Пәннің мазмұны
Кіріспе
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама пән, мақсаты және міндеті. Ақыл –ойы зақымдалған балалардың психикалық және дене дамуының ерекшеліктер. Көмекші мектептегі әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама оқытудың әдістері, қағидалары мен формалары.Ақыл-ойы зақымдалған балалардың әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама сабақтарында білім және практикалық біліктерін анықтау, қадағалау. Көмекші мектептегі әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама сабағын жүргізудің заңдылықтары мен дамыту жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру. Біліктілігін толықтыру дағдыларын машықтандыру. Үйде оқытылатын балаларға әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға оқытудың ерекшеліктері. Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде ӘТБ курсының мазмұны және технологиясы. Көрмейтін және әлсіз кӛретін балаларға арналған Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама курсының мазмұны. Ақыл – ой кемістігі бар балалрға арналған әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама курсының мазмұны. «Әлеуметтік бейімделу» түсінігі. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама сабақтарын ұйымдастыру. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама сабағына қойылатын талаптар. Әңгімелеу, әңгімелесу және жаттығулар жасау арқылы әлеуметтік тұрмыстық бағдарламадан сабақ өткізу тәсілі. Нақты өмірлік жағдайларды моделдеумен әлеуметтік тұрмыстық бағдарламадан сабақ өткізу тәсілі.Тәжірбиелік жұмыс арқылы әлеуметтік бейімделу көмекші мектептің жетекші мақсаты ретінде.Көмекші мектептегі әлеуметтік тұрмыстық бағдарлама жүйесінің негізгі компоненттері.Оқушыларды әлеуметтік еңбекке бейімдеу жұмысының мазмұны. Церебральды параличі бар балалардың өзі - өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.Соқыр және нашар кӛретін балаларды кеңістікте бағдарлауды үйрету. Ақыл – ойы кем оқушылардың әлеуметтік тұрмыс бағдарлауы.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
Оқу бағдарламасы оқушылардың жастық танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің икемдер мен дағдылар, білім мазмұны мен көлемін анықтаушы оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3.Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» курсының мазмұнында құрылымы бойынша жеңілдетілген, көлемі бойынша қысқартылған, білім жүйесін қарастыру деңгейі бойынша қарапайым, сонымен бірге онда аталмыш білім саласына тән құрылымдық тұтастық сақталған.
4.Ақыл-ой қалықтығы жеңіл оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт»пәнінің мақсаты әртүрі тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлардағы белсенді және дербес болуға мүмкіндік беретін оқушылардың арнайы әлеуметтік-бейімдік икем мен дағдыларын қалыптастыру.
5. Оқу бағдарламасы әлеуметтік кеңістікте бағытталатын икемдер, оқу қызметтерін дербес игеру жолдарын дамыту, пәндік салалар бойынша икемдерді игеру және оқушылардың білімді игеруі үшін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәнінің әдістемелік әлеуетін пайдалануға бағыттайды.
6. Оқу бағдарламасында арнайы мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерінің сипаттамасымен бірге оқу-нормативтік құжаттардың дәстүрлік қызметтерімен үйлеседі. Оқу тәсілдері пән бойынша оқу бағдарламасының жаңа құрылымын құрудың негізгі бағыттары болып табылады.
7.Құндылықты-бағыттық, қызметтік, тұлғалық-бағыттық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапқан білім беру процесінің нәтижелері мен оқыту мақсаттары жүйесінің басымдылығын күшейу үшін ұолданылады.
8. Тұлғалық-бағыттық білім беруді жүзеге асыру өзара қарым-қатынастар күштеуге жол бермей, білім беру процесінің барлық қатысушыларының одақтастығы үшін алғышарттар құрайтын оқытудың белсенді әдістерін пайдалану кезінде мүмкін болады.
9. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды қызмет тәсілдері, идея, білім алмасуды ұсынатын шынайы шығармашылық процесстегі оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау моделіне айналдырады.
10. Қазіргі деңгейдегі оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі оқушының білімді өз «күшімен» алуына атсалысуды қйымдастыру болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды, сондай-ақ тұлғалық қасиеттерді иеленуіне ықпал етеді, ол оған оның жеке қызығушылықтарын анықтауға, конструктивтік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенді танымдық әрекеттері мұғалімнің серіктес, кеңесші ретіндегі қолдауы кезінде тұрақты сипатқа ие болады.
11.Тұлғалық-бағыттық білім берудің мұндай сипаты өзара қарым-қатынаста күштеуге жол бермейтін білім беру үрдісінің барлық қатысушылары үшін серіктес болудың алғышарттарын құрайтын оқытудың интербелсенді әдістерін пайдалану кезінде мүмкін болады.
12.Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды өзара білім, идея, әрекет ету тәсілдерін ұсынатын шынайы шығармашылық процесс барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау үлгісіне айналдырады.
13. Нақты пән бойынша оқу бағдарламасы аумақтық сипаттағы материалдарды пайдалануға бағытталған оқу қызметін ұйымдастырудың танымдық және әлеуметтік жоспарындағы оқушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері). Аталмыш пән бойынша оқыту мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде жүзеге асатын тәрбиелік сипаттағы жобалық қызмет ата-аналармен, жергілікті бірлестік өкілдерімен ұйымдастырылуы мүмкін.
14. Оқу бағдарламасында «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін қолданылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түріндегі кұтілетін нәтижелер зинақталған. Мазмұндық аспектіде оқу бағдарламасы тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі және өз субьектісі ретінде оқушыны тәрбиелеуге қосатын оқу пәнінің үлесін аша түседі. Ақыл-ой қалықтығы жеңіл түрде бұзылған оқушыларға арналған «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» оқу пәнінің мазмұны ұсыныстық сипатқа ие. педагог оқушының мүмкіндіктері мен білім алудағы айрықша қажеттеліктеріне байланысты әрбір сынып оқушысын оқытудың қарқыны мен мазмұнына кез-келген өзгерістерді ендіре алады.
15. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт» пәні бойынша білім беру процесінің мазмұны оқыту мақсаттарына бағынады және оқушының алған білімін, дағыларын шығармашылық тұрғыдан сабақта және өмірде пайдалана алу дайындығын қалыптастыруға бағытталады,жетістікке жету табандылығын дамыту өмір бой оқуға ынталандырады.
Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Әсіресе, біздің еліміз сенімді даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне ауысқан өтпелі кезеңде ондай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күнен күнге көбеюде.
Әр мұғалімнің өзіне кішкене ғана болып көрінетін еңбек жолы бар. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата- ана мейірімімен қатар, мұғалім тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын болады. Бұл жұмыста да үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Осының барлығы ұстаздардың шығармашылқ іс тәжірбиелері арқылы қалыптасуда.
Жас ұрпақты тәрбиелеу, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау- үлгі көрсету мен талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашады.
Әр ұстаздың алдына қойған жалпы білім меңгертудегі мақсат, міндеттері бар. Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ, жұмыс жасап жүрген әрбір ұстазды шығармашылық жұмыстар мен иновациялық технология әдіс -тәсілдерін іздеуге итермелейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік педагогикалық түзету арқылы қолдау дегеніміз тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау.
Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жас өспірімдер тәрбиеленуде, осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себептерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Бұл барлық педагогтардың әсіресе әлеуметтік педагогтің парызы.
Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары қажет.
Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.
Тәрбиенің мазмұны табиғат, қоғам және адам ойлауы жайындағы негізгі ғылыми фактілерді, түсініктер мен мәліметтерді қамтиды. Оларға көзқарастар, құндылықтар мен нормалар, сондай-ақ оған сай келетін қабілеттер, дағдылар, біліктер; міндет, мінез-құлық нормалары, әлеуметтік салт-дәстүрге арқа сүйейді.
Тәрбиенің түрлі жақтарын: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене-тәрбиесін, сондай-ақ дүниетанымды шешу мұғалімнің сыныптарда оқушыларға қандай материалды оқытуына байланысты оқу жоспарлары мен пәндік оқу бағдарламаларына бағытталады.
Әрбір оқу пәні тәрбие процесіне өзіндік мол үлес қосады, дегенмен тәрбиенің кейбір міндеттерін шешу оқу пәнінің мазмұнымен жұмыс істеуге бағынады, ол бәрінен бұрын (мазмұнымен) логикасымен анықталып, қандай да болмасын пәннің өзара байланысты кейбір мәселелерін мазмұндаудың қабылданған педагогикалық жүйесіне бағынады.
Бұл программалық материалдың оқу пәндері бағдарламасының ерекшелігі сол – ол тек қана үлгі ұсыныс мазмұнына ие.
Тәрбие жұмысының қызметі – мұғалімге, класс жетекшісіне және тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға оқушыда нені тәрбиелеуге, әрбір оқу жылында тәрбиенің кез-келген міндетін тиімді түрде шешуге олардың қандай әрекеті түрті болатынын анықтауға көмектесу.
Тәрбие әдістері дегеніміз – жеке бастың оң салаларын қалыптастыру мақсатында педагогтің өз тәрбиелеушілеріне әсер ету жолдары.
Педагогикада тәрбие әдістері түрліше топтастырылады. Әдістердің мынадай топтарын атауға болады:
а) олардың адамның мінез-құлқы мен санасына әсері;
ә) білім көздері бойынша (сөздік, көрнекілік және практикалық)
б) қолданылу мақсаты бойынша (оятушы, қалыптастырушы және бекітуші әдістер).
Екі белгіні: білім көзі мен қолданылу мақсатын ескеретін топтастыру да бар.
Олигофренпедагогикада мынадай әдістер тобы бар: сана-сезімді қалыптастыратын әдістер (сендіру әдісі); мінез-құлықты қалыптастыру әдістері (үйрету әдістері), ынталандыру әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |