Ал, алынған тырнақты унитазға немесе жуынатын жерге тастау – ұнамсыз әрекет
Әл-Ихтияр: «Әл-Кәрәһа» – 4/151 бет.
. Сондықтан лажы болса, алынған тырнақты
унитазға тастамауға әдеттенген жөн.
[1] Фатхуль Бари, либас, Тақлимуль Азфар.
САҒЫЗ ШАЙНАУДЫң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Әзірет Айша мен Умму Хабибә анамыздан ораза ұстаған кісіге сағыз шайнау
мәселесі төңірегінде сөз қозғағандықтары деректерде келеді[1].
Сахих Бухариде келген риуаятта әйгілі Ата ибн Рабах деген табиғин (сахаба
көрген) ғалым сағыз жайында былай деп кетеді: «Ораза ұстаған кісі аузын шайып
болып, суын сыртқа шығарғаннан кейін, аузындағы түкірігін және судың қалдығын
жұтудың еш бір зияны жоқ. Сағыз шайнамасын! Шайнаудан бөлінген сілекей
оразаны бұзады демеймін, дегенмен оны шайнаудан тыйылсын»
[2]
Ертеректе Ханафи ғалымдары «Ер кісілерге, егер белгілі бір қажеттілік
туындамаса (ауыздағы иісті кетіру сияқты), сағыз шайнау – жеңіл мәкрүһ,
шайнамағаны жақсы. Еркектерге ұнамсыз әрекет болуының тағы бір себебі, сағыз
әйел кісілерге арналған. Әйелдердің ауыз иектері мен тістері әлсіз келетіндіктен
мисуак қолданудың орнына сағыз шайнағандары абзал» деген[3].
Әйтсе де, сағыз шайнаудың үкімін жергілікті халықтың әдептілік нормалары
мен принціптерін негізге ала отырып анықтаған дұрыс. Қоғамның «әдептілік
нормаларына» қайшы келсе, (сағызды көшеде, оқу орындарында, үлкендердің қасында
т.б. емес) үйінде, жеке отырғанда шайнағаны абзал.
Қазіргі таңда сағыздың пайдалы жағы көбірек насихатталғанымен, оның зиянды
жақтары да жоқ емес. Шет елдік мамандардың зерттеу нәтижесі бойынша, сағыз
шайнау адамның ақыл-ойына кері әсерін тигізеді. Өйткені, сағыз шайнағанда адамның
мидың жұмыс істеу қабілеті баяулап, ақпараттарды сүлесоқ қабылдайды екен[4].
Сондай-ақ, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында
бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Оның құрамындағы Е-320, Е-322, Е-414, Е-422
т.с.с компоненттерінің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Сағыз
онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол
ашады. Оның құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына да
себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан
теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.
Сондықтан сағызға көп әуес болмау керек. Сағыз шайнағысы келген кісі мына
төмендегі кеңестерді ескергені жөн:
•
Сағызды бейберекет шайнауға болмайды.
•
Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.
•
Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды
шайып жіберіңіз.
•
Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!
104
•
Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
•
Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз[5].
[1] Ибн Әби Шәйбә – 1038(31), 1-4.
[2] Бухари, Китабус саум, 42 баб.
[3] Әл-Биная – 4/68-69 беттер.; Мирқат – 4/448 бет.
[4] http://www.alashainasy.kz/interested/10398/
[5] http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/3266
ҚОҒАМДЫҚ МОНШАҒА БАРУҒА БОЛА МА?
Жалпы, қоғамдық моншада ер кісілер бір-бірінің әурет жерін көрмейтіндей
жабылып жүретін болса, ондай моншада шомылудың ешбір ағаттығы жоқ[1]. Дегенмен,
қазіргі кездегі көп моншаларда бұл мәселеге мән берілмей жататындықтан, мүмкін
болса, бармаған дұрыс.
Бұл жайында сахаба Жәбир ибн Абдулладан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз
(с.ғ.с): «
Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенсе, дамбалсыз моншаға
кірмесін...»[2], – дей отырып, моншада әурет жердің жабық болуына баса назар
аударған.
Ер кісілердің әурет жерлеріне Ханафи мәзһабы бойынша кіндік пен тізе аралығы
жатады. Кіндіктің өзі әурет боп есептелмейді, ал тізе – әурет[3]. Себебі, Пайғамбарымыз
(с.ғ.с) өзінің бір асыл сөзінде: «...Кіндіктен төмен және тізеден жоғарғы жерге
қарамасын»[4], – дей келе, кіндіктің әурет еместігін білдірсе, келесі бір сөзінде : «Тізе
әуретке жатады»[5], – деп, тізенің әуретке кіретіндігін баян еткен.
[1] Ибн Абидин, Раддуль Мухтар, «Китабуль Ижәрә»
[2] Тирмизи, Китабуль Әдәб – 2801.
[3] Сарахси, Мәбсут – 10/145 бет; Маусули, Әл-Ихтияр – 1/148-бет.
[4] Әбу Дәуід, Либас – 4114.
[5] Даруқутни – 878.
ДЕНЕГЕ ТАңБА САЛУҒА (ТАТУИРОВКА) РҰҚСАТ ПА?
Пайғамбарымыз (с.а.у) бірнеше хадисінде денеге сурет салуға қатаң тыйым
салады. Соның бірі Сахих Муслимнен жеткен хадисте: «Алла тағала денеге сурет
салғандарды да, салғызғандарды да лағнеттеді...»[1], – делінген.
Тағы бір хадисінде: « Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын
жұлғандар мен жұлғызғандар[2], сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар
Алланың лағынетіне душар болады
»[3] ,– дейді.
Ендеше, мұсылман кісі аталмыш әрекеттен бойын аулақ ұстағаны дұрыс болады.
[1] Сахих Муслим, «Китабул Либәс» – 3666.
[2] Қас жұлу жайында мына сілтемеге кіріңіз:http://muslim.kz/kk/question/70-qas-juluga-bola-ma.html
[3]Әбу Дәуід, «Тәрәжжүл» –5 (4170)
ГАЛСТУК ТАҒУҒА ШАРИҒАТ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
«Галстук» сөзінің шығу төркіні нидерланды тіліндегі halsdoek немесе неміс
тіліндегі Halstuch сөзідерімен байланыстырылады. Негізгі мағынасы «Мойын шәлісі»
деген ұғымға саяды.
Галстук тағудың тарихы сонау көне қытай замандарынан бастау алады. Көне
105
қытай елінде ақсүйектер мен әскерилер мойындарына галстук үлгісіне ұқсас шүберек
байланатын болған. Алайда, галстуктің ер кісілердің киімі ретінде қолданысқа енуі
1635 жылдары Франция елінде басталған деседі тарихшылар.
Енді бұның шариғаттағы үкіміне келер болсақ, қазіргі ғалымдарымыздың
айтуынша, галстук тағу мәселесі мұсылманның ниетіне байланысты. Егер ниеті
европалықтарға ұқсау, солардың ізімен жүру мақсатында тағатын болса, галстук тағуға
тыйым салынады (харам). Ал, тек қоғамда етек алған үрдіс ретінде және жергілікті ер
кісілердің киімі болғандықтан тағатын болса, галстукқа рұқсат етіледі[1]. Сондай-ақ,
қазіргі таңда галстук тағу тек европалықтардың емес, мұсылмандардың да дағдысына
айналғандықтан бір мұсылманның галстукке әуес болуында ешбір терістік болмаса
керек.
[1] Проф.Доктор У.Зухайли, фатауа муғасыра, 344 бет.
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У) АС ІШКЕНДЕ ҚАЛАЙ ОТЫРҒАН?
Пайғамбарымыздан бізге жеткен (с.а.у) үш түрлі отырыс үлгісі бар. Бұлар
мұстахаб амалдар.
Жүрелеп отыру (Әл-Иқъа). Екі тізесін көтеріп бүгіп, арт жағын жерге тигізбей
отыру (жамбасы жерге емес, өкшесіне тиетіндей отыру үлгісі) . Сахих Муслимде
келген бір хадисте сахаба Әнәс былай дейді: «Пайғамбарымыздың жүрелеп отырған
күйі құрма жегенін көрдім»[1] . Мұның мәні, асқа отырғанда ыңғайланып, жайғасып
отырмау. Жайғасып отырған кісі тамақты көп жейді. Ал ыңғайсыз отырған кісі тамақты
одан гөрі аздау жейді.
Тізерлеп отыру (әл-Жәсия). Ибн Мәжәдан келген хадисте сахаба Абдулла ибн
Ясир былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у) қойдың етін сыйға тарттым. Ол
(с.а.у) тізерлеп отырып етті жей бастады. Бір бәдәуи Одан: «Мына отырысыңыз
не?», – дегенде, Алла Елшісі: «Алла Тағала мені бірбеткей тәкәппәр емес, жұмсақ құл
етіп жаратты», – деп жауап берді[2].
Оң тізесін көтеріп, сол аяғын жамбасына төсеп отыру[3]. Ал, бір қолына сүйеніп
отыру[4] және жатып ішу,[5] тіпті, малдас құрып отырып ішу тамақты шектен тыс көп
ішуге әкеп соғады сондықтан ұнамсыз әрекет саналады[6]. Дегенмен, бұлай отыру
күнә емес. Себебі, сахаба Абдулла ибн Аббас, Халид ибн Уәлид сынды сахабалардың
жайғасып отырып ішкендігі деректерде айтылады[7].
[1] Сахих Муслим, «Китабуль Әшриба», №2043-хадис.
[2] Ибн Мәжә, «Китабуль Атғыма», №3263-хадис.
[3] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.
[4] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.
[5] Мұхаммад ибн Ахмад, Ғаза-уль Әдәб: әл-Матлабу фи әдәбиль Әкли.
[6] Алиуль Қари, Мирқат, «Китабуль Атғыма», №4168-хадис түсініктемесі.
[7] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.
ЕР КІСІЛЕРГЕ АЛҚА ТАҒУҒА БОЛА МА?
Жалпы, әшекей бұйымдарды тағу көбіне әйел затына тән дүние. Сондықтан,
дінімізде ер кісілерге әшекей бұйымдарын тағуға рұқсат жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз
(с.а.у) өзінің бір сөзінде «Мына екі зат (алтын мен жібек) үмметімнің еркектеріне
106
харам, әйелдеріне халал»[1], – дей келе, ер кісілерге күмістен болса да әшекей
бұйымдарын тағу дұрыс емес екендігін меңзеп тұр.
Бірақ «күмістен жасалған сақина,[2] белдік және сабы күміс қылыш[3] ерлерге
қолдануға болады» деген ғалымдарымыз[4]. Өйткені, бұлар хадисте рұқсат етілген
дүниелер. Ал, бұлардан тыс
алқа, білезік, сырға секілді әшекейлер көбіне әйел затына
тән болғандықтан, ер кісілер ол заттардан бойын аулақ ұстағандары жөн.
Хадисші әрі фиқһ ғылымының білгірі, Шафиғи мәзһабының Имамы ән-Нәуәуи
(р.а.) бұл жайында былай дейді: Ер кісіге күмістен сақина тағу рұқсат етілген дүние,
мұнда талас жоқ. Ал одан өзге: білезік, алқа сынды күмістен жасалған әшекей
бұйымдарды тағу ғалымдардың басым көпшілігі бойынша тыйым салынады. Бірақ,
әл-Мутәуәлли мен әл-Ғазали өздерінің пәтуаларында «болады, себебі күміске қатысты
тек ыдыстар мен әйелдердің әшекейлерін тағып, әйелдерге ұқсау әрекеті ғана
харам, қалған нәрселер халал» деген. Дегенмен, бұл мәселеде көпшілік ғалымдардың
пікірі дұрыс. Олай болған себебі, білезік, алқа сияқты дүниелерді әйелдер тағады. Ал
әйелдерге ұқсау – харам[5] .
[1] Ибн Мәжә, Китабуль Либәс, №3595-хадис.
[2] Сахих Бухари, «Китабуль либәс», №5528-хадис.
[3] Тирмизи, «Китабуль Жихад», №1691-хадис.
[4] Әл-Айни, әл-Биная – 11/125 бет.
[5] Имам ән-Нәуәуи, Әл-Мәжмуғ Шархуль Муһаззаб, «Бәбү Сыффатиль Ә’иммә».
ДОңЫЗ МАЙЫ ҚОСЫЛҒАН САБЫНМЕН
ЖУЫНУҒА БОЛА МА?
Ислам шариғатында «Инқиләбуль Айн» (жаратылысының өзгеруі) деген қағида
бар. Бұл дегеніміз, шариғатта нәжіс деп танылған заттар өз табиғаты мен жаратылысын
мүлдем жоғалтып, басқа бір таза затқа өзгерер болса (реакцияға ұшыраса), оның
бұрынғы үкімі де өзімен қоса жоғалады. Мәселен, жүзімнен жасалған шарап егер
сіркеге айналар болса, онда ол шарап емес сірке болып есептелетіні секілді.
Осы қағидаға сүйене отырып Ханафи ғалымдары:
«Нәжіс маймен жасалған
сабынға таза деген үкім беріледі. Себебі, нәжіс өзгеріске ұшырап отыр. Ал
өзгеріске ұшыраған нәжіс Имам Мұхаммад бойынша таза. Бұл қағида тек
сабынмен шектелмей, өзге де өзгеріске ұшыраған және табиғаты жойылған
заттарға қатысты»[1], – деген.
Осы орайда айта кететін маңызды бір нәрсе бар: өзгеріске тек сипат жағынан
ғана емес, бүкіл табиғаты мен болмысы да қоса өзгерген болуы шарт. Тек, сипатының
ғана өзгеруі – ол нәжіс үкімін жоймайды. Мәселен, сүттен ірімшік жасау, бидайды
диірменнен өткізіп ұн ету т.б. – сипаты өзгергенімен, болмысы өзгермейді.[2]
Бұған қарағанда, егер сабындағы доңыздың майы, сабындану процесінде өзінің
химиялық структурасын түбегейлі өзгертетін болса, ол сабынды қолданудың терістігі
жоқ. Дегенмен, мамандар «сабынның құрамындағы доңыз майы өзінің химиялық
структурасын толығымен жоймайды» деп отыр. Сондықтан, сіз мұсылман елдерде
шығарылған (Түркия, Иран т.б.) құрамында доңыз майы жоқ сабын түрін қолданғаныңыз
жөн. Ең дұрысын Алла біледі!
[1] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар: «Бәбуль Әнжәс», 1-том, 519-бет.
[2] Ибн Ғабидин, Раддуль Мухтар: «Бәбуль Әнжәс», 1-том, 519-бет.
107
БИЛЬЯРД НЕ БОУЛИНГ ОЙНАУҒА БОЛА МА?
Асыл дініміз ойын секілді көңілді сергітетін әрекеттерден тыймайды. Сахих
Бухариде риуаят етілген хадисте Эфиопиялық бір кісілер Алла Елшісінің жанында
(с.а.у) найзаларымен ойнап жатады. Сол мезетте кіріп келген Әзірет Омар әлгілерге
аса таяғын лақтырайын деп ұмтылады. Сонда мейрімді Пайғамбарымыз оған: «Уа
Омар! Оларды жайына қоя бер!»[1], – дейді.
Дегенмен, еш пайдасы жоқ құр уақыт өлтіретін ойын түрлерінен де қолдан
келгенше ұзақ жүруге шақырады. Ол (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «...Мұсылманның
алданып, ермек еткен бос ойындарының (әл-ләһу) барлығы бекершілік (батыл).
Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжындасу басқа
»[2] , –
деген. Хадистің мазмұнына үңілсек, құр уақыт өткізетін және адамға пайдасы жоқ
ойындарды ермек етуді мәкрүһ (ұнамсыз) деп отыр. Ал, керісінше, адамды рухани әрі
физиологиялық тұрғыда шыңдайтын спорт ойындарын дініміз қолдайды.
Ендеше, аталмыш ойындарда (бильярд, боулинг) спорттық ерекшелігі басым
болғандықтан, бұл ойындарды ойнауға рұқсат[3], алайда мына талаптарды қатаң
ескеру керек. Олар:
- Ақша тігілмеу керек. Өзара ақша тігіп ойнау – харам.
- Бұл ойындар Алланың парыз еткен бес уақыт намазын қаза етуге апармау
керек.
- Ойын барысында ұрыс-керіс, боғауыз, бір-бірінің намысын таптау сияқты
мұсылманшылық тәлім-тәрбиеге жат әрекеттер болмауы тиіс.
- Бүкіл уақытын соған арнап, одан да маңызды істерден мақұрым қалмау[4].
- Аталмыш ойындарды ойнау үшін бильярд үстелін не боулинг жолағын жалға
алатындықтан, қызығына шектен тыс батып тапқан таянған қаржысын сол
ойынды ойнауға жұмсамау шарт.
Себебі, бұндай әрекет те «бекер мал шашпақ» қатарына кіретіндіктен дұрыс емес.
Бекерден бекер шектен тыс ойынға жұмсағаннан гөрі, сол қаржыны мұқтаж жанға
беру әлдеқайда пайдалы. Жоғарыдағы талаптар ескерілмеген жағдайда, аты аталған
ойындарды ойнау да күнә.
[1] Бухари, Китабуль Жиһад - №2745 – хадис.
[2] Тирмизи, Фазаилуль Жихад - №1637-хадис.
[3] http://www.hayrettinkaraman.net/kitap/helalharam/0203.htm
[4] http://fatwa.islamweb.net/fatwa
ШАХМАТ, ДОЙБЫ ЖӘНЕ НАРДЫ ХАРАМ БА?
Осы ойындардың ішіндегі нарды Пайғамбарымыздың көзі тірісінде де бар ойын
еді. Сондықтан, оның үкімі хадисте білдірілген. Алланың Елшісі нардыға байланысты
Сахих Муслимде келген хадисте былай дейді: «Кім нарды ойнаса, қолын доңыздың
еті мен қанына салғанмен тең»[1]. Тағы бір хадисінде: «Әлдекімнің нарды ойнағаны
Аллаға және Оның Елшісіне қарсы келгені»
[2]. Осы хадистерге қарап ғалымдардың
басым көпшілігі нарды ойынына «харам» деген үкім берген. Тіпті, өзара ақша тігісіп
ойнамаған күннің өзінде үкім осы дейді олар. Өйткені, нарды ойыны сәттілік пен
сәтсіздікке сүйенеді. Пайғамбарымыздың ол ойыннан тыюының басты мәні де осында.
[3] Бірақ, «нарды ойынына ақша тігіп ойнайтын болса ғана харам дейміз. Ал ақша
тігілмейтін болса оны ойнауға рұқсат» дейтін табиғин Сағид ибн Мүсайяб сияқты
ғалымдар да бар. Олар жоғарыда келтірілген хадисті тек ақша тігіп ойнайтын жағдайға
айтылған деп жорамалдаған[4].
108
Ал, шахмат ойыны мұсылмандар арасына Пайғамбарымыздан кейінгі сахабалар
дәуірінде ене бастағанын ескерсек, ол жайында нақты хадистің келмегенін түсінуге
болады. Сол себепті аталмыш ойын түріне қатысты сахабалар мен одан кейінгі буын
– табиғин ғалымдардан түрлі пікір жеткен. Әзіреті Али, Абдулла ибн Омар сынды
сахабалар бұл ойынды ойнау дұрыс емес деп айтса, сахаба Абдулла ибн Аббас, Әбу
Һурайра, табиғин Сағид ибн Мусайяб сияқты кісілер ол ойынға ақша тікпесе ойнауға
рұқсат деген[5]. Дегенмен, бұл ойынға да өзге құмар ойыны сияқты екі ойыншы өзара
ақша тігетін болса, оны ойнау харам болады. Бұнда талас жоқ. Олай болған себебі,
ұтарын не ұтпасын білмесе де, «ұтармын» деген ықтималдыққа сүйеніп ақша тігіп
ойнайтын ойындар Құранда «харам» еткен «мәйсир/құмар»[6] санатына кіретіндіктен
шариғатта тыйым салынады. Әзіреті Али мен Абдулла ибн Аббас және бірнеше
табиғиндердің пікірі бойынша: «Нарды мен шахматқа құмар (ықтималдыққа сүйеніп
ақша тігу) арласатын болса, ол – мәйсир», – дегендігі деректерде айтылады[7].
Бұрынғы Ханафи мен Малики ғалымдары шахматты да уақыт өлтіруші бос
ермек ойындардың санатына жатқызып, мәкрүһ деген. Өйткені, Пайғамарымыз (с.а.у)
өзінің бір хадисінде: «...Мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының (әл-
ләһу) барлығы бекершілік (батыл). Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен
қалжындасу басқа», – деген»[8]. Олардың пайымдауынша, Хадисте айтылған үш
ойыннан өзге ойындарды ақша тігілмесе де ойнау бос ермек (әл-ләһу), пайдасыз әрекет
(әл-ғабәс) болғандықтан – харамға жақын мәкрүһ[9].
Десе де, шахматты «алданып, ермек ететін бос ойын» дей алмаймыз. Себебі,
шахмат ойыны қазіргі таңда спорт ойындарына жататындықтан әрі адамның ойлау
қабілетін дамытатын ойын болғандықтан, ол ойынды мәкрүһ емес, керісінше мубах/
рұқсат дегеніміз жөн болар.
Осы тұрғыда, Имам Шафиғидің шахмат ойыны жайында айтқан мына сөзі
назарға аларлықтай: «Шахмат ойыны адамның есте сақтау қабілетін дамытады,
ойлау қабілетін тазартады. Соғыс өнері мен тактикасын үйретеді. Ол рұқсат
етілген заттар қатарынан саналады. Осы жағымен де, садақ ату мен атқа міну
тәліміне ұқсап тұр...»[10]. Аталмыш Имам өзінің тағы бір сөзінде: «Шахмат
ойнында ақша тігілмей, жаман сөз айтылмай, намаз ұмытылмайтын болса ол
харам емес», – дейді[11].
Дойбы (шашка) ойнына келер болсақ, егер бұл ойынды ойнау барысында мына
талаптарды ескерер болса бұл ойынға да рұқсат: бірінші – екеуара ақша тікпеу; екіншісі
– ойын барысында бір-бірінің намысына тимеу, балағат сөздер айтпау; үшіншісі –
ойынның қызығына алданып намазды қаза етпеу; төртіншісі – бүкіл уақытын соған
арнап, одан да маңызды істерден өзін мақұрым етпеу. Ең дұрысын Алла біледі!
[1] Сахих Муслим – Китабуш Шиғр, 4194 баб/2260-хадис.
[2] Муатта Имам Мәлик.
[3] У.Зухайли, Фәтәуа Муғасыра. 317-бет. Дамаск. Даруль Фикр.
[4] Доктор Ю.Қарадауи, әл-Халал уәл Харам – 261 бет.
[5] Доктор Ю.Қарадауи, әл-Халал уәл Харам – 261 бет.
[6] Майда сүресі.
[7] Қуртуби тәпсірі, 3/52 бет. Бақара – 219 аят тәпсірі.
[8] Тирмизи, Фазаилуль Жихад - №1637-хадис.
[9] Кувейт: Әл-Маусуғатуль Фиқһия «әл-Лағб», 35-том; Әл-Хидая, әл-Кәраһия – 7/236. (мұнда
«харам» делінген); әл-Маусули, Ихтияр: әл-Кәрәһия - 4/139 бет; Әл-Кәсәни, Бадаиғ.
[10]Бадаиғ, әл-Истихсан – 6/509 бет.
[11]Фахруддин Рази, әт тәфсируль кәбир, Бақара сүресі, 219-аят тәпсірі.
109
КВАС ХАРАМ БА?
«Квастың» бөктіріліп алынатынын негізге ала отырып еліміздегі кей мұсылман
бауырлар оны алкогольдік ішімдіктер қатарына қосып, ішу дұрыс емес деп жатады.
Дегенмен, Пайғамбарымыздың хадистеріне қарасақ, бір сусынды алкогольді ішімдіктер
қатарына қосып, «харам» деуіміз үшін ол сусынның «мас қылатын» ерекшелігі болуы
керектігін байқаймыз. Сахих Бухаридегі риуаятта Айша анамыздан келген хадисте
Алланың Елшісінен (с.а.у) балдан жасалған ішімдік (битғ) жайында сұрағанда: « Мас
қылатын барлық сусындар – харам», – деп жауап берген[1]. Тағы бір хадисінде былай
деп те келеді: «Мас қылушылардың бәрі исі мұсылманға – харам»[2].
Сондай-ақ, сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.у): «Мас етуші (ішімдіктердің) бәрі – харам. Көп ішкенде мас ететіннің, азы да
– харам», – деген[3]. Осы және өзге мазмұндас хадистерді негізге ала отырып Имам
Мұхаммәд
«көбі мас қылатынның, азы да харам» деген тұжырым жасаған. Оның
осы тұжырымы кейіннен Ханафи мәзһабында фәтуә ретінде бекітілді[4].
Демек, «квас» сусынын, өзге алкогольді ішімдіктер санатына жатқызуымыз үшін
де «мас етуші» ерекшелігінің (сипат/иллет) болуы маңызды. Ондай ерекшелік «квас»
сусынында жоқ. Ендеше, аталмыш сусынды алкогольді ішімдіктермен қатар көріп,
ішуге тыйым салу – негізсіз.
[1] Сахих Бухари, Әшриба - №5263 хадис. Фатхуль Бари.
[2] Ибн Мәжә, Әшриба – №3386, 3387, 3388, 3389.
[3] Ибн Мәжә, Әшриба - №3392 хадис.
[4] Майдани, Любәб – 3/215 бет.; У.Зухайли, Маусуғат – 6/115 бет.
СУДЫ ТҰРЫП ІШУ ЗИЯН БА?
Алланың Елшісі (с.а.с.) бірнеше хадисінде суды тұрып ішуден тыйғандығы
айтылады. Атап айтсақ сахаба Әнәстың сөзіне қарағанда :«Пайғамбарымыз (с.а.с)
(суды) тұрып ішуден қайтарған[1]. Әбу Һурайрадан риуаят етілген тағы бір хадисте
ардақты Пайғамбарымыз: «Ешкім тұрған күйде су ішпесін! Кім ұмытып ішкен
болса құсып тастасын
!», - дегені тағы бар. Бұл жердегі «құсып тастасын» деген сөз
бұйрықты білдірмегендіктен, ішкен суын құсып тастауы міндет емес[2].
Бұнымен қатар, Пайғамбарымыздың өзі тіке тұрып су ішкендігі де сенімді
деректерде келген. Мәселенки, Сахих Бухариде келген хадисте Әзіреті Али беті-
қолын жуып, артылған суын тұрған бойы ішеді де былай дейді: «Шынында адамдар
тұрып тұрып су ішуді дұрыс көрмейді. Дегенмен Алла Елшісі жаңа ғана менің
істегенімдей істеген еді (тұрған бойы ішкен еді)»
[3]- дей отырып тұрған күйі су
ішудің де рұқсат екендігін баса айтады. Сондай-ақ, сахаба Абдулла ибн Омар: «Біз
Пайғамбарымыздың көзі тірісінде жүріп бара жатып тамақ жейтінбіз және
тұрып су ішетінбіз!»
[4], - деген.
Осы хадистерге қарай отырып айтарымыз, Пайғамбарымыздың суды тұрған күйі
ішуі бұл әрекеттің рұқсат екендігін көрсетсе, ал одан тыйғаны отырып ішудің абзал
екенін білдіреді. Сондықтан, мүмкін болса отырып су ішкенді дағдыға айналдырған
дұрыс. Олай болған себебі, отырып су ішу – адамның бойына, тұрып ішкендегі суға
қарағанда сінімдірек екендігі қазіргі ғылымда да айтылады. Егер адам отырып су ішсе,
ішкен суы әуелі асқазанда тұрақтап, ондағы қышқылдықпен арласып судағы түрлі
бактериялар өледі де, су таза күйінше ас ішекке өтеді. Бұл болса «тырысқақ» сынды
110
түрлі жұқпалы ауруға шалдығудан сақтайды деседі мамандар.
[1] Муслим, әшриба - №2024-хадис.
[2] Муслим, әшриба - №2026-хадис. Имам Нәуәуи шархы.
[3] Бухари, әшриба -№5293-хадис.
[4] Асқалани, Фатхуль Бари - №5293-хадис түсіндірмесі.
Достарыңызбен бөлісу: |