PON желілерінде мәліметтердің берілу қағидасы
PON құрылымының негізгі артықшылығы – көптеген абоненттік ONT
құрылғыларына мәлімет жіберу және олардан мәлімет қабылдау үшін тек бір
ғана OLT қабылдап-жіберуші модулін қолдану. Бұл қағиданың іске асырылуы
көрсетілген. Жалғыз қабылдап-жіберуші OLT модуліне қосылған абоненттік
түйіндерінің саны, қабылдап-жіберуші құрылғының максималды жылдамдығы
және қуаттар бюджетіне қаншалықты байланысты болса, соншалықты үлкен
болады. Ереже бойынша, тура (нисходящий) ағын – OLT-дан ONT-ға 1490 нм
толқын ұзындығында мәліметтер ағынын жіберу үшін қолданылады. Керісінше,
бірігіп кері (восходящий) ағын тудыратын, ортаңғы түйінге әртүрлі абоненттік
түйіндерден келетін мәліметтер ағыны 1310 нм толқын ұзындығында
жіберіледі. OLT мен ONT-ға тура және кері ағындарды бөлетін WDM
мультиплексорлары орнатылған.
Тура ағын
Оптикалық дабылдар деңгейіндегі тура ағын, кеңінен хабар таратушы
болып табылады. Әрбір ONT, адресті өрістерді оқи отырып, жалпы ағыннан тек
қана өзіне арналған мәлімет бөлігін ерекшелеп алады. Іс жүзінде, біз таратқыш
демультиплексорымен іс жүргіземіз.
1.7 Сурет – OLT-дан ONT-ға мәліметтер тарату
15
Кері ағын
Барлық абоненттік ONT түйіндерінде бір толқын ұзындығында кері
ағында уақытша бөлу TDMA (time division multiple access) көптік рұқсат
тұжырымдамасын қолдана отырып тарату жүргізеді. Әртүрлі ONT-дан келетін
дабылдардың қиылысу мүмкіндігін болдырмау үшін, олардың әрқайсысына
берілген ONT-дың OLT-ға қатысты алшақтауымен байланысты, кідіріс түзетуін
ескеретін мәліметтер таратылуының жеке уақыттық кестесі құрылады.
Бұл есепті TDMA хаттамасы шешеді.
1.8 Сурет – ONT-дан OLT-ға мәліметтер тарату
PON құрылымының негізгі артықшылығы – көптеген абоненттік ONT
құрылғыларына мәлімет жіберу және олардан мәлімет қабылдау үшін тек бір
ғана OLT қабылдап-жіберуші модулін қолдану. Бұл қағиданың іске асырылуы
суреттің сол жағында көрсетілген.
Жалғыз қабылдап-жіберуші OLT модуліне қосылған абоненттік
түйіндерінің саны, қаншалықты қабылдап-жіберуші құрылғының максималды
жылдамдығы және қуаттар бюджетіне байланысты соншалықты үлкен болады.
Ереже бойынша, тура (нисходящий) ағын – OLT-дан ONT-ға 1490 нм толқын
ұзындығында мәліметтер ағынын жіберу үшін қолданылады. Керісінше, бірігіп
кері (восходящий) ағын тудыратын, ортаңғы түйінге әртүрлі абоненттік
түйіндерден келетін мәліметтер ағыны 1310 нм толқын ұзындығында
жіберіледі. OLT мен ONT-ға тура және кері ағындарды бөлетін WDM
мультиплексорлары орнатылған.
1.9 Сурет – PON желісінің жұмыс істеу қағидасы.
16
PON түрлерінің бірі – Gigabit PON (GPON). Бұл стандарт таратудың 622
Мбит/c немесе 1,25 және 2,5 Гбит/с номиналды жылдамдығын ескереді.
Сонымен қатар әр түрлі сервистің (TDM, SDH, Ethernet, ATM) түрлерін,
басқарудың дамыған механизмдерін және хаттамалар деңгейінде қорғауды
қамтамасыз етеді. GPON жеке үйлерді және пәтерлерді қорғау жүйелерінің
үзіліссіз жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Келтірген мысалдарда барлық абоненттерге әрбір бағытта байланыс
каналдарының нақты кепілдендірілген өткізу жолағы бөлініп беріледі. Қазіргі
кезде GPON (Gigabit PON) стандарты және GFP (generic framing protocol)
транспорттық хаттамасы қолданылады. Тура ағын –1490 нм, 2,4 Гбит/с., кері
ағын – 1310 нм, 1,2 Гбит/с.;
GPON технологиясы таратуда ортақ ортаны қолданғандықтан, барлық
ағындардың шифрлау қажеттілігіне алып келеді.
GPON технологиясында тура ағынды шифрлау Advance Encryption
Standard (AES) шифрлау стандартын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл
түпкі қолданушылардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін жоғарылатуына
мүмкіндік береді [8].
Оптикалық пассивті PON желісінің құрылымы
GPON жүйесіндегі оптикалық пассивті желісінің құрылымы үш негізгі
аумақтан тұрады:
−
Станциялық аумақ түйініндеорнатылған белсенді OLT құрылғысынан
және жоғары тығыздықты оптикалық кростан тұрады;
−
Сызықтық аумақ (жалпы алғанда) станциялық және абоненттік
аумақтар арасында (ODF және ОТҚСп аумақ арасы) орналасқан оптикалық
талшықты кабель, муфта, шкаф, таратқыш қорабтар, сплиттерлер, коннекторлер
және қосқыштардан тұрады;
−
Абоненттік аумақ, бұл жалпы таратқыш құрылғыларының
элементтерінен пәтердегі белсенді ONT құрылғысы мен оптикалық розеткаға
дейінгі бір талшықты ОТК (кеңселерге екі және төрт талшықты кабель
тартылуын есепке алмаған кезде) жеке абоненттік таратылым.
Станциялық аумақ
GPON желісің белсенді станциялық құрылғысы – GPON желісінің
қамтитын ауданын анықтайтын қызмет көрсету аумағы OLT станциялық
құрылғының орталық желілік түйінінде немесе АТС ғимаратында орнатылады.
OLT құрылғысы дауыс тарату, TV және интернет желісіне қосылу (Triple
Play қызметі) қызметін ұсынатын мәліметтер берілу желісін абоненттердің
ақырғы құрылғысымен байланыстырады.
OLT құрылғысының сызықты порттары оптикалық шнурлар – патчкорд
немесе мультипатчкордтардың көмегімен оптикалық жоғары тығыздықты ODF
кроссына қосылады.
17
1.10 Сурет – OLT-ның ODF оптикалық кроссқа қосылу сұлбасы
ODF оптикалық кростар ОТК бағыттар бойынша бөлу үшін арналған.
Оптикалық талшықты кабельдің ODF оптикалық порттармен сплайс-пластина
(дәнекерленген қосылулар үшін бокс және кассеталар) арқылы қосылады. OLT-
дың оптикалық талшықтың магистральдық кабелмен қосылуы OLT-дан тікелей
оптикалық талшықтың магистральдық кабелінің оптикалық розеткаға
патчкордтың қосылуымен жүзеге асырылады.
1.11 Сурет – Пассивті оптикалық PON желісінің құрылымы
Сызықтық аумақ
Сызықты аумақ GPON-ның жалпы топологиясын анықтайды.
Магистральдық және таратушы оптикалық желі аумағының құрастырылуы,
тұрғын аудандардың болашақ құрылысы мен тұжырым есебімен, желіні
резервтеудің әртүрлі әдістерін қолданумен қазіргі кездегі кабелдік
канализацияларын мүмкіндігенше максималды қолданумен жүйелік түрде іске
асырылады.
GPON желісінде желілік түйіннен оптикалық таратушы шкафқа(ОТШ)
дейін немесе сплиттерлері бар оптикалық муфтаға дейін талшықтардың
18
магистральдық бөлуі жүргізіледі.
GPON желісін ұйымдастыру үшін біздің жағдайда сплиттерлердің
қосынды жиынтық тармақталу коэффициенті 1:32 болатын екі каскадты
сұлбасы қарастырылған. GPON желілері абоненттік сыйымдылығын облыстық
орталықтардың көп қабатты құрылысына және ірі қалаларға енгізу пайызын
пәтерлердің орташа санынан қабылдаған жөн:
жаңа құрылыстарда – 100%,
бұрынғы көп қабатты үйлерде 1 дамыту қадамында 50%-ға дейін,
Бірінші каскадта 1:4 тармақталу коэффициентті сплиттерлер қосылады.
Бірінші каскадтың сплиттерлері ОТШ немесе ОМСп қондырылады. Бірінші
каскад сплиттерлерінің шығыс порттары 100% іске қосылуы қажет.
Екінші каскадта 1:8 немесе 1:16 тармақталу коэффициентті сплиттерлер
қосылады. Екінші каскадтың сплиттерлері ОТҚСп орнатылады. Тармақталудың
қорытынды коэффициенті 1:32 немесе 1:64 құрайды. Жобаға лайықты
дәлелдеуде тармақталудың басқа коэффициентті сплиттерлер қою рұқсат
етіледі.
1:4 және 1:8 тармақталу коэффициенті бар сплиттерді қосу сұлбасы 7
суретте көрсетілген.
1.12 Сурет – 1:4 және 1:8 тармақталу коэффициенті бар сплиттерді қосу
сұлбасы
1.3 GPON технологиясы
Пассивті оптикалық желілердің тұқымдас технологиясының ерекше
перспективтісі GPON технология болып табылады. Соңғы жылдары
қабылданған стандарттарға негізделген, GPON операторларға жоғары
жылдамдықты «соңғы миляның» тиімді шешімін ұсынады, ағаш типті
19
желілерідің архитектурасы есебінен оптикалық талшықтардың маңызды
үнемделуін және элементтердің таралым пассивтілігінің арқасында – жоғары
сенімділікті қамтамасыз етеді. Толқындық мультиплексорлеудің заманауи
технологиясын қолдау кабелдік инфрақұрылымның жаңғыртылуынсыз
желілердің жалпы өткізу қабілеттілігін едәуір үлкейту мүмкіндік береді.
Сонымен бірге желінің ағаш типті «нүкте – көпнүкте» құрылымы клиенттік
сервистері үшін өткізу жолағымен еркін басқару мүмкіндігін береді.
Сақиналы және ағаш типті топологиялардың желілік интерфейстерін
толығымен резервтеу және байланыс каналдарының резервтеуге ауыстыруына
аз уақыт кететіндіктен желілік сервистердің қолжетімділігі мен сенімділіктің
биік деңгейімен қамтамасыз етеді.
Екі жақты бағытта таратудың жеткілікті жоғары жылдамдық (2,5 Гбит/с
дейін) кезінде GPON кез келген сервистер үшін (АТМ, SDH, TDM, Ethernet)
ашық қызметін қамтамасыз етеді. Әрбір сервистің толық изоляциясы және
контенттің шифрлауы кірістірілген құралдарын қолдау, желі қауіпсіздігінің
биік деңгейіне жетеді.
Сонымен, оптикалық «соңғы миля» мен оның қалалық мультисервисті
байланыс желілерінде жоғарыжылдамдықты оптикалық рұқсат желілерін ары
қарай дамуын ұйымдаструды шешуде GPON технологиясының SDH және
Ethernet технологияларынан артықшылығын пассивті оптикалық желілер мен
ерекше мүмкіндіктер қатары анықтайды.
Пассивті оптикалық желілердің артықшылығы және сирек кездесетін
мүмкіндіктерімен
қатар
алдыңғы
қатарлы
технологиялардың
артықшылықтарын анықтап, байланыста қалалық мультисервисті желілерде
рұқсат өте жылдам оптикалық желілер ұйымдастыру үшін оның ары қарай
дамытуын таратуға шешімдер бар [9].
1.4 GPON желісінің құрылысы
Қостанай қаласының 5 ықшам ауданы үшін технологияны таңдауға
дәйектеме.
Қостанай – әкімшілік, саудалық, өнеркәсіптік және қоғамдық-саяси
облысының орталығы болып келеді. Облыстың әкімшілік орталығы – Тобыл
өзенінің жағалауында орналасқан, 1879 жылда негізделген Қостанай қаласы.
Облыста 16 ауылшаруашылық аудан, 13 қалалық үлгідегі ауыл, 750 ауыл және
5 қала бар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Житикара, Арқалық.
Қала Тобыл өзенінің жағалауында далалық аймақта орналасқан. Қостанай
қаласының аумағы – 0,740 мың кв. км. Қостанай тұратын халықтар тұрғын сан
– 455,2 мың адам, бұл облыс халқының 56% құрайды.
Облыстың аумағы 196,0 мың кв. км. тең (Қазақстан аумағының 7,7%
құрайды). Қостанай облысы Қазақстан Республикасының төрт облысымен
(Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және солтүстік-Қазақстан обылыстарымен) және
Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.
20
Ресей Федерациямен шекаралас шектесудің орташа ұзақтығы 1242 км.
Қостанай облысында телекоммуникация саласында негізгі монополист
болып Қостанай облыстық телекоммуникациясының дирекциясы ААҚ
"Қазақтелеком" филиалы болып табылады. Алға қойған жобаларды іске асыру
барысында Қостанай және Рудный қаласындағы абоненттерді моралдық және
физикалық тұрғыда тозған декадалық-адымдық АТС-тен электрондық АТС
ауыстырып қосу жұмыстары бітірілген. Қостанай-Качар арасында сандық
радиорелейлік байланыс пайдаланымға енгізілген. Үлкен дамытуды ұялы
байланыс, IP-Телефония және глобалді Интернет желісі алды [10].
Қостанай қаласының телекоммуникациялық нарығын талдау
Сыртқы ортаны талдау.
Бағалауда келесі факторлар қолданысқа енгізілген.
Арнаулы нарықтық экономикалық жағдайдың деңгейі және нарықтың ең
көп мүмкін болатын көлемі.
2014 жылдың 1 наурыз айының есепке алуы бойынша Қостанай
қаласының халық тұрғындарының саны 455,2 мың адам қалалық тұрғындары
құрады.
2014 жылдың 1 сәуір айы бойынша тіркелінген заңды тұлғалардың саны
13108 бірлікті құрады, сонын ішінде 50-ден кем жұмысшылардың саны 12258
бірлікті құрады.
2014 жылдың 1 наурыз айының ГУ «Қостанай облысының акиматтың
қаржы басқаруының» мәліметтері бойынша Қостанай облысының табыстар
бюджеті 29239,5 млн. теңге, шығын – 21823,5 млн. теңгені құрады. 2013
жылмен лайықты мерзіммен салыстыру бойынша табыстар 30,1%-ға,
шығындар –11,1% үлкейді.
Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша халық тұрғындарының
орташа өмір сүру минимумы 16924 теңгені құрады. Осы жылдың қаңтар-ақпан
айлары бойынша бір жұмысшыға орташа айлықтың номиналды еңбек ақысы
77910 теңге құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпан
айларын бағалауды есепке алғанда 19,6 млрд. теңгені құрады,. немесе 2013
жылдың қаңтар-ақпанға салыстырғанда 123,2% құрайды.
Өнеркәсіптік өнімдер физикалық көлемдің индекс 97% құрады. Облыс
өнеркәсібімен шығарылған өнімдердің 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларына
қолданыстағы бағамен 76,8 млрд. теңге құрады.
Белсенді субъектілердің кіші және орташа кәсіпкерліктерге лайықты
мерзіммен салыстыру бойынша өткен жылға қарағанда 5,5% үлкейді, және
43894 бірлікті құрады.
2014 жылдың қаңтар-ақпанына байланыс қызметтерінің көлемі құрады 1
685,4 млн теңге құрады [11].
Осы жобаны жүзеге асыру негізінде телекоммуникациялық қызметтердің
стратегиялық нарығында «Қазақтелеком» АҚ болуы және қатаң бәсекелестік
21
жағдайында нарықтың едәуір үлесін ұстау көзделген. Осы нарықты жаулап алу
келесі сыртқы факторлардан туындады:
−
нарықта бәсекелестердің болуы;
−
жаңа клиенттерді өзіне қарату мүмкіндігі;
−
клиенттердің жаңа телекоммуникациялық қызметтерді қажет етуі.
Қазіргі уақытта ADSL технологиясы бойынша абоненттерді ғаламтор
қызметтеріне қосу үшін бас тартулар бар. Бұл келесі бірнеше техникалық
себептермен байланысты:
−
абоненттердегі қосарланған телефондар;
−
абоненттер PCM арқылы қосылған;
−
абонентке дейін қосылу жолы оған қойылған талаптарға сәйкес
келмейді;
−
абонентке дейін ауа жолы;
−
сымды СЛ жоқтығы.
Бәсекелестерді салыстырмалы талдау.
Қостанай қаласы бойынша ғаламтор қызметтерінің нарығында зерттеу
жүргізе отырып, қала нарығында ғаламтор-қызметтерін ұсынатын 5 компания
туралы айтуға болады: «Нурсат» АҚ, «Tele2» АҚ, «Астел» АҚ, «КаР-Тел»
ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ осы компаниялармен ұсынылатын қызметтер
1.1 кестесінде көрсетілген.
1.1 К е с т е – Қостанай қаласындағы ғаламтор-нарығындағы бәсекелестер
тізімі
Бәсекелес
компанияның атауы
Қызмет көрсету түрлері
АО «Нұрсат»
IP-телефония, спутниктік байланыс, ғаламтор
желісіне қатынау
АО «Tele2»
Мәліметтерді тарату қызметтері
Ғаламтор желісіне қатынау
АО «АСТЕЛ»
Мәліметтерді тарату қызметтері, халықаралық
байланыс, сымсыз байланыс
Ғаламтор желісіне қатынау
ТОО «КаР-Тел»
Мәліметтерді тарату қызметтері
Ғаламтор желісіне қатынау
АҚ «Қазақтелеком»
Мәліметтерді тарату қызметтері, халықаралық
байланыс, спутниктік байланыс, ғаламтор желісіне
қатынау
Қолданушылардың сипаттамасы
Абоненттердің сандарын анықтау
22
1.2 К е с т е – Қостанай қаласының 5 ықшам ауданындағы тұрғын
үйлердің адрестік базасы
№
Үй
Подъезд саны
Пәтер саны
Талшық саны
1
8
6
85
8
2
9
6
85
8
3
10
2
42
4
4
10А
2
42
4
5
11
4
65
8
6
12
4
65
8
7
13
4
65
8
8
14
2
42
4
9
15
6
85
8
10
16
2
80
4
11
17
2
91
4
12
18
2
91
4
13
19
4
144
8
14
20
2
24
4
15
21
2
24
4
16
22
5
180
8
17
23
5
180
8
18
24
5
180
8
Барлық пәтер: 1570
Потенциалдық абоненттерді есептеу үшін, сонымен қатар үйлердің
кіреберістерін, қабаттардың санын және басқыш алаңдарда пәтерлердің санын
анықтау мақсатымен, тікелей желі құрылысының орнында зерттеуші жұмыстар
жүргізілді. Жұмыс барысы кезінде жобаланатын үйлерде кеңсе бөлмелердің
болиайтыны белгілі болды.
1.3 К е с т е – Қостанай қаласының 5 ықшам ауданындағы келешек тұрғын
үйлердің адрестік базасы
№
Үй
Подъезд саны
Пәтер саны
Талшық саны
1
–
3
81
6
2
–
3
81
6
3
–
3
81
6
4
–
3
81
6
Барлық пәтер: 324
Қазіргі байланыстың құрылысы және олардың мүмкіншіліктері
Рұқсат желісі құрылысының басталуының алдында, нақты айтса
сызықты-кабелдік құрылыс түйінінің тірек түйіндерінде (агрегациялық
түйіндер) орнатылған – OLT (optical line terminal) – желінің белсенді
23
құрылғысының тұрған орнын анықтап алу қажет; және ODF (магистральдық
оптикалық кросс) OLT құрылғысымен сызықты оптикалық желі коммутациясы
үшін арналған.
1.13 Сурет – Қостанай қаласындағы GPON технологиясының негізінде ақпарат
тарату желісінің сұлбасы
OLT және ODF құрылғыларының орналасатын бөлмесі қоректенудің,
жерге қосудың, жарықтың, өрт қауіпсіздігінің талаптарына, және көптеген
басқа регламенттеуші талап етілген шарттарды қанағаттандыру қажет. Төменде
байланыстар құрылғылары орналасатын бөлмелерге қойылатын шарттардың,
қысқаша тізімі келтірген:
−
Автозалдың бөлме ауданы құрылғылардың құрамымен және типімен
анықталады;
−
Аккумуляторлармен
тығыз
бекітілген
ЭҚҚ
құрылғысының
технологиялық қызмет бөлмелерінде (автозал) орнатуға болады;
−
Ғимарат отқа төзімділіктің II дәрежесінен төменде болмауы тиісті (III
дәреже рұқсат етіледі);
−
Байланыс құрылғысы орнатылатын бөлменің үстінде, су тұтынуымен
байланысты бөлмелер орналастыру рұқсат етілмейді;
−
Кабелдер енгізу бөлмелері арқылы күш беретін кабелдердің және
өтпелі инженерлік коммуникацияларының тарту рұқсат етілмейді;
−
Өндірістік бөлмелердің Таза едені өртенбейтін негізге төселуі тиісті;
−
Түзеткіштерге және аккумуляторларға күн сәулелерінің тию
мүмкіндігін болдырмау;
−
Өндірістік бөлмелер басқа бөлмелерден өртенбейтін қабырғаларымен
бөлінуі тиісті немесе отқа шыдамдылықтан 0,75 сағаттан кем емес қалқан
болуы тиіс;
−
Еден жамылғысы – арнайы тағайындаулы статикаға қарсы линолеум;
−
Жабдық қаңқалары, құрылғылар және металлдық бөліктер жерге
отырғызылуы тиісті;
−
Сызықты құрылңылар: шкафтар, кабелдік жәшіктер, металлдық
24
қабықтар және кабелдердің экрандары жерге отырғызылған болу керек;
−
Әрбір жерлестіруші құрылғы ЭҚЕ талаптарына сәйкес келуі тиісті,
жерге отырғызылу құрылымдарының сұлбасы болатын төлқұжат болу керек,
негізгі техникалық мәліметтері, және осы жерлестіруші құрылымның күйін
тексеру нәтижелері туралы мәліметтер, өндірістік жөндеулердің сипаты туралы
және осы құрылымдық конструкциясына енгізілген өзгерістерге сәйке болуы
тиіс;
−
Қабатаралық саңылауларды немесе телефон немесе басқа кабелдер
өтетін шатырдағы аражабындарды, асбестпен тығыз жабылған болуға тиісті.
Оның үстінен цемент ерітіндісімен, алебастрмен немесе басқа өртенбейтін
материалдармен герметикаландыру қажет. Егер саңылаулар кабелдермен
жұмыс жасалғанда ашылған болса, онда жұмыстың аяғында олар қайта бітелген
болуы тиісті;
−
Өрттің бөлмеден бөлмеге таралуын тоқтату үшін кабелдерден және
өткізгіштердің төсемінен кейін қалған еркін кеңістіктер толтыру немесе
бөлмелер арасындағы тұрбаларға, сонымен қатар оңай алып тасталатын
өртенбейтін материалдармен қамтамасыз ету;
−
Олардың әкімшілік немесе қоғамдық бөлмелерде орналастырылған
жағдайында кірістірілген АТС және телеграфтардың кірулері жеке болуы
тиісті;
−
Барлық өндірістік бөлмедің кірістерінде МСТ 12.4.026-76 сәйкес
бөлменің қауіп-қатер дәрежесі бойынша, электр тоғымен зақымдалу дәрежесі
мен жарылу, өрт-қауіпсіздіктер таңбалары, сонымен қатар өмір тіршілік
қауіпсіздігіне жауапты адамның аты ілінген тақтайшада көрсетілуі тиіс;
−
Қызыметкерлердің бір уақыт мезетінде құрылғының металлдық
корпусына, жылытушы су құбырына және канализациянық құбырларға тиіп
кету мүмкіндігін болдырмау үшін тоқ өткізбейтін керегелермен арашалау
қажет;
−
Үлкен қауіп-қатерлі және ерекше қауіптілігі бар өндірістік
бөлмелерде электр саймадарынының және қол электр шырақтарын қосуы үшін
арналған жоғары емес 42В номиналды кернеумен автономды элект желісі
салынған болуы тиіс;
−
42В кернеуге дейін розеткаларға қосу үшін арналған штепселді
шанышқыны өзінің конструктивтік орындауы бойынша 220 В розеткасына қосу
мүмкіндігінен айыру қажет. 220 В кернеу розеткалары үшін үшінші
жерлестіруші байланысуымен болуы тиісті;
−
Жерлестіруші және жерлестірушілерге қатысты нөлдік өткізгішті,
жерлестіруші
түйіске
және
жерлестіруші
конструкцияларға
нөлдік
өткізгіштердің қосылуы дәнекерлеумен істелінген болуы тиіс, ал жабдықтың
корпустарына – дәнекерлеумен немесе сенімді болттық қосумен орындалуы
қажет;
−
Жабдықтардың жерлестірілуге немесе нөлдендіруге жататын әрбір
бөлігі, жерлестіруші немесе нөлдендіруші жеке өткізгіштің көмегімен желіге
25
қосылған болуы тиісті. Жерлестіруші немесе нөлдік қорғайтын өткізгіштің
жерлестірілетін және нөлдендірілетін жабдық бөліктерінің біртіндеп қосылуы
рұқсат етілмейді;
−
МСТ 12.04.026 сәйкес бөлмедегі жерлестіруші өткізгіштердің енгізу
орындарында айрықша таңбалары ескерілуі тиісті.
Қойылған талаптармен танысып, оптикалық сызықты терминалды (OLT)
және магистральдық оптикалық кроссты (ODF) 9 ықшам ауданының 16 үй
мекен-жай бойынша орналасқан АТС-22 ғимаратында орналастыруды жөн
көрдім. Бұндай шешім сызықты жабдықтардың қызмет көрсетудің
ыңғайлылығымен, түйіннің рұқсат желілерінің құрылысы болатын ауданға
тікелей жақындылықпен және ары қарай оның қызмет көрсетуге, сонымен бірге
байланыс жабдығы орналасатын бөлмелерге қойылатын талаптарға
технологиялық сәйкес болуы қажет [12].
Достарыңызбен бөлісу: |