілді  мәфулун  биһті  алады.  Алайда  бұл  жерде 
кәпірлік мағынаға келсе де бе қолданылмаған.
23 
Бұл салысты-
руда Құран мен хадис арасында сондай бір айырмашылықтың 
бар екендігін, ақ-қараны тани алатын мамандығы бар әркім-
ақ мұны оңайлық түсіне алатындығын көре аламыз.
Құран  түскен  кезде  оның  алғашқы  тыңдаушысы  болған 
араб қауымындағы ең қадірлі істің көркем әрі әсерлі сөйлеу 
екендігін‚  яғни  шешендік  болғандығын  айтқанбыз.  Кейбір 
ақынның екі шумақ өлеңіне бола оған құрмет көрсете білген 
бір  қауымның  ыңғайсыз‚  жаншылған  күйге  түсуіне  себеп 
болған нәрсе оның қарама-қайшысы болғандығында еді. Бұл 
ортада  табиғи  түрде  әдеби  сын  тым  дамыған  болатын.  Тіп-
ті  ол  сын  орнығып‚  бір  мекеме  іспеттес  қызмет  атқаратын. 
Жәһилие арабтарының өлеңді сынайтындығына мына оқиға 
тамаша мысал болады:
Әйел ақын Ханса, Ұказ жәрмеңкесінде ақын Хассан Ибн 
Сабиттің, 
� َ� ����ِ� َ�ْ�َ�ْ�َ� ��ُ�ْ�ا ُت�َ�َ� َ�ْ�ا �َ�َ�
��َد ٍةَ� ْ�َ� ْ�ِ� َنْ�ُ�ْ�َ� �َ�ُ��َ� ْ�َأ َو
«Біздің  сәске  уақытында  жалтырайтын  ақ  легендеріміз 
бар еді.
23 
Нолдеке, «Құран тарихы», 46-48 беттер.
154

“Хикмет”
баспа үйі
Жеңістен  қылыштарымыздан  да  қан  ағып  тұратын» 
–  деген  екі  тармақ  өлең  жолын  былай  сынға  алған:  “Сіз 
жомарттығыңызбен және қаһармандығыңызбен мақтанғыңыз 
келеді. Бірақ сегіз жерде даңқыңа әлсіздік келтіргенсің: Же-
фенат – он саннан аз болған көптікті білдіреді, одан артықты 
көрсету үшін жифан деуің керек еді. Ғұрр – маңдайдағы ақты 
айтады, бәрін қамту үшін бид (
ُ�ْ�َ�ْ�َا
) дегеніңде дұрыс бола-
тын  еді.  Леме’ан  аз-аз,  арт-артынан  келген  жарқырақтарды 
білдіреді: (
َ�ْ�ِ� ْ�ُ�
) (жарқылдады) дегеніңде одан да күшті бо-
латын еді. Өйткені ишрақ үздіксіз. Дұханың (сәске уақыты) 
орнына екінті уақыты дегеніңде тіптен күшті мақтаныш бо-
латын еді. Өйткені‚ қонақ таңертеңнен гөрі кеш боларда ке-
леді (бұрынғы өмірдің шарттарында мұның дұрысырақ екен-
дігі  айқын).  Қанның  тамшылағандығын  (
َنْ�ُ�ْ�َ�
)  білдірдің‚ 
бұл  аз  өлтіргеніңді  көрсетеді.  Көп  өлтірудің  арқасында 
қаһармандығыңды  баяндау  үшін  (
َ��ِ� ْ�َ�
)  деуің  керек  еді. 
Сөйтсең қанның саулап аққандығы бейнеленетін еді т.б.
24
Мүшриктер  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у)  Құран  уахи-
ынан  бұрынғы  тіл  байлығын  білетін  еді.  Сондықтан‚  олар-
дан ешбірі оның (с.а.у.) Құранды баяндағанына қарсы: «Бұл 
Құран  –  Мұхаммедтің  сөзі»  демеген  еді.  Өйткені,  Оның 
сөздері  мен  Құран  арасындағы  үлкен  айырмашылықты  бі-
летін.  Бұған  қоса  Оның  (с.а.у.)  өмірінде  өлең,  сөз  және  жа-
зумен  шұғылданбағандығын  да‚  тіпті‚  баян  және  шешендік 
жарысы үшін құрған айтыс тойларына қызықпайтындығын 
да білетін. Ол (с.а.у.) туралы білетін жалғыз жақтары - Оның 
(с.а.у.)  туралығы  мен  жақсы  мінез-құлық  иесі  болғандығы 
еді.  Балалық  шағы,  жастық  шағы  және  орта  жастан  асқан 
піскен кезеңі туралықпен өткен, адамдарға өтірік айтпаған‚ 
адамдардан  және  дүниеден  еш  нәрсе  күтпеген  бұл  кісінің 
24 
М. С. Рафи, Ижаз, 225-бет.
155

“Хикмет”
баспа үйі
(с.а.у.) енді тура сөйлеудің нағыз керек кезі саналатын - ке-
мелденген жасында Аллаһ Тағала жайлы өтірік айтуын ақыл 
оңайлықпен қабыл ете алмайды.
Құран – Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) сөзі болса оның өзге 
сөздеріне ұқсауы керек еді. Өйткені, бір адамда екі айрықша 
табиғат және жаратылыс болмайды. Алайда‚ Құран хадиске 
ұқсамағаны сияқты басқа сөздерің де ешбіреуіне ұқсамауда. 
Қанатты бір сөздің пайғамбардың кәламы ма, әлде сахаба не 
табиғундікі  ма‚  кім  айтқаны  түрғысында  әбігерлікке  түсу 
мүмкін.  Пайғамбарымыз  да  шешен  сөзді  болғанымен  басқа 
әдемі  сөздерден  оныкін  тек  өте  білімділер  айыра  алатын. 
Бірақ‚ Құран тәсілінің айрықша бір таңбасы бар еді: Басқа бір 
сөзге ұқсамағандығын аз-көп арабшаға әуестігі болған әркім 
түсіне алатынды.
25
25 
М. А. Дераз, «ән-Нәбәул-Азим», 91-93 беттер.

“Хикмет”
баспа үйі
157
Құранның Иғжазы

“Хикмет”
баспа үйі
158

“Хикмет”
баспа үйі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет