Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


ғана жетерлік суы болса, ол кісі ғұсылы үшін тәяммум соғып, бар суымен дәрет



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

ғана жетерлік суы болса, ол кісі ғұсылы үшін тәяммум соғып, бар суымен дәрет 
алады. Өйткені, тәяммум арқылы ғұсылдан тазарса, сумен дәретін жаңартады», 
– деген[2]. Осыған сәйкес, сіз ғұсыл үшін бір рет таяммум соғасыз да, намаздарыңызды 
сумен дәрет алып, оқи бересіз. Тек, шомылуға мүмкіндік туа қалған жағдайда, ғұсыл 
құйынуды ұмытпаңыз.
[1] Шамамен екі шақырым жер 
[2] Әл Кәсәни, Бада-иғ: 1/315,318,328 бет. Бәйрут-Ливан.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАҒЫ ҚҰРАНДЫ ДӘРЕТСІЗ ОҚУҒА БОЛА МА?
Компьютер, планшет не ұялы телефон секілді электронды құралдарға жүктелген 
Құранның нұсқасын дәретсіз ұстауға әрі оқуға болады. Өйткені, бұл жерде адам қолы 
Құранға емес, әйнекке тиеді. Бірақ жүнүп, хайыз және нифас кезінде Құран жүктелген 
бұл құралдарды ұстауға болғанымен,  ішіндегі Құран аяттарын ашып оқуға рұқсат жоқ. 
Осы жерде кейбір адамдарда «Құран жүктелген ұялы телефонмен дәретханаға 
кіруге бола ма?» деген де сұрақ туындап жатады. Бұл жағдайда «кіруге болмайды деген 
еш тыйым жоқ», тек экран бетінде Құран аяттары ашық тұрмағанына назар аударыңыз.  
Абдусамат Қасым
САПАР АЙЫНДА ЖОЛҒА ШЫҒУҒА ЖӘНЕ 
ҮЙЛЕНУГЕ БОЛАДЫ МА?
          «Сапар айында» ұзақ жолға шықпау және некелеспеу деген түсінік сонау ертеректе 
Ислам діні келмей тұрып арабтарда болған ырым. Оларда сапар айы – бақытсыздық айы. 
Сондықтан, бұл айда үйленсе яки бір істі бастаса ол іс нәтижесіз болады деген наным 
бар  еді.  Алайда,  Ислам  келгеннен  кейін  ардақты  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  «..Сафар 
айында сәтсіздікке ұшырау деген нәрсе жоқ»-[1], дей отырып, сапар айы жайында 
қалыптасқан теріс түсініктің исламда жоқ екенін білдірген. Бұл айда некелесудің ешбір 
ағаттығы жоқ.
                 [1] Бухари, Тыб-№5425 хадис
 

118
ЕМДЕЛУ МАҚСАТЫНДА НЕСЕП ІШУГЕ 
БОЛА МА (УРИНОТЕРАПИЯ)?
1) Құранда: «Ауырғанымда Алла маған шипа береді», – деген аят бар («Шуғара», 
80 аят).
Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сахабасы  болған  Ибн  Масғуд  (р.а.)  былай  дейтін: 
«Аллаһ  Тағала  сендерге  харам  еткен  дүниелерге  шипа  салмады».  Яғни,  адам  Алла 
харам еткен дүниелерден шипа таппайды.
Шариғатта несеп нәжіске (лас) жатады. Денеге не болмаса киімге тиген несепті 
міндетті түрде сумен жуып тастау керек.
Хадисте:  «Несептің  киім  мен  денеге  тиюінен  сақтаныңдар!  Себебі,  ол  қабір 
азабына душар етеді», – деген (Ибн Мажәһ, 348).
Шариғатта мынандай қағида бар: тыйым салынған дүниелер тек аса қажеттілік 
туындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Сондықтан  да,  мына  жағдайларда  ғана  емделу  мақсатында  несепті  қолданса 
болады:
– Емделудің басқа жолы болмаған жағдайда несепті діндар, білікті әрі тәжірибелі 
мұсылман дәрігердің рұқсатымен пайдаланса болады;
– Егер ауру тым асқынып, арты қиын жағдайға шалдықтыратындай болса, басқа 
ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспесе, онда несепті пайдалануға рұқсат.
2) Нәжісті ішуден намаз бұзылмайды.
Дегенмен, науқасынан сауғып кетуіне септігін тигізетін дәрі-дәрмекті табуға қол 
ұшын беретін әрі уринотерапиядан өзге емделу тәсілдерін білетін білікті дәрігерлерге 
барып, кеңес сұрауды ұсынамыз.
ИСЛАМДА ҚОРҚОР (КАЛЬЯН) ШЕГУДІң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Ислам  -  барша  адамзаттың  екі  дүниедегі  бақытын  көздейтін  дін.  Олай  болса, 
ислам шариғаты адам баласына қандай да бір зиян тигізетін жағдайға жол бермейді. 
Себебі Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге 
түсірмеңдер»[1],-деп қатаң ескерткен. Осы бұлтартпас дәлелге сүйене отырып, әлемге 
аты әйгілі әл-Азһар университетінің пәтуә беру алқасы темекіні харам екендігіне үкім 
шығарған.  Темекіден  зияны  анағұрлым  басым  келетін  қорқордың  да  харамдығын 
көрсеткен заманауи ғалымдар да бар. Қорқордың қаншалықты зиян, харам екендігін 
растайтын  медицина  мамандарының  ғылыми  зерттеулері  мен  пікірлеріне  тоқталар 
болсақ:  Медицина  мамандары  қорқордың  да  темекі  өнiмдерi  арқылы  әзiрленетiнiн, 
оның  қаншалықты  зиян  екенін  айтуда.  Осы  са ладағы  жасалған  соңғы  зерттеулерге 
көз жүгіртсек, қорқор құрбандарының өкпе, жүрек-қан тамырлар ауруларын, сондай-
ақ жаман ауру - қатерлі ісіктің өршуіне әкеп соқтырады. Ал Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау  ұйымының  дабылына  құлақ  түрсек,  қорқор  түтіні  темекіде гіден  де  көп 
көмірқышқыл газы мен ауыр металдардан тұрады. Қорқор шегушілердің қанындағы 
котонина (cotinine) шылым шегушілерге қарағанда жоғары болады екен. Канадалық 
медицина  мамандарының  мәліметіне  сүйенсек  -  әдеттегі  табак  шөбін  қабылдағанға 
қарағанда кальянның зияндылығы едәуір үлкен деген тұжырымда. Неміс ғалымдары 
кальянның  зияндығын  анықтайтын  аппарат  ойлап  тапқан.  Олар  адам  өкпесіндей 
цилиндрдің  ішіне  қорқордан  шығатын  түтінді  жіберген.  Нәтижеде  сол  цилиндрдің 
ішіне енген түтінді көрсетіп тұратын құрылғы өзіне жұтылған түтіннің көлеміне қарай 
соншалықты  зиянды  қалдықтардың  жиналғанын  көрсеткен.  Қорқор  шегі  арқылы 

119
ішке кіретін 25 грамм табак 60 тал шылым шеккендей әсер береді. Ал ол үш қорап 
шылымның зияндылығын берері сөзсіз.
Құрамында  никотині  бар  заттың  зиянды  екендігінде  ешкімнің  де  шүбәсі  жоқ. 
Қорқордың құрбандарының пайымдауынша «қорқор құтысында су сүзгіші (фильтр) 
бар, ол қорқор құрамындағы зиянды заттарды жақсы сүзгіден өткізеді» деп өздерін 
ақтап  алып  жатады.  Алайда  қорқор  құтысындағы  баяулап  жанып  тұрған  көмір  мен 
түтіннің  қызуы  -  Цельсий  бойынша  400  құрайды.  Тіпті,  оның  кальяндағы  салқын 
су  арқылы  өтуінің  өзі  залалсыз  температураға  дейін  суытып  үлгере  алмайды  дейді 
мысырлық медицина саласының ғалымдары.
Әрине, хош иіске құныққан адамның құмарлығы одан да арта түсетіні белгілі. 
Түбінде ол дертке айналады. Гигиеналық тұрғыдан таза деп те айта алмайсыз. Себебі 
бір емес, бірнеше адам бір түтіктен сорған соң, оны «жұқпалы індеттің ордасы» деп 
атауға да болады. Ауыздан-ауызға өткен соң, одан герпес, туберкулез, сарауру сынды 
жұқпалы дерттердің өрши түсетіні дәлелденген.
Шариғат талаптарының қойған бес мақсаты - дінді, адам жанын, ақылын, тегін 
және мал-дүниесін сақтауды көздейді. Осы аталмыш бес мақсатты тарқатып айтар болсақ 
- біріншіден, қорқорды шегу - жоғарыдағы берілген Құран үкімі мен соған негізделіп 
берілген білікті ғалымдардың пәтуәсына байланысты шариғатқа қайшы амалдардың 
қатарына  жатады.  Екіншіден,  жоғарыдағы  медицина  мамандары  мен  ғалымдардың 
деректеріне сүйене отырып, адам жанының саулығын бұзатындығы ғылыми тұрғыдан 
анықталған.  Ендеше  аталмыш  медицина  мамандары  мен  ғалымдардың  көзқарасына 
қарағанда кальянның адамға келтірер зияны орасан зор. Исламда адамға зиян тигізуге 
жол жоқ. Бұған байланысты Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): 
«Зиян шегуге де, зиян келтіруге де болмайды»[2],-деген мағынасы терең сөз қалдырған. 
Сондай-ақ  мұны  шеккен  адамның  денсаулығына  зиян  келтіріп  қана  қоймай,  өзіне 
еріксіз тәуелді етіп қояды. Осылайша адам оны басында қызығушылықпен, басқаларға 
еліктеумен шегудің нәтижесінде, бірте-бірте сатылап тәуелді болып қалғанын өзі де 
білмей  қалады.  Пайғамбарымыз  (Аллаһтың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын):  «Әке-
шешесіне қарсы келуші, күнәлі іске тәуелді[3] кісі және істеген жақсылығын бетіне 
басып  міндетсінуші  жәннатқа  кірмейді»[4],-деп  қатаң  ескерткен  хадисі  лас  затқа 
тәуелділіктің шариғатқа томпақтығын көрсетеді. Олай болатын болса, мұндай заттар 
еліміздің болашағына еңбек ететін, жанашыр азаматтары мен азаматшаларына зияны 
көп.
Үшіншіден, қорқордың генге зияндылығын бағамдап көрер болсақ, бұл лас зат 
адам  ішіне  әдеттегі  біз  білетін  никотинді  кіргізгенімен  қоса,  қауіпті  деп  танылған 
бензапирен деген улы затты да ендіреді. Бензапирен - жоғары дәрежелі қатерлі ісіктің 
пайда  болуына  апаратын  заттектің  қатарына  жатады.  Сонымен  қатар  бұл  зат  адам 
генінің  бұзылуына  апаратын  бірден  бір  фактор.  ДНК-ның  мутациялық  бұзылуына 
себепкер болады. Ал бұл қанмен болашақ балаға да барып, тұқым қуалайтын дертке 
айналады  деп  дабыл  қағуда  медицина  мамандары.  Демек,  шариғат  мақсаттарының 
үшіншісі тектің амандығын бұзып, кесірін тигізеді.
Төртіншіден,  кальянды  пайдалану  -  от  тегіне  қарағанда  көмірқышқыл  газы 
гемоглобинмен көп байланысты болады. Сол себепті қорқорқұмарлар үнемі гепоксияға 
(от тегінің жетіспеушілігі) түсіп жатады. Оның салдарынан ми, жүрек, бауыр, бүйрек, 
бұлшық еттер мен басқа да жасушалар от тегінің жетіспеуінен қатты қиналады. Әсіресе, 
ми мен жүрек ауыр соғады,-дейді медицина мамандары. Мұны қасиетті Құран тілімен 
айтар болсақ: «Оларға жаман нәрселерді харам етеді»[5],-деген.

120
Бесіншіден,  адамның  қалтасын  қағып,  бос  түтінге  ақша  шаштырады.  Мал-
дүниесін ауаға ұшыруға итермелейді. Ал бұл ысырапқа жататынын ескерткіміз келеді. 
Нәтижесінде өз ақшасына, басына бәле болып жабысатын, кей жағдайда еміне кететін 
қаражат  сатып  алған  дертіне  қарағанда  бірнеше  есе  болып  шығаратын  ауру  сатып 
алады. Аллаһ тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Шынында ысырапқорлар шайтанның 
туысы. Шайтан Раббысына өте қарсы»[6],-деп ысырапқорлардың дәрежесін көрсетіп 
берген.
 
Қорыта келе, Жаратушы Жаппар иеміз адам баласын барша жаратылыстан артық, 
үстем, әдемі әрі ешкімге де берілмеген ақылды етіп жаратқан. Алайда адам баласы 
берілген ой санасы арқылы бір нәрсенің дұрыс емес екенін түсінсе де соған үйірсек 
келетіні, әсіресе Аллаһтың тыйым салған, лас заттарға бейім болатыны өкінішті-ақ. 
Аллаһ тағала қасиетті Құранда:
 
 «Олар жер бетінде жамандық, бұзақылық жасауға ұмтылады»[7],-деп айтқан. 
Осыған  қарамастан  өзімізге  аманат  етіп  берілген  дене  мүшемізді,  ақыл-санамызды 
улап жатамыз. Қасиетті Құранда:  «
Расында адам баласын ардақты еттік. Сондай-
ақ оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен 
қоректендірдік. Сонымен қатар оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым 
артық жараттық»[8],-деген. Олай болатын болса, артық әрі әсем етіп берген  
Жаратқанның  сыйын  шайтанның  лас  істерімен  бүлдірмейік.  Одан  біз  қиямет  күні 
сұралатынымызды  ұмытпағанымыз  жөн.  Мұндай  зияны  шаш  етектен  келетін  харам 
заттан аулақ болайық ағайын.
Қанат Бекжанов 
ҚМДБ-ның Діни сараптама және ғылыми 
талдау бөлімінің меңгерушісі
[1]«Бақара» сүресі, 195-аят. 
[2] Субулу-с сәләм, әс-Сунғани, 3-том, 84-бет. 
[3] Арақ, есірткі, темекі және қорқор секілді зиянды заттарға тәуелділік. 
[4] Мусаннаф ибн Әбу Шәйбә, 5-том, 98-бет, 24079-хадис. 
[5] «Ағраф» сүресі, 157-аят. 
[6] «Исра» сүресі, 27-аят. 
[7] «Мәида» сүресі, 33-аят. 
[8] «Исра» сүресі, 70-аят.
МҰСЫЛМАН ЕМЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТУЫП-ӨСКЕН АДАМДАРДЫң 
АҚЫРЕТТЕГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?
Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген ең ақырғы діні. Ақырғы дін 
келгеннен кейін бұрын келген барша діндердің үкімі жойылды. Алла Тағала Құранда: 
«Кімде кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл болмайды...» [1] деген.
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелмеген жандардың бәрі жаппай тозаққа 
барады деп кесіп айтылған нақты үкім жоқ. «Әһлус-суннет» ғалымдары бұл мәселеде 
әр  түрлі  көз  қараста.  Мысалы,  Әшғари  бойынша ешбір  дін,  ешбір  құдайылық  баян 
жетпеген  адамдардың барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте сұраққа тартылмайды. 
Алла Тағала «Исра» сүресінде дін жетпеген ешбір қауымды азаптамайтынын білдірген: 
«...Біз  пайғамбар жібермейінше  (ешбір  қауымды)  азаптаушы  емеспіз»  [2]. Алла 
Тағала мұндай жандарды өзінің жәннат нығметінен белгілі бір дәрежеде құр алақан 

121
қалдырылмайды.
Ал  Матурудилер  бойынша,  барлық  адамдар пайғамбар  келсін-келмесін,  дін 
жетсін-жетпесін Ұлы  Жараушының  аты  мен  есімін,  кітаптары  мен пайғамбарларын 
білмесе де, Оған иман етулері керек. Мұндай жандар ақыретте ғибадат тұрғысынан 
сұралмаса да,  иман  тұрғысынан  сұраққа  алынады.  Себебі,  адамның ақылы  ақ  пен 
қараны,  жақсы  мен  жаманды  ажырата алатындай  кейіпте  жаратылған.  Табиғаты  да 
Ұлы Жаратушыны табуға әрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған қоса, әлемдегі әрбір 
жаратылыс  бойындағы  ғажайып нақыштарымен  Ұлы  Жаратушының  бар  екендігін 
паш етуде. Аспан әлеміндегі жымыңдаған жарық жұлдыздар, жер бетіндегі құлпырған 
тамаша өсімдік әлемі, жаратылыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен шопанның өзі Ұлы Құдіретті 
тапқандығы  хадисте  риуаят  етілген.  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  құзырына  келген 
бәдауиден  Ұлы  Жаратушыны  қалай  тапқаны  жайлы сұраған  уақытта,  ол  былай  деп 
жауап берген: «Бір жердегі түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де сол 
жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе? Ендеше, мына таңғажайып жүйемен 
жаратылған  аспан әлемі,  мына  ғажап  әдемілікке  толы  жер  беті  –  шексіз  білім иесі 
һәм барлық нәрседен толық хабардар Ұлы Құдіретті қалайша меңземесін?!». Демек, 
қарапайым түйешінің өзі әлемдегі барлық нәрсені жаратып, оны керемет жүйемен еш 
ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген. Олай болса, иман мәселесінде ақыл-
ойдың рөлін толықтай жоққа шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, ғалым 
Матуруди «адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жаратушыны таба алады» деген [3].
Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген яки жетсе де, өзінің шынайы 
келбетінде емес, бұрмаланған түрде жеткен әрі оны дұрыс тану мүмкіншілігі мүлде жоқ 
қоғамда  өмір  сүріп  жатқан  жандарды  Алла  Тағала өзінің  рақымына  бөлейді  деп 
үміттенеміз. Ал ислам діні толық жеткен әрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра оған 
салғырт қарап, қырсықтық пен тәкаппарлықтың шырмауынан шыға алмай, ақиқатқа көз 
жұмған ақ пен қараны ажырата алатындай ақыл-есі бар жандар ақыретте азапқа душар 
болады. Тек шет мемлекеттегі адамдар ғана емес, исламның қайнап тұрған жеріндегі 
адамдар  да  пайғамбарымыздың  әкелген  ақырғы  дініне  құлақ аспай,  Жаратқанның 
жіберген  соңғы  нұрына  жарықтан қашқан  жарқанат  тәрізді  көз  жұмып,  иманнан 
адасып, күпірлікке жүгірер болса, тозаққа барады. Бұл мәселеде Алланың рақымынан 
артық рақымшылық ойлау өзіміздің шамамызды білмеу әрі Ұлы Жаратқанды қатігезге 
теңеу болғандықтан өте сақ болғанымыз жөн.
Алла Тағала әр пендесін өзіне берілген мүмкіндіктеріне қарай сұраққа тартатыны 
ақиқат.  Сондықтан мұсылман  емес  мемлекеттердегі  адамдардың  жеке жағдайы  мен 
мүмкіншіліктеріне қарай бұл сұрақтың жауабы да әр түрлі болмақ. Олай дейтініміз, 
мүлде дін  жетпеген,  қараңғы  қоғамда  өмір  сүрген  адам  мен хақ  діннің  ортасында 
туып-өскен адамның ақыреттегі жауапкершілігі бірдей болмасы анық. Бәлкім, ешбір 
дін жетпеген жапан даладағы бір адамның жан жүрегімен «Уа, Жаратқан!» деп бір 
рет айтуы – ақыретте исламның қайнаған жерінде туып өскен адамдардың мың рәкат 
намазынан асып түсуі әбден мүмкін.
Міне, сондықтан біз мұсылман емес мемлекеттерде туып-өскен жандардың бәрін 
бірдей дереу кәпір деп, «олардың барар жері тозақ» дей алмаймыз [4]. Үлкен ақида 
ғалымдарының  жоғарыдағыдай  көзқарасынан  кейін,  біздер  бұл  тақырыпта  өте  абай 
болғанымыз жөн.
Мәселенің  бізге  қатысты  жағын  қозғар  болсақ,  біз  исламды  сахабалар 
тәрізді  әлемнің  түкпір-түкпіріне  дұрыс жеткізе  алдық  па?  Исламды  өзінің  шынайы 

122
келбетінде насихаттап, 
нағыз 
мұсылманшылықты 
тазалығымен, білімімен, 
экономикасымен, бірлігімен, тірлігімен, қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде 
көрсете білдік  пе?  Бұл  сұрақтарға  «иә»  деп  жауап  бере  алмасымыз  айдан  анық. 
Ендеше,  ғылымнан  артта  қалып, сауатсыздық  жайлаған,  экономикада  басқаларға 
тәуелді, саясатта  тізгінді  басқаға  ұстатқан,  өз  арасындағы  бірлігі бұзылған  қазіргі 
ислам әлемін қай батыс елі үлгі алып, «мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет» 
деп исламға жүгірсін? Әрине, біз бұл жерде ислам әлемінің қазіргі жағдайы олардың 
хақ дінді іздемеулеріне толықтай сылтау бола алады деуден де аулақпыз.
Дей  тұрғанмен,  өз  жағдайымыз  осындай болғандықтан,  мұсылман 
емес   мемлекеттердегілердің  бәрін  тозаққа  толтыру  сияқты  тар  түсініктен аулақ 
болғанымыз  жөн.  Басқа  мемлекеттерде  шала-шарпы,  тиіп-қашып  жүйесіз  жасаған 
мардымсыз насихаттарымызға  иек  артып,  олардың  исламға  жаппай бет  бұруын 
күтуіміздің жөні жоқ.
Олай  болса,  ақыретте  өзгелерден  бұрын  біз мұсылмандар  «сендер 
неге   жеткізбедіңдер»  деген  сұраққа тап  боларымыз  ақиқат.  Сондықтан  бар 
мүмкіншілігімізді әлемге  хақ  діннің  жайылуы  үшін,  мұсылманшылықты шынайы 
келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп етуіміз ләзім.
Бір  күні,  иншалла,  ислам  әлемі  дүниедегі  өзінің бұрынғы  тұғырына  қайта 
оралады.  Алла  Тағала  Құранда өзінің  соңғы  дінін  тәмамдайтынын  уәде  еткен. 
«Сөзсіз, Алла  Тағала  өз  нұрын  (дінін)  кәпірлер  қаламаса  да тәмамдайды»  [5]. 
Міне,  сол  кезде  жер-жаһанның  бәрі мұсылмандарды  еріксіз  тыңдайтын  болады. 
Бұған  еш күмәніміз  жоқ.  Себебі,  ислам  –  задында  жоғары,  теңдессіз қасиеттерге  ие 
құдайылық  соңғы  дін.  Исламның  адамның дүниесін,  ақыретін,  рухын  һәм  тәнін 
қанағаттандыратын асылдығын  түсінген  көкірегі  ояу  жандардың  оны қабылдары 
сөзсіз. Тіпті, бұл қазір басталып та кетті. Күннен күнге батыста ислам дінін қабылдаған 
жандардың санының арта түсуі осының дәлелі. Бүгінде батыстың зиялылары, ойшыл 
ғалымдары исламның сөнбейтін нұрын, солмайтын гүлін көріп жақындай түсуде. Иә, 
бір күні адамзат исламға бас иеді. Бірақ, мұны жасауға себепкер болатындар жүректері 
дін ғылымымен сусындап, ақылдары дүниенің озық ғылымымен нәрленген, пенделік 
қасиеттерден барынша арылған «дінімді қалай жеткіземін?» деп түн ұйқысын төрт 
бөліп уайымға батқан сахаба тәріздес қаһарман жандар болмақ.
Қайрат Жолдыбайұлы, 
Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы
[1] Әли Имран сүресі, 85-аят. 
[2] Исра сүресі, 15-аят. 
[3] М. Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 57-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 
ж. 
[4] Себебі, «кәпір» деп: ислам толық түсіндіріліп, оны қабылдамаған адамға айтылады. Мустафа Зарқа, 
Фәтәәуа. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж. 
[5] Саф сүресі, 8-аят.
ДОңЫЗ ТЕРІСІНЕН ЖАСАЛҒАН АЯҚ КИІМ
Құран Кәрімде харам етілген ет жайлы: «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам 
өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам 

123
қылды...[1]»,-деп айтылған. Осының ішінде, доңыз тұтастай харам. Оның етін жеуге 
болмайтындығы секілді терісін де пайдалану және сату харам.
Жабир бин Абдулла (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла тағала және Оның елшісі 
арақты,  өлексені,  доңызды  және  пұтты  сатуды  харам  етті.  Сонда:  уа,  Алла  елшісі! 
Өлескенің майы ше, онымен кемелер майланады, тері-былғарыларға жағылады және 
майшам етіп жағылады,-деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): Жоқ, ол харам,-деді де, сөзін 
жалғастырып: Алла тағала яһудилерді құртсын, Алла өлексенің майын харам еткенде 
олар әдемілеп сатып, құнын жеген,-деді[2]»,-деп айтылған.
Барлық  фиқһ  ғалымдары  доңыз  терісін  кез  келген  жолмен  пайдалануға  және 
сатуға  тыйым  етілуінің  себебі  доңыз  тірі  және  өлген  күйде  де  харам  болғандықтан 
деген. Сондықтан, доңыз терісінен тігілген тон, аяқ киім және тағы басқа заттарды 
киюге болмайды.
[1] Бақара сүресі, 173-аят 
[2] Бұхари, Муслим
АДАЛ ЖӘНЕ АРАМ КӘСІПТІң АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Еңбек етуге қатысты Құранда: «Ол Алла, сендер үшін жерді көнбіс қылып жаратты. 
Ендеше, оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ, Оның ризығынан жеңдер[1]», – деп 
әмір етілген.
Еңбек  етіп,  маңдай  термен  табыс  табу  –  Ислам  қағидаттарының  бірі.  Алла  тағала 
жер  бетін  адам  баласына  бойұсындырып  берген.  Адам  осы  нығметті  пайдаланып, 
бейнеттеніп Алла тағаланың жер бетіне шашқан ризық-несібесін іздеуі қажет.
Мұсылман  баласына  өзін  және  бала-шағасын  асырауда  жалқаулық  етуіне, 
құлшылықты немесе  «Алла тағалаға тәуекел» деп сылтауратып, жатыпішер  болуына 
рұқсат жоқ.
Имам  Ғазали:  «
Парыз  кифая  –  онсыз  дүние  ісін  оңалту  мүмкін  емес  ілім. 
Мәселен, дәрігерлік. Бұл адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажетті 
ілім. Сондай-ақ, есеп-қисап. Есеп сауда-саттық және қарым-қатынас үшін керек. 
Демек, жұрт ішінде осы ілімдер меңгерілмесе, халыққа қиын соғады. Бұл – біреу 
қолға алса, басқалардың мойнынан түсетін парыз ілім. Дәрігерлік пен есеп-қисап 
парыз  кифая  деген  сөзімізге  таң  қалмаңыз.  Өнеркәсіптің  негізгілері  де  парыз 
кифая болып табылады. Мәселен, егіншілік, тоқыма...[2]», – дейді.
Кәсіп  пен  мамандықтардың  барлығы  дерлік  адал.  Алайда,  арақ-шарап  немесе 
есірткі  өндірісі,  доңыз  бағып,  етінен  түрлі  өнім  жасап  сату  және  құмар  ойынның 
барлық түрінің табысы немесе ұрлық пен алаяқтылық, тән саудасы, жезөкшелік осы 
секілді т.б. сенім, діни этика, ар-намыс және ислами әдепке жат кәсіптерге қатаң тиым 
салынады. Мұнымен айналысу –күнә.
Еңбек пен кәсіпке қатысты жалпы қағида
Асыл дініміз мұсылман баласына қоғам мүддесіне қайшы келетін өз қалауымен, 
шариғатқа теріс жолмен табыс табуына рұқсат бермейді. Бұл қағида негізінде, бөгде 
біреуді шығынға ұшыратып, табыс табу шариғат бойынша заңсыз. Ал, адамдар өзара 
ризашылығы және әділдікпен пайда көретін табыс жолдары заңды деп қарастырады[3].
Аталмыш, қағидат: «Әй мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. 
Бірақ  өз  ризалықтарыңмен  саудаласу  басқа.  Және  бір-біріңді  өлтірмеңдер.  Расында 
Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал, кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен 
істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай[4]», – аятына сүйенеді.

124
Қорыта айтқанда, «Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер» аятына қатысты 
Алқама Абдулла бин Аббастан (р.а.) мынадай риуаят келтіреді: «Бұл – үкім аят, оның 
күші жойылмаған. Аяттың үкімі қиямет күніне дейін жойылмайды».
Сонымен  бірге,  «...Және  бір-біріңді  өлтірмеңдер...»  тәпсірінде:  «Алла  тағала 
тыйым еткен амалдар жасап, күнәға қол ұрып және өзара малдарыңды бұзықтықпен 
жеумен (өздеріңді де, басқанына құртпаңдар)[5]», – деп түсіндіріледі. Кәсіптің барлық 
түрінде осы екі шарт басшылыққа алынады.
[1] Мүлік сүресі, 15-аят 
[2] Ихия улум әд-Дин, 1/15 
[3] Әл-Халал уал харам фил Ислам, 129-бет 
[4] Ниса сүресі, 29-30 аяттар 
[5] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, 1-том, 459-бет
ҰРЛАНҒАН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ САТЫП АЛУ КҮНӘ БОЛА МА?
Асыл  дініміз  қылмыстың  кез  келген  түрімен  күресуде  оның  алдын  алу  және 
болдырмау  жолдарын  қарастырған.  Соның  бірі  ұрлық.  Ұрлық  жасау  –  үлкен  күнә. 
Хадисте: «Зина жасаушы ойнастық кезінде кәміл мұсылман болмайды, ұрлық жасаушы 
ұрлық  кезінде  кәміл  мұсылман  болмайды,  арақ  ішуші  шарап  ішіп  отырғанда  кәміл 
мұсылман болмайды[1]»,-деп қатаң айтылған. Осы себепті де, ұрлықтың барлық түрі 
мен көрінісі харам.
Мұсылман адамға ұрланған және де басқа жолмен мүлік иесінен заңсыз алынған 
заттарды сатып алуға тиым салынады. Бұл қылмыскердің ұрлық-зомбылығына жәрдем 
етіп, қылмысына ортақ болу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім ұрланған затты салып 
алса, және оның ұрланған екенін білсе, ұрлықтың күнәсі мен масқаралығына ортақ 
болғаны[2]»,-дейді.
Ұрлық  жасаған  адам  күнәсінен  арылу  үшін  тек  тәубе  етуі  жеткілікті  емес. 
Тәубесі дұрыс болу үшін ұрланған затты иесіне қайтаруы шарт. Ал, қайтаруға шамасы 
келмейтіндей жағдай болса, иесінен кешірім сұрауы керек. Ал, иесі табылмаса заттың 
құнын иесінің атынан мұқтаждарға садақа етіп беруі қажет. Ал, уақыт өте келе иесі 
табылса, қайтаруға тиіс.
[1]Кабаир Зунуб, 333-бет
[2] Исламдағы халал мен харам. Ю.Қарадауи, 229-бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет