Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет18/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

АРАБША АТ ҚОЙҒАНЫМ ДҰРЫС ПА?
Араб  тілінде  кейбір  есімдер  жалқылау  үшін  «әл»  артиклімен  жазылады.  Сол 
себепті әріптер қосарланады. Мәселен, Абдуррахман, Абдуррауф, Абдулазиз. Бұл араб 
тілінің ерекшелігі. Ал, қазақ тілін грамматикасында мұндай қағида жоқ. Сіз, Абдурашид, 
Әбдірашид,  Ғабдурашид  десеңіз  де  қателеспейсіз.  Сол  секілді  Абу  Бакр  –  Әубәкір, 
Әбубәкір; Осман – Оспан; Али – Әли, Ғали, Қали деп қолдануға болады. Сондықтан, 
мұндай есімдерді қоюда тілдік ерекшелікті ескерсе де мағынасы бұзылмайды.
  
ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?
Жалпы  адамның  бостандығы  мен  құқығына  қол  сұғуға  шариғатымызда  қатаң 

133
тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу 
да сол сияқты.
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  қоштасу  қажылығында  Мина  жазығында  тұрып, 
құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың 
бір-біріңе  осы  қасиетті  (Мекке)  қаласы,  осы  қасиетті  (қажылық)  айы,  осы  қасиетті 
(құрбан  айт)  күніндей  қастерлі  (қол  сұғуға  тыйым  етіледі)»,  –  деп,[1]  адам  ар-
намысының қаншалықты қастерлі екендігін ескерткен.
Сонымен қатар, ҚР Ата Заңы бойынша да мұндай әрекет қылмыс саналады. Адам 
ұрлау және бас бостандығынан айыру заңмен жазаланады[2].
Халқымызда  «Қыз  мұраты  –  кету»  дегендей,  теңін  тапқан  қыздың  жолын 
байламау дәстүр тағы бар. Бұл – шариғатқа негізделген дәстүр. Шариғатта «Ең жақын 
уәли ұзақ сапарда болса, қыздың теңін күттірмеу үшін кейінгі уәли тұрмысқа береді[3]» 
деп айтылған. Мәселен, қыздың жақын туыстары қайтыс болса, қызды айттырып келу 
ерсі саналады. Қазалы үйде біраз уақытқа дейін құда күту сияқты қуанышты шаралар 
жасалмайды. Бірақ, қыздың бағын байламау үшін ана-атасы өз баталарын береді де 
«қыз қашып» кетеді. Алайда, бұл қызды зорлықпен алып қашу емес.
Қызды тұрмысқа ешкім мәжбүрлеп бере алмайды. Неке мәселесінде қыздың өзі 
шешім қабылдайды Тіпті, әкесі де еріксіз тұрмысқа бере алмайды.
Ибн Аббас (р.а.): «Бір қыз Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп әкесі еркінен тыс тұрмысқа 
беріп  жатқанын  айтып  шағымданады.  Сонда  пайғамбар  (с.ғ.с.)  қызға  өзіне  таңдау 
жасауға рұқсат етеді[4]»,-деп риуаят етеді.
[1] Бұхари мен Муслим.
[2]ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 126-баптары
[3]Әл-Ихтияр лит-таълил мухтар, 2-том, 119-бет
[4] Ахмет, Әбу Дауд, Ибн Мажаһ
КЕңЕС ЗАМАНЫНДА АХАЖ-ДА НЕКЕ ҚИДЫРҒАН
 КІСІЛЕР НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?
Кеңес заманында үйленгендер кейбіреулері тек АХАЖ-ға тіркелумен шектелгені 
мәлім. Бірақ, сол замандарда үлкендердің айтуымен неке қидырған жастар да болған.
Сіздің  сауалыңызға  келер  болсақ,  егер  АХАЖ-да  немесе  құдалықта  неке  шарттары 
орындалса некелерін қидырудың қажеті жоқ.
Неке шарттары:
1.Қыз бен жігіттің сөз байласуы. Қыздың тұрмысқа шыққанда: «разымын»,-
деп  ал,  жігіттің  некеге  алғанда:  «қабыл  алдым»,-деп  өткен  шақ  формасында  берген 
жауаптары;
2.Уәлидің,  яғни  қамқордың  келісімі.  Уәли  –  қыздың  әкесі  мен  бауырлары. 
Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Қайсы бір әйел уәлісіз (яғни қамқоршысыз) 
тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз...[1]»,-деп айтылғандай уәли некенің бір шарты;
3.Куәлардың қатысуы. Құран Кәрімде: «...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар.
[2]»,-деген. Ал, хадисте: «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді[3]»,-деген.
Әдетте,  осы  шарттар  құдалықта  толығымен  орындалады.  Айтпағымыз,  қазақ 
дәстүріндегі құда түсуде неке қиюдың барлық шарттары көрініс тапқан. Ал, егер бұл 
шарттар  орындалмаған  болса,  мешітке  келіп  қидыруға  болады.  Бірақ,  неке  жайлы 
білмегендіктен  және  сол  заманның  заңы  бойынша  некеге  қидырғандықтан  мұндай 
кісілердің некесі дұрыс емес деуге болмайды.

134
 
[1] Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд әл-Маусили әл-Ханафи, 
Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
[2]Талақ сүресі, 2-аят
[3] Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи, 2-том, Дамаск, «Дарул 
Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию шарттары, 153-бет
«ЗИНАҚОРДЫ ЗИНАҚОРҒА ҚОСАМЫН» 
ДЕГЕН АЯТ БАР МА?
          Нұр сүресінің мына аяты болса керек. Ол аятта былай делінген: 
«Зинақор 
еркек тек зинақор немесе пұтперес әйелге үйленеді.  Зинақор әйел де тек зинақор 
немесе пұтқа табынушы еркекке тұрмысқа шығады. Ол нәрсе Аллаға иман еткен 
кісілерге харам»[1]
Аталмыш аяттың түсу себебі жайында бірнеше риуаят бар. Соның бірінде: «Үмму 
Мәһзул  есімді  бір  жеңіл  жүрісті  әйел  болған.  Соны  сахабалардың  бірі  өз  некесіне 
алғысы келеді. Оның осы әрекетінен қайтарған әлгі аят түседі»,[2]делінген.
Енді  оның  тәпсіріне  келетін  болсақ,  тәпсірші  ғұламалар  әр  түрлі  түсініктеме 
берген. Соның ішінде Имам Матуридидің түсініктемесін келтірейік. Ол (р.а.) өзінің 
тәпсір кітабында әлгі аятқа мынадай түсініктеме береді:
«Бұл  жердегі  тыйым  шын  мәнісінде  «некелесуге  емес»,  зинадан  қайтару 
мақсатында айтылып отыр. Яғни ол жерде: «Сендер зина жасамаңдар! Егер зина 
жасасаңдар,  зинақор  атанасыңдар.  Ал,  жеңіл  жүрісімен  танылған  жігітке  ибалы 
қыздың тұрмысқа шықпайтыны анық. Амал жоқ өзі сияқты зинақор қызбен үйленуге 
тура  келеді.  Ендеше,  зинадан  аулақ  бол!»  деген  мағына  жатыр.  Немесе  бұл  аят 
зинақор  кісілердің  іштегі  таңдауын  да  баяндап  тұрған  болуы  мүмкін.  Мәселен:  
Зинақор тек өзі сияқты зинақорды немесе пұтпересті жақсы көреді, себебі ол екеуі 
зинаны тыймайды»[3]
[1]Нұр сүресі – 4 аят. 
[2]Сабуни, Рауаиъуль Баян – Нұр сүресі тәпсірі. 
[3]Имам Матуриди, Тәуиләту әһли сүннә, Нұр сүреснің 4- аят тәпсірі. 
 
ЗИНА ЖАСАҒАН ҚЫЗБЕН ҮЙЛЕНЕ АЛАМ БА?
Зинаға барып қойған қызбен жасасқан  неке[1] шариғат тұрғысынан неке болып 
есептеледі. Неке қиылғаннан бастап, өзара жұбайлық міндеттер бұларға да жүктеледі. 
Дегенмен,  үйленгісі  келген  жігіт  ардақты  Пайғамбарымыздың  мына  кеңесін 
ешқашан ұмытпауы керек. Ол (с.а.у) былай дейді: «Әйел кісіге төрт нәрсеге қарап 
үйленедібайлығынатегінеәдемілігіне және дінінеАл, сен діндар (тәрбиелі, пәк, 
ибалы, тақуа) әйел затын таңда, береке табасың».  Сондай-ақ, Ұлы Жаратушы Иеміз, 
бүкіл әлемнің Раббысы Алла тағала: 
«Пұтқа табынушы әйелді қанша ұнатқанымен 
де, ондай әйелден иман келтірген күң артық...»[3], – дей келе Алладан қорқатын, 
иманды қыздың артықшылығын баса айтуда.
Ендеше, сіздің әлгі досыңызға айтар кеңесіміз, болашақ жары ретінде діндар әрі ибалы 
қызды алғаны дұрыс. Бұл оның берік әрі берекелі отбасы құруына септігін тигізеді.
Бірақ  сіз  сұрап  отырған  қыз  егер  тәубесіне  келіп,  намаз  бастаған  болса  және 
өткен қателігіне шынайы өкінген болса, ол – басқа.
[1]Үйленгісі келген қызы мұсылман немесе кітап иелерінен болуы ләзім 

135
[3]Бақара сүресі – №221 аят.
«ӘМЕңГЕРЛІККЕ» ШАРИҒАТ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
Әмеңгерлік  – дәстүрлі қазақ қоғамындағы күйеуі қайтыс болып, жесір қалған 
әйелдің  қайын  ағасына  немесе  қайын  інісіне,  басқа  бір  жақын  туыстарына  қосылу, 
некелесу салты. Кейде отбасына етене сіңісіп, біте-қайнасып кеткен жесір жеңгесін 
бөтен  кісіге  жібергеннен  көрі,  әмеңгерлік  жолмен  қайын  інісі  немесе  қайын  ағасы 
онымен үйленіп өз қамқорына алуы тиімді болуы мүмкін.
Шариғаттағы  үкіміне  келер  болсақ,  ағасының  немесе  інісінің  әйелі  «уақытша 
үйленуге болмайтындар» категориясына жатады[1]. Бұл дегеніміз,  ағасының немесе 
інісінің әйелі жесір қалса немесе ажырасса, белгілі бір мерзім күткеннен кейін (иддәт 
мерзімін) қайын інісі немесе қайын ағасы оны өз некесіне алуына рұқсат. Әрине, мұнда 
да үйленуге өзара ризашылықтарын білдірулері шарт. 
[1]Бұл мәселе жайында мына сілтемеге кіріңіз:http://muslim.kz/kk/question/447-kimdermen-nekelesuge-
bolmaidy.html 
ШАРИҒАТ БОЙЫНША КІМДЕРМЕН 
НЕКЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ?
Дінімізде ер кісіге үйленуге болмайтын әйелдер қауымын екі категорияға бөліп 
қарастырады:
1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
Жақын  туған-туыстары.  Олар:  аналары  мен  әжелері;  бірге  туған  әпке-
қарындастары  және   олардың  қыздары  мен  немерелері;  Сонымен  қатар,  әкесі 
не  шешесі  бөлек  әпке-қарындастары  және   олардың  қыздары  мен  немерелері  де 
үйленуге болмайтын кісілер қатарында;  бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, 
не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе 
алмайды[1].  Сондай-ақ,  әке  жағынан  ағайын  әпке-қарындастарымен  және  нағашы 
әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.  
          
Сүт бауырлары: Әйелдің  туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол 
секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, 
«сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның 
(әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].
        Құдандалы туыстар[مُصَهاَرَة)  [5): Қайын аналары мен әжелері; өгей қыздары мен 
олардың қыздары және немерелері; өгей ұлдарының қыздары мен немерелері[6]; өз 
ұлдарының әйелдері мен немерелерінің әйелдері (келіндері);  өгей аналары[7].
        2. Уақытша үйленуге болмайтындар: Бұл категориядағы кісілермен некелеспеу – 
уақытша кедергілерге сүйенеді. Кедергілер жойылысымен, некелесу құқы туындайды. 
Олар:
         Өзгенің некесіндегі әйелдер. Бір әйел ерімен ажыраспайынша немесе одан жесір 
қалмайынша өзге еркекпен некелесе алмайды[8]. 
        
Иддәт мерзіміндегі әйелдер. Күйеуінен жесір қалған әйел[9] немесе ажырасқан 
әйел[10] өзге ерге тұрмысқа шықпай тұрып, белгілі бір мерзім күтеді. Бұны шариғатта 
«иддәт  мерзімі»  дейді[11].   Аталмыш  мерзімі  бітпей,  тұрмысқа  шығуына  тыйым 
салынады.
           
Апалы-сіңлілі екеуін бір некеде ұстау. Ағайындас апалы-сіңлілерді бірге бір 
некеде  ұстау  –харам[12].  Ағайындас  апалы-сіңлілер  деп  мыналарды  атауға  болады: 

136
бірге  туған  әпке-сіңлілері;  әке  жақтан  әпке-сіңлілері;   нағашы  әпке-сіңлілері;   аға-
әпкелерінің қыздары  [13].     
          
Төрт әйелі бар кісі – бесінші әйелді ала алмайды. Оны алу үшін, некесіндегі 
біреуін талақ етуі шарт. Себебі, шариғатта ең көбі  - төрт әйел ғана алуға рұқсат берілген.
Үш талақпен ажырасқан әйел[14].
         Өзге діндегі қыз [15]. Бір мұсылман жігіттің өзіне жар еткісі келген қызы – 
мұсылман    немесе  христиан  не  яһуди  дініндегі   қыз  болуы  тиіс[16].  Бұлардан  өзге 
діндегілерді алуына рұқсат жоқ.   
          Ал, мұсылман қыз  тек мұсылман жігітке тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегілерге 
күйеуге шығуы тыйым салынады[17].  Өйткені әйел өз еріне тәуелді. Мұсылман емес 
ері,  әйелдің  әлсіздігін  пайдаланып,  оның  наным-сеніміне  кері  әсерін  тигізіп,  намаз, 
ораза сияқты діни амалдарын орындауға кедергі жасайды. Оның үстіне дүниеге келген 
ұрпақтары өзге діндегі әкесінің дініне өтетіні мәлім. Бұл – Исламның мұсылман ұрпағын 
көбейту түсінігіне теріс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у):«Үйленіңдер және 
көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деген. 
Қорыта келе айтарымыз,  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші өркениетті 
қоғамды құрайтын басты фактор - баянды отбасы. Оның баяндылығы мен беріктігі 
кейбір мәселелерге мән берудің арқасында туындайды. Соның бастапқы қадамы – пәк 
неке, таза ұрпақ алып келу. Оған қол жеткізу үшін Ұлы жаратушы Иеміздің пенделеріне 
міндеттеген үкімдеріне аса мән беруіміз керек.
[1]Тәсһилуль Қудури – 2/7 бет. 
[2]Ниса – №23 аят. 
[3]Ниса – №23 аят; Сахих Бухари 
[4]Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/65 бет. 
[5]Қыз  алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.;  құдалық арқылы дос, жолдас болған 
адамдар. (مُصَهاَرَةٌ - вступление в родственные отношения путём брака) 
[6]Фатауа әл-Һиндия – 1/302 бет: Бірақ анасымен қатынасқа түспеген болса немесе онымен оңаша 
қалмаған   болса ол басқа; 
[7]Ниса сүресі – №23-аят. 
[8]Ниса сүресі – №24-аят. 
[9]Бақара – №235 аят. 
[10]Бақара – №228 аят. 
[11]Мына сілтемеге кіріңіз: http://muslim.kz/kk/question/434-iddat-mezgili-bitpei-qiylgan-neke-ne-bolmaq.
html 
[12]Ниса сүресі – №23 аят. 
[13]Фатхул бари – №4819 хадис.; Хидая – 3/13 бет.; Осындай некенің үкімі: бір некедегі апалы-сіңлілі 
екеуінің қайсысын  екінші кезекте некелеген болса, соның некесі бұзылады да, бірінші кезекте қиылған 
некесі сол күйінде қалады. Ретін білмеген жағдайда екі неке де бұзылады. (Проф.Доктор У.Зухайли, әл-
Уәжиз – 3/73) 
[14]Бақара – №230 аят. 
[15]Бақара – №221 аят. 
[16]Маида – №5 аят. 
[17]Мүмтахина – №60 аят.
«ИДДӘТ МЕЗГІЛІ» БІТПЕЙ ҚИЫЛҒАН НЕКЕ НЕ БОЛМАҚ?
Күйеуінен ажырасқан әйел өзге ерге тұрмысқа шықпай түрып, белгілі бір мерзім 

137
күтеді. Бұны шариғатта «иддәт» дейді. Ажырасқан әйел өзге ерге тұрмысқа шықпастан 
бұрын,  егер  аяғы  ауыр  болмаса,  үш  етеккір  уақыт  күтуі  керек[1].  Бұл  -  Алланың 
бұйрығы. Құранда былай делінген: 
«Ажырасқаннан кейін әйелдер үш етеккір уақыт 
күтеді...»[2]
Ал,  аяғы  ауыр  күйінде  ажырасқан  әйелдің  күту  мерзімі  –  босанғанға  дейін[3].   Бұл 
жайында да Құранда былай бұйырады:  
«Ал және жүкті әйелдердің мерзімдері олар 
босанғанға дейін...»[4]
            Иддәт мерзімін күтпей өзге еркекпен некелесу – харам. Өйткені, Құранда: 
«Иддәт мерзімі толмайынша неке туралы ойламаңдар...», – деп қатаң ескертеді.
[5]
Сондықтан  да,  иддәт  мезгілін  күтпей  өзге  еркекпен  үйленген  болса,  ол  неке 
«фасид неке» қатарына жатады. Яғни, қиылған неке шариғат тұрғысынан неке болып 
саналмайды. Арадағы ерлі-зайыптылық ара-қатынастарын міндетті түрде үзулері 
парыз[6].  Мұндай әрекетке білмей барған кісілерге күнә болмас деген үміттеміз, Алла 
білмегендерді кешіреді. Ал, біле тұра ондай  әрекетке бару күнә.
Бұдан кейін  не істеуге болады? Қайта қосылуларына шариғи тұрғыдан рұқсат 
бар ма?
Екеуінің  адал  некемен  қосылулары  үшін,  Ханафи  және  Ханбали  мәзһабтары 
бойынша,  жігітпен  арақатынасы  үзілген  күннен  бастап,   әуелгі  талақтың  иддәтін 
күтеді. Артынша, «фасид некенің» иддәтін күтеді. Осылайша екі иддәт мерзімін күтіп 
барып, әлгі жігітпен қайта некелесіп үйленеді. Шафиғи мәзһабы бойынша тек «фасид 
некенің» иддәтін күтсе болғаны[7].
[1]Айта кететін маңызды нәрсе:Кейде мүлдем қатынас болмай талақ айтуы да мүмкін. Мұндай 
жағдайда, иддет мерзімін күтпейді. 
[2]Бақара – №228 аят. 
[3]Әл-Ихтияр –250,251 бет. 
[4]Талақ – №4 аят. 
[5]Бақара – №235 аят. Бірақ  «қайтару құқы» толығымен жойылмаған өз ерімен қайта татуласқысы 
келсе, иддет мерзімін күтпейді. 
[6]Абдулуәһһаб Хилаф: «әхкәму әхуалиш шахсия», 39 бет. 
[7]Ибн Рушд «Бидаятул Мүжтәһид», 431 бет. (Дару ибни әл-Хазм) Бәйрут, 2006ж.; http://fatwa.islamweb.
net/Fatwa/index. 
 
СӨЗ БАЙЛАСҚАН ЖІГІТІМ ХАБАРСЫЗ 
КЕТСЕ, НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?
Үйленуге  уағдаласу  некелесу  деген  сөз  емес.  Белгілі  бір  себептермен  қыз  да, 
жігіт те 
үйлену уәделерін бұзуларына құқылы. Ал, маңызды себеп болмаса, арадағы 
уәдені бұзбаған дұрыс екендігін де айта кету керек[1].
Сізге  айтарымыз,  әлгі  жігітпен  хабарласа  алатын  мүмкіндігіңіз  болғандықтан, 
ең дұрысы хабарласып мәселенің анық-қанығын нақтылап алғаныңыз жөн. Өйткені, 
сөз байласқан жігітіңіз белгілі бір себептермен (ауырып ауруханаға түсіп т.б) сізбен 
байланыса алмай жатқан болуы да мүмкін!
Ал, мүлдем із-түссіз кеткен жағдайда, жоғарыда айтқанымыздай, уағдаласу неке 
емес, некелесу уәдеңізді бұзуға құқылысыз.

138
[1]У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/24 бет.
ҚЫЗБЕН ЖҮРУДІң (ХИТБА) ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
Шариғатта қалыңдық айттырып, құда түсуді «Хитба» дейді. Бір қызды айттырмас 
бұрын жігіт мына төмендегі кеңестерді ескергені жөн:
1.  Айттырғысы  келген  қызды  көруі  тиіс.  Исламда  үйленгісі  келген  жігіт, 
болашақ жарын  алдымен көргені дұрыс. Өйткені, өзара ұнату маңызды. Ұнатқандығын 
не ұнатпағандығын білудің бастапқы жолы бірін-бірі көру екендігі сөзсіз. 
Алланың Елшісі бірнеше хадисінде айттырғысы келген қызды алдымен көруді кеңес 
етеді.  Бірде  сахаба  әл-Муғира  бір  әйелді  айттырғанын  айтқанда,  Пайғамбарымыз 
(с.а.у): «Оны көр! Көру – араларыңды нықтай түседі»[1], – деген.
Дегенмен, айттырғысы келген қызды көрудің шариғатта өзіндік талаптары мен 
шарттары бар. Олар төмендегідей:
             Үйлену ниетінде болуы тиіс.
 Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «Кімде-
кім бір қызды айттырғысы келсе, оған (мұқият) қарауына рұқсат, егер шынымен 
де айттыру мақсатында болса. Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес»[2], – 
дей отырып, қызды тек айттыру мақсатымен көре алатындығын айтуда. 
           Қыздың жүзіне, білезікке дейін қолына қарауына рұқсат.
 Себебі, арада неке 
болмағандықтан, қыздың қалған жерлері шариғат бойынша жабық болуы шарт.  
           Қол ұстасу, құшақтасу сияқты тыйым салынған (неке қиылмайынша) әрекеттерге 
бармауы керек. 
           Оңаша қалатын жерде кездеспеуі тиіс. Кездескенде қыз жалғыз емес, қасында 
туысының  бірі  болуы  керек.  Пайғамбарымыз  (с.а.у):
  «Ер  кісі  өзіне  бөтен  әйелмен 
оңаша қалмасын. Сөзсіз, үшіншісі шайтан болады. Бірақ (қыздың) туысын серік 
қылса, ол басқа»[3], – деген.
            Өз таңдауына толығымен сенімді болуы үшін бірнеше рет көрісуіне рұқсат.
            Сондай-ақ, айттырғысы  келген қызды сырттай бақылауға да рұқсат. Жоғарыда 
келген хадисте Алланың Елшісі: «...Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес»[4]
– дей отырып, айттырғысы келген қызды сыртынан бақылауға болатындығын айтып 
отыр. Кей кездерде қызды әуелі сырттай көрудің де пайдалы жағы жоқ емес. Өйткені, 
жігіт ұнатпаған жағдайда, қыздың көңіліне қаяу түспеуіне септігін тигізеді. 
Қазіргі таңда жоғарыдағы талаптарға көбіне назар аудармағандықтан, арты сүйкімсіз 
әрекетке алып кеп жатады.   
2. Өзгенің 
сөз 
байласқан 
қалыңдығын 
айттыруына 
болмайды.   Пайғамбарымыз  (с.а.у)  Сахих  Бухариде  келген  бір  хадисте:  «...Ешкім 
өзінің  дін  бауырының  қалыңдығын  айттырмасын.  Бірақ,  егер  байласқан  сөзін 
бұзған  болса  немесе  өзі  рұқсат  берген  болса,  ол  басқа»,  –  деген.  Алайда,  хадисте 
айтылғандай, егер жігітінің өзі рұқсат берген болса яки қыз бен жігіт өзара уәделерін 
бұзған болса, ол жағдайда әлгі қызға сөз салудың еш әбестігі жоқ.
 Сонымен қатар, қыз 
жағынан оңды жауап берілмеген болса да, бұл қызға өзге жігіттің сөз айтуына рұқсат, 
алдыңғы жігіттің жауапсыз ұсынысы кедергі емес.
3. Ажырасқаннан кейінгі «ъиддәт мерзімін»[5] күтіп отырған қызды мерзімі 
біткенше  айттыруға  болмайды. Себебі,  әлі  ерлі-зайыптылық  құқы  толығымен 
жойылмаған әйел кісіге өзгенің сөз салуы – әбестік, әуелгі еріне көрсеткен құрметсіздік. 
Мұндай, әрекеттер қоғамда ұрыс-керіс тудырып, адамдар арасында дұшпандық пайда 
болады.

139
Ал, жесір әйелдің күтетін мезгілі (ъиддәті) – төрт ай он күн. Осы  уақыт ішінде 
оған үйлену ұсынысын ашық түрде, тікелей білдіруіне болмағанымен,  ниетін астарлап 
жеткізуге рұқсат[6].  
Ендеше, әрбір отбасы құрғысы келген мұсылман қыз бен жігіт жоғарыда айтылған 
талаптарды қатаң ескергені жөн. Бұл алғышарттар болашақта отбасы іргесінің берік те 
мығым болуына септігін тигізері анық[7].
[
1]Тирмизи, ән-Никах – №1087 хадис.; Әл-Мустадрак, ән-Никах – №2743 хадис. 
[2]Әл-Һайсәми, Мәжмәғ, ән-Никах – №7455 хадис 
[3]Ахмад ибн Ханбал – №15269 хадис. 
[4]Әл-Һайсәми, Мәжмәғ, Китабун-Никах – №7455 хадис 
[5]Ажырасқан қыз өзгеге тұрмысқа шығуы үшін (егер аяғы ауыр болмаған болса) үш етеккір уақыты 
күтеді.  Ажырасу жайында мағлұмат мына сілтемелерден біле аласыз: http://muslim.kz/kk/question/306-aielime-
talaq-desem-keiin-ol-sozimdi-qaitara-alam-ba.html; 
[6]Бақара – 235 аят. 
[7]Абдулла Насых, Әдәбуль Хитба; Әбу Заһра, әл-Әхуалуш Шахсия - 28 бет; АбдульУаһһаб әл-Хәлләф, 
Әхкәмул Әхуалиш Шахсия - 19 бет.; Әхкәмуш шарғия филь Әхуалиш Шахсия ала мәзхаби Әби Ханифа - 14 бет.  
 
ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
         Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы.Сондықтан тәрбиені діннен 
бөлек алып қарауға әсте болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос 
қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете 
алмайды. Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдеттерге, 
мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге үйір 
болып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан 
ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық 
тәрбиенің әлсіздігінен немесе жоқтығынан. Жалпы бір ғасырдай уақыт бойы ажырап қалған 
төл дінімізге оралу, рухани құндылықтарды басты назарда ұстау қоғамда қордаланған талай 
түйіткілді мәселелердің шешімі болып табылады. Асыл дініміз туылған нәрестеден бастап, ер 
жеткенге дейін перзентке қандай тәрбие беру керектігін нақтылап берген. Алла тағала Құран 
кәрімде былай дейді: 
 «Әрбір үмбетке өздері ұстанатын салттар бекіттік» «Хаж» сүресі, 
67-аят. Соларды біздің ата-бабаларымыз салт-дәстүрімізбен біте қайнастырып ұстанып келген. 
Енді бала тәрбиесіне қатысты дәстүрлерді тізбектеп атап өтейік. Солардың бірі нәресте алғаш 
туылған сәтте жүзеге асатын амалдар. 
Туылған нәрестемен сүйіншілеу
       Нәресте туылған кезде сүйіншілеп қуандыру, құттықтау айту дәстүрі дінімізде бар. Құран 
кәрімде Алла тағала Зәкәрия (ғ.с.) туралы былай деген:
          «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында Алла сені Жақиямен 
қуандырады», – деп дауыстады» «Имран» сүресі, 39-аят.
         «Ей, Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір ұлмен қуантамыз. Біз бұрын мұндай ат 
қоймаған едік» «Мәриям» сүресі, 7-аят. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген кезде Суәйба 
деген күң қожайыны әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің бауыры, яғни  өкесі Әбу Ләһәбтан 
сүйінші сұраған болатын. Әбу Ләһәб осы хабарды естіген кезде Суәйбаны күңдіктен босатып, 
азат етті. Имам Бухари риуаят еткен бір хадисте осы бір жақсы ісі үшін әрбір дүйсенбі күні 
Әбу Ләһәбтің азабы сәл де болса жеңілдетілетіні айтылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет