Құрастырған: аға оқытушы Боранбаева Г. С


Сана – сезімді қалыптастыру әдістері



бет5/64
Дата06.01.2022
өлшемі354,53 Kb.
#12835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Сана – сезімді қалыптастыру әдістері (сендіру әдістері) : әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, сендіру жатады.

Қоршаған ортадағы құбылыстар, қоғамдағы мораль нормалары жайындағы мардымсыз (шектеулі) хабарлар көлемі балалардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырып, олардың ой өрісін кеңейтуді қажет етеді. Бұл әдістер тобын пайдаланудың мәні кемтар балалардың қоршаған орта мен айналадағы құбылыстарды өз бетінше ұға алмайтындығымен анықталады.



Олигофрениедагог сендіру әдістерін пайдалана отырып, оқушының ой өрісін кеңейтуді тиіс, адамдар дүниесі, ол адамдардың өзара қарым-қатынасы жайындағы балалардың түсініктерін дұрыстап, жөндеуі тиіс.

Бұл әдістерді қосалқы мектепте пайдалану қиын, өйткені олар сөздік құрамдарды кең пайдалануға негізделген. Сөздің тұжырымдаушы қызметінің жетілмеуі кейде адамгершілік ұғымдарды бұрмалап, анайыландыруға әкеп соғады. Мысалы, «табандылық - өр көкірек, батыл, мықты болу». Моральдік «борыш» ұғымын (жанұя, ұжым, Отан, ата-ана алдындағы борыш) түсінуді күнделікті өмірдегі «қарыздар болу», «қарызға зат алу», «қарыз беру» ұғымдарымен шатастырылмауы тиіс. Кейбір оқушылар борышты жақсылыққа жауап беру деп немесе борышты нақты ситуациялық тұрғыда түсінеді. Мысалы, «Қаламын жолдасына бере тұру», «үзілісте жүгірмеу», «төбелеспеу», «берген тапсырманы орындау» т.б.

Осындай психологиялық ерекшеліктерге байланысты сендіру әдістерін қолданудың ерекшеліктері туады.

Әңгіме балаларда бар білімдерге, көрнекі практикалық әрекетке сүйенуі тиіс.

Әңгімелесу сұхбат – тәрбие әдісі ретінде қоғамдық өмірдің түрлі проблемаларын оқушылармен бірлесе отырып талқылауды қамтиды. Талқыланып отырған материалдың мазмұнына қарай этикалық, эстетикалық, қоғамдық – саяси сұхбат болып бөлінеді.

Этикалық тақырыптағы әңгімелер – эстетикалық білім беруге, балаларда көркем творчествоға қызығушылық пен мұқтаждың туғызуға бағытталады. Әңгімелесу материалдарына оқыған әңгімелер, көрген диафильмдер, көркем суреттер, табиғаттың, адамның, еңбектің сұлулығын байқау жатады.

Этикалық тақырыпта әңгімелесу олигофрендерде моральдық білімдер жүйесін қалыптастыруға көмектесуі тиіс.

Әңгіме тақырыбын анықтау оқушының жас, жеке, типологиялық ерекшеліктеріне, оқып жатқан бағдарламалық материалға, баланың адамгершілік даму деңгейіне байланысты.

Қосалқы мектептегі этикалық әңгіменің тақырыбы нақты әрі қысқа болуы тиіс. Материал іріктеген кезде этикалық әңгіменің қате, жалған ұғымдарды жөндеуге, бұрын белгісіз болып келген ережелер мен нормаларды түсіндіруге, жалпы адамдық мораль нормалары жайындағы бұрыннан бар білімдерді жүйелеуге септігін тигізуі қажет екенін ескеру қажет. Класс өмірінде кездесетін фактілерді, балалардың байқауларын, әңгіме, ертегілерді, кинофильмдерді т.б. міндетті түрде пайдалану керек.

Енжарлық ақылы кеміс балаға тән қасиет, әрекеттің мардымсыз мотивациясы әңгіме өткізуі қиындатады. Сондықтан оқушыда этикалық материалды қабылдап, игеруге қызығушылық туғызатындай түрлі тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ оқушының өз тәжірибесін, аға ұрпақтың тәжірибесін пайдаланып, қоршаған өмірден, әдеби кейіпкерлер өмірінен мысалдарда келтірген жөн.

Әңгімелесу кезінде этикалық әңгіме мазмұнын сыныптағы нақты жағдайларға талдау жасаумен, кейбір оқушылардың осы тақырып бойынша тұжырымдарын көрсетумен байланыстыру әңгіме өткізудің міндетті шарты болып табылады. Әңгімелесу барысында оқушының мінез-құлқын талқылап, оған «мораль оқуға» мүлдем болмайды. Әңгімедегі кейіпкермен тікелей әңгіме барысында салыстыру балаға ауыр тиіп, балада мұғалімнің, тәрбиешінің талаптары мен ескертулеріне мүлдем теріс көзқарас пайда болады.

Оқушыда моральдық білімдер қалыптастыруда көрнекі-үлгі құралдарын (сурет, фото, слайд т.б.) маңызы зор.

Түсіндіру – оқушыға қоғам өзінің әрбір мүшесіне жүктеп отырған қоғамдық талаптардың әлеуметтік мәнін ұғындыруға бағытталған. Ақылы кеміс балалардың мораль нормаларына қойылатын талаптарды ұғуы қиын, оның мәнін түсінбей қателіктер жібереді.

Түсіндіру (ұғындыру) балаға өз қылығын ұғып, қолайсыз жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет